Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Техникалық дақылдар. Мақта. Қант қызылшасы. Рапс




Техникалық дақылдар – тобына негізгі өнімдерді өнеркәсіптің әртүрлі салаларда шикізат болатын дақылдар жатады.

Бұл топқа өсімдік майын (майлық) өсімдік талшығын (тоқыма), қант өндіретін (қант қызылшасы), сондай-ақ темекі мен махорка сияқты өнімдер өндіретін өсімдіктердің бәрі кіреді.

Майлы дақылдар – республикамызда майлық дақылдар – күнбағыс, мақсары, арахис, қытай бұршақ, майкене, көкнәр (мак), қыша, рапс өсіріледі. Сонымен қатар майды кейбір дәнді бұршақтардан – қытай бұршақ, майлы зығыр, талшықты өсімдіктерден – мақта, талшықты зығыр, сорадан алады.

Майлы дақылдар әртүрлі ботаникалық туыстастықтарға жатады. Сондықтан ол өздерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерімен ажыратылады.

Майлы дақылдардың негізгі морфологиялық ерекшеліктеріне: жемістің түрі, түсі мен бетінің бедер ерекшеліктері жатады.

Күнбағыс – негізгі майлы дақыл – аудандастырылған майлы сорттарда 50-52%-ға дейін май болады. Оның майы жоғары сапалы, дәмді қасиеттері бар таза май. Күнбағыс майын маргарин, әртүрлі бояулар, сабын, т.б. өндірістерде қолданылады.

Күнбағыс (Астра) – күрделі гүлдер тұқымдастарына жатады – біржылдық айқас тозанданатын өсімдік. Насекомдардың көмегімен тозаңданады. Тамыры – кіндіктамырлы – 2–4 м тереңдікке енеді, ал жан-жағына 100–120 см-ге дейін таралады. Сабағы – тік тұратын ағаш сияқты, ортаңғы өзегі ұлпа, бұтақтанбайтын 0,7–2,5 м-ге дейін өседі. Жапырағы – ұзын сабақты үлкен. Сопақ жүрек тәрізді үшкірленген және шеттері егеу сияқты болып келеді. Төменгі жапырағы 3-5 жұптан, ал қалғандары кезекпе-кезек орналасқан. Ерте пісетін сортында 15-25, ал кеш пісетін сортында 30–35-тен астам жапырақ болады.

Гүл шоғыры екі түрлі болады: шеткісі – тілшік ұрықсыз, ортадағы түтік, қос жынысты, барлық гүл кіндігін жауып тұрады.

Жемісі – тұқымша, жұмыртқа формалы, ол ядродан, жұқа тұқым қабығы мен қапталған және тері сияқты ұрықтан тұрады. Күнбағыстың кәрзенкесінде 1000-1200-ге дейін тұқым – дәнек болады. 1000 тұқымның массасы 75-80 г болады. Оның өсіп даму кезеңдері сортына және егілетін аймағына байланысты 90-100-ден – 100–125 күнге созылады. Өсуі 4-6°С басталады. Жалпы белсенді температураның қосындысы егуден көктеуге дейін 140-160°С болады. Гүлдену кезінде температура 25-27°С-қа жету керек. Гүлдену кезінде 1-2°С суыққа төзе алмай, толық үсіп кетуі мүмкін. Ылғалды жақсы көреді – құрғақшылыққа төзімді, ылғалды біркелкі пайдаланбайды – көктеу кезінен кәрзенке пайда болғанша 23%, кәрзенке пайда болудан гүлденуге дейін 60%, гүлдеуден піскенге дейін – 17% ылғалды қажет етеді.



Анықтама: Күнбағыс сорттары. Бүкілодақтық майлы дақылдар ғылыми-зерттеу институты (ВНИИМК) В. С. Пустовойттың басшылығымен шығарылған күнбағыс сорты егілетін жер көлемі өте көп. Олардың бастылары – Армавирец, Передовик улучшенный, ВНИИМК-8931улучшенный. Қазақстанда пайдаланылатын негізгі сорттары – Армавирский – 3497, Восход (Белгрод тәжірибие станциясында шығарылған. Авт. Прохоров К.И., Сергиенко Н.Я.), Маяк – 2280–1367, Передовик 2292-1443, ВНИИМК -8981.



Күнбағысқа жақсы алғы дақыл ретінде – дәнді дақылдар пайдаланылады. Ол тамыр арқылы 100-200, 200-300 см дейін тереңдіктен ылғалды пайдаланады. Сондай-ақ оны топырақ ылғалын көп азайтатын дақылдардан кейін (беде, қант қызылшасы, судан шөбі) егуге болмайды. Күнбағысты бұл дақылдар егілетін жерге 3-4 жылдан кейін егуге болады. Одан кейін, оны ол жерге қайта 8-10 жылдан кейін ғана егуге болады. Күнбағыстың өзі жаздық бидайға, сұлыға, арпаға және басқа жаздық дақылдарға жақсы алғы дақыл бола алады.

Тыңайтқыш ретінде 2,3–3 ц. суперфосфат шашудың нәтижесінде 1 гектардан алынатын өнім 2,2–3,1 ц. асады. Органикалық және минералдық тыңайтқышты бірге беруге болады. Тыңайтқышты 1-Р МГ-4 агрегатын, МТЗ-80 немесе ЮМЗ-6 тракторын пайдаланып шашу арқылы береді.

Егу кезінде тыңайтқышты 6-10 см аралықта қатарға 10-12 см тереңдікке екі немесе бір ленталы әдіспен енгізеді.

Топырақты өңдеу – ауа райы және топырақ жағдайына байланысты: қарапайым сүдігер, жартылай пар, жақсартылған сүдігер қолданылады. Біржылдық арамшөптермен күресу үшін күнбағыс егісінде прометрин гербицидін 2,5-3 кг/га мөлшерінде қолданылады.

Себу. Егу алдында тұқымды жылы ауада қыздырады немесе жылы жерде 3-4 күн ұстап, оны 80% ТМТД 1 тонна тұқымға – 3 кг препратымен өндейді. Күнбағысты кең қатары – 70 см – пунктирлі әдіспен СУПН-8; СКПП-12 сеялкалармен себеді. Себу мөлшері гектарына 20 мыңнан – 50 мың данаға дейін, егу тереңдігі 6-7 см-ден 8-10 см-ге дейін болады.

Көктеуіне 4-5 күн қалғанда топырақты майдалау үшін тырма жүргізеді. Көгі пайда болған кезде 2 рет тырмалайды – бұдан кейін 2–3 рет культивация жүргізеді.

Күнбағысты кемінде 3 рет суғарады, 1-сі гүлдегенге дейін, 2-сі гүлдеу басында, 3 жаппай гүлдеген кезде. Суару мөлшері 600–800 м3/га.

Жинау. Күнбағысты ору пісу мерзімін зембіл гүлдерінің 90% -ы қоңыр тартып, құрғақтағанда, ылғалдылығы 12-14% болғанда бастайды. Күнбағысты дәнді астықты оратын комбайндармен (СК-5 НИВА) жинайды.

Мақта. Әлемде пайдаланылатын тоқыма заттары, яғни талшықты дақылдар ішінде мақта талшығы бірінші орын алады. Ол тоқыма өнеркәсібінде негізгі бағалы шикізат болуымен бірге автомобиль, авиация өнеркәсібінде және т.б. әртүрлі өндіріс салаларында кеңінен қолданылады.

Мақта дәнінде 20-27% май болады, одан маргарин, олиф, стеарин, глицерин, фитин және сабын алынады. Бір тонна шитті мақтадан 100-110 кг жоғары сапалы май алынады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Мақтаның бір тонна тұқымынан 400-420 кг күнжара алынады. Мақта күнжарасы мал үшін таптырмайтын азық, онда 40% ақуыз болады және оның құрамында улы зат-госсипол болатындықтан, оны малды қоректендіруге аздап беру керек. Мақтаның бір тоннасынан 380-400 кг тұқым қабығы шығады. Мақтаның қабығынан әртүрлі этил, метил спирттерін лак, қант және азықтық ақуыз алады. Ал бұтағы мен қауашағын сірке қышқылын, қағаз және май алу үшін пайдаланылады. Жапырағы мен бұтағының қабыршығынан алма және лимон қышқылын алады. Мақтаның сабағы – қозасы отын ретінде пайдаланылады.

Дүниежүзінде мақтаның егіс көлемі 33-34 млн га, ал алынатын жалпы өнім 42-45 млн тонна. Негізгі мақта өсіретін мемлекеттер – АҚШ, Қытай, Үндістан, Пәкістан. Бразилия, Түркия, Мексика, Египет, Орта Азия, Казақстан, Өзбекстан, Тәжікістан, Түркіменстан.

Мақта құлқайыр тұқымдастарына жатады, ол көпжылдық өсімдік, ал біздің ауа райы жағдайында оны біржылдық өсімдік ретінде өсіреді. Мақтаның биіктігі 90-130 см, тамыры жүйесінің тереңдігі 2-2,5 см-ге дейін барады, басым көпшілігі 30-40 см тереңдікте жатады.

Жапырағы жүрек формалы 3-7 ескіштен тұрады. Мақтаның екі типті өсу және жеміс беру бұтақтары болады. 3 және 5 жапырақтың ішінде бірінші болып өсу бұтақтары, олардан сабақтары біраз доғалданып жеміс бұтақтары тарайды, бұл бұтақтарда жеміс бүршіктері пайда болады. Бірінші жемісті бұршақ неғұрлым ерте шықса, соғырлым мақта ерте гүлдеп, ерте піседі.

Гүлдің үлкен күлтесі болады, ол негізінен бірге өскен бір 5 жапырақшадан тұрады, оның түсі сортына қарай ақ, сары және ақ сары түсті келеді. Бірінші бітеу гүл алғашқы жеміс бұтақтың түбіне жақын жерде, көктері көрінген соң шамамен, 40-45 күннен кейін пайда болады. Бітеу гүл өсіп шықаннан кейін 25-30 күнің ішінде гүлдеуі басталады, ал гүлдеуі, қауашағының пісуі (ашылуы) ауа райына, сортына байланысты 40-60 күнге созылады.

Мақтаның өсіп дамуы 100-110, орташа пісетін 115-125, кеш пісетіні 130-140 күнге, ал жіңішке талшықты мақта 140-160 күнге созылады

Мақта өздігінен тозаңданатын өсімдік бола тұра, кейде айқас тозандана береді. Жемісі үш, төрт, бес ұялы қауашақ. Піскен кезде жарылып ашылады. Әр ұяда 5-10- ға дейін тұқым дамиды. Бір қауашақтағы мақта талшығының массасы 3-10 г. Мақтаның тұқымы (дәнегі) тығыз ағаштай қабықты жұмыртқа түрлес болады, 1000 дәннің массасы 70-150 г.

Мақтаның талшығы тұқымның бет жағында үлпілдек түрінде пайда болады. Тұқым мен оның жауып тұрған талшықты шитті мақта деп атайды. Талшықтың ұзындығы оның салмағын анықтайды. Орта есеппен бір центнер шитті мақтадан 32-35 кг ұзын талшық, 60-65 кг тұқым алуға болады. Көпшілік мақтаның талшық ұзындығы 30-33 мм, ал жіңішке талшықты мақта сорттары 38-40 мм-ге жетеді. Талшық неғұрлым ұзын және жіңішке болса, соғұрлым мақта бағалы. Мақта жарық, жылу және ылғал сүйгіш қысқа күнді өсімдік. Оның тұқымы 10-12°С жылылықта өсіп-өнеді, бірақ көктеп шығуы үшін 14-15°-тен жоғары температура қажет, өсуге ең қолайлы температура 25-30°С, бірақ 1°С шамасындағы суыққа төзе алмайды. Мақта бүрлену, гүлдену, пісіп-жетілуі кезеңдерінде ылғалды көп қажет етеді, топырақтың аздап тұздануына төзімді. Мақта жеңіл, аз сілтілі топырақ ерітіндісінің реакциясында (РН-7-8) жақсы өседі.

Елімізде мақтаның қарапайым немесе мексикалық және перуандық және египеттік түрі өсіріледі. Бұл ақ талшықты мақта, ұзындығы 30-35 мм, ал шығымы 35-38%. Оңтүстік Қазақстан облысында кең таралған мақта перуандық немесе египеттік, оның талшығы жіңішке, ұзындығы 40–50 мм.

Мақтаны өсіру үшін қолданылатын агротехниканың ішінде бастысы топырақты өңдеу – оның негізгі мақсаты ылғал жинау, тұқым себуді қолайлы мерзімде өткізу және мақтаның біркелкі, сапалы бітік өсуін қамтамасыз ету. Мақта егу үшін егістікті 30-35 см, ал арамшөбі көп егістікті 35-40 см тереңдікте жыртады.

Мақта жылу сүйгіш өсімдік болғандықтан, 10-12°С температурада көктейді. Тұқым себу тереңдігі 4-5 см, қатар аралығы 60 және 90 см, жиі ұялы әдіс. Қатар аралығы 60 см егіліп, себілген өсімдіктер 50 х 1,5-1 және 60 х 22,5 2 сызбасы бойынша орналасады. Қатар аралығы 90 см егіліп, себілген өсімдіктер 90 х 75-1, 90 х 3,0 немесе 90 х 75-1, 90 х 3,0-2-3 және 90 х 20-2 сызба бойынша орналасады. Себу мөлшері гектарына 40-120 кг дейін тұқым сіңіреді. Мақтаны индустриялық технология бойынша өсіру комплексті агротехниканы қажет етеді, оның ішіндегі ең маңыздысы ауыспалы егісті игеру болып табылады.

Мақта егетін аудандардағы ең көп қолданылатын мынадай ауыспалы егіс сызбасы ұсынылады: 1-топқа дәнді-дақылға бүркеме ретінде беде, 2-3 топтарға беде, 4-9 топтарға шитті мақта егіледі. Бұл ауыспалы егістікте мақтаның үлес салмағы – 66,6%, жоңышқаныкі – 22,2% және бүркеме дақыл ретінде дәнді дақыл 11,2%.

Мақта даму кезеңдеріне байланысты қоректік заттарды әртүрлі қажет етеді, азотты пайдалану коэффиценті 60-70%, фосфорды пайдалануы 25-30%, калийді пайдалануы 50-60% болады.

Топырақ жақсы өңделсе көгі тез шығады, ылғал жақсы сақталып, арамшөп азайып, мақта аурулары мен зиянкестері кемиді. Мақта қылтиып көріне бастағанда топырақ қабыршағын ротациялық шабықтауышпен немесе культиватормен қопсытады. Мұнда қопсыту тереңдігі 4-5 см, ал қатарлықтары 6-8 см-ден аспауы керек.

Мақтаны суарудың:

– дымқылдап суару;

– өсіп-даму кезеңінде суару сияқты 2 түрлі жолы бар.

Дымқылдап суару негізі күз-қыс кезеңдерінде немесе ыза суы терең жатқан жағдайда гектарына 1500 – 3000 м3 су беру арқылы жүзеге асады.

Мақта гүлденгенше (1-2 суарады) гүлдегеннен кейін піскенде (2-5 рет) немесе шашақтардың піскен кезінде бір рет суарады. Бірінші суаруды 3-5 жапырақ шыққан кезде бастайды. Суару боразда арқылы жүргізіледі. Қатар аралығын қопсыту әр суарудан кейін жүргізіліп тұрады.

Суару өсімдіктің пісуін тездетеді әрі оның бойындағы қоректік заттарды реттеуге және мақта өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды агротехникалық шара. Механикаландырылған шырпу культиватор мен немесе суару бораздаларын тілумен бір мезгілде жүргізіледі.

Өсірілген мақтаның басты бөлігін жинау комбайнмен атқарылады. Тұқымдық танаптарда мақта жинайтын техникамен жинау қиынға түсетін егістіктерде қолмен жинайды. Мақта жинағыш техникаларды тиімді пайдалану үшін, мақта өсімдігінің жапырақтарын жою үшін дефолиация жүргізеді. Дефолиацияны мақтаның басым көпшілігінде ашылған 2-3 көсек пайда болғанда жүргізген тиімді болады.

Отамалы дақыл болғандықтан, егіншілікте мақта дәнді және басқа дақылдарға жақсы алғы дақыл болып саналады, мақта үшін жоңышқа ең жақсы алғы дақыл.

Қант қызылшасы.Қант қызылшасы (Beta vulgaris) сора тұқымдасының (Chenopodiacea) Beta L. туысына жатады. Бұл туысқа алабота, шпинат сияқты қуаңшылыққа төзімді (ксерофит) сортаңдау топырақты жерлерде өсетін өсімдіктер жатады. Қазіргі кезде қант қызылшасының қанттылығы 17-20 пайызға дейін жетті.

Қант қызылшасы жапырақты және тамыржемісті қызылшаны будандастырудан алынған формаларды сұрыптау арқылы өсіріп шығарылған. Біздің мәдени қант қызылшасыздың арғы тегі – жабайы қызылша, ол Жерорта теңізінің жағалауларында, Каспий маңындағы далаларда, Завкавказияда кездеседі.

Қант қызылшасы – екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы қант кызылшасының тәтті түбірі өседі, ал екінші жылы дән беретін гүлді сабақтары пайда болады. Сыртқы жағдайлардың әсеріне немесе өсімдіктің нәсілдік ерекшелігіне байланысты кейбір өсімдіктер бірінші жылдың өзінде-ақ сабақ шығарып гүлдейді, тұқым береді.

Алғашкы кос жапырақ пайда болған кезде ортаңғы тамырдың үзындығы 30-35 сантиметрге дейін, ал бесінші қос жапырақ пайда болғанда 90-95 сантиметрге дейін жетеді. Қант қызылшасы дәнінің қалыптасуы гүлдері тозанданғаннан кейін 25-30 күннен кейін аяқталады.

Қант қызылшасы аумалы тозаңданатын өсімдік. Гүлденген кезде гүлдің аналық бөлігінде өз сабағындағы және көршілес сабақтардағы гүлдерден көптеген аталық тозаң түйірлері түседі. Сөйтіп аталық және аналық ұрықтар қосылады. Бұл қосылудың нәтижесінде тұқым ұрығы және оның дамуына қажетті қоректік заттар пайда болады. Қызылшаның тозаңы (аталық ұрық) гүлден-гүлге, өсімдіктен-өсімдікке жел арқылы ұшып түседі және оны насекомдар тасиды.

Қызылша тозаңы ауа арқылы алысқа (3 км) тарай алады. Сондықтан қант қызылшасы отырғызылған жерге жақын мал азық және асхана қызылшасының тұқымдықтарын көшіріп отырғызуға болмайды, өйткені мал азығы және асқана қызылшасының қант қызылшасымен алмасып тозаңдануы мүмкін, мұның салдарынан қант қызылшасының қанттылығы күрт кемиді

Қызылшаның гүлдері бірнешеуден жиналып, шоғырланып өседі. Бір гүлде бес аталық және гүлдің аналығы болады. Аналық гүл жіңішке жіпшеден және тозаң қаптан тұрады. Мұнда тозаңдар қонатын аналық аузы және жатыны болады. Жемістері піскен кезде тұқым шоғырланған түйіндерге айналады, оларды тұқым деп атайды. Дәнді дақылдармен салыстырғанда қызылша тұқымының пішіні мен құрылысы басқаша келеді. Қызылшаның тұқымдары бір-бірімен тұтасып шоғырланып өседі. Сондықтан қызылшаның тұкымын дән демей тұқымның шоғыры деп атайды. Шоғырда екіден үшке дейін, кейбір жағдайларда жетіден тоғызға дейін тұқым болады. Сондықтан әрбір шоғырдан бірнеше өркен өсіп шығады. Бұл кейін бір-бірімен шырмалып, егісті сиретуді қиындатады.

Қызылша көктеуден жер бетіне дән жарнағын шығаруына дейін ұрықтың ішіндегі заттармен қоректенеді. Кейіннен кәдімгі жапырақтар пайда болып, тамыры өскен соң жас өсімдік өздігінен қоректене бастайды – қоректік заттарды тамырша арқылы топырақтан, көк дән жарнағы және жапырақтар арқылы ауадан алады. Тұқымдықтың тамыр жүйесі 2,5-3,0 м тереңдікке дейін бойлайды, ал горизонталь бағытта жан-жаққа 70-100 см дейін жайылып кетеді. Қызылшаның гүлдері гүл сабақтарының басына топталып бітеді, әдетте, бір тобында 3-4 гүл, кейде одан да көп болады. Гүлдер қос жынысты болып орналасады, яғни сол бір гүлдің өзінде аталық және аналық орган бірге жетіледі. Негізгі сабақтың гүлденуі бүйір тармақтарының шыққан жерлерінен, ал бүйір тармақтарында – олардың түптерінен басталады. Ерте шыққан гүлдер өте ірі және сапасы жағынан тұқым шумақтарын береді. Тұқымдықтың гүл шашуы, әдетте, маусым айында басталып, 20-40 күнге дейін созылады.

Ұрықтары пісіп жетілгенде гүл топтары бір-бірімен жабысып, онан түйнек пайда болады, бұларды тұқым деп атайды. Түйнектер, әдетте, 3–4 жемістен тұрады, әрқайсысында бір-бірден тұқым болады. Сондықтан әрбір түйнектен 3-4-тен өскін пайда болады. Түйнектерде тұқымның көп болуы еңбекті көп жұмсауды қажет етеді. Сондықтан соңғы кездерде ұсақталған түйнектері бар қант қызылшасы егілуде. Бір түйнекте тозаңданған гүлдердің қанша түйіні тұтасса, сонша дән болады. Түйнектің ішіндегі тұқымның сыртында берік, тығыз қабығы болады, ол тұқымды зақымданудан сақтайды. Қабық судың ішінде баяу бөртеді, сондықтан қызылшаны ылғалды жерге егудің маңызы зор.

Қызылша тұқымының өсіп-өнуі үшін су, ауа және жылу қажет. Су тұқымының қоректік заттар қорын ерітіп, үнемі қозғалып тұратын ету үшін керек. Бұл ерітіндімен көктеу кезінде ұрықтың барлық бөлігі қоректенеді. 100 кг тұқымның өнуі үшін 120-160 кг су керек. Ауа өніп келе жатқан тұқымға демалу үшін қажет.

Қызылша тұқымы топырақтың температурасы 4°С шамасындағы жылылықта өне бастайды. Ал температура жылырақ болса (12-15°С), онда қызылша өте жедел көктейді. Қызылша өсімдігінің өсіп жетілуі үшін ең қолайлы температура – 25 – 30 градус жылылық. Қант қызылшасының көктеп шыққан жас өркені – 4-5°С суықтыққа шыдайды. Топырақтың 10 см тереңдігі 5-6°С жылынғанда себуді бастайды, ол үшін СТС-8-12А тұқым сепкішін қолданады. Тұқым себу мөлшері танаптың арамшөптерден тазалығы мен тұқымның өнгіштігіне байланысты әр ұзынша метрге 25–35 данадан тұқым болуы шарт. Суармалы егіншілік жағдайында қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылып, ылғалы мол топырақта тұқымды 2-3 см, ал беткі қабаты құрғақ болса 3-4 см тереңдікке егіледі.

Қызылшаға өсуінің алғашқы кезеңінде-ақ қолайлы жағдай тұғызу керек, жақсы бапталған қызылша күшті болып өсіп жетіледі, бойына азықты, суды жақсы сіңіреді, мол өнім береді. Су қызылшаның негізгі құрамының бір бөлігі болып табылады. Су тамырларында 75%, ал жапырақтарды 87%-ға жуық болады. Қоректік затар су ерітіндісі түрінде тамырдан жоғары жапырақтарға қарай жылжиды. Жапырақтарда пайда болған заттар ерітінді күйінде төмен қарай тамырға құйылады. Өсімдік өзіндегі судың көпшілігін бұға айналдырады.

Гектарынан 400–500 центнер түсім алғанда қант қызылшасының бір центнер тамырын өсіру үшін 80 центнерге жуық су керек. Топырақта оның өзінде ұстап қалатын суының 60-80%-ы болса, қызылшаның өсіп, дамуы үшін онда қолайлы жағдай туады. Топырақтың ылғалдылығы мұнан төмен болса, қызылшаның түсімі азаяды.Өсіп-даму кезеңдерінде қант қызылшасын 7-9 рет суарылып, әр гектарға 5100–7500 текше метр су берілуі тиіс.

Қызылшаның бір тұқымды сортының өсіріліп шығарылуына байланысты ол кеңінен пайдаланып келеді. Бір тұқымды сорт қант қызылшасын сирету және күту жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді. Бір шоғыр тұқымның ірілігі мен салмағы бірдей болмайды. Тұқым жер бетіне тез көктеп шығуы үшін оның ірі және салмақты болғаны жөн.

Қызылшаны ерте көктемде дәнді дақылдармен бір мерзімде сепкен дұрыс. Агротехникалық талаптарға сай тиімді мерзімде себілген қызылша 7–10 күннің ішінде көктеп шығады. Өсімдіктің алғашқы қос жапырағы тұқым көктеп шыкканнан кейін 8-10 күннен соң пайда болады. Қызылша қос құлақтанып, бірінші қос жапырақ шығарған кезінде өсімдікті сирету керек. Дер кезінде сиретілмесе, жиі шыққан өсімдіктер бірін-бірі қысып, әлсіретеді. Кейін бұлар қанша жақсы күтілседе, дер кезінде сиретілген қызылшадай мол өнім бермейді.

Фабрикалық қант кызылшасы жапырақтарының сыртқы пішіні жүрек тәріздес, айнала жиектері бір тегіс немесе ирек-ирек болып келеді. Жапырақтың өзі сабақ (өзек) пен алақаннан түрады. Жапырақта дем алатын тыныстық көптеген саңылаулар болады. Дем алатын саңылаулар арқылы жапырақ ауадан көмір қышқыл газын қабылдап сіңіреді, тыныстанады, суды буландырады және ауаға оттегін бөліп шығарады.

Қант қызылшасы жаз бойы суармалы аймақтарда 50-60 жапырақ шығарады, ал кейбір өсімдіктерде 90 және одан да көп жапырақ, болады. Сапалы және мол өнім алуда кант қызылшасының жапырақтарының маңызы өте зор. Олар ауадан көмір кышқыл газын қабылдап, қант құрайды. Жапырақ алақанының ұлғаюына байланысты ол жұқарады және клеткалардың көлемі кемиді, ал тыныс саңылауы көбейеді. Қанты көп сорттардың клеткалары кіші, ал полиплоидты гибридтердікі үлкен болады.

Қызылшаның анатомиялық құрылысы ауа райының ерекшеліктеріне байланысты, өскен орнына карай өзгеріп тұрады.

Өсімдіктерде ең көп кездесетін қант түрі – глюкоза мен фруктоза. Қанттың жиналуы көбінесе, жапырақтардың әрекетіне байланысты болады. Егер жапырақтар мезгілінен бұрын құрап қалса, онда қызылшаның өнімі, қанттылығы төмендейді

Алғашқы қос жапырақ құралған мерзімде негізгі тамыр толысып біртіндеп тамыржеміске айнала бастайды. Тамыржеміс: басы, мойны және тамырдың нағыз өзі болып үшке бөлінеді. Тамыржемістің басы деп жапырақтарды кескеннен кейін қалған ұшын айтады, ал мойын бас пен нағыз тамырдың аралығында болады, оған жапырақтар мен жіңішке тамырлар шықпайды. Негізгі тамыржемістің, топырақтан қоректік заттар алатын мойын тамыршалары және екі жақ бетінде ойықшалары болады. Өсу дәуірінің бірінші жартысында қызылша қалың жапырақ шығарады, екінші жартысында тамырдың өсуін қамтамасыз етеді. Бір тәулікте тамыржемістің салмағы 5-10 грамға дейін, агротехниканы дұрыс қолданғанда 20 грамға дейін өседі. Күзде түнге қарай температураның төмендеуі қызылшаның өсуін тежейді. Ашық және жылы күндері фотосинтез қарқынының жоғары болуы қанттың мол жиналуына жағдай жасайды.

Фотосинтездің жүруіне және шығымдылығына сорт ерекшеліктері, топырақ, ауа райы және осы өсімдіктің физиологиялық қасиеті әсер етеді.

Қант қызылшасы тамыржемісі құрамында 75-80 ішінде пайыздай су, 20-25 пайыздай құрғақ зат, мұның ішінде 16-20 пайыздай қант, 3-5 пайыздай клетчатка, 1-2 пайыздай азотты заттар, 0,5-0,3 пайызға жуық күл кездеседі. Ал, жапырақтарының құрамында 78-85 пайыз су, 15-20 пайыз құрғақ зат, оның ішінде 1,5-3,0 пайыз күл, 2 пайызға жуық клетчатка, 2 пайыз азотты заттар кездеседі. Ескі жапырақтарда құрғақ зат пен күл, жас жапырақтарға қарағанда, көбірек болады. Өсімдіктердің жапырағы мен тамыржемісінде көп мөлшерде су болады. Егер су жетіспесе, өсімдіктегі зат алмасу үдерісі бұзылады, күрделі органикалық заттар түзілуі баяулап, бара-бара тоқтап қалады. Өсімдіктегі су мен құрғақ заттардың арақатынасы даму сатысына, қандай жерде өсіп тұрғанына және оның әр мүшесінің атқаратын физиологиялық рөліне қарай әртүрлі болады.

Қант қызылшасы құрамындағы негізгі органикалық затқа қанттар жатады. Бұлардан басқа қант қызылшасының құрғақ заттарының кұрамында пектин, инвертті кант және басқа да азотты органикалык қосылыстар кездеседі. Қызылшаның кұрамында түзілетін органикалық заттар мөлшері және құрамы, түрлі мүшелердің қоректік заттармен қалай, қандай мөлшерде қамтамасыз етілгеніне және агротехникалық шараларға байланысты жиналады.

Қызылша тұқымы бөрту кезеңінен бастап суды мейлінше көп керек етеді. Тұқым өніп шығу үшін өз салмағынан 150–170 пайыз артық су қажет. Клеткаларда судың жеткілікті мөлшерде болуы, өсімдікте физиологиялық үдерістердің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді.

Қант қызылшасы құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер қатарына жатады. Оның транспирациялық коэффициенті күздік және жаздық бидайдан, арпадан, сұлыдан, картоптан, бедеден төмен, ал тары мен жүгеріден жоғары. Ауа райына, агротехникаға және сорт ерекшеліктеріне байланысты транспирациялық коэффициент 130 шамасынан 370 шамасына дейін өзгеріп отырады. Қызылша бір грамм салмақ қосу үшін 70-80 см3 су, бір грамм қант түзу үшін 450-500 см3 су жұмсайды (Н. И. Орловский, 1968).

Қызылшаның суды жұмсауы жапырақ көлеміне, температураға, ауаның және топырақтың ылғалдылығына, топырақ ерітіндісінің концентрациясына және басқа факторларға байланысты. Су қызылшаға әсіресе, жаздың ыстық айларында аса қажет. Себебі бұл кезде қызылшаның жапырақтары да, түбірі де тез өсу үстінде болады. Дәл осы кезде су жетіспесе, өнім күрт азаяды. Қант қызылшасы үшін топырақ ылғалдылығы 60 – 70 пайыз болуы керек. Топырақ ылғалының төмендеуі тамыржеміс салмағының және қанттылығының азаюына соқтырады. Ылғалдың 90 пайыз және одан жоғары болуы тамыржеміс салмағын ұлғайтып қанттылықты кемітеді. Топырақтағы ылғал мөлшеріне байланысты қызылшаның сыртқы пішіні өзгереді. Мысалы, ылғал көп болғанда тамыржеміс қысқа және жуан болып өседі де, ылғал жетіспегенде тамыржеміс ұзарып кетеді.

Өсімдіктің өсіп дамуы үшін топырақ құрамында: көміртегі (С), оттегі (О), сутегі (Н), күкірт (S), фосфор (Р), кремний (Sі), хлор (С1), натрий (Nа), калий (К), кальций (Са), магний (Мg), алюминий (А1), темір (Ғе), марганец (Мn) сияқты элементтердің болуы қажет. Топырақ құрамындағы жоғарыда аталған элементтердің маңызы – олар өсімдіктер мен топырақ арасындағы қарым-қатынасты белгілейді, ал мұның биологиялық зор маңызы бар. Топырақтың органикалық қосындыларының негізгі құрамын түзейтіндіктен, әсіресе көміртегі, сутегі және оттегінің маңызы үлкен. Оттегі өсімдіктің көптеген органикалық заттарының құрамына енеді: мысалы, көмірсутегі және басқа қоректік элементтер оттегімен қосылады.

Азот ақуыздың құрамына енеді. Ал ақуыз тірі клетка протоплазмасының негізгі бөлігі, негізгі физиологиялық үдерістер осында жүреді.

Көміртегі – барлық органикалық заттардың тірі материясының химиялық негізі болып саналады. Фосфор, азот сияқты, бірнеше ақуыздық заттардың, атап айтқанда, клетканың тірі плазмасының құрамына кіреді. Фосфор клетканың ядросында да болады. Өсімдіктің пісуін тездету және сапасын арттыру жөнінде фосфордың аса зор маңызы бар.

Калий өсімдігі үш жай қосындыларды анағұрлым күрделі қосындыларға (қантқа) айналдыру үшін қажет. Көптеген мәліметтерге қарағанда, калий жетімсіз болса, өсімдік ауруға шалдыққыш келеді.

Күкірт, азот пен фосфор сияқты, өсімдіктің аса бағалы негізгі бөлшегі – ақуыз құрамына енеді.

Кальцийдің өсімдік тіршілігінде атқаратын рөлі әр алуан. Кальций өсімдікте жиналған қымыздық қышқылын бейтараптандырады, өсімдіктің ауадағы көміртегін қабылдап сіңіруіне (ассимиляция) қатынасады, қанттан және крахмалдан клетчатка құруға көмектеседі.

Магний хлорофилдің – жапыраққа жасыл түс беретін мүшенің және өсімдіктің басқа да органдарының кұрамына кіреді.

Темірдің өзі хлорофил құрамына кірмегенімен, өсімдікке хлорофил құру үшін қажет. Топырақта темір болмаса, көп өсімдік «хлороз» деген ауруға ұшырайды. Хлороз ауруына шалдыққан өсімдік бозғылт тартып, түсі көкшіл сүр түсті болып өседі.

Қант қызылшасы топырақтан бор, марганец, молибден, мыс сияқты элементтерді өте аз мөлшерде пайдаланады. Қызылшаға қажетті қоректік заттардың топырақта жеткілікті болуы жоғары сапалы мол өнім алуды қамтамасыз етеді.

Қант қызылшасының технологиялық сапасы тамырдағы қанттың және қант емес заттардын мөлшеріне байланысты. Суда еритін азот пен күлдің, әсіресе, калий мен натрий тұздарының көбеюі шикізаттың сапасын төмендетеді.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.015 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал