Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Қорғаныш жабулар жасау процестерінің технологиясы - 2 сағ.




 

Дәріс жоспары:

 

1. Төбе жабындарын орнату кезінде кешенді процестердің құрамы.

2. Қазіргі заманғы материалдардан төбе жабындарын жасау технологиясы..

3. Сапалық бақылау. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері.

4. Су айырушы жабындарын жасау технологиясы. Жылылықты өткізбейтін жабындар технологиясы.

Үймереттер мен ғимараттарды пайдалану барысында қоршаған ортаның әсерше ұшырайды, сондықтан үймерет­тер мен ғимараттардың конструктивтік элементтерін арнайы жабулармен қорғайды.

Төбе жабындарының міндеті және түрлері

Шатыр жұмыстары төбе жабындарын жасағанда орындалады, олар жабынның (қатар қолданылғанда) немесе үймереттер мен ғимараттар төбесінің қоршау бөлігі болады және оны атмосфера, жауын-шашыны, кун нұрынан және суық әсерінен қорғау үшін қызмет атқарады. Сондықтан төбе жабындысы су өтпейтш, суға, аязға тезімді, жел өткізбейтін, ыстыққа төзімді және берік болу керек.

Шатыр жұмыстарын орындау технологиясы көбінесе қолданылатын материалдар түрімен анықталады. Жабын жасау үшін оралмалы, мастикалы, асбестцементті, болат, қыш тақтайшалы (черепицалы), синтетикалы жәәне басқа материалдар қолданылады. Сайып келгенде жабын турін таңдау ауа райы жағдайы, сәулеттік талаптары, үймереттің мықтылық дәрежесі және басқаларымен анықталады. Төбе жабындысына колданатын материалдар казіргі стандарттар мен техникалык, шарттардың талапта-рына сәйкес келу керек.

Шатыр жұмыстарына тек төбеде барлық құрылыс және жинақтау жұмыстары аяқталғаннан кейін және жабын асты негізінің жасырын жұмыстарын акты бойынша қабылдаған соң кіріседі. Жабынның барлық құрамдарының астындағы негіздері жобада кабылданған материалдардан
жасалу және оған еңіс, беріктік, қаттылық және суағарлар
орналасу жайында сәйкес болу керек.

 

Оралмалы жабындар жасау процестерінің технологиясы

Ең тиімді және еңбек сіңіру азырақ жұмсақ оралмалы және мастикалы материалдардан жасалған жабындар бо­лады. Бұл жабындар аз салмаққа, су етпеушіліккке, төмен жылу өткізгіштікке ие болады. Олар, әсіресе мастикалы материалдарынан жасалған жабындар, процестерді толық механикаландыруға мумкіндік береді. Сонымен қатар мас­тикалы жабындар оралмалыларға қарағанда енбекі аз сіңіреді және құны төмен болады.



Оралмалы су айырушы жабындылар жасау ушш рубе­роид, толь, кабық-толъ, пергамин, гидрозол, гидрокамды жене қарамай-битумды материалдар колданады. Сонымен қабық-тольды көп қабатты тольдан жасалған, ал пергаминді рубероидтан жасалған жабындардын астынғы қабаттары ретінде қолданады. Оралмалы жабындар негізге және өзара мастикамен желімденеді. Оралмалы материалдардың түрше байланысты битум немесе қара май масти-калары қолданылады. Битум мастикасымен рубероид және пергамин, ал қара маймен толь және қабық-тольдан жа­салған жабындар желімденеді. Қолдану тәсілі бойынша битум мастикалары ыстық, жартылай ыстық және суық ал қара майлылар — ыстық болады.

Өнеркәсіптік үймереттерінің оралмалы төбе жабындарын орындау процесінің құрамына бу және жылу айыру (жылытылатын үймереттерде), жабын астының негізін, су айырушы жабын және қорғаныш қабатын жасау кіреді. Жылытылмайтын үймереттерде бу және жылу айыру, кейбір жағдайда жабын астына негіз жасамай, оралмалы жабын тікелей темір-бетон тақтасына жапсырылады. Шатыр асты бар үймереттерде оралмалы жабын тақтай төсемі немесе жеңіл тақталар бойынша жасалады.



Бу айыру қабаты бір немесе екі қабатты мастикадан тұратын сылау және мастикамен желімделген оралмалы материалдардан (толь, рубероид, пергаминнен) жасалған жапсырмалы болады. Бу айыру қабаты үстіне органикалық емес жылытатын тақталардан (көбік-бетон, көбік-силикаты, көбік-эинек жэне т. о.) туратын жылылықты шығармайтын қабат салынады.

Жылытатын тақталар бу айыру қабатына тығыз жанастырылған мастикамен төселеді. Кейде жылытатын материал ретінде сеппілер де (пемза, керамзит жэне т. б.) колданылады.

Су айырушы жабынының негізі болып цемент құмды ертіндісінен, құйылған құмды асфальттан жасалған тұтастырғыш, құрамалы темір-бетон тақталары және ағаш төсемі міндет аткаруы мүмкін.

Тегістеуші цемент-құмды тұтастырғыш маркасы 50— 100 ертіндіден жасалады және бетон үстіне төселсе калыңдығы 10—15 мм, қатты тақталы және тұтас құймалы жылытатындарда — 15—25 мм, қатты емес тақталы және сеппелі жылытатындарда — 25—30 мм болу керек. Ас­фальт-бетонды тұтастырғыш тек қатты негіз бойынша жасалады және ол температуралық тотыру жіктерімен жақтары 4 м-лік шаршыларға кесіледі.

Оралмалы жабындар мастикалармен желімденеді, сонымен битумды мастиканың негізгі битум БН-1У, ол жок болған жағдайда БН-Ш және БН-1 маркалы битумдардын қоспасы, ал қара майлылардікі — құм мен тас көмірлі немесе тақта тастық қара май қорытпасы болады.

Ыстық битумды және қара майлы мастикаларды олардың созылғыштығын көтеретін талшықты (6—8 сортты асбест) және күлдей (тартылған бор, шлак) толтырғыштарын қосып дайындайды. Ыстық битумды мастаканың температурасы оны дайындағанда 220°С жоғары жэәе төбе жабындысының негізіне жоғарда 160°С кем болмау керек, ал қара майлылардың — 150 және 120°С сэйкес.

Суық битумды мастиканы маркасы БН-1У битумды 160—180°С температурасына дейін еріту арқылы дайын­дайды, сосын оған толтырғыштың құрғақ сыңарын — би­тум массасының 3% мелшерінде ұлпа-әк жэне 25% асбест енгізеді, еріткіш ретінде соляр майын қолданады.

Мастикалар дағдыдағыдай орталықталған тәртіппен арнайы зауыдтарда немесе тұрақты қондырғыларда дайындалады. Ыстық битумды мастикалар құрылыс алаңына автогудрондармен немесе жылытылған ыдыс-термоспен жеткізіледі. Объекте әкелінген мастика қазан-термосқа қотарылады немесе сорғыштармен лезде үйдің төбесне беріледі. Мастика дәл осындай битум кайнататын қазандардан және қазан-термостарынан сорғыштармен беріледі.

Су айырушы жабынның оралмалы материалдарының непзгі қабаттар саны төбе еңісіне байланысты және 2,5%-ке дейін жетеді — 5; 2,5—7% — 4; 7—15% — 3 және 15%-тен артық болғанда 2 кабаттан тұрады.

Оралмалы материалдарды ыстық мастикамен желімдеу алдында оларды себуден тазалайды. Себуді қолмен және арнайы станокпен (СОТ-2) кетіреді . Суык мас­тикамен желімдегенде себуді тазаламайды. Оралмалы материалдар төбеге кетергіштермен, крандармен және басқа жүк көтергіш механизмдермен беріледі. Оралмаларды төсеу алдында төбеде жазады және жалпағының қиылысу шегін бормен сызады. Төбе еңісін 15%-ке дейін оралмалы материалдар су ағуына көлденең, ал 15%-тен артық болғанда атшаға қатарластыра желімденеді және жалпақты қарама-қарсы құламаға 250 мм-ден кем емес кіргізіледі. Оралмалы жабындар суық мастикамен қабаттап желімденеді: алдымен алымның барлық ауданы бойьшша бірінші қабат, сосын оны тексеріп қабылдаған соң — екінші қабаты және т. с.

 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3]

СӨЖ бойынша бақылау тапсырмалары: [1,2,3,4,5,6,] – 3 сағ.

 


.

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.005 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал