Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Анның систолалық және минуттық көлемдерін анықтау.






а) Фик ә дісі. Ә дістің принципі жү ректің минуттық кө лемін (МК) организмге бір минутта тү скен оттегі мен оның артерио-веналық айырмашылығ ының арақ атынасы бойынша анық тау. Ол мына формуламен есептеледі.

П02

МК = ---------- л/мин

(а-в) 02

Мұ нда П02 - организмге 1 минутта тү скен оттегінің мө лшері

а02 - 1 л артериялық қ андағ ы оттегінің шамасы;

в02 - 1 л веналық қ андағ ы оттегінің шамасы.

Организмге тыныс алғ анда кірген оттегінің мө лшері метаболиметр аспабымен анық талады. Оттегінің артерио-веналық айырмашылығ ын анық тау ү шін қ анды артериядан немесе оң жү рекшенің (қ арыншаның) қ уысынан тү тікшемен (катетермен) алады. Егер адамның қ анына тыныс алғ анда 1 минутта 300 мл оттегі кірсе, оның артерио-веналық айырмашылығ ы (оттегінің тіндермен пайдаланылуы) 1 л қ анда 60 мл болады. Сонда 300 мл оттегін сің іру ү шін МК 5 л (300: 60 = 5) тең болады.

Минуттық кө лемді (МК) жү ректің соғ у жиілігіне (ЖСЖ) бө ліп, жү ректің систолалық кө лемін (СК) есептеп шығ арады.

б) Араластыру ә дістері. Бұ л ә діс венағ а немесе жү рек қ уысына егілген ә ртү рлі индикаторлардың (бояғ ыштар, радиоактивті изотоптар жә не т. б.) қ андағ ы араласуына негізделген.

Бояғ ыштың белгілі мө лшері (индоцианингрин, Эванс кө гі жә не т. б.) веналық қ ан ағ ысына тез егіледі де, оксигемометр немесе денситометр колданып, қ ан ағ ысының артериялық бө ліміндегі (сол жақ қ арыншағ а жақ ындау жерде) қ анның оптикалық тығ ыздығ ының ө згерісі (араластыру қ исығ ы) жазылып алынады. Тіркеу кезінде индикатордың концентрациясы белгілі дең гейге дейін алдымен жоғ арылап, сонан кейін тө мен тү суі байқ алады, бірақ оның шамасы бастапқ ы сызық қ а жетпейді, себебі индикатор қ ан шең берін қ айта айналып шығ ады (рециркуляция толқ ыны). Ә рі қ арай прибор, бастапқ ы сызық қ а қ атарлас, кө лденең сызық жазады, ол қ анның индикатормен толық қ анық қ андығ ын кө рсетеді (22-сурет).

" Қ анығ у сызығ ын" тіркеу кезінде венадан қ ан алынып, ондағ ы бояғ ыш концентрациясы (мг/л) анық талады жә не " қ анығ у сызығ ы" мен бастапқ ы сызық тың арасындағ ы 1 мм қ ашық тық тың бағ асы есептеледі (калибрлеу индексі - мг/л*мм). Сонан кейін бояғ ыштың қ ан шең берін бірінші рет айналу кезіндегі араластыру сызығ ының аумағ ы (5) анық талады. Бұ л аумақ ты анық тау тә сілдерінің бірі - араластыру сызығ ы амплитудасының ауытқ у жиынтығ ын (мм) ә р секунд сайын есептеу. Осы санды 1 мм-дің бағ асына (калибрлеу индексіне) кө бейтіп, бояғ ыштың жиынтық концентрациясының шамасын (5 мг/л) табады. Бұ л шаманы тапқ аннан соң, мына формуланы қ олданып, қ анның минуттық кө лемін шығ арады:

I х 60

МК= --------- = л/мин, мұ нда І-енгізілген индикатордың ша масы (мг);

5 S-бояғ ыштың жиынтық концентрациясы; 60- минутқ а айналдыру саны.

Қ анның минуттық кө лемін араластыру ә дісімен анық тау ү шін бояыштардан басқ а, радиоактивті изотоптар, қ анның электрө ткізгіштігін ө згертетін, жылы немесе салқ ын ерітінділер (термодиллюция) пайдалануғ а болады.

Бұ л ә дістердің кү рделілігіне жә не қ иындығ ына байланысты клиникалық практикада қ анның МК мен СК анық тау ү шін (қ ан тамырларына енгізілмейтін) жанама ә дістер қ олданылады.

в) Жанама ә дістер. Қ азіргі кезде қ анның МК мен СК анық тау ә дістерінің ішіндегі кө п таралғ аны - тетраполярлы кеуде реографиясы. Бұ л ә діс аз кү шті жә не ө те жоғ ары жиілікті тоқ тың ә сері кезіндегі кеуде қ уысы тіндерінің электрлік кедергісін тіркеуге негізделген. Қ анның кедергісі, тіндермен салыстырғ анда, тө мендеу, сондық тан тіндерде қ ан айналысы жақ сарса, оның электрлік кедергісі азаяды. Кеуде қ уысының кедергісін тіркегенде, оның аса тө мендеуі жү ректің систолалық қ ан кө лемін қ олқ а мен ө кпе артериясына айдау кезінде байқ алады. Сонда кедергінің азаюы қ анның систолалық кө лемінің (СҚ) шамасына сә йкес болады.

Формула бойынша табылғ ан СК-ді жү ректің жиырылу жиілігіне кө бейтіп, қ анның минуттық кө лемін (МК) есептеп шығ арады.

Жү ректің МК мен СК анық таудағ ы дә лірек жанама ә дістерге рентгенокардиография жә не эхокардиография жатады. Бұ л ә дістер систола жә не диастола кезіндегі жү рек қ уыстарының кө лемі мен пішінінің ө згерістерін ө лшеуге негізделген.

Қ алыпты жағ дайда СК - 60-70 мл, МК - 4-6 л.

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.