Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мутация, жалпы сипаттама беріңіз.




Мутациялық ө згергіштік – дегеніміз организмнің генотипінің ө згеруіне байланысты болатын, яғ ни тұ қ ым қ уалайтын ө згергіштік. Дарвин тұ қ ым қ уалайтын ө згергіштікті табиғ и жә не қ олдан сұ рыптаудың алғ ы шарты деп есептеді. Бірақ Дарвиннің тұ сында тұ қ ым қ уалаушылық туралы тә жірибе жү зінде алынғ ан деректер жә не оның ұ рпақ қ а берілу заң дылық тары белгісіз еді. Сондық тан ә р тү рлі формадағ ы ө згергіштіктерді тұ қ ым қ уалау тұ рғ ысынан айыру мү мкін болмады. Ө згергіштіктің тү рлері туралы мә селе XIX ғ асырдың аяғ ы мен XX ғ асырдың бас кезінде ғ ана ғ ылыми тұ рғ ыдан дә лелденді. «Мутация» деген терминді ең алғ аш 1901 жылы Голландия ғ алымы Г де Фриз ө зінің «Мутациялық теория» деп аталатын ең бегінде қ олданды. Ол есек шө птің белгілерінің қ алыпты жағ дайдан ауытқ итындығ ын жә не бұ л ауытқ уардың тұ қ ым қ уалайтындығ ын байқ ады. Г де Фриздің теориясының кейбір мә селелері осы кү нге дейін ө з мә нін жойғ ан жоқ.. Олар: 1. Мутацияның кенеттен пайда болатындығ ы; 2. Жаң адан пайда болғ ан формалардың тұ рақ ты келетіндігі; 3. Мутациялардың сапалық ө згеріс болып саналатындығ ы; 4. Мутацияның ө зі ә р тү рлі бағ ытта – пайдалы да, зиянды да болатындығ ы; 5. бір рет болғ ан мутацияның қ айтадан қ айталана алатындығ ы; Бірақ та Г де Фриздің қ ателік жақ тары да жоқ емес. Ол табиғ и сұ рыптау мен мутацияны бір-біріне қ арсы қ ойды. Яғ ни ол мутациядан кейін бірден жаң а тү р пайда болады деп есептеді. Шын мә нінде мутация тұ қ ым қ уалайтын ө згергіштіктің негізі болып есептеді ал жаң а тү р ұ зақ уақ ыт сұ рыпталудың нә тижесінде пайда болады. Мутациялар ә р тү рлі бағ ытта жү зеге асады. Олардың кө пшілігі организмнің тіршілік қ абілетін кемітіп жібереді. Кейде ө лімге душар етеді, оны летальді мутация деп атайды. Жалпы мутацияны эволюциялық процесстің алғ ашқ ы материалдық негізі деп есептеу керек. Бірақ жеке мутациялар тү рді ө згерте алмайды. Мутация жыныс жасушаларындағ ы жә не хромосома аппаратындағ ы ө згерістеріне байланысты бірнеше типке бө лінеді. Мутацияның типтері. Мутациялық процестің ө зін секірмелі тү рде, яғ ни кенеттен пайда болатын жә не индукциялық деп бө леді. Мутация сыртқ ы орта факторларының ә серінен пайда болады, оларды мутагендер деп атайды. Мутагендердің ү ш тү рі кездеседі. Олар: физикалық, химиялық жә не биологиялық мутагендер. Физикалық мутагендерге радиоактивті сә улелер, ультракү лгін сә улелер, лазер сә улелері жә не т.б. жатады. Химиялық мутагендерге колхицин, этиленимин, никотин қ ышқ ылы жә не т.б. химиялық қ осылыстар жатады. Олардың саны қ азір 400-ден асады. Ө те жоғ ары концентрациядағ ы кейбір гербицидтер мен пестицидтер де мутация тудыра алады. Сондық тан гербицидтер мен пестицидтерді шамадан тыс мө лшерде пайдаланбау қ ажет. Жасушадағ ы зат алмасу процесі кезінде тү зілетін кейбір ыдырау ө німдері мен организмге тағ ам арқ ылы келіп тү сетін радиоактивті заттарда да (мысалы, сү йекте жинақ талатын стронций, т.б.) мутагендік қ асиет болады. Оларды биологиялық мутагендер дейді. Мутациялық процесті табиғ и жағ дайда кенеттен пайда болатын секірмелі жә не мутагендік факторлармен арнайы ә сер етуден пайда болғ ан индукциялық деп екіге бө луге болады. Мутацияның мұ ндай тү рі организмде тұ қ ым қ уалайтын ө згергіштікті қ олдан жасауғ а мү мкіндік туғ ызды. Мутациялар организмнің қ андай жасушаларында пайда болатындығ ына байланысты генеративтік (жыныс клеткаларындағ ы) жә не сомалық (дене клеткаларындағ ы) болып екіге бө лінеді. Жыныс клеткаларында болатын мутация келесі ұ рпақ қ а тікелей беріледі. Ал сомалық мутация жынысты жолмен кө бейетін организмдерде айтарлық тай рө л атқ армайды. Себебі дене клеткаларында пайда болатын ө згеріс ұ рпақ қ а берілмейді. Жыныссыз жолмен кө бейетін организмде бұ л жағ дай керісінше болады. Сомалық мутацияны зерттеудің обыр ауруының себептерін білуде маң ызы зор. Қ азіргі кезде қ алыпты клеткалардың обыр клеткаларына айналуы сомалық мутация арқ ылы жү ретіндігі туралы кө птеген ғ ылыми деректер бар.

 


Данная страница нарушает авторские права?





© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.