Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оғамдық-саяси терминдердің аударылуы.






v Термин – белгілі бір салада тұ рақ ты қ олданылатын арнаулы бір ұ ғ ымды білдіретін сө з немесе сө з тіркесі

v Саяси терминдер ә сіресе пулицистикалық, газеттік стильге тә н. Сондық тан саяси терминдер негізінен кө пшілікке таныс болып келеді. Сондай-ақ қ оғ амдық -саяси терминдер тарсалалық болып есептелмейді ә рі бірізділік қ атаң сақ талмайды. Себебі тү рлі идеологиялық концепсиялардың ө згеруіне байланысты терминдер мағ ынасында да ө згерістер болып тұ рады, кө пмағ ыналы терминдер, синоним терминдер кездеседі. Мысалы, АҚ Ш-тың саяси терминологиясында state термині «мемлекет», сондай-ақ «штат» деген мағ ынаны береді. Терминдерді дұ рыс аудармау саяси қ ателікке ә келсе, ал ол кезегінде халық аралық дең гейдегі тү сініспеушілікке ұ рындырады. Сондық тан аударма жұ мысына аса мұ қ ият болғ ан дұ рыс.

Аударма жасаудағ ы негізгі мақ сат терминге дә л, дұ рыс балама бере білу, қ алыптасқ ан халық аралық термин болса, сол кү йінде қ алдыра отырып мағ ыналық сипатын тү сіндіру. Термин ереже бойынша, басқ а тілде соғ ан сә йкес терминмен аударылады. Ұ қ састық, синонимдік ауыстыру, сипаттамалы аударма сә йкес терминдер тілде жоқ жағ дайда жасалады.

v Саяси терминдерді аудару тү рлі трансформация (ауыстыру) ә дістерімен жасалады. Оғ ан жататындар: 1. Транскрипциялау: саммит – саммит, президент – президент; диктатура – диктатура; 2. Транслитерация: чиновник – шенеунік; 3. Калькалау: Soviet Union – Советский Союз–Совет Одағ ы; Парк культуры и отдыха – Мә дениет жә не демалыс паркі.

v Калькалау – басқ а тілдің лексика-семантикалық, лексика-синтаксистік ү лгілерін (модельдерін) қ абылдау арқ ылы жаң а сө здер, жаң а синтаксистік қ ұ рылымдар жасау (Қ алиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің тү сіндірме сө здігі. –Алматы. 2005. 146‑ бет).

v “Калька – сө збе-сө з аудару тә сілі. Сө здің немесе сө з тіркесінің ішкі мағ ынасын дә лме-дә л сол кү йінде аудару (Смағ ұ лова Г., Айтжанова Г. Фразеологиялық калькалар. – Алматы, 2005.16‑ бет).

Демек, тү пнұ сқ адағ ы сө здердің аударылатын тілдегі дә лме-дә л сө здермен алмастырылуы арқ ылы жү зеге асатын аударма тү рі.

Сондай-ақ ғ алымдар калькалық аударманы мағ ыналық жә не қ ұ рылымдық -мағ ыналық деп бө леді.

Аударма жұ мысында назар аударатын мә селенің бірі – термин сө здер. Осы тұ рғ ыдан алғ анда, калька – сө здің, сө з тіркесінің сыртқ ы нысанын, ішкі мазмұ нын дә лме-дә л сол қ алпында аудару арқ ылы кірме сө здердің енуіне, неологизмдердің пайда болуына жаң а терминдердің жасалуына ық пал ететін тілдік амал-тә сіл болып табылады.

Калька арқ ылы термин жасаудың жолдары кө п, атап айтсақ: сө здердің бірігуі – келіс+сө з, жал+ақ ы; тіркесуі арқ ылы – келісімшарт; жұ рнақ арқ ылы – ел+ші, мә міле+гер; фразеологиялық тіркестер – тө ртінші билік; шара қ олдану, еркін сө з тіркесі – директорлар кең есі, жоғ арғ ы палата, Қ ауіпсіздік Кең есі т.б.

Зерттеушілер: “... терминдік тұ рақ ты тіркестерді қ алыптастыру жағ дайында жә не ғ ылыми оқ улық тар жазуда кальканың орны айрық ша. Кейде ғ ылым тілі калькалауды талап етеді. Демек, калька тә сілі – ғ ылыми ә дебиетті аударудың қ ажетті амалы. Сө збе-сө з аудару терминдік лексиканы қ алыптастыруғ а бірден бір қ ызмет ететін амал болып қ ала береді”– деп жазады, проф. Г. Смағ ұ лова.

Калька ә дісімен термин жасаудың қ иындығ ына қ арамастан ө ткен ғ асыр басында А.Байтұ рсынұ лының сә тті жасағ ан, лингвистикада кү ні бү гінге дейін қ олданылып жү рген терминдердің бар екендігін ғ алымдар мойындап отыр (анық тауыш, толық тауыш т.б.).

Тө менде калька ә дісі арқ ылы аударылғ ан қ оғ амдық -саяси терминдердің ү лгілері берілген, оларды келесі топтарғ а бө луге болады.

1. Партия атауы:

Халық тық -демократиялық партия – Народно-демократическая партия;

Коммунистік партия – коммунистическая партия; т.б.

2. Ұ йымдар, одақ тар, қ ауымдастық тар атауы:

Еуропа Одағ ы – Европейский Союз;

Кең естер Одағ ы – Советский Союз;

3. Саяси лауазымдар атауы:

Мемлекеттік хатшы – госсекретарь;

Сыртқ ы істер министрі – Министр иностранных дел;

Дипломат, мә мілегер – дипломат;

4. Мемлекеттік комиттер атауы:

Мемлекеттік департамент – Госдепартамент;

Мемлекеттік Қ ауіпсіздік комитеті– Комитет Государственной безопасности;

Қ ауіпсіздік Комитеті – Совет Безопасности;

5. Тағ ы да басқ а кө птеген термин тү рлері кездеседі, мысалы:

геосаясат– геополитика;

саяси ұ ран– политический лозунг;

дауыс беру – голосование и т.д.

v Тә ржіме барысында халық аралық терминдер соның ішінде қ ысқ арғ ан сө здер жиі кездеседі. Оларды аудару барсында қ алыптасқ ан ү лгілерді арнаулы ә дебиеттен (сө здіктен) алғ ан дұ рыс.

v Аудармашы шетел терминологиясын жақ сы білумен қ атар, ө з тіліне аударғ анда терминге баламаны ұ лттық ұ ғ ымдардан да іздестіргені абзал.

Соң ғ ы кезде “Ұ лттық ұ ғ ымғ а бірдейлестіру тенденциясы тү сініктің, заттың атауларында «ұ лттық колориттің» бояуын, номинацияның, терминнің қ ұ рылымдық компоненттері «қ азақ ы» элементтерден қ ұ рылуын қ алайды”. Сондық тан калька жолымен аудару барысында, тө л тіліміздегі бұ рыннан бар сө здер жаң а сө здерге балама ретінде жұ мсалып, терминдік мә нге кө шіп отырғ ан тұ стары бар. Мә селен, тілімізге «презентация» сө зі алғ ашында «презентация» болып еніп, қ азір «тұ саукесер» сө зі норма болып қ алыптасты. Тү сіндіре кетсек, аталмыш сө з алғ ашында калька–балама арқ ылы «кө рсетілім» деп аударылды. Бұ дан соң контекске икемделіп алғ ашқ ы кө рсетілім, алғ ашқ ы қ ойылым деген тү сіндірмелі балама нұ сқ алары пайда болды. Бірақ презентация сө зі тек кө рсетілім ұ ғ ымын ғ ана бермейді, бұ л сө здің ұ ғ ымында «алғ ашқ ы» деген мағ ына (сема) бар. Сондық тан «презентация» – тұ саукесер кө рсетілім, қ ойылым тіркесімен аударылды. Тұ саукесу сө зі алғ ашқ ы, тұ ң ғ ыш қ адам, дербестік алу, қ уаныш, атап ө туге тұ ралық жағ дай деген ұ ғ ымдарды сидырып тұ р. Нә тижесінде «Тұ саукесер» сө зі қ оғ амдық –саяси термин дә режесіне жетіп, тілдік нормағ а айналды»


 

16. Балама (адекватный) аударма тә сілі.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.