Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Персоналды гигиеналық тәрбиелеуге (жеке гигиенаға) қойылатын талаптар




228. Объектілерде персоналдың жеке гигиена қағидаларын сақтауына жағдай жасалуы тиіс. Қол жуу үшін араластырғышы бар ыстық және салқын су келтірілген, сабын және жеке немесе бір рет қолданылатын сүлгі орнатуға арналған құрылғымен жабдықталған қол жуатын қолжуғыштар орналастырылады.
229. Персоналдың арнайы киімін жуу кір жуатын ұйымда (бар болғанда) немесе өзге де кір жуатын орында жүргізілуі тиіс.
230. Ас блогының қызметкерлері кемінде үш арнайы киім жиынымен (халат немесе шалбары бар кеудеше, бас киім) және қажетті жеке гигиена қағидаларын сақтау жағдайларымен қамтамасыз етіледі. Ас блогының қызметкерлері мынадай жеке гигиена қағидаларын орындайды:
1) жұмыс басталар алдында сырт киімді шкафқа салады, қолдарын сабынмен және щеткамен мұқият жуады;
2) таза арнайы киімде жұмыс істейді, шаштарын орамалдың немесе қалпақтың астына жинайды;
3) жұмыс процесінде сақина, алқа, сағат және басқа да сынатын заттарды шешіп қояды;
4) ас блогынан шығатын жерде дәретханаға барған кезде арнайы киімді шешеді, асханаға қайтып келгенде қолды ыстық сумен, сабынмен және щеткамен мұқият жуады, содан кейін арнайы киімді киеді.
Ұзын тырнақ өсіруге және оны лакпен бояуға, арнайы киімді түйреуішпен түйреуге жол берілмейді.
231. Суық тию немесе асқазан-ішек бұзылу белгілері, іріңдеу, тіліктер, күйіктер пайда болған кезде қызметкер бұл туралы әкімшілікке хабарлайды және медициналық көмекке жүгінеді, сондай-ақ отбасындағы барлық ішек инфекцияларымен сырқаттану жағдайлары туралы хабарлайды.
232. Қызметкерде ішек инфекциясы, іріңді тері аурулары, жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуы, күйіп қалу немесе кесіп алу жағдайлары болса, уақытша жұмыстан шеттетіледі және тиісті тексеру және дәрігердің қорытындысы бойынша медициналық бақылау тексерісінен өткізілгеннен кейін жұмысқа жіберіледі.
233. Аспаздың тиісті кәсіби біліктілігі болу керек.

Оқыту және өндірістік практика жағдайларына, мектеп оқулықтарын шығаруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

234. Жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының топтарын (сыныптарын) толықтыру осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес қабылданады. Жалпы білім беру обьектілерінде мектепалды сыныптарын (топтарын) ұйымдастыруға жол беріледі. Мектепалды сыныптардың балаларына арналған күн тәртібі осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қабылданады.
Балалар және жасөспірімдер тәулік бойы болатын ұйымдардағы, интернат ұйымдарындағы, КББО, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, жалпы білім беру ұйымдарының ұзартылған күн тобындағы күндізгі серуеннің ұзақтығы кемінде 1,5 – 2 сағатты, кешке кемінде 2 сағатты құрауы тиіс.
235. Жалпы білім беретін ұйымдардағы сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда бірте-бірте оқу жүктемесін арттыра отырып, оқу сабақтарының «сатылы» режимін пайдаланады. Қыркүйекте 35 минуттан 3 сабақ; екінші тоқсаннан бастап әрқайсысы 35 минуттан 4 сабақ; екінші жартыжылдықтан бастап сабақтар 45 минуттан жоспарланады. Еңбек сабағынан басқа біріккен сабақтарға жол берілмейді. Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық демалыстар болуы тиіс.
236. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан, оқушылардың негізгі (инвариантты) оқу жүктемесі бастауыш мектепте кемінде бес сабақты және негізгі мектепте кемінде алты сабақты құрайды.
Жалпы білім беретін ұйымдардағы оқу жүктемесінің нормалары осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес келеді.
237. Сабақ кестесін құрған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушылардың ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескерілуге тиіс және осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес қиындық бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады.
238. Апта ішіндегі жоғары сынып оқушыларына арналған оқу жүктемесі сейсенбі және (немесе) сәрсенбі күндеріне оның барынша көп көлемі келетіндей; кіші және орта сынып оқушылары үшін сейсенбі мен бейсенбіге келетіндей бөледі. Осы күндері сабақ кестесіне ең қиын немесе орташа және жеңіл пәндерді қояды және қалған күндерге қарағанда пәндердің саны да көбірек болады. Сәрсенбіде кіші және орта сынып оқушылары үшін жеңілдетілген күн көзделеді. Бір күн ішіндегі баллдың ең аз саны дүйсенбі және сенбі күндеріне келуі тиіс.
239. Сабақтардың кестесі міндетті және факультативті сабақтар үшін бөлек құрастырылады. Факультативті сабақтарды міндетті сабақтар санының барынша аз саны бар күндері жоспарланады. Факультативті және міндетті сабақтың соңғы сабағының басталуы арасындағы үзілістің ұзақтығы 40 минутты құрайды.
240. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді. 5 – 9-сынып оқушылары үшін қосарланған сабақтар тек зертханалық, бақылау жұмыстарын, еңбек сабақтарын, мақсатты (шаңғы тебу, жүзу) дене шынықтыру сабақтарын өткізу үшін жол беріледі. 10 – 11(12)-сыныптарда қосарланған сабақтарды негізгі және салалық пәндер бойынша өткізуге жол беріледі.
241. Жалпы білім беретін барлық түрдегі ұйымдардың оқушыларына арналған сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 10 минут, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтан кейін әрқайсысы 20 минуттан 2 үзіліс жасауға жол беріледі. Үзілістер кезінде таза ауа барынша көп пайдаланылған жағдайда, қозғалыс ойындары жасалады.
Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.
242. Пән оқытушысы сынып журналына деректерді енгізіп, үй тапсырмаларын орындау мүмкіндігін ескере отырып, оқушыларға үй тапсырмаларын береді. Үй тапсырмаларын орындау үшін ұсынылатын уақыт (астрономиялық сағатпен): 2-3 сыныптарда – 1,5 сағаттан асырмау, 4-5 сыныптарда – 2 сағаттан асырмау, 6-8 сыныптарда – 2,5 сағаттан асырмау, 9-11 сыныптарда – 3 сағаттан асырмау.
243. Мектепалды сыныптардағы сабақтардың барынша көп рұқсат етілген саны ұзақтығы 25 – 30 минуттан төрт сабақтан аспайды. Сабақтар арасындағы үзілістер кемінде 10 минут болуға тиіс.
244. Жазғы демалыс кезінде жалпы білім беретін ұйымдар жанында дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбиелік қызметті және балалар мен жасөспірімдердің мәдени бос уақытын өткізуді жүзеге асыратын мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңдарды) ұйымдастыруға жол беріледі. Мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеп тұрған кезде тамақтануды және күндізгі ұйқыны ұйымдастыруға жол беріледі. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде осы Қағидалардың талаптары ескеріледі. Күндізгі ұйқыны ұйымдастыру кезінде 1 балаға кемінде 4 м2 есебімен жатын үй-жайы бөлінеді, жеке кереуеттер (жазылатын кереуеттер) орнатылады, жеке төсек жабдықтары (жайма, жастық тыс, көрпе тыс) және кемінде 2 сүлгі (аяққа және қолға арналған) көзделеді.
245. Тірек мектебіндегі (ресурстық орталықта) оқу-тәрбиелеу процесі бірыңғай оқу жоспарының негізінде жүзеге асырылады және магниттік шағын жинақталған мектеп оқушылары үшін ұзақтығы он күн оқу сессиясын жүргізу енгізіледі (бағытты – қазанның бірінші он күндігінде, аралық – ақпанның бірінші он күндігінде, қорытынды – сәуірдің үшінші он күндігінде). Сессия аралық кезеңде қашықтықтан оқыту жүзеге асырылады.
246. Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғарғы кәсіби білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру обьектілеріндегі оқу жүктемесі белгіленген білім беру стандарттарынан асып кетпеуі тиіс.
Осы Санитариялық қағидалардың жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу режиміне қойылатын талаптарына сәйкес, сондай-ақ ұйымның ерекшелігіне және бейініне сәйкес арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиені және оқу сабақтарын ұйымдастыру көзделеді.
247. Бір сарынды еңбек кезінде (конвейерлік өндіріс, ұсақ бұйымдарды жинау және басқалары) жұмыстың әрбір 50 минутынан кейін 10 минуттық үзіліс сақталуы тиіс; жұмысқа дейін және әрбір 2 сағат сайын өндірістік гимнастика жүргізіледі (7 – 8 минут). Станокта жұмыс істейтін тоқыма өндірісі мамандықтары үшін жұмыстың 3 – 3,5 сағатынан кейін 40 – 50 минуттық үзіліс жасалады.
248. Өндірістік оқу оқу-тәрбиелеу процесінің графигіне сәйкес жүргізіледі. Оқушылардың технологиялық жабдықтарды жөндеуіне жол берілмейді.
249. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт объектілерінде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық пункттер көзделеді.
Спорт және дене шынықтыру сабақтарында оқушылар спорт киімімен келіп, спорттық аяқ киімін киюлері тиіс.
250. Объектілерде құс, аң және балық асырайтын тірі табиғат бұрышын ұйымдастырған кезде ветеринариялық ілеспе құжаты болуы қажет.




Данная страница нарушает авторские права?


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал