Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тұрмыстағы өрт пен жарылыстың алдын алу туралы халыққа нұсқаулар жүргізу




Өрт қауіпсіздігін сақтау және өрт кезіндегі ұтымды әрекеттер өрт қаупін төмендетуге әсерін тигізеді, адамдар мен мүліктерді құтқаруға көмектеседі. Нысан ұқызметкерлері өрт және жарылысты болдырмау үшін нысанда бекітілген өрт қауіпсіздігі ереже, нормалары және Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы нұсқауларына сай әрекет жасайды.

Жұмыстағы жарылысты және өртті болдырмау үшін және олар пайда болған жағдайда өмір мен мүлікті сақтап қалу мақсатында келесі ережелерді сақтау керек:

· үйде тез тұтанатын сұйықтар мен жарылғыш заттар сақталуына жол бермеу;

· аз мөлшердегі тез тұтанатын сұйықтар мен жарылғыш заттарды тығыз жабылатын қақпақты ыдыста, қыздыру құралдарынан алыс жерде сақтау керек. Соққыға , шайқалуға, төгілуге мүмкіндік бермеу;

· бояу, лактарды, аэрозольдерді ашық отта қыздырмау, бензинмен жумау;

· баспалдақтар мен өрт жолдарын жиһаз және т.б. заттармен толтырмау;

· электр құралдарын жарылғыш заттарға жақын қоймау;

· бөлмелердің электр жабдықтарын бұзылмаған күйде ұстау, электр қыздырғыштарын, қосып қалдырмауға , электр желісңн өте көп жүктемеу;

· шылым шеккенде және ашық от пайдаланғанда қауіпсіздікті сақтау;

· өрт сөндіргіш баллонды пайдалану ережелерін білу, зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін білу.

Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.



Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды.

Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.

· Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;

· Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;

· Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;

· Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;

· Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;

· Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;

· Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.

Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында алдын-ала жол салу шаралары жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы кесіліп салынған жол жасау және тас төсеп орманда ені 5-10 м, ал қылқан жапырақты орманда 50 м-ге дейін. Елді-мекендерде су көздері мен тоғандар 30 куб метр 1 га алаңға есеппен жүргізіледі. Орманға жақын елді-мекендерде тоғандарды уақытылы тазалау, су толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10 л су есебімен, құдықтар мен тоғандарды қайта - қайта жөндеу, тыныс алу органдарын респираторлар мен басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету және құрғақшылық уақытта орманға баруды тоқтату (әсіресе көлікпен). Егер сіз орман алқабында немесе торфқа жақын жерде, өртке жақын жерде болсаңыз өз күшіңізбен өртті сөндіруге, әліңіз жетпесе, өрт болып жатқан қауіпті аймақтан шығу керектігін ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен судың айналасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті аймақтан тез өрт қимылының бағытына перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе су киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан кейін тұрған жері өрттің көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет. Өртті сөндіруді ұйымдастыру керек. Төменгі өртті су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру керек. Торфтағы өртті ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек. Өртпен ойнауға болмайды. Барлық еежелер мен талаптар сақталса апаттың алдын аламыз.



Негізгі әдебиеттер:

Қосымша әдебиеттер:

Бақылау сұрақтары:

1. Өрттің пайда болу себептері?

2. Жарылыс тудыратын себептер?

3. Тұрмыстағы өрт пен жарылыстардың алдын алу?

4.Өрт пен жарлыс кезіндегі адамдардың іс-әрекеті?

 

Дәріс 14. Радиациялы және химиялық барлау. Медициналық шаралар. Қорғану құралдары. Ұжымдық және жеке қорғаныс заттары. Басты ұйымдар мен құтқару және басқа да маңызды жұмыстарды жүргізу (ҚжБШЖ). ҚжБШЖ жүргізу мақсаты, мазмұңы және шарттары. Оларды жүргізуге арналған күштер мен құралдар.

Төтенше жағдайлар Қызметінің күш әрекетін қамтамасыз ету – бұл ТЖ сәтті жою үшін жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылатын және жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Олардың бір түрі барлау және радиациялы (химиялық)қорғаныс болып табылады.

Барлау –сұрапыл апат,қирау,апат болған аудандардың, сонымен қатар апатты құтқару және басқа да маңызды жұмыстарды орындау объектілері мен үлескілердің жағдайын және табиғи ортасының күйі жайында мәліметтерді зерттеу, жалпылау, жинау бойынша ТЖ Қызметі және басқару органдары жүргізетін шаралар жиыны.

Шешілетін тапсырманың сипаты мен барлау мәліметтерін алу тәсілдері бойынша орындалады:

1. Бақылау жүйесі мен зертханалық бақылау (БЖЗБ),

2. Жалпы және арнайы барлау органдары.

БЖЗБ мекемесі қауіпті объектілер мен қоршаған ортаның жағдайын бақылау және қадағалауды жүзеге асырады, ТЖ мен олардың салдарының туындауын болжайды және бағалайды.

Жалпы Барлау басқару органдарымен және СТЖ (ҚР МО әскері және т.б.) күштерімен ТЖ аудандарындағы жағдай жайында мәліметтерді жинау, азап шеккендердің саның анықтау, қираудың сипаты мен деңгейін, қауіпті салдардың таралу мүмкіндігінің бағытын анықтау мақсатындаорындалады.

Жалпы Барлау барлау отрядтарымен, МО Әскері жіберген бақылау посттарымен және топртарымен орындалады, сонымен қатар әскерленбеген түрлер мен басқа да ТЖ жоюға қатысатын күштермен орындалады.

Радиациялы және химиялық барлау арнайы барлаудың құрамына кіреді.

Ол жағдайдың сипатын жайында толық мәлімет алу үшін орындалады және ұйымдастырылады.

Радиациялы және химиялық барлау мына мақсаттарды ұйымдастырылады:

1. Ауаның, судың және жергілікті жердің радиоактивті және химиялық заттармен улануын уақытында байқау;

2. Уланудың деңгейі мен сипатын анықтау;

3. Химиялық уланған үлескілердің ең аз радиация деңгейімен бағытталуын және жолын іздеу;

4. Халықтың және әскери бөлімшелердің радиациядан және химиядан қорғануының оңтайлы тәртібін еңгізу.

Барлаудың барлық түрін ұйымдастыруға мыналар кіреді:

- барлау жүргізудің мақсатын, міндетін және ауданың (объект) анықтау;

- күштер мен құралдарды бөлу;

- тапсырманы жобалау;

- өзара әрекет етуді ұйымдастыру;

- барлау органдарын басқару мен байланысуды ұйымдастыру, олардың әрекетін қадағалау;

- барлау мәліметтерін жинауды және өңдеуді ұйымдастыру мен олардың МО бастығына (ТЖ бойынша комиссия өкілі)және басқару органдарына өз уақытында жетуін қамтамасыз ету.

Барлауды жоспарлау алдын ала жүзеге асырылады. Барлау жоспары карта, сұлба қосымшаларымен мәтінді орындалады немесе түсініктеме жазбасмен картада орындалады.

Планда көрсетіледі:

- барлау мақсаты, міндеті және объектілері;

-күштер мен құралдар құрамы, олардың міндеті;

- барлау күшін қамтамасыз етуді орындау;

- байланысты ұйымдастыру реті, барлауды басқару және өзара әрекет ету.

Түсініктеме жазбада көрсетіледі:

- мақсаттар, негізгі міндеттер және олардың орындалу реті;

- қажетті анықтама қағаздары мен есептер дайындалады.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.009 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал