Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Имыл есімі.






Етістіктің бұ л тү рі ғ ылымда ә р тү рлі аталып келді. Алғ аш ол тұ йық рай деп аталып, ол термин бірсыпыра уақ ыт қ олданылды. Бірақ тұ йық етістіктің рай кө рсеткіштерімен тү рленбейтіні ескеріліп, ол тұ йық етістік аталатын болды. 1960 жылдарда етістіктің бұ л тү рін зерттеген Қ.Неталиева оны қ имыл есімі деп атады. Ғ алым бұ л етістіктердің тү рленуін негізге алғ ан.

Қ имыл атауы етістіктер қ имылдың атын ғ ана білдіріп, қ имылдың ә рекеті, жасалуы туралы ешбір мә лімет білдірмейтіндіктен, оның рай, шақ, модальдық мағ ынағ а қ атысы жоқ. Сондық тан қ имыл атауы рай, шақ, модальдық категориялардың кө рсеткіштерін, жіктік жалғ ауын қ абылдамайды, олармен тү рленбейді. Сондай-ақ, қ имыл атау есімше, кө семше, жұ рнақ тарын да қ абылдамайды. Бұ л қ имыл атауларының етістіктің тү рлену жү йесімен тү рленбейтінін дә лелдейді.

Қ имыл атауы етістіктері, зат есім сө здердің заттың атын білдіруі сияқ ты қ имылдың атын білдіретін сө здер болғ андық тан, олардың атау сө здер ретінде зат есімдерге ұ қ састығ ы нә тижесінде қ имыл атаулары зат есім парадигмалары бойынша тү рленеді. Мысалы, Ол жылағ анды, жаншылғ анды ойлаумен ө мір кешкен (М.Ә). Шегір кө з, жұ қ алтаң сары доцент ағ асының жү деуі оны қ атты ойландырды (М.Б). Бұ л мысалдардағ ы ойлаумен, жү деуі деген қ имыл атаулары септік тә уелдік парадигмалары бойынша тү рленген. Бұ л етістікке тә н қ ұ былыс емес, ол – осы қ имыл атауы етістіктерінің ерекшелігі.

Осы ерекшелігі арқ ылы қ имыл атаулары етістіктің барлық тү рінен, барлық категорияларынан ө згеше тү рі болып саналады. Қ имыл есімдерінің осы ерекшелігімен байланысты олардан зат есімге кө шкен бірсыпыра сө здер де бар. Мысалы, жамау, бояу, кө сеу, жабу, қ абу.

(Н.Оралбай «Қ азақ тілінің морфологиясы»)

 

Қ имыл атауы істің я ә рекеттің нақ тылы процесін білдірмей, тек оның атауы ретінде қ ызмет ететіндіктен, онда шақ тық ұ ғ ым болмайды. Қ имыл атауы семантикасы жағ ынан да, тү рленуі жағ ынан да етістіктен гө рі зат есімге жақ ын. Сол себептен қ имыл атауына, қ олданылу ың ғ айына қ арай, есімдерге тә н кө птік, тә уелдік, септік жалғ аулары жалғ ана береді, бірақ оғ ан еш уақ ытта жіктік жалғ ауының қ осымшасы жалғ анбайды. Мысалы: сендердің бү гін келулерің қ ажет, мына киноны кө рулерің ізге болады.

Қ имыл атауына –лы, -сыз, -лық, -шылық, -ыш, -дай тә різді елгезек жұ рнақ тар қ осылып, туынды есімдер жасала береді. Мысалы: жазушы, байлаулы, айтушы, естуші, жалғ аулық, орауыш, айтудай-ақ айтты т.б.

Етістік негізінен –у жұ рнағ ы арқ ылы туғ ан кейбір формалар қ имыл атауы ретінде жұ мсауларымен қ атар, субстантивтеніп, адьективтеніп зат я сын есімдер қ атарына кө шкен. Бұ л қ ұ былыс – қ имыл атауының есімге жақ ындығ ының айғ ағ ы. Мысалы, бұ рау, жамау, қ ұ рау, кө сеу.. Қ имыл атауы, сө йлеу талабына лайық тиісті жұ рнақ тар мен жалғ аулар қ осылып тү рленуіне орй ө зге де негізгі жә не кө мекші сө здерментіркесуіне қ арай, сө йлемде дербес мү ше де бола алады, кү рделі мү шенің қ ұ рамына да ене береді.

(А.Ысқ ақ ов «Қ азіргі қ азақ тілі», Алматы 1991)

 

Тұ йық етістік есім сө здерше тү рленгенімен, ол ө зінің етістік мағ ынасын сақ тайды, яғ ни ә ртү рлі қ имылдық қ атыстарды білдіреді.

Тұ йық етістік тұ лғ асындағ ы кейбір сө здер ә рі етістік, ә рі зат есім ұ ғ ымын білдіретін омоним сө здер болып қ алыптасады.

Зат есімге айналғ ан тұ йық етістік тұ лғ алы сө здер сө здік мағ ынасы жағ ынан мынадай топтарғ а бө лінеді.

1. Ү й бұ йымдары жә не қ ұ рал-сайман аттары: жабу, жасау, егеу, сабау, тіреу, бояу, кө сеу...

2. Мекен-жай атаулары: қ ыстау, жайлау, кү зеу, бастау, асу..

3. Дерексіз ұ ғ ым білдіретін зат есімдер: тілеу, оқ у, тергеу, жоқ тау, нұ сқ ау..

4. Грамматикалық терминдерді білдіретін зат есімдер: ү стеу, қ алау рай..

Тұ йық етістік тұ лғ асының омоним болып зат есімге айналғ андарын, біріншіден, сө йлем ішінде контекске байланысты ажыратуғ а болады. Екіншіден, зат есімге айналғ ан тү ріне етістіктің болымсыз формасын тудырушы – ма қ осымшасы жалғ анбайды.

(Ы.Маманов «Қ азақ тіл білімінің мә селелері», Алматы, 2007)

Қ имыл есімнің жұ рнағ ы жалғ анбайтын бірде-бір тү бір не туынды етістік жоқ. Демек, барлық қ имыл-ә рекеттің атауы болады екен. Мысалы: бар-бару, барыс, бармақ.

Тү бір не туынды тү бір етістікке қ имыл есімдерінің жұ рнағ ы жалғ анғ анда қ имылдың атауы ретінде қ олданылғ анымен салт жә не сабақ тылық мағ ынасы толық сақ талады. Сондық тан тү бір етістік пен туынды тү бір етістіктің септік формадағ ы сө зді мең геруі қ имыл есіміне айналғ анда да сол қ аопын сақ тайды. Мысалы: далағ а бар- далағ а бару.

Қ имыл есім мен ортақ етіс формасының ө згешеліктері:

1. Ортақ етістің грамматикалық мағ ынасы ә рқ ашан іс иесі екі не одан да кө п екенін білдіреді. Ал қ имыл есімінде іс несінің санына қ атысты мағ ына болмайды.

2. Ортақ етіс формасы рай, кө семше, есімше, формасында қ олданылады: айтысса, айтысады. Қ имыл есімі тек есімдерше тә уелденіп, септесіп қ олданылады: Асан келісімен сабақ қ а отырды.

3. Ортақ етіс формасында қ олданылып тұ рғ ан сө зді –у қ осымшалы қ имыл есімімен ауытыруғ а болмайды. Ал қ имыл есімдерінің жұ рнағ ы ө зара ауыса береді. Мысалы: кү ннің батысы – кү ннің батуы

4. Ортақ етіс формасында қ имыл есімінің –у, -мақ жұ рнағ ы жалғ ана береді, ал –ыс жұ рнақ ты қ имыл есіміне бұ л жұ рнақ тар ү стемеленіп жалғ анбайды. Мысалы: танысу, таныспақ, айтысу, айтыспақ дегенде ортақ етістер қ имыл есіміне айналып тұ рса, қ оныс, ө ріс, батыс сө здерін олайша айта алмаймыз.

(«Қ азақ грамматикасы» Астана 2002)






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.