Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Платон мен Аристотель.






Б.з.д. қ V ғ. Антикалық қ оғ амда бү кіл мә дениет, соның ішінде философия да ө зінің ең биік сатысына кө теріледі.

Қ оғ амды ә леуметтік-экономикалық, саяси жағ ынан алып қ арағ анда бұ л уақ ыт қ ала-полистердің мү мкіншіліктері таусылып, дағ дарысқ а ұ шырағ ан кезі болғ анымен, рухани ө мір, керісінше, ү лкен шабытта болып, ең ұ лы туындылар пайда болды. Мұ ның ө зі рухани жә не материалдық ө мір дамуының бір-бірінен тә уелсіз екендігін дә лелдегендей, ә рине, салыстырмалы тү рде ғ ана.

Ал философияның ө зінің ішкі даму заң дылық тарына келер болсақ, натурфилософиялық кезең жә не софистика ұ лы жү йелерді жасауғ а жақ сы мү мкіншіліктерді тудырды. Сол антикалық философияда ү лкен тө ң керіс жасағ ан ұ лы ойшылдар – Платон мен Аристотель болды.

Платон (б.з.д. 427-347ж.(ө зінің осы атын кең иық тылығ ының арқ асында Сократтан алыпты-мыс деген аң ыз бар. Оның шын аты Аристокл (platos – грек сө зі, -кең). Платонның ә кесі атақ ты рудан шық қ ан, ол жас кезінде жақ сы білім алады, ө лең шығ арумен ә уестенеді. 20 жасында Сократпен танысып ө зінің ө мірінде ү лкен бетбұ рыс жасайды – ол ө зінің ө мірін толығ ынан философияғ а арнайды.

Платонның ең бектерінің ерекшелігі – ол оның бә рін сұ хбат (диалог) ретінде жазады. Ол ә дісті, шамасы, Платон 8 жыл бойы Сократпен бірге болғ ан кезде игерген. Екінші ерекшелігі – сұ хбаттың негізгі кейіпкері – Сократ. Сонымен, Платон ө зінің ойларын осы Сократ кейіпі арқ ылы жеткізеді.

Платонның негізгі ең бектері “Сократты жақ тау², “Критон², “Мемлекет², “Федон², “Парменид², “Софист², “Заң дар² т.с.с.

Платонның кө зқ арасының қ алыптасуына зор ә сер еткен Гераклит. Ол оның негізгі тұ жырымын “Бә рі де ағ ым², “бітпейтін ө згеріс² толық қ абылдайды, бірақ тек ол біз ө мір сү ріп жатқ ан Дү ниеге тә н.

Екнішіден, оғ ан Элея мектебінің негізгі қ ағ идалары да зор ә серін тигізді. Ол - қ озғ алмайтын, мә ң гі, бір Болмыс идеясы.

ү шіншіден, Сократтың моральдық философиясы, оның негізгі ұ ғ ымдары-қ ұ ндылық тары – Ақ иқ ат, қ згілік, Ә семдік.

Тө ртіншіден, Пифагордың сандық философиясынан шығ атын ө лшемдік ұ ғ ымы.

Платонның философия саласында жасағ ан тө ң керісі – оның “Эйдос² (идея) ә лемін ашқ аны. Платонды сезімдік таным қ анағ аттандырмайды, ө йткені Дү ние - ағ ым, заттар ө не бойы ө згерісте, тұ рақ сыз. Ал біз ө зіміздің білімімізде тұ рақ тылық қ а, жалпығ а ортақ, ө згермейтін ұ ғ ымдар жасауғ а, яғ ни Дү ниені тү сінуге тырысамыз. Ал ондай білімді біз бұ л сезімдік ә лемнен таба алмаймыз. Олай болса, оның қ айнар кө зі “Шынайы болмыста² - Эйдос ә лемінде, “қ ол астындағ ы болмыстан² біз оны таба алмаймыз.

Біз Платонның бұ л жаң алығ ының негіздемелерін оның ә ртү рлі диалогтарындағ ы Ә семдік, қ згілік, Ә ділеттілік, Батылдылық т.с.с. ұ ғ ымдарды Сократтың атынан талдағ анда кө реміз.

“ү лкен Гиппий² деген диалогында Сократ мынандай сұ рақ қ ояды: “Расында да, ізгіліктен барлық ізгі істер, ә діліттіліктен барлық ә ділеттік, ә семдіктен барлық ә сем заттар тумай ма?

- Ә рине, - деп жауап береді Гиппий. - ә семдік ол ә сем қ ыз, мысалы.

Оғ ан Сократ: “Неге ә сем бие, ия ә сем қ ұ мыра емес? ² – деген сұ рақ қ ояды. Ә рбір зат бір жағ ына ә сем, екінші жағ ынан, басқ а заттармен салыстысақ, - тү рсіз болуы мү мкін. Ал бізге барлық заттарғ а ортақ жалпы ә семдік керек қ ой.

Гиппий оны алтыннан, басқ а заттардан, неше тү рлі моральдық қ ұ ндылық тардан іздейді, бірақ таба алмайды.

Платонның кө зқ арасы бойынша, заттардың ә семдігі - ә семдік идеясында жатыр. Оның қ айнар кө зі – “Эйдос ә лемінде². Сонымен, сезімдік ә лемнен басқ а тұ рақ ты, мә ң гілік қ озғ алмайтын, кемеліне келген басқ а ә лем – идеялар ә лемі бар екен. Егер бұ л ә лемдегі заттар сезім арқ ылы танылса, онда ақ ыл-оймен танылатын ұ ғ ымдарғ а идея ә лемі сә йкес келуі керек. Олай болса, идеялар – ой емес, ойдың зерттейтін пә ні, ол – шынайы болмыс. Идея заттардың терең мә нін қ ұ райды, оның бітімін қ алыптастырады, сол себептен оны Дү ниеге ә келеді, оның “парадигмасын² қ ұ райды (paradeіgma – грек сө зі, -ү лгі).

Ө зінің идеялар ә лемі тү сінікті болуы ү шін Платон “Ү ң гір жө ніндегі аң ызды² пайдаланады. Соң ында бұ л аң ыз метафизика, гносеология жә не диалектиканың символына айналды.

Кө зімізге ү ң гірде, я болмаса зынданда, аяқ -қ олы байланғ ан адамдарды елестетейік. ү ң гірдің аузы кү ншығ ысқ а қ арағ ан, сондық тан оның сә улелері сондағ ы адамдар қ арап отырғ ан жақ қ а тү сіп тұ р. Жер бетінде керуен кетіп бара жатыр, адамдар ә ртү рлі заттарды кө теріп бір-бірімен сө йлесіп келеді.

Ү ң гірде қ амалғ ан адамдарғ а солардың қ озғ алып бара жатқ ан кө лең келері кө рінеді, тү сініксіз кү нгірт дыбыстар естіледі. Олар бірақ жер бетінде шын ө мір барын білмейді, сол кө лең кенің ө зін шын ө мір екен ғ ой деп есептейді. Бірақ, сол қ амалғ ан адамдардың біреуі ойланып-толғ анып, ақ ырында ө зінің кө лең ке ә лемінде тұ рып жатқ анын тү сінуі мү мкін. Ал екіншісі аяқ -қ олын қ алайда шешіп, ү ң гірдің сыртына шығ ып, кү н кө зінің сә улесіне кө здері ү йренгеннен кейін шынайы ө мірдегі адамдарды, заттарды, соң ында жарқ ырап тұ рғ ан кү ннің ө зін кө реді.

Ү ң гір аң ызынан қ андай философиялық тұ жырымдар жасауғ а болады?

Біріншіден, болмыстың ә ртү рлі дең гейлігі жө нінде – сезімдік болмыс пен қ ұ діретті болмыстың бар екендігі; ү ң гірдің ішіндегі кө лең келер – сезімдік ә лем, ал жер бетіндегі адамдар мен заттар – нағ ыз болмысты қ ұ діретті ә лемді кө рсетеді, ал кү н – ол ізгілікті кө рсететін идея.

Екіншіден, танымның дең гейлерін байқ ауғ а болады – ол сезімдік таным, ақ ыл-оймен тану, интуитивтік жолмен соң ғ ы себептерге жету (іntuіtіo – латын сө зі, -ақ иқ атты еш дә лелдемесіз-ақ оймен кө ру).

Ү шіншіден, бұ л аң ыздың моральдық, аксиологиялық жағ ын да байқ ауғ а болады. Ө мірде тек қ ана сезім толқ ынының шең берінде болу – ол ү ң гірдегі ө мір. Рухани ө мір сатысына кө терілу – ол нағ ыз болмыс ә леміне кө терілумен тең. Ал кү ннің ө зін кө ріп тамашалау – ол қ ұ діретті кү шті кө румен тең.

Ал идеялар ә лемі бар болса, ол қ ай жерде екен деген сұ рақ заң ды тү рде пайда болады. Оның орнын Платон “Гиперуранияда – ол аспаннан да жоғ ары орналасқ ан², - дейді. Олай болса, ол материалдық ә лемнен басқ а, оны тек ақ ыл-оймен ғ ана тү сінуге болады.

Платон идеялар ә лемін белгілі бір жү йе ретінде қ арайды. Олай болса, оның тө менгі жә не жоғ ары дә режеде орналасқ ан қ ұ рамдас бө ліктері бар. Жү йенің ең шың ында ізгілік идеясы орналасқ ан. Ол Бірліктің кө рінісі. Оғ ан қ арсы тұ рғ ан екінші бастау – ол Диада – шексіз кө птіктің бастауы, - ү лкен мен кішкентайдың, шексіз ү лкен мен шексіз азды қ амтиды.

Осы екі бастаудың қ осылысы идея ә лемін қ ұ райды. ә рбір идея – бір жағ ынан шексіз, екінші жағ ынан шектелген.

Бірақ, ә ң гіменің ең қ иындығ ы – идея ә лемі материалдық Дү ниені қ алай тудырады? Материалдық емес нә рсе - материалдық сезімдік ө згеріп жатқ ан ә лемді қ алайша дү ниеге ә келеді?

Платонның ойынша, материя – мә ң гілік ө зімен-ө зі ө мір сү ріп жатқ ан енжар нә рсе. Оны хаостық жағ дайдан (chaos – тү нғ иық, белгісіз, бітімсіз, еш тә ртіпсіз деген мағ на береді) космосқ а, тә ртіпке келтірілген Дү ниеге ә келген Демиург. Ол идеалды ә лемді ү лгі ретінде алып, материяғ а бітім беріп, бұ л Дү ниені тудырды.

Идея ә лемі – парадигма – ол мә ң гі, алғ ашқ ы, Демиург та Қ ұ дай ретінде мә ң гі, бірақ сезімдік ә лем, тү п-нұ сқ а емес, жасалғ ан, кө шірмелі болғ аннан кейін - ө тпелі, жалғ ан, кө лең ке.

Ә рине, бү гінгі таң дағ ы білім тұ рғ ысынан біз Платонның идея ә лемін қ атты сынғ а ала аламыз. Ә рбір Дү ниедегі жеке заттың тек ө зіне ғ ана тә н жақ тары мен бірге басқ а заттарғ а оны жақ ындататын жалпы жақ тары бар. Адам таным процессінде заттардың жалпы қ асиеттерін зерттеп, оны белгілейтін ұ ғ ымдарды туғ ызады. Оны адам тіл арқ ылы береді. Олай болса, ә рбір сө з Дү ниені жалпылайды, ә сіресе, ғ ылыми ұ ғ ымдар. Мысалы, адам ұ ғ ымы жер-бетінде ө мір сү ріп жатқ ан 6, 3 млрд адамзатын қ амтиды. Нақ тылы жеке адам Дү ниеге келіп, кетуі мү мкін, ал адам ұ ғ ымы қ ала береді. Бірақ, осы нақ тылы тірі ө мір сү ріп жатқ ан адамдар болмаса, онда адам ұ ғ ымы да болмас еді.

Мә селе Платонның идеалдық ә лемінде емес, ә ң гіме сол идеялар ә лемін тудыратын ұ ғ ымдарда. Платоннан кейін ұ ғ ымдарды зерттеу, олардың табиғ атын ашу, бір-бірімен байланысын кө рсету – философияның негізгі мә селелерінің біріне айналды.

Енді Платонғ а қ айта оралып, оның таным теориясына (гносеология(келетін болсақ, онда оның негізінде анамнез (anamnesіs – грек сө зі, - еске тү сіру) жатыр. Адамның жан-дү ниесі мә ң гілік, оның шық қ ан тегі – идеялар ә лемі. Сондық тан дү ниетану жолында біздің жанымыз ө зінің идеалды ә лемінде болғ ан шағ ын еске тү сіре отырып қ ана ұ ғ ымдарды тудырады.

Ал сезімдік танымғ а келетін болсақ, ондағ ы білім кө бінесе жалғ ан, ө йткені, бұ л ө мірдің ө зі ө тпелі, тұ рақ сыз. Сондық тан сезімдік жолмен танылғ ан пікірді Платон докса (doxa – грек сө зі, -пікір(дейді. Егер пікірді біз соғ ан сә йкес ұ ғ ыммен негіздесек, онда ол ғ ылымғ а (epіsteme – грек сө зі, хат, ғ ылым) айналады.

Платонның ойынша, бұ л ө мірде бізді идеялар ә лемін жалғ астыратын жалғ ыз ғ ылым, жан-дү ние ғ ана емес, сонымен бірге Эрос жә не сү йіспеншілік. Олар бізді қ ұ діретті ә леммен байланыстыратын кө пірге ұ қ сайды. Эрос бізге қ анат-кү ш беріп ә семдіктің ә ртү рлі сатыларынан ө ткізіп, соғ ан ақ ырында жеткізеді.

Ал сү йіспеншілікке келетін болсақ, ол сұ лулық пен ізгілікке қ ұ марту. Олай болса, ол – философия – даналық ты сү ю - ө йткені даналық тың ө зі сұ лулық пен ізгілікті сү юмен тең.

Сү юдің бірінші баспалдағ ы – ол жыныстық сү ю, ә сем денеге деген қ ұ марту жә не соның ішінде басқ а ө мірді келтіру; онда да ө лместікке деген қ ұ штарлық бар - ұ рық тандыру жолында жаң а ө мір Дү ниеге келеді – ол ө лместіктің кепілі.

Екінші сатыда сү юдің басқ а бітімі Дү ниеге келеді: біз денеге емес, басқ а адамның жан-дү ниесімен тіл табысып оны сү йеміз – онда шашылатын тұ қ ым – рухты жандандырып, байытады - ө нерге, білімге, ә ділеттілікке, ізгілікке деген қ ұ штарлық пайда болады.

Ү шінші сатыда Сү йіспеншілік бізді идея ә леміндегі ә семдіктің ө зімен ұ штастырады.

Платон метафизикалық, гносеологиялық, этикалық мә селелерді ә леуметтік саяси мә селелермен байланыстыра білген. Ол оның “Саясаткер², “Мемлекет², “Заң дар² деген ең бектерінде кө рсетілген.

Ойшыл қ оғ амның пайда болуын терең қ арағ ан. Егер жануарлар ө зіне керектігінің бә рін тағ ы табиғ атта дайын кү йінде тауып алса, адамдар жеке-жеке ө зіне керек қ ажеттіктерді ө тей алмайды, екіншіден, ол қ ажеттіктердің кө бі ең бек процессінде жасалады, даяр тү рінде табиғ атта жоқ. Сондық тан, адамдар қ оғ ам болып бірігіп ө мір сү реді. Біреуі жер жыртады, екіншісі – бала оқ ытады, ү шіншісі ү й салады, т.с.с.

Жалпы алғ анда, Платон қ оғ амдағ ы адамдарды бірнеше ә леуметтік топтарғ а бө леді. Тө менгі топ шаруалар, қ олө нершілер, саудагерлер т.с.с. тұ рады. Олар қ оғ амның материалдық қ ажеттіктерін қ амтамасыз етеді.

Адамды ішкі жә не сыртқ ы жаулардан қ орғ ау керек – ол ү шін полиске жауынгерлер керек.

Мемлекетті басқ ару ө нері ө те қ иын. Оны ә діліттіліктің, ізгіліктің негізінде жү ргізу керек. Ал оғ ан даналық керек. Оны жү ргізе алатын философтар. Біз философтар осы уақ ытқ а дейін Платонғ а ө зіміздің алғ ысымызды айтамыз. Бірақ, философтар елді басқ ара алмайды – ол ү шін олар кө п моральдық адамгершілік қ асиеттерінен арылуы керек, ө йткені, саясатта ашық шындық тың талаптары оқ тын-оқ тын моральдық нормалардың талаптар кең істігінен шығ ып кетуіне ә келеді.

Бұ л ү ш ә леуметтік топтың қ ажеттігін Платон психологиялық тұ рғ ыдан да толық тырады. Адамның жан-дү ниесінде ақ ыл-ой, ерік, ің кә р қ алай бір-бірімен ү йлесімді болса, қ оғ амда да ә леуметтік топтар соғ ан байланысты ө мір сү руі керек.

Ө кіметті басқ аратын адамның жан-дү ниесінде ақ ыл-ой, даналық басымырақ болуы керек; жауынгерлердің жү регінде қ ызбалық, қ ұ штарлық басым болуы керек. Ал кө пшілік халық тың жан-дү ниесінде - ө мірге, байлық қ а деген ің кә р басым болуы керек.

Жеке меншік ө лшемді тү рде, негізінен алғ анда, халық тың қ олында болуы қ ажет, ал жеке меншік бар жерде жан-ұ я, бала-шағ а, мұ рагерлік деген бар.

Ал жоғ арыдағ ы екі топта жеке меншік болмауы қ ажет. Мемлекет басқ арып отырғ ан адамдарда байлық қ а деген ынта болса, онда олар заң дарды ө здерінің мү дделеріне сай етіп бұ рмалауы мү мкін, ол халық ты ә рі қ арай кедейлетіп, байларды ә рі қ арай байытады. Ол ү шін олардың жанұ ялары болмауы керек, сонда ғ ана ол байлық қ а қ ызық пай, елді ә діл жолмен басқ арады.

Жауынгерлерге келер болсақ, жеке меншік олардың негізгі қ ызметіне – елді қ орғ ауғ а, тә ртіпті қ адағ алауғ а ү стірт қ арауларына, қ олындағ ы қ ару-жарақ ты ө з жеке мү ддесіне пайдалануы мү мкін.

Мемлекет жоғ арғ ы топтардағ ы еркектер мен ә йелдердің қ арым-қ атынасын арнаулы ұ йымдар арқ ылы ретке келтіріп отырады; олардан туғ ан балаларды арнаулы мекемелерге жіберіп мемлекет тә рбиелейді: олар ө здерінің ә ке-шешелерінің кім екенін, ал ә ке–шешелері балаларын танымау керек.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.