Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Күріш қалдықтарын пайдаланудың ғылыми негізі




Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі салалардың ішінде күріш шаруашылығы Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген сала болып есептеледі, өйткені еліміздегі халықты күрішпен қамтамасыз ету деңгейі 116–120 % жеткен. Қазақстан күрішті 400-500 мың тонна көлемде өндіре алады, бұл 240-300 мың тонна күріш жармасы.

Қазақстанға қажетті күріш жармасының 80%-ын Қызылорда облысы қамтамасыз етеді. Күріш шаруашылығын дамытуға соңғы жылдары көптеген миллион қаржының ресурстары көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге несие түрінде, тікелей инвестиция түрінде, тұқым өндірісін демеуге қаржы беру арқылы, минералдық тыңайтқыштар алуға және басқаларға жұмсалуда. Қабылданған шаралар мен ішкі рыноктегі күрішке деген бағаның өсуі күріш шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігіне оң әсерін тигізеді.

Соңғы жылдарда сыртқы рынокте қазақстандық күрішке деген сұраныс өскен, сондықтан күріш негізінен Қырғыз Республикасына, Ресейге, Тәжікстанға, яғни жақын шетелдерге шығарылуда. Сонымен бірге алыс шетелдерге де (Түркияға, Италияға және басқа елдерге) күріш өнімін шығару жандандырылды. Отандық күрішке сұраныс оның аспаздық сапасына, сонымен бірге сатып алушылардың қытай күріші өндірушілеріне деген сенімсіздігіне байланысты болып отыр.

Қазақстандық күрішке сұраныс сонымен бірге, оның өзіндік дәмдік ерекшеліктеріне де орай туындауда. Минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерге бағаның күрт өсуіне байланысты Сырдария өзенінің бойында жоғары орналасқан: Өзбекстан және Қызылорда облысының аумағында оларды аз пайдаланады, соның нәтижесінде жерді суаратын суда агрохимикаттардың қалдықтары төменгі деңгейде сақталуда. Топырақтың тұздануы мен суаратын судың минералдануының өсуі күріш өніміне жағымсыз әсер ете отырып, сонымен бірге күріш дәніндегі крахмалдың азаюына жағдай жасайды, қазақстандық күріштің дәміне оң әсер етеді.



Күріш шаруашылығындағы біршама жетістіктерге қарамастан бұл сапаның тиімділігі мен күріш өндірістің пайдалылығын арттыру, сапасын жақсарту, күріш және оның қалдықтарын өңдеу және өндірілген өнімдерді өткізу рыногін кеңейту проблемалары бірінші кезекте тұр. Соңғы жылдары күрішті экспорттауда ақталған күріштің өсуі алаңдатады. Бұл көп көлемде құрама жем өнеркәсібі үшін және тез пайдаланатын күріш, күріш сіркесі, және арзан спирт өндірісі үшін пайдаланатын Ресей Федерациясына экспортталады.

Еліміздің экономикасы аграрлық секторының жалпы проблемаларына байланысты: қазіргі кезде аграрлық машина жасауға, химикаттар мен минералды тыңайтқыштар өндірісін дамытуға көптеген миллион инвестициялар бағытталуда. Бұл Қазақстанның техникаға, минералды тыңайтқыштарға, өсімдік қорғау құралдарына және басқаларға деген импорттық тәуелділігін төмендетуге мүмкіншілік береді.

Облыстың күріш өндірісінің негізгі бағыттары бойынша дамытуды жаңғыртудың болашағы зор жоспарларын дайындау үшін күріштің жаңа сорттарын шығару және тұқым шаруашылығын химияландыру, күріш өңдеу өнеркәсібінің қалдықтарын өңдеу технологиясын енгізу, ауыл шаруашылығы техникалары мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жаңарту пайдаланылған ресурстардың тиімділігін арттыру үшін бірінші кезекте күріш өндірісінің басым технологияларын анықтау қажет.



Шетелдерде крахмал өнімдерінің өндірісі кең тараған. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, 60-жылдардың аяғында дамыған елдерде қант пайдаланудың орнына оның қантты крахмал өнімдерін қолдануға қайта бағытталу басталды. Мұндай жағдайлар шикізатқа бай мемлекеттермен (АҚШ) бірге қант өндірісі үшін өзіндік шикізаты жоқ елдерде (Жапония, Оңтүстік Корея) немесе өзінің қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайтын (Еуропалық одақ) елдерде де орын алды. Соңғы 10–15 жылдың ішінде бұл мемлекеттер қант крахмал өнімдерін шығару үшін қажетті: крахмал сірнесі, глюкоза-фруктоза шырыны, глюкозалар, фруктозалар және басқалары үшін құрамында крахмалы бар шикізаттардың өзіндік өндірісін (картоп, жүгері, бидай, сұлы, қара бидай, қонақ жүгері, күріш және басқалары) табысты дамытып келеді. Ресейде тамақ өнеркәсібінде құрамында крахмалы бар шикізаттардан қантты өнімдер өндірісі үшін және олармен тамақ өнеркәсібінде қанттың көп үлесін алмастыру жағдайында бірқатар бағдарламалар әзірленген. Аймақтың қажеттілігіне байланысты қантты өнімдер өндірісінің аз қуатты желісі дайындалған ТМД елдерінде крахмал өндіретін және оны сірнеге қайта өңдейтін барлығы 16 кәсіпорын бар. Қазақстанда мұндай зауыт жоқ. Күріш дәніндегі крахмал (80%-ға дейін) бидай мен жүгеріге қарағанда (60-70%) көп болғандықтан алынған өнімдердегі қантты заттардың жоғары құрамы әлемдік стандарт деңгейінде болады. Сондықтан негізінен құрама жем өндірісінде сұранысқа ие кондициялы емес күріш ұсағын өңдеу қажет.

Ұсақталған күріш дәнін спиртке өңдеу қымбат жабдықтарды қажет етпейді, өзіндегі шикізаттың көлеміне қарай әрбір фермер ондай жабдықты ала алады. Шикізаттың құрамындағы крахмал ашытқымен тікелей спиртке өңделмейді. Алдымен шикізатты солод ферменттерімен қанттандырады да, қантты сусло алынады, сонан соң ашытады. Ашытылған массаны спирт алу үшін айдайды. Крахмалы 5%-дан кем емес немесе қанты бар өнімнен ғана спирт алынады. Бидай, сұлы, жүгері дәндерінің құрамында 50-70% крахмал болса, арпада – 40%, күріш дәнінде – 80%-ға дейін, картопта – 20%-ға дейін, қант қызылшасында – 14-22%, жеміс-жидектің көпшілігінде 4-18% крахмал бар. Сондықтан күріштен спирт өндіру жоғары рентабельді өндіріс болып табылады.

Спирт алу үшін ұсақталған күріштен алынған өнімді және күріш салысын өңдеуде 14 пайызға дейін алынатын күріштің қауызын пайдалануға болады. Мысалы, 10 л суға крахмалдығына байланысты 4-8 кг ұн және 1,5-3 кг арпаның немесе қара бидайдың солоды араластырылады. Солодты өндірілген және ұнтақталған арпаның тұқымынан алады, 10 кг күріш ұнынан немесе ұнтағынан 4,2 л спирт алуға болады.

Күріш майының өндірісі АҚШ, Жапония, Индия, Пәкістан, Қытай және басқа да елдерде жолға қойылған. Бұл майды алуда шикізат есебінде күрішті сұрыптау өндірісінде қалдық болып есептелінетін күріш ұнтағы пайдаланылады. Ол күрішті өңдегеннен кейін одан алынатын ұнтағы және басқа да қосымша өнімдері мал шаруашылығында тек құрама жем есебінде пайдаланылады. Күріш ұнтағын осылай пайдалану экономикалық жағынан тиімсіз және оларды сақтағанда тез бұзылатындықтан қосымша өңдеуді қажет етеді.

Косметикалық бұйымдардың маңызды компоненттеріне мал және өсімдік өнімдерінен алынатын балауыз жатады. Косметикалық бұйымдар түрлерінің ұлғаюына байланысты табиғи және жасанды жолмен алынатын әртүрлі балауыздар өндірісі жыл сайын дамып келеді. Күріш ұнтағынан алынған майда 5% дейін күріш балауызы болады. Жалпы өсімдіктен алынатын табиғи балауыздың аз болуы отандық косметика өнеркәсібінің кеңеюіне теріс ықпал етуде. Негізінен парфюмериялық өнімдердің негізгі ингридиенті болып шетелдерден әкелінетін қосымшалар, мысалы, карнауб балауызы қолданылады. Ал, күріш балауызының сапасы карнауб балауызынан кем түспейді. Күріш ұнтағынан май, балауыз алудың технологиясын әзірлеу және енгізу кондитер, медициналық препараттар, сондай-ақ парфюмерия өнеркәсібі үшін шикізатты көбейтіп, нан өңдейтін кәсіпорындардың қалдықтарын тиімді пайдалануды кеңейтеді. Сонымен бірге қалдықтардан өндірілген күріш майы азықтық және техникалық мақсаттарға да қолданылады. Осы технологиялық прогрестің екінші өнімі (шрот) ұзақ мерзімге сақтауға жарайтын дайын мал азықтық компонент болып есептеледі. 30 мың тонна күріш ұнтағынан 3,0 мың тоннадан астам күріш майы және100 тоннадай күріш балауызын алуға болады.

Күріш салысын өңдеу кезінде 12-14 пайызға дейін алынатын күріш қауызын пайдалану тиімді болып есептеледі,себебі одан жылу өткізбейтін құрылыс материалы – арболит және құрылыс материалдары мен электроника өнеркәсібінде қолданылатын кремний алынады. Жыл сайын құрамында 15 пайызға дейін калийі, магнийі, фосфоры және кальцийі бар 5,0 мың тоннадай қауыз жиналады. Қауыз құрамында кремнийдің көп болуы, оны күріш үшін тыңайтқыш ретінде кәдеге жаратуға негіз болады. Күріштің бұл элементке қажеттілігі – гектарына 1 тонна. Сонымен бірге қауыз қордасын органикалық тыңайтқыш ретінде де пайдалануға болады. Қызылорда облысында фосфориттің кен көзі бар, бірақ оның құрамында фосфордың құрамы аз болғандықтан одан суперфосфат алуға пайдаланылмайды, ал органоминералды тыңайтқыштар өндірісінде қолдануға болады. Күріш қауызын кәдеге жарату органикалық және органикалық емес қалдықтар негізінде жасалатын органоминералдық тыңайтқыштардың өзге ұқсастарына қарағанда техника-технологиялық көрсеткіштерімен қол жететіндігімен, арзандылығымен және экологиялық жағынан елеулі өзгешелігі бар.

Қытай мен Үндіқытай елдерінің шаруа қожалықтарында күріш сабаны тамақ құрамындағы ақуызды көбейту үшін елеулі рөл атқаратын саңырауқұлақтар өсіру үшін кеңінен қолданылады. Күріш сабанының құрамында 50%-ға дейін целлюлоза, 11,7% лигнин, 14,6% минералдық заттар (көбіне кремний қышқылы) болады.

Тары– Sеtагіа – қуаңшылыққа, ыстыққа, аңызға төзімді дақыл болғандықтан, жыл сайын республикамызда миллион гектарға жуық алқапқа егілуде. Дүниежүзінде оның 71 туыстасы, 1400 түрі бар,ТМД елдерінде оның 31 түрі тараған және ең басты жармалық дақыл болып саналады. Бұл дақыл кеш себілген күнде де жақсы өнім береді. Тарыны бір жерден екі өнім алу үшін аралық дақыл ретінде пайдалануға болады. Тарының мал азығы ретінде де маңызы зор, дәні құс шаруашылығында жиі қолданылады, әсіресе, балапандар үшін таптырмайтын жем.

ТМД мемлекеттерінде тарының екі түрі тараған: кәдімгі тарыРапісит тіlіасеит және бастанған тары – Sеtаrіа іtаііс. Олар әртүрлі туыстыққа жататындықтан, бір-бірінен гүл шоғырларының құрылысы бойынша ажыратылады: кәдімгі тары – шашақ,ал бастанған тары – масақ тәрізді шашақ.

Бастанған тары екі түр тармаққа бөлінеді: чумиза (қонақ тары) және могар (ит сонақ). Кәдімгі тары– біржылдық шөптесін өсімдік. Тамыр жүйесі – шашақты, тамыры жан-жаққа 1 метр және 1,5 метр тереңге бойлайды. Тамырының негізгі массасы топырақтың 20 см тереңдігінде орналасады. Тары – негізінен өздігінен тозаңданатын дақыл.

Тарының өркені баяу, сабағы тік, қалың болып өседі, көп арамшөптер одан озып кетеді де, өнімнің төмендеуіне себеп болады. Сондықтан тарыны арамшөптен таза танаптарға себу керек. Гүлдеген кезде басы шашақ тартады, тамыр жүйесі де тарам-тарам шашақты болып келеді, өсіп шығатын түбірі біреу ғана болады. Сабагы – цилиндр тәріздес, ортасы қуыс, биіктігі 60-100 см, 5-7 буынаралықтан тұрады, түкті. Жапырағы - енді, сырты түкті, тілшесі қысқа. Тары жапырағының ұзындығы 18-25 см, ені 1,2-4 см,тарының массағы жалаң, жұмыртқа тәрізді әрі домалақ, ұзындығы 3-6 мм, ені 2-4 мм, Гүл шоғыры – шашақ, жақсы дамыған діңгекті, тік немесе иіліп келеді. Бүйір бұтақшаларынан екінші, үшінші қатардағы шашақшалар түзіледі. Гүлдері – қос жынысты, гүл қауызы қатты, дәнмен бірге түседі. Дәні– ұсақ, шар тәріздес, түсі ақ, қызыл, сұр, қоңыр. 1000дәннің салмағы 4-10грамм, қауыздылығы 10-22%, жарма шығымдылығы 67-84% .

Тары басқа дақылдарға қарағанда ылғалды аз керек етеді. Транспирациялық коэффиценті бидай мен арпаға қарағанда 2 еседей төмен, бір грамм органикалық, зат түзу үшін тары 200–250 г су жұмсайды. Оның дәні өсу үшін өз салмағының 75 пайызындай ғана су сіңірсе жетіп жатыр, яғни өсуі үшін басқа да дақылдарға қарағанда суды 2-3 есе кем пайдаланады. Тары өскен кезде де топырақ ылғалын үнемдеп жұмсайды.

Ақ жүгері, мақсары сияқты ксерофиттер қатарына енетін тары дақылы құрғақшылыққа өте төзімді. Тарының дәнінің өнуі үшін оның массасының 25-30%-ы cу болуы қажет,бұл басқа астық дақылдарына қарағанда ылғалды 1,5-2 есе аз қажет етеді

Қуаңшылыққа төзімді болғанымен, тарыны мерзімімен суарған жағдайда жоғары, құнарлы қара және күрең топырақта жақсы өнім береді. Гранулометриялық құрамы жеңіл, қоректік заты мол топырақ тары үшін өте қолайлы болып есептеледі. Тары қышқыл, ауыр топырақты қаламайды. Топырақтағы тұздың концентрациясы 0,6%-дан аспаса, өсе береді. Ал көп дақылдар топырақтағы тұздың 0,2-0,3% концентрациясын көтере алмайды. Сондықтан тарының осы биологиялық ерекшелігін пайдаланып, топырақтың тұздылығын кемітуге болады.

Тарының дәні өне бастауы үшін 8-10°С, ал қолайлы өсу температурасы 20-30°С жылылықты қажет етеді. Суыққа төзе алмайды, температура – 2-3°С болса тары қатты зақымданады, ал – 3°С-тан төмендеп кетсе қурап өледі. Осы себепті, тарыны басқа масақты дәнді дақылдарға қарағанда кеш себеді. Тары ыстыққа өте төзімді дақыл, ол 38-400С температураға шыдайды, ол қысқа күндік өсімдік, өсіп-даму вегетациялық кезеңі 90-120 күн.

Тары сабанының азықтың сапасы бидай сабанынан екі есе артық, дала шөбімен қатарлас. Тары жармасында ақуыз мөлшері күріш, қарақұмық жармаларынан едәуір көп. Оның жармасының құрамында крахмал (81,0%), ақуыз (12%), май (3,5%), кант (0,15%) , клетчатка – 1,04, күл – 1,45 сияқты адам ағзасына қажет заттар және 0,41 азықтық өлшем, 23 г сіңімді протеин болады. Тары өсірумен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының жеке шаруашылықтары шұғылданады.

Қазақстанда көп тараған тары сорттары – Саратов-3, Саратов-6, Орал-109, Омский-11, Старт, Шортандинский-7.

Алғы егіс. Тары арамшөптерден қатты зардап шегеді. Сондықтан оны танапты арамшөптерден таза қалдыратын дақылдардан кейін сепкен дұрыс. Мүмкін болса, тың және тыңайған жерге себілсе, тары мол өнім береді. Тары үшін көпжылдық шөптер (жоңышқа, беде, эспарцет, еркекшөп) өте жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Ауыспалы егіс жүйесінде тарыны таза сүрі жерге егілген күздік не жаздық бидайдан кейін еккен жөн.

Тары өсіруге арналған шаруашылықтарда оны таза сүрі жерден кейін себу керек. Бұл жағдайда тары құрғақшылық жылдары да тәуір өнім береді. Тары үшін бұршақ тұқымдас дақылдар да жақсы алғы дақыл болып есептелінеді.

Тары бір жерге қайталанып себілсе, өнімін төмендетеді. Сондықтан тарыны тек ауыспалы егіс жүйесінде ғана себу керек. Тары бұрын егілген жерге 4-5 жылдан кейін ғана қайталанып себілуі тиіс.Сонымен қатар шықпай қалған күздік және жаздық дақылдардың орнына сақтандыру дақылы ретінде егуге болады. Тары дақылын қыстың қатты аязынан кейін егу кезінде көп дәнді қажет етпейді. Әдеби деректерге сүйенсек, тары дақылын Қазақстанның батысынан оңтүстік және оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған аймақтарда себу кезінде оның дәнінің сапасы артып, жақсарып климаттың құрғақшылық әсері артқан сайын дәннің құрамындағы ақуыз құнары артады.

Тыңайту. Тарының тамыры басқа дақылдармен салыстырғанда қоректік заттарды нашар сіңіреді. Сондықтан оның ойдағыдай өсуі үшін топырақта жеңіл сіңетін қоректік заттар мол болуы керек. Түптенуден пісуге дейін орташа 45 тәулік бойы тары қоректік заттарды көптеп сіңіреді. Осы уақытта топырақта қоректік заттардың мол болуы керек. Азотты ең көп сіңіретін уақыты – гүлдеу кезеңі, фосфорды дәні толар кезде көп қажет етеді.

Тыңайтқыш мөлшерін есептеу кезінде тары 1 тонна дән, соған сәйкес сабан түзу үшін топырақтан 31 кг азот, 14 кг фосфор және 27 кг калий сіңіретінін ескеру керек.

Тары – минералды және органикалық тыңайтқыштарды бірдей бергенді ұнататын өсімдік. Қара топырақты жерлерге гектарына 15-25 тонна көң береді, сұр топырақты жерлерде оның мөлшерін 30-40 тоннаға дейін көбейтеді. Бұл тұста көңнің арамшөптер тұқымынан таза болуын қатты қадағалау керек.

Фосфор егістікке күзде сүдігер жыртқан кезде суперфосфат түрінде гектарына 2,5-3 ц беріледі. Азот тыңайтқыштары егістік алқапқа көктемде қопсыту кезінде бір гектарға есептегенде 90-130 кг аммиак селитрасы немесе 150-225 кг аммиак сульфаты түрінде сіңіріледі.

Азот – ақуыздар, нуклейн қышқылы, ферменттер оның ішінде НАД және НАДФ, витаминдер және басқа да органикалық заттар құрамының негізгі компоненті. Сондықтан азоттың жеткілікті мөлшерде болуы фотосинтез үдерісін күшейтіп, тарының жылдам өсуіне және жоғары биомасса құрауына жағдай жасайды.

Тары дақылы өзге дәнді дақылдармен салыстырғанда түрлі зиянкес жәндіктер мен ауруға қарсы химиялық сақтандыруды қажет етпейді. Тек тары дәнін себу алдында ферментациядан өткізеді.

Топырақ өңдеу. Топырақ өңдеу тәсілдері ауа райына, топырақ жағдайына, алғы дақылға, арамшөптердің түрі мен санына, топырақ ылғалдылығына байланысты әртүрлі болады. Топырақ эрозиясы болмайтын аймақта жерді күзден бастап дайындау керек. Қайырмалы плугпен 20-22 см немесе 27-30 см тереңдікке жыртады.Күзде сүдігер көтерер алдында жерді 8-10 см тереңдікке сыдыра жырту керек.

Топырақ эрозиясы болатын аудандарда жерді аударып жыртпай, КПГ-250 сияқты жазықтабан сыдыра тілгіштермен терең қопсытады да, көктемде ылғал БИГ-ЗА, БИГ-6 тырмалармен жабылады. Кейін КПШ-5, КПШ-9, КПШ-11 сияқты қопсытқыштармен өңделеді. Қыста қар тоқтату тарының өнімін 3,8-ден 5,6 цетнерге дейін көтереді. Егер қардың қалыңдығы 50 см болса, онда әр гектарда шамамен, 1500 тонна ылғал болады деген сөз, бұл 150 мм жауын ылғалына тең. Су эрозиясы болмауы үшін көктемде қар суын тоқтату шараларын жүргізген жөн. Әсіресе, бұл жер бедері тегіс болмаған жағдайда өте қажет.

Көктемде жер өңдеуді топырақ ылғалын сақтау үшін тырмалаудан бастайды. Содан тары себуге дейін 2-3 рет қопсыту керек. Бірінші қопсытуды 10-12 см, екіншісін 8-10 см, үшіншісін дән себетін тереңдікте жүргізген дұрыс. Тарыны себуге онша асықпау керек, алдымен қопсыту арқылы арамшөптердің санын азайтып алу керек.

Тұқымды себуге әзірлеу және себу. Тұқым тазаланған, сортталған болуы тиіс. Майда, жетілмеген тұқымды себуге болмайды. Ірі дәнді тұқым тары өнімін едәуір көтереді.

Тары қаракүйемен зақымданбас үшін себер алдында тұқымды дәрілеу керек. Фундазол 50 пайыз 2,0 кг/га, нитанакс 200 ФФ-2,5-3,0 кг/га қаракүйені жақсы өлтіреді. Тұқымды дәрілеу үшін 40% формалин ерітіндісінің 1 литрін 80 литр суда ерітеді. Бір тонна тұқымға осы ерітіндінің 30 литрі жүмсалады. Дәріленген тұқымды 3–4 сағат брезентпен қымтап жауып қойып, содан кейін тұқымды ашып тастайды. Формалинмен дәрілеуді себерден 3-4 күн бұрын жүргізеді, ал одан көп сақталса, тұқым өніп шығу қасиетін жоғалтып алуы мүмкін. Қаракүйеге қарсы нитонакс қолдануға болады, бір тонна тұқымға оның 2-3 кг-ы жұмсалады.

Тары өнімі себу мерзіміне қарай өте күшті өзгереді. Ең бастысы, асығып ерте сеуіп қоюдан сақ болу керек, өйткені бұл – тары үшін өте зиян. Салқын топыраққа түскен тары дәнінің көбі өнбей жатып шіріп кетеді, өнсе де сирек болады. Тары тұқымы баяу өсіп шыққанша арамшөптер қаулап кетеді. Сондықтан тарыны 10 см тереңдікте топырақ 12-14°С жылығанда ғана, шыққан арамшөптерді қопсытқышпен отап тастап барып себу керек. Шамамен, бұл мерзім Қазақстанның солтүстік, орталық облыстарында мамырдың аяғы мен маусым айының басында, оңтүстік облыстарында сәуірдің аяғы мен мамырдың бірінші онкүндігінде, батыс облыстарда мамырдың екінші онкүндігінде болуы мүмкін.

Тарыны әртүрлі тәсілмен себуге болады. Оның ішінде ең көп тарағаны – жай қатарлы тәсіл. Әр гектарға кететін тұқым мөлшері себу тәсіліне, аймақтың ауа райына байланысты 10 кг-нан 25 кг-ға дейін өзгеріп отырады. Жай қатарлы тәсілмен сепкенде әр гектарға 2,5-3 млн (15-25 кг/га) енетін тұқым шашу керек.

Тары тұқымын 3-4 см тереңдікке себіледі. Қуаң жылдары топырақтың бұл қабаты кеуіп кетсе, онда тұқымды 5–6 см тереңдікке себу керек.

Егістікті күтіп-баптау. Тарыны себісімен міндетті түрде танапты катокпен тығыздау керек. Бүл тәсіл тұқым мен топырақтың жанасуын жақсартады, тереңдегі ылғалды тұқымға жақындатады, тұқымның жер бетіне бір мезгілде өніп шығуын қамтамасыз етеді, өнімнің 1-3 центнерге артуына мүмкіндік береді.

Арамшөптерді азайту үшін тарыны сепкеннен 3-4 күн өтісімен бір рет, 5-6 жапырақ пайда болғанда екінші рет тырмалау керек.

Арамшөптерге қарсы 2,4-Д тобындағы натрий, амин тұздарын, бутил, октил эфирлерін қолдануға болады. Бұл гербицидтерді тары түптене бастағанда шашу керек. Амин тұзының (40% ерітінді) әр гектарға жұмсалатын мөлшері 1,5-2 кг, бутил және октил эфирінің (43% эмульсия) мөлшері – 0,7-1,0 кг. Базарган 48 пайыз 2,0-4,0 кг/га.

Өнімді жинау. Тарының бір ерекшелігі – дәні бір мезгілде пісіп жетілмейді, алдымен оның сыпыртқы тәріздес басының ең ұшында тұрған дәндері, содан кейін біртіндеп төмендегілері пісе бастайды. Төменде орналасқан дәндері пісіп болғанша бұрын піскендері жерге төгіліп қалады. Осы себепті тарыны тікелей комбайнмен оруға болмайды, алдымен оны дестеге салып, содан 5-7 күннен кейін комбайнмен жинап алу керек. Дестеге салуды ең жоғарыда орналасқан дәндер пісе бастағанда бастайды. Дестелеу кезінде тары сабағы 12-15 см биіктікте орылады. Одан төмен орылса, десте жерге жабысып қалады да, жөнді кеппейді және жерде жатқан дестені комбайнның алуы қиындайды да, астық төгіліп шашылады.

Жай қатарлап себілген тарыны дестеге салу үшін агрегат тары себілген бағытпен жүруі керек. Сонда ғана десте жерге құламай, аңыздың үстіне түсіп тез көбейеді, комбайнмен оңай жиналады. Дәннің зақымдануын азайту үшін тарыны жинау кезінде комбайн барабанының жылдамдығын минутына 600-700 айналым жасайтындай етіп реттеу керек.

Бастанған тары түр-тармақтарын анықтау.Қазіргі жүйелеуде бастанған тарыны Sеtаrіа іtаііс морфология лық және биологиялық ерекшеліктері бойынша екі түр-тармаққа бөледі.

Оның біреуі subsp. МаахітаАІ. – қонақ тары (чумиза, бор, гоми) – биік өсетін, вегетативтік массасы қуатты дамыған және вегетациялық кезеңі ұзақ өсімдік. Қонақ тарыны тағамдық мақсатқа және жарма дақылы болғандықтан, мал азығына пайдаланады.

Келесі түр-тармағы – subsp. Мосhаrіит АІ. – итқонақ (могар) – аласа бойлы, вегетация кезеңі қысқа өсімдік. Қуаңшылыққа төзімді біржылдық бағалы дақыл (8.3-кесте).

8.3-кесте. Бастанған тары түр-тармақтарының негізгі айырым белгілері

Белгілері Қонақ тары (чумиза) Subsp. Маахіта АІ. Итқонақ (могар) Subsp. Мосhаrіит АІ.
Өсімдік биіктігі 100-200 см 50-150 см
Түптену энергиясы   Әлсіз, 1-3 сабақ   Күшті, 3-5 сабақ
Сабағының жуандығы   Жуан, 5-15 мм   Жінішке, 2-8 мм
Жапырағының ұзындығы   50-65 см 2-4 см   20-50 см
Жапырағының ені. Шашағының ұзындығы   Ұзын, 16-50 см     Қысқа, 1-3 см 6-25 см
Шашағының құрылысы Дәннің ұзындығы және ені Айқын ескекті   2х1,7 мм Цилиндр тәріздес   2,1х1,5 мм

Қонақ тары сипаттамасы.Қонақ тары – біржылдық, биік, берік сабақты өсімдік, сабағының биіктігі 80-200 см Сабағы дөңгелек, жалаңаш, Жасыл немесе антоцианмен боялған күлгін түсті. Түптенуі әлсіз, бір өсімдіктегі сабақтар саны 1-3-ке дейін. Тамыр жүйесі шашақты, жақсы дамыған. Жапырағы – құлақсыз, жалаңаш, жасыл түсті.

Гүл шоғыры – масақ тәріздес шашақ, ұзын және енді болып келеді. Шашағы толығымен түкпен қапталған. Гүлдері – екі гүл қауызынан тұрады және құрамында 3 аталық және екі бөлікті қалың қауырсынды аналығы болады. Дәні ұсақ, ұзындығы 1,5-2,5 мм, ені 1,4-2,0 мм және қалыңдығы 0,9-1,5 мм, 1000 дәнінің салмағы 1,5-4,1 г. Дәні дөңгелек, түсі – сары, ақшыл.

 



.

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.014 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал