Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Салқын фронт бұлт жүйесін түсіндіріңіз




.Бірінші негізді салқын фронт бұлт жүйесі

Ci-Cs-As-Ns

Екінші негізді салқын фронт бұлт жүйесі

Жылы ауа жаққа қарай орын ауыстырады да суық ауа алып келеді. Суық ауа жылы ауадан (оның астына тығыла ж/е жоғары көтере отырып) тезірек қозғалады. Мұнда суық ауаның төменгі қабаттары өзінің қозғалысында жоғарғы қабаттарынан қалып қояды да (бұлар тіпті төмен қарай құлай алады) фронтальдық бет төменгі беттен біршама тік көтеріледі. Жылы ауаның тұрақтылық дәрежесіне фронттардың қозғалу жылдамдығына қарай суық фронтты бірінші ж/е екінші текті деп ажыратады. Бірінші текті суық фронт баяу қозғалады, жылы ауа жаймен көтеріледі. Бұлттылығы жылы фронт бұлттылығына ұқсас, бірақ жауын шашын зонасы тар (фронтальдық беттің біршама көбірек еңкеюі салдарынан). Екінші текті суық фронт тез қозғалмалы келеді: төменгі бөлігінде байқалатын жылы ауаның өрлей қозғалауы біраз биіктікте төменде қозғалуымен кездеміп, инверсия туады. Фронт алдында будақ жаңбырлы бұлттар, дауылды жел, нөсер болады да фронттан кейн атмосфера өте тез ашылып кетеді. Жылы ж/е суық фронттар түйіскенде күрделі фронт – окклюзия фронты пайда болады. Фронттардың түйісуі суық фронт жылы фронттан орын ауыстыра отырып, оны қуып жететіндігінен болады. Екі фронт арасындағы кеңістікте қалған жылы ауа жоғары қарай ығыстырылады да, екі фронттың ауа массалары қосылады. Қосылатын екі ауа массасының қасысы жылырақ екендігіне қарай окклюзия суық типі б/ша (жылы фронттың ауасы жылырақ) немесе жылы типі б/ша (суық фронттың ауасы жылырақ) өтеді.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.006 сек.)Пожаловаться на материал