Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Элементтері. II А тобы элементтері.




элементтері – металдарға II А және I А топтары элементтері жатады. Системаның II А тобына типтік элементтер бериллий және магний, сонымен бірге кальций және мырыш топшасы металдары жатады.

Бұрыннан келе жатқан қалыптасқан аты бойынша бұл металдардың бериллий мен магнийден басқаларын сілтілік-жер металдары деп те атайды.

Төменде II А тобы элементтерінің кейбір қасиеттері келтірілген.

 

Тұрақтылары
Жер қыртысындағы мөлшері, мас.% 3,8·10-4 1,9 3,3 3,4·10-2 6,5·10-2 2·10-10
Валенттік эл/он. конфиг. [He]2s2 [Ne]3s2 [Ar]4s2 [Kr]5s2 [Xe]6s2 [Rn]7s2
Атомның радиусы, нм 0,113 0,160 0,197 0,215 0,221 0,235
Ионның радиусы , нм 0,034 0,074 0,104 0,120 0,138 0,144
Иондану потенциа-лы, В   9,323   7,645   6,133   5,695   5,212   -
Балқу т-расы, 0С
Қайнау т-расы, 0С
Тығыздығы, г/см3 1,85 1,74 1,54 2,63 3,76
, В -1,85 -2,36 -2,87 -2,89 -2,91 -2,92
Ашылу жылы 1829 Велер 1808 Дэви 1808 Дэви 1808 Дэви 1808 Дэви 1898 Кюри

 

Бұл топ элементтері күміс тәрізді ақ түсті металдар. Бұлардың барлығы да жеңіл металдарға, тек радий ғана ауыр металдарға жатады.

Химиялық қасиеттері жағынан топ элементтері сілтілік металдардан кейінгі күшті тотықсыздандырғыштар. Жай және күрделі заттармен әрекеттескенде бұл металдар сыртқы қабаттарындағы электрондарын беріп жіберіп химиялық қосылыстарында +2-ге тең тотығу дәрежесін көрсетеді. Тотықсыздандырғыштық қасиеттері бериллийден радийға қарай артады.

II А тобы металдары қалыпты температурада немесе қыздырғанда барлық металл еместермен әрекеттеседі.

II А тобы металдары көптеген күрделі заттармен әрекеттеседі. Электрохимиялық кернеу қатарында олар сутегінен бұрын орналасқандықтан қышқылдардан сутегін оңай ығыстырады:

 

 

Гидроксидтерінің суда ерігіштігіне байланысты топ металдары сумен әр түрлі әрекеттеседі. Бериллийдің гидроксиді суда ерімейді. Ол сумен іс жүзінде әрекеттеспейді, магний гидроксиді нашар еритіндіктен ол тек ыстық сумен ғана әрекеттеседі, ал қалған металдар сумен мынадай схема бойынша қуатты түрде әрекеттеседі:



 

 

Топ металдары тотықтырғыш қышқылдар – азот қышқылы және концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесіп оңай тотығады. Мысалы, бериллий қыздырғанда, ал қалған металдар қалыпты температурада сұйылтылған азот қышқылымен әрекеттесіп оны аммоний ионына дейін тотықсыздандырады:

 

 

Амфотерлі қасиеті болғандықтан бериллий қышқылдарда және сілтілерде еріп, сутегін бөліп шығарып, катионды және анионды комплекстер түзеді:

 

Салқын концентрлі және бериллий ( сияқты) пассивтеледі.

II А тобы элементтері типтес оксидтер түзеді. Бұлар ақ түсті, қиын балқитын, температураға тұрақты қатты заттар: , , , , , , .

Техникада металдардың оксидтерін карбонаттарды өртеп ыдырату арқылы алады.

Химиялық қасиеттері жағынан бериллий оксиді амфотерлік қасиет көрсетеді, ал қалғандары негіздік оксидтер. Бериллий оксиді суда ерімейді және онымен әрекеттеспейді, магний оксиді ыстық сумен, ал қалған металдардың оксидтері сумен қалыпты температурада қуатты әрекеттесіп сәйкес гидроксидтерге айналады. Мысалы, кальций оксиді сумен сөндірілген әкке айналады:

 

 

Металдардың гидроксидтерінің химиялық қасиеттері оксидтерінікі сияқты болады. Бериллий гидроксиді оның оксиді сияқты амфотерлі болғандықтан қышқылмен де, сілтімен де әрекеттеседі:



Басқа металдардың гидроксидтері тек негіздік қасиеттер көрсететін сілтілер.

II А тобы металдары көптеген әр түрлі қышқылдардың тұздарын түзеді. Топша металдары VII А тобы металл еместерімен немесе галогендермен галогенидтер – тұздар түзеді. Галогенидтердің ішіндегі ең маңыздылары магний мен кальцийдің фторидтері мен хлоридтері.

Топша металдарының барлығының карбонаттары қышқылдарда еріп, көміртек (IV) оксидін бөліп шығарады, мысалы:

 

Табиғатта топша металдарының карбонаттары көміртек (IV) оксиді бар суда еріп, ерімтал гидрокарбонаттарға айналады, мысалы:

 

Табиғатта бұл реакция карбонаттардан түзілген тау жыныстарының бұзылуына әкеліп соғады да, ал түзілген гидрокарбонаттар суға қосылып оны кермек етеді.

Құрамында гидрокарбонаттар, хлоридтер, сульфаттар түрінде кальций мен магнийдің катиондары бар табиғи суларды кермек сулар дейді.

Судың кермектігін 1л судағы мен иондарының миллиэквиваленттерінің санымен анықтайды. Кермектік уақытша немесе гидрокарбонаттық және тұрақты болып екі түрге бөлінеді.

Уақытша кермектік судың құрамында кальций мен магнийдің гидрокарбонаттарының болуына байланысты да, тұрақты кермектік судың құрамында кальций мен магнийдің сульфаттары, хлоридтері болуына байланысты болады.

Уақытша кермек суды қайнату немесе сөндірілген әк қосу арқылы жұмсартады:

 

Тұрақты кермек суды сода, натрий фосфатын немесе сөндірілген әк қосу арқылы тұшытады:

 

Тұрақты кермектікті жою кезінде уақытша кермектік мынадай реакциялар бойынша бірге жойылады:

 

 

 

Бұл келтірілген реакциялардың нәтижесінде кермек сулардағы және иондары тұнбаға түсіп, концентрациялары азайып, су жұмсарады.

Соңғы кездерде кермек суларды жұмсарту үшін ион алмасу әдісі жиі қолданылады. Ионалмастырғыштарға табиғи силикат пермутит және жасанды ион алмастырғыш смола-иониттер жатады.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2017 год. (0.091 сек.)