Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы




Ақ назардың мұ рагері Жә діктің баласы жә не Жә нібек ханның немересі қ артайғ ан Шығ ай (1580-1582) болды. Ол ө зінің баласы Тә уекелмен (1586-1598 хан болғ ан) бірге Баба сұ лтанғ а қ арсы кү ресінде Бұ қ ар ханы Абдоллағ а келді. Абдолла Шығ айғ а ходжент қ аласын сыйғ а тартып онымен қ осылып Баба сұ лтанғ а қ арсы Ұ лытау жорығ ына шығ ады. Осы жорық та Шығ ай қ айтыс болады. Қ азақ хандығ ының иелігі енді Тә уекелге кө шеді. 1582 жылы Шығ ай хан қ айтыс болғ аннан кейін тақ қ а Тә уекел (1582-1598 жж.) отырды. Тә уекел хан Бұ хара ханы Абдолламен жасасқ ан шартты бұ зып, қ азақ жә не ө збек билеушілері арасындағ ы жаугершілік қ айта қ оздады. Абдолла ханмен одақ тан Тә уекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла ә уелдегі Тү ркістаннан тө рт қ ала беруі туралы уә десінен бас тартады, екіншіден, біздің ойымызша, басты себеп – Абдолла Тә уекел ханның беделінен, батырлығ ы мен батылдығ ынан қ орқ а бастайды, яғ ни Тә уекел ханнан ө зінің бақ таласы ретінде қ ауіп тө нгенін сезді. Ө йткені кезінде бү кіл Мә уереннахрды Тә уекелдің кө мегімен Шайбани мемлекетінің қ ол астына біріктірген болатын. Тә уекел хан да Жошы ұ рпағ ы болғ андық тан, бү кіл Орта Азияны билеуіне толық қ ұ қ ығ ы болды. Тә уекел сыртқ ы саясатында хандық тың оң тү стігіндегі қ алаларда билікті нығ айтуғ а кү ш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағ ы қ алалар ү шін Абдолламен кү ресті бастайды. 1586 жылы Ташкентті алуғ а ә рекет жасайды. Абдолланың негізгі кү штері Мә уереннахрдың солтү стігінде шоғ ырланды. Бұ ны білген Тә уекел хан Мә уереннахрдың оң тү стік аймақ тарына шабуыл жасайды. Оның шабуылы Тү ркістан, Ташкент, Самарқ анд қ алаларына қ ауіп тө ндіреді. Бірақ Тә уекел ханның Ташкентті алуғ а жасалғ ан алғ ашқ ы жорығ ы сә тсіз аяқ талады. Тә уекел хан қ азақ хандығ ының сыртқ ы саясатын нығ айту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қ арым-қ атынастарды жандандырды. Қ азақ ханы сыртқ ы саясатта ө зін қ олдайтын одақ тастар іздеді. 1594 жылы Тә уекел хан Ресейге достық келісім жасасу ү шін Қ ұ лмұ хаммед басқ арғ ан Қ азақ хандығ ының тұ ң ғ ыш ресми елшілігін жібереді. Тә уекел ханның бұ ндағ ы мақ саты Ресей мемлекетінің кө мегімен Абдоллағ а қ арсы кү ресті жандандыру, Сібір ханы Кө шімге қ арсы одақ қ ұ ру жә не 1588 жылы орыс ә скерлері ұ стап ә кеткен ө зінің немере інісі, Ондан сұ лтанның баласы Оразмұ хаммедті тұ тқ ыннан босату болды. Оның жанында қ азақ тың ә йгілі тарихшысы Қ адырғ али Жалайыр бар еді. 1595 жылы елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда орыс патшасы Тә уекел ханғ а Қ азақ хандығ ын «ө зінің патшалық қ ол астына алатынын» жә не «оқ ататын қ ару» жіберетінін уә де етті. Сонымен бірге мынадай талап қ ойды: «біздің патшалық қ оластымызда болғ андық тан жә не біздің патшалық ә міріміз бойынша Бұ қ ара патшасымен жә не бізге опасыздық жасағ ан Сібір патшасы Кө шіммен соғ ысып, біздің ұ лы мә ртебелі патшамызғ а жол салатын боласыздар». Орыс мемлекеті Қ азақ хандығ ымен ә скери одақ қ ұ рудан бас тартқ анымен, Тә уекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қ арым-қ атынасты ү зген жоқ. 1595 жылы Мә скеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қ азақ хандығ ына келді. Нә тижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды. Бұ л кезде ойраттардың бір бө лігі Тә уекел ханғ а тә уелді болды. Сондық тан ол ө зінің Мә скеуге жолдағ ан грамотасында ө зін «қ азақ тар мен қ алмақ тардың патшасы» деп атады. 1597 жылы Бұ хар хандығ ында ішкі тартыс, ырың -жырың басталды, онда ық палды адамдардың қ олдауымен Абдолланың ұ лы Абдылмомын ә кесіне қ арсы шық ты. Осы қ ырқ ысты пайдаланып, Тә уекел Ташкент қ аласының тү бінде Абдолла ханның ә скерін талқ андады. 1598 жылы наурызда Абдолла хан қ айтыс болып, Абдылмомын хан болды. Осы орайды пайдаланғ ан Тә уекел хан жү з мың ә скермен Мә уераннахрғ а басып кіріп, Ахси, Ә ндіжан, Ташкент, Самарқ ан қ алаларын басып алды. Бірақ Бұ хараны қ оршау кезінде Тә уекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қ айтып келіп қ аза болды. Сө йтіп, ол ө з мемлекетінің солтү стік-батыс шекарасындағ ы бейбіт жағ дайды жә не Орта Азиядағ ы шайбанилық тардың алауыздығ ын, бұ л ә улеттің Аштарханилық тар- дың жаң а ә улетімен ауыстырылғ анын пайдаланып, сырдариялық қ алалар ү шін ұ зақ қ а созылғ ан кү ресті табысты тә мамдады. Абдолла ұ рпақ тарының ө зара билікке таласы нә тижесінде Шайбани ә улеті ө мір сү руін тоқ татады. Тә уекел Орта Азияғ а жорығ ында тек қ арулы кү шке емес, Орта Азия халық тарының белгілі бір ә леуметтік топтарына сү йенді. Атап айтқ анда, Тә уекел ханды дін иелері қ олдады. Сонымен бірге Ескендір Мұ ң шы Тә уекел ә скерінің қ ұ рамында «Тү ркістан тайпаларының жә не қ ырдағ ы ө збектердің» жауынгерлері болғ анын айтады. Жалпы, Шайбани ұ рпақ тарының ө зара қ ақ тығ ыстарынан шаршағ ан Орта Азия халық тарының басым бө лігі Тә уекел ханды қ олдады десек қ ателеспейміз. Ө йткені Шайбани тармағ ынан тарағ ан Жошы ұ рпақ тарының ө зі Мә уераннахрда Шайбани ә улетін қ азақ хандарының ә улетімен алмастыруғ а ниет білдірген. Ө кінішке орай, Мә уераннахр қ азақ хандарының қ олына толығ ымен кө шпеді. Сө йтсе де, Ташкент жә не оның аймағ ы 200 жыл бойы Қ азақ хандығ ының қ ұ рамында болды. Тү ркістан қ аласы Қ азақ хандығ ының орталығ ына айналды.


Данная страница нарушает авторские права?





© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.