Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тауарлардың сыртқы саудасын мемлекеттік реттеудің әдістері.




Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері тарифтік және тарифтік емес әдістер болып бөлінеді. Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік құралдарына кедендік баж салығы мен тарифтік квота жатады. Тарифтік емес құралдарға квоталау, лицен-зиялау, еркін экспорттық шектеулер, жасырын және қаржылық әдіс-тер, экономикалық емес әдістер жатады.
Мемлекеттер арасындағы сыртқы сауданы реттеуді және өндіріс факторларының өзара қозғалысын қазіргі уақытта Халықаралық валюталық қор, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Дүниежүзілік банк және Біріккен Ұлттар Ұйымы жүзеге асырады.
Сондай-ақ, сыртқы сауданың мемлекеттік реттеу бір жақты, екі жақты және көп жақты болуы мүмкін.
Қазақстанның сыртқы сауда саясаты.
Қазақстанның сыртқы сауда саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі ретінде сыртқы секторды реттеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды қарастырады. Бұл жерде мемлекеттің сауда саясаты ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгерісі-не бейімделіп, жаһанданудың артықшылықтарын максималдауға және одан болатын ықтимал қауіп-қатерлерді азайтып отыруы тиіс.
Қазіргі уақытта, сыртқы сауда саясатында екі негізгі міндет айқындалып отыр:
1. Отандық тауарлардың бәсекелік қабілеттілігін көтеру және отандық өндірушілерді қорғау.
2. Тұтынушыларды қорғау және ұйымдастырылған сауданы дамыту үшін жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасының Үкіметі сыртқы сауда саясатын жүргізу кезінде келесідей құралдарды қолданады:
1. Кедендік-тарифтік құралдар, бұл импорттық және экспорттық кеден баждарын қолдануға негізделеді.
Қазақстандық кедендік-тарифтік саясатты құрудың тактикасы қандай да бір өнім нарығының жағдайын тұрақты түрде бақылап отыру, нарықтың жағдаятына жылдам бейімделу және тиімді протекционизмді қамтамасыз ету қажеттілігінен шығады.



2.Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялаудың нысандары.

Тауарлар кедендік рәсіммен орналастырған кезде не осы Кодекске сәйкес белгіленген өзге де жағдайларда кедендік декларациялауға жатады.
Тауарларды кедендік декларациялауды декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі жүргізеді.
Кедендік декларациялау жазбаша және (немесе) кедендік декларация пайдаланыла отырып, электронды нысандарда жүргізіледі.

Тауарларды кедендік декларациялаған кезде мәлімделген кедендік рәсімдерге және тауарларды өткізетін тұлғаларға қарай кедендік декларацияның мына түрлері қолданылады:
1) тауарларға арналған декларация;
2) транзиттік декларация;
3) жолаушыларға арналған кедендік декларация;
4) көлік құралына арналған декларация.
Кедендік декларацияны толтыру нысандары мен тәртібі Комиссияның шешімімен айқындалады.
2. Кедендік декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтер тізбесі кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мен алу, кедендік статистиканы қалыптастыру және Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын қолдану үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі.
3. Тауарларға арналған кедендік декларацияда және транзиттік декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтер кедендік рәсімдерге, тауарлардың санаттарына, оларды өткізетін тұлғаларға, көлік түріне қарай Комиссияның шешімімен не, егер бұл Комиссияның шешімінде көзделсе, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қысқартылуы мүмкін.
Жолаушыларға арналған кедендік декларацияда және көлік құралына арналған декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтер Комиссияның шешімімен белгіленеді.
4. Кедендік декларация ретінде көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауарларды кедендік рәсімге сәйкес шығару үшін қажетті мәліметтер бар өзге де құжаттар осы Кодексте немесе Комиссияның шешімінде айқындалатын жағдайларда және тәртіппен пайдаланылуы мүмкін.
5. Кедендік декларация осы Кодекске сәйкес электронды құжат түрінде ұсынылуы мүмкін.
Кедендік декларацияны электронды құжат түрінде ұсыну және қолдану тәртібі Комиссияның шешімімен айқындалады.
6. Комиссияның шешімінде көзделген жағдайларда, егер Кеден одағының кеден кодексінде, Комиссияның шешімінде не Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны жазбаша нысанда беру кеден органына табыс етілген электронды көшірмесімен бірге жүруі тиіс.
Кедендік декларацияның электронды көшірмесінің құрылымы және форматы, сондай-ақ оны табыс ету және пайдалану тәртібі Комиссияның шешімімен айқындалады.




mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал