Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе. Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр






Дү ниежү зілік су қ орларының ластануы бү кіл адамзат қ ауымын алаң датып отыр. Бұ л мә селе Қ азақ станғ а да тә н. Судың ластануы кө п тү рлі ә рі ең соң ында су экожү йесін бү лдірумен аяқ талады.

Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

  • биологиялық ластану: ө сімдік, жануар, микроорганизмдер жә не аш бейімді заттар;
  • химиялық ластану: уытты жә не су ортасының табиғ и қ ұ рамын бү лдіретіндер;
  • физикалық ластану: жылу-қ ызу, электр-магнитті ө ріс, радиоактивті заттар.

Судың сапасы, ластану дең гейі ү немі бақ ылауғ а алынып отырады. Судың қ ұ рамындағ ы химиялық қ оспалар, тұ здық қ ұ рамы, еріген бө лшектер, температура ә р тү рлі болуы мү мкін.

Дү ниежү зілік денсаулық сақ тау ұ йымы ауыз судың 100-ден астам сапалық кө рсеткішін ұ сынғ ан. Ал Қ азақ станда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті кө рсеткішпен анық талады.

Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмағ ан ағ ын суларды ө зен-кө лдерге жіберу. Бұ ғ ан жол беретіндері:

  • тұ рғ ын-ү й коммуналдық шаруашылық тар;
  • ө неркә сіп орындары;
  • ауыл шаруашылығ ын химияландыру:
  • халық шаруашылығ ының басқ а да салалары.

Ағ ын суларғ а қ ұ йылатын лас сулар да бірнеше топқ а бө лінеді. Оларды қ оспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.

Лас сулардың ішінде тұ рмыстық сарқ ынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Ө неркә сіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы ө те қ ауіпті. Бұ лар –химиялық ластану кө здері. Соның ішінде сулы экожү йелердің пестицид, гербицид жә не басқ а да химиялық улы препараттармен ластануы Қ азақ станда кең етек алғ ан. Мә селен, мақ та мен кү ріш, жеміс- жидек, бау-бақ ша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қ арсы бұ рынғ ы Кең ес ү кіметі кезең інде ө те кө п химиялық заттар пайдаланылғ ан Нә тижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы жә не микрофаунасы, ірі хайуанаттар, қ ұ стар зардап шеккен. ө з кезегінде химиялық заттардың зиянды қ осылыстары азық –тү лікпен адам организмін кері ә серін тигізді.

Қ азіргі кезде ашық ө зен, кө л суларымен қ атар жер асты сулары да сарқ ынды, шайынды сулармен жә не еріген зиянды заттармен ластанып отыр.

Оның негізгі ластану кө здері мыналар:

- ө неркә сіп ө німдерін сақ тайтын қ оймалар;

- химиялық заттар жә не тың айтқ ыштар;

- тұ рмыстық қ алдық тар;

- жер асты суларымен жалғ анатын қ ұ бырлар;

- ірі қ ұ рылыс учаскелері;

- кү згі алаң дар, бұ рғ ы-скважиналары болып табылады.

Жер асты суларында ә ртү рлі жұ қ палы аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі.

Қ азақ стан жағ дайында ө зен-кө лдердің ластануы кө біне ө неркә сіп шоғ ырланғ ан аймақ тарда, полигондар мен мұ най-газ ө ндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.

Ө зендердің ішінде Ертіс су алабы, Ө скемен қ орғ асын –мырыш комбинаты, Ленинагор қ орғ асын зауыты, Березов кені, Зырьян зауыты секілді ө ндіріс орындарының сарқ ынды лас суларымен ластануда. Су қ ұ рамында қ орғ асын, мырыш, сынап, тағ ы басқ а ауыр металдар шекті мө лшерден асып кетуі жиі байқ алады.

Іле-Балқ аш бассейні суының сапасы да мә з емес. Мұ ндағ ы ластағ ыш заттар – ауыр металлдар, мұ най ө німдері мен фенолдар. Ә сіресе, «Балқ ашмыс» ө ндірістік бірлестігі, «Балқ аш балық ө неркә сібі», «Сарышағ ан» ракета полигондары, т.б. кен рудаларын балқ ыту комбинаттары Балқ аш кө ліне мың дағ ан тонна зиянды заттарды тө гуде. Іле ө зенінің ортаң ғ ы ағ ысы, жалпы ө зен экожү йесі, кү ріш алқ аптары жә не шең гелді массивтерін игеруге байланысты минералды тың айтқ ыштар мен химиялық препараттар ө те кө п қ олданылып келеді. Нә тижесінде, ө зен суының сапалық қ ұ рамы тө мен. Оның ү стіне Іле ө зені арқ ылы мұ най тасымалдау, Қ апшағ ай су қ оймасы, Қ ытай жеріндегі судың ластануы ондағ ы экологиялық жағ дайды қ иындата тү суде.

Сырдария, Шу, Талас, Қ аратал, Ақ су Лепсі, Тентек, Кө ксу ө зендерінің сулары біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас ө зендері ауыл шаруашылығ ын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Ә сіресе, Арыс, Келес ө зендері кү ріш пен мақ та егіндісінде жиі қ олданылатын пестицидтермен ластанып отыр.

Соң ғ ы жылдары Каспий тең ізінде мұ най ө ндіруге байланысты жә не тең із дең гейінің табиғ и кө терілуі аймақ тың экологиялық тыныс –тіршілігін шиенеленістіріп отыр. Тең іздің кө терілуі жү здеген мұ най бұ рғ ы- скважиналырын, мұ най қ оймалары мен ө ң деу объектілерін істен шығ арды. Қ азір бұ л жерлерде 6 мұ най газ кені, жү здеген елді мекендер, коммуникациялар, ө неркә сіп орындары су астында қ алды. Нә тижесінде, тең ізге кө птеген мө лшерде лас заттар, мұ най ө німдері, органикалық қ осылыстар, ауыр металдар суғ а араласуда. Оның ү стіне Еділ мен Жайық ө зендерінің лас сулары тең із суын уландыра тү суде. Мә селен, 1995-2000 жылдар аралығ ындағ ы кә сіптік балық тар мен бағ алы қ ара уылдырық жә не ет беретін бекіре тұ қ ымдас балық тардың азайып кетуі тіркелді.

Ал, 1999 жылы қ ырылып қ алғ ан 20-30 мың итбалық тың жә не жү здеген мың қ ұ стардың ө луі тең із суының бү гінгі сапасының кө рсеткіші – биоиндикаторы болса керек. Қ азіргі Каспий мұ найын игеру бү кіл ә лемді дү рліктіріп, шетелдік инвесторларды тең із «қ ара алтынын» игеруге ұ мтылдыруда. Ал, олардың судың сапасы мен ластануына кө ң іл бө луі, экологиялық нормаларды сақ тауы кү мә н туғ ызады.

Атырау, Маң ғ ыстау аймақ тарында техниканың ескілігінен бұ рғ ы-скважиналардың бү лінуі, мұ найдың жерге, суғ а тө гілуі қ оршағ ан ортағ а зиянын тигізуде. Жерге сің ген мұ найдың қ алың дығ ы 10 метрге жетіп, жер асты суына қ осылуда. Қ азір мұ наймен ластану аймағ ы 200 мың га алып жатыр. Қ оймаларда 200 мың т. Мұ най қ алдығ ы, 40 мың т. Кө мірсутегі жинақ талғ ан.

Ақ тө бе облысындағ су айдындардың да экологияның жайы нашар. Мә селен, Елек ө зені амин ө неркә сібі есебінен жә не бормен ластануда.

Қ арағ анды металлургия комбинатының жә не Теміртау қ аласындағ ы «Карбид» ө ндірістік бірлестігінен шық қ ан сулар Нұ ра ө зенін барынша ластауда. Жамбыл фосфор зауытының сарқ ыгнды лас сулары Талас, Асы ө зендері мен оның алқ аптарын фтор жә не сары фосформен ластап отыр.

Оң тү стік Қ азақ стан облысында ең кө п ластану Бадам-Сайран кен орындарында байқ алуда. Ә сіресе, Бадам ө зені бойындағ ы қ орғ асын, фосфор, химия ө неркә сіптерінен бө лінетін қ орғ асын, мырыш, сынап кей жерлерде шекті мө лшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген.

Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағ ы мен Батыс Қ азақ станда жиірек ұ шырасуда.

Қ азақ станның су ресурстарының сапасын жақ сарту жә не қ орғ ау шараларын жү зеге асыру бағ ытында мемлекет тарапынан кө птеген игі істер жү ргізілуде.

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.