Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Адамға сүт арқылы берiлетiн малдың аурулары






Адамғ а сү т арқ ылы берiлетiн ауруларғ а туберкулез, бруцеллез, аусыл (ящур), кокктi инфекциялар.

Бруцеллез. Ауруды Br. Melitensis, Br. abortus bovis, Br. abortus suis шақ ырады.

Бруцеллезбен сиырлар, қ ойлар, ешкiлер, бұ ғ ылар, ү й жануарларынан – мысық пен ит ауырады. Ауру малмен байланыста болғ ан (кә сiби тү рi) жә не ауру малдан алынғ ан ө нiмдердi пайдаланғ анда алиментарлық ауруғ а шалдығ ады. Алиментарлық тү рi кең iнен тарағ ан бруцеллалар сыртқ ы ортада тө зiмдi жә не сү т пен ө нiмдерiнде жақ сы сақ талады. Бруцеллалар бө лме темпера-турасындағ ы сү тте 10-40 кү н бойы, 11-140 С температурадағ ы ашығ ан сү т ө нiмдерiнде – 15 кү ндей, сырда 90 кү н бойы тiршiлiгiн жоймайды. Бруцеллездiң алдын алу ү шiн жылына 1 рет барлық малғ а серологиялық (Райт пен Хеддельсон) немесе аллергиялық (Бюрне) реакциялар қ ойылады. Осы реакциялар арқ ылы ауру малдың анық тауғ а болады. Бұ л жұ мыс мал дә рiгерiнiң мiндетiне кiредi. Ауру малдың жеке бруцеллездi шаруашылық қ а жинайды. Ауру малдың сү тiн 5 минут бойына қ ыздырып, қ айнату арқ ылы зарарсыздандырады. Аурудың клиникалық белгiлерi жоқ, бiрақ брцеллезге оң нә тиже беретiн малдың сү тiн алдын ала пастеризация (700 С-та 30 минут бойы) жү ргiзiлгеннен кейiн, тағ амдық мақ сатта қ олдануғ а болады. Осындай сү ттi пастеризациялау фермада жү ргiзiлуi керек. Сү т зауытында бруцеллезден қ олайсыз шаруашылық тан ә келiнген сү т тағ ы да пастеризацияланады.

Туберкулез. Туберкулез таяқ шаларының кө п мө лшерi желiннiң туберкулезi немесе туберкулездiң жайылғ ан тү рiнде бө лiнедi. Туберкулез таяқ шалары сү тте – 10 кү н, сү т ө нiмдерiнде – 20 кү н, тоң азытылғ ан майда – 10 ай, сырда 260-360 кү н тiршiлiгiн жоймайды. Туберкулезбен ауыратын сиырдың сү тiн жою керек. Ал клиникалық белгiлерi жоқ, бiрақ туберкулезге туберкулин сынамасы оң жауап беретiн сиырлардың сү тiн 850 С-та 30 минут мұ қ ият пастеризация жасағ аннан кейiн, тағ амғ а жарамды. Пастеризация сү т сауылғ ан жерде жү ргiзiледi.

Аусыл (ящур). Вируспен шақ ырылады. Ол ауру малдың сiлекейiнде, несебiнде, нә жiстерiнде кездеседi. Ауру малдың сауылғ ан шикi сү тi қ олданғ анда ауру дамуы мү мкiн, вирус қ ыздырғ анғ а тұ рақ сыз 800 С-та 30 минут қ ыздырса немесе 5 минут қ айнатса вирус бiрден жойылады. Аусылдан қ олайсыз шаруашылық карантинге жабылады. Сү т зарарсыздандырылғ аннан кейiн шаруашылық та қ олдануғ а болады. Осындай шаруашылық тан сү ттi тек зарарсыздандырғ аннан кейiн жә не санитариялық -эпидемио-логиялық, ветеринарлық қ ызметтердiң рұ қ сатымен тасымалдауғ а болады.

Мастит. Сү т арқ ылы берiлетiн тамақ тан уланулардың кө пшiлiгi стафилококкты этиологиялы. Маститi бар сиырлардан стафиллококк сү тке тү седi. Сү ттiң физико-химиялық қ асиеттерi ө згередi. Сү тте тү зiлетiн энтеротоксин, сү ттi 1200 С-қ а қ ыздырғ анғ а дейiн тұ рақ ты. Энтеротоксин жылумен ө ң делген пастерленген сү тте де сақ талуы мү мкiн.

Ку-қ ызбасы. Оны немесе пневмориккетсиоз деп атайды. Ауруды Бернет риккетсиi шақ ырады. Риккетсийлер ауру малдың несебiмен, сү тiмен, нә жiсiмен, ұ рық қ абығ ымен берiледi. Олар химиялық жә не физикалық факторларғ а тұ рақ ты. 900 С-та 1 сағ ат бойы қ ыздырғ анда тiршiлiгiн жоймайды. Ашығ ан сү т ө нiмдерiнде – 30 кү н, май мен сырда – 90 кү н тiршiлiгiн жоймайды. Ку-қ ызбасы бар малдың сү тiн жояды.

Iшек инфекциялары. Сү т жә не сү т ө нiмдерi, ә сiресе сү збе жаппай iшек ауруын-дизентерияны туғ ызуы мү мкiн. Сондық тан сү т зауытының санитариялық жағ дайын жоғ ары дең гейде ұ стауды, ө ндiрiстiң барлық кезең дерiнде санитариялық режимдi сақ тауды, пастеризация тә ртiбiн дұ рыс жү ргiзудi, қ ызметкерлердiң уақ ытында медициналық тексерулерден ө туiн қ адағ алау керек.

Аса қ ауiптi инфекциялар. Кү йдiргi (сибирская язва), эмфиземалы карбункул, қ ұ тыру, қ атерлi iсiну, жұ қ палы сарғ аю, оба аурулары бар малдардың сү тiн жояды.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.