Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






ГЛОССАРИЙ 1 страница






Ә леуметтік психология пә ні бойынша глоссарий

(пә н атауы)

Қ азақ тілінде Орыс тілінде Ағ ылшын тілінде
     
Бейімделу Адаптация Adaptation
Альтруизм Альтруизм Altruism
Жү йкелік анорексия Анорексия нервная Anorexia nervosa
Биологиялық жас Биологический возраст Biological age
Бластула Бластула blastula
Булимия Булимия Bulimia nervosa
Жастық сағ ат Возрастные часы Age clock
Қ иялдағ ы кө рермендер Воображаемые зрители Imaginary audience
Жұ мыстың сыртқ ы факторлары Внешние факторы работы Extrinsic factors of work
Генотип Генотип Genotype
Генетикалық кең ес беру Генетическое консультирование Genetic counseling
Деменция Деменция dementia
Лонгитюдті ә діс лонгитюдный метод longitude metod
Тест Тест test
Проективті ә діс проективный метод projection metod
Индивид Индивид individual
Жеке тұ лғ а Личность personality
Зерттеу ә дістері Методы исследования methods of the study
Анкета ә дісі Анкетирование questionnaire
Бақ ылау Наблюдение observation
Эксперимент Эксперимент experiment
Зигота Зигота zygote
Инстинкт Инстинкт instinct
Когорт эффектісі Когорты эффекты Cohort effects
Инсульт Инсульт stroke
Орта жастағ ы дағ дарыс Кризис середины жизни Man in midlife crisis
Қ оғ ам Общество Society
Плацента Плацента Placenta
Жыныстық хромосомалар Половые хромосомы Sex chromosomes
Кә сіби цикл Профессиональный цикл Occupational cycle
Психологиялық жас Психологический возраст Psychological age

Бейімделу - Пиаже теориясындағ ы процесс, осы процесс негізінде нә рестедегі схемалар тү рі ө згереді, нақ тыланады, дамиды.

Альтруизм – адамгершіліктік бағ алаудың орталық мотиві мен критериийі болып басқ а адамның жә не ә леуметтік қ оғ амның қ ызығ ушылық тары мен қ ұ ндылық тары табылатын жеке тұ лғ аның қ ұ ндылық тық бағ дарлану жү йесі.

Жү йкелік анорексия – адам ө зінің толық тығ ын кө п ойлап, тамақ тан бас тартады. Ө лімге дейін ә келуі мү мкін.

Биологиялық жас - ө мір сү ру барысында адамның қ арым-қ атынастар жү йесінде ө зінің орнын білуі.

Бластула – ұ рық танудан кейін пайда болатын жасуша ішін толтырып тұ ратын сұ йық тық.

Булимия – тамақ қ а байланысты мінез-қ ұ лық тың бұ зылуы, адам бұ л бұ зылыс кезінде тамақ ты шектен тыс ішіп, бірақ ө з денесінің толық тығ ына кө ң ілі толмайды.

Жастық сағ ат – ересек адамның ө зіндік даму критерийі ретінде пайдаланатын ө мірлік ішкі уақ ыттық графигінің тү рі.

Қ иялдағ ы кө рермендер - жасө спірімдердің ө зіне басқ а адамдар кө ң іл аударып тұ рғ андай сезінуі.

Жұ мыстың сыртқ ы факторлары – жұ мыстан қ анағ ат алушылық, ақ шалай, мә ртебесін кө теру, ынталандыру тү рінде болуы мү мкін.

Генотип - белгілі бір индивидтің гендерінің жиынтығ ы.

Генетикалық кең ес беру - болашақ ата-аналарғ а балаларының қ андай болып туылатындығ ы жө нінде кең ес беру жұ мысы.

Деменция - танымдық ауытқ ушылық тармен, амнезиямен, тұ лғ алық ө згерістермен сипатталатын бұ зылыстар жиынтығ ы, қ арттық жастың келуімен байланысты.

Лонгитюдтік ә діс- ұ зақ уақ ыт бойына бір ғ ана объектіге кө птеген зерттеулер жү ргізу.

Тест – белгілі мә ндік шкаласы бар стандартталғ ан сұ рақ тармен тапсырмаларды қ олданатын диагностикалық ә дісі.

Проективті ә діс – адамның ішкі дү ниесін символикалық алмастырулар арқ ылы сыртқ ы заттар кө мегімен зерттейді.

Индивид - биологиялық тү рдің тұ қ ым қ уалайтын жалпы гендердің иесі.

Тұ лғ а - адамның қ оғ амдық мінез-қ ұ лық жә не сана формаларынигеру нә тижесінде қ алыптасатын адамның ә леуметтік –психологиялық мә ні.

Зерттеу ә дістері – тұ лғ аның психологиялық кө ріністерін зерттеу ә дістері мен тә сілдерінің жиынтығ ы.

Анкета ә дісі – вербалды коммуникация негізінде бірінші ә леуметтік- психологиялық ақ парат алу ә дісі.

Бақ ылау - психикалық қ ұ былыстарды жү йелі, мақ сатты қ абылдаудан тұ ратын эмпирикалық зерттеу ә дісі.

Эксперимент - зерттелініп жатырғ ан объектінің мінез-қ ұ лқ ындағ ы ө згерістерді тіркеу жә не манипуляцияны жү зеге асыратын зерттеушінің сол ситуацияғ а белсенді кірісуін білдіретін ғ ылыми тану ә дісі.

Зигота – ұ рық тану нә тижесінде пайда болатын бірінші жасуша.

Когорт эффектісі - ә ртү рлі жас топтарына жататын адамдар арасындағ ы ә леуметтік-мә дени айырмашылық тар.

Инстинкт – белгілі бір жағ дайда барлық адамдарғ а тә н мінез-қ ұ лық.

Инсульт - ө лімге дейін ә келетін мидағ ы қ анайналымның кү шті бұ зылысы.

Орта жастағ ы дағ дарыс - орта жастағ ы адамғ а тә н қ анағ аттанбаушылық сезімі.

Қ оғ ам - ө зара ә рекеттескен адамдардың ұ йымдасқ ан тобы.

5. ПӘ Н БОЙЫНША ДӘ РІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

№ 1 дә ріс

Тақ ырып: Ә леуметтік психология пә ніне кіріспе

Дә рістің мазмұ ны

Ә леуметтік психология пә ні

Ә леуметтік психологияның ғ ылым ретіндегі даму кезең дері

Психология мен ә леуметтену деген екеуінің қ осылуынан шық қ ан ә леуметтік психология ғ ылымы ғ ылымдардың негізгі бө лігі болып табылады. Кез- келген қ оғ амдық қ ұ былыстардың психологиялық аспектісі бола алады. Сондық танда қ оғ амда болатын ә леуметтік қ ұ былыстарды ә леуметтік психология ғ ылымы зерттейді.

Психолгия ғ ылымында ә леуметтіә к психологияның алатын орны ерекше. Бұ л жерде л. С. Выготскийдің зерттеулерін айтуғ а болады. Атап айтқ анда Выготскийдің екі бағ ыттағ ы жұ мысы:

1. Жоғ арғ ы функционалдық теориясының ә леуметтік дитерминациясын анық тауғ а кө мек береді. Выготмскийдің ойынша жоғ арғ ы психологиялық функцияның мә нін тү сіну ү шін оның тамырларын қ оғ амдық ө мірден іздеу керек.

2. Ә леуметтік психология сұ рақ тары шешіледі. Ә леуметтік психология пә ні туралы тү сініктер беріледі.

В.Д. Порыгиннің ойынша ә леуметтік психоолгия мынаны зерттейді:

· Тұ лғ аның ә леуметтік психологиясы

· Қ оғ амның ә леуметтік психологиясы

· Ә леуметтік қ арым қ атынасын

· Жан- дү ние ә рекетінің қ алыптасуларын

50 жылдардың соң ы мен 60 жылдардың басында ә леуметтік психология туралы тү сінігінің екінші кезең і басталды. Бұ л мә селені талдауғ а екі жаң а жағ дай ә сер етті.

- Практиканың кең іп жатырғ ан арнасы, экономикалық, ә леуметтік, жә не саяси мә селелердің шешілуі қ оғ ам ө мірінің ә ртү рлі жақ тары психологиясын талдауғ а мү мкіндік береді. Обьективті процестің жү руімен сананың кері байланысынан да ә сері болады.

- Бұ л мә селер ө мірде ө ткір қ ойылғ ан кезде психология ғ ыфлымында кө птеген ө згерістер болды. Ә леуметтік психологияның дамуының қ ысқ а тарихы бар психология ғ ылымының саласы.

Ә леуметтік психология 1908 жылы пайда болды. Осы жылы гуманитарлық пә ндер бойынша атаулары ұ қ сас 2 кітап жарық кө рді. Оның біреуі «Ә леуметтік психология»- америкада жарық кө рді. Авторы Э.Росс. Екіншісі «Ә леуметтік психологияғ а кіріспе» европада, авторы У. Макк Дауголл.

Ә леуметтік психология сө зінің ө зінең оның ғ ылми білімдер жү йесіндегі қ андай орын алатындығ ын кө руге болады. Ол екі ғ ылымның қ иылысу нү ктесінде пайда болды, осы екі ғ ылым кү шінің бірігуімен шешілетін фактілерді зерттейді.

Ө зіндік бақ ылау сұ рақ тары

1. Ә леуметтік психология пә ні қ андай пә н?

2. Ә леуметтік психологиясының теориялық жә не практикалық мә селелері не қ арастырады?

Ұ сынылатын ә дебиеттер

Д. Майерс Социальная психология питер 2005

Е.В. Андриенко Социальная психология М; 2004

Г.В.Андреева Социальная психология М; 2004

А.Н. Сухова, А.А. Деркач Социальная психология М; 2005

А.В. Морозов Социальная психология М; 2003

№ 2 дә ріс

Тақ ырып: Зерттеудің ә діснамалық мә селелері

Дә рістің мазмұ ны

1. Ә леуметтік психологияның зерттеу ә дістері

2. Қ азіргі ғ ылымдағ ы ә діснамалық мә селелер

 

1. 19ғ. Аяғ ы мен 20 ғ. Ортасына дейін жеке тұ лғ а, жанұ я, қ оғ ам туралы жинақ талғ ан шырмаулы ақ паратты жинақ тауғ а негізделген, жекелік жағ дайларды талдау кең інен қ олданды. Осы зерттеу ә дістерін жинақ тай отырып, қ ажетті ақ парат кө зін алуғ а болады. Бұ л ә дістің мақ саты-индивид туралы, бала мен ата-ананың қ арым-қ атынасы туралы, науқ ас пен дә рігердің қ атынасы туралы, белгілі бір сыныптағ ы климат туралы толық ақ парат алуғ а бағ ытталғ ан.

Жеке жағ дайларды талдауғ а жататындар «бала кү нделігін» қ арау болып табылады. Мысал ретінде Чрльз Дарвиннің ө з баласының дамуын кү нделікке енгізгенін келтіруге болады. Веналық дә рігер Зигмунд Фрейд жеке жағ дайларды талдау ә дісін кең інен пайдаланып, оны психоанализ теориясын жасауда қ олданғ ан. Бірақ бұ л ә діс арқ ылы кү рделі жағ дайларды талдауда қ иыншылық қ а кездеседі. Сонымен қ атар мұ нда себепті-іздік байланыстардың қ ұ рылымын кө рсету қ иын болып табылады. Соғ ан қ арамастан, жағ дайларды талдау антропологтардың, педагогтардың жұ мысы кезінде қ олданылады.

Жү йелі бақ ылау.

Бақ ылаудың екі тү рі бар. Табиғ и немесе далалық бақ ылау зерттеу кезінде, зерттеуші адамдардың ө мір ә рекетіне араласпай, кү нделікті ортағ а ене отырып, адамдардың мінез-қ ұ лқ ы, тіршілік ә рекетіне бақ ылау жү ргізіп, тіркеп отырады. Лабораториялық бақ ылау барысында зерттеуші мақ сатты мінез-қ ұ лық ты оятуғ а бағ ытталғ ан бақ ыланатын жағ дайлыр жасап отырады. Бұ л ә діс кезінде, жоғ ары бақ ылау жү ргізе отырып, зерттелінетін мінез-қ ұ лық ты белсендіретін алуан тү рлі техниканы пайдаланады. Лабораториялық зерттеудің мысалы болатын, Мэри Айнсворт пен Беллдің жасағ ан «таныс емес жағ дай» ә дістемесін келтіруге болады. Дамуды зерттеуді интерпретациялау барысында, олардың қ андай жағ дайда жү ргізілгенін есепке алып отыру керек.

Сауалнама жә не сұ рау.

Сауалнама жә не сұ руда қ олданылатын «қ аламсап жә не қ ағ аз» ә дісі ө ткен жә не қ азіргі уақ ыттағ ы мінез-қ ұ лық, ұ станым, қ алауы, пікір, сезім т.б. туралы сұ рақ тар қ оюдан тұ рады. Сауалнаманы теек бір индивид қ атысқ ан жағ дайда жү ргізуге болады. Топпен жұ мыс жасау кезінде біз сұ рақ тармен жұ мыс жасаймыз. Репрезентативті таң дауды жасаудың ең тиімді тә сілі болып табылатын арнайы қ ойылғ ан талап бойынша алуғ а болады. Ал, кезедйсоқ таң дауда делгілі бір жағ дайғ а байланысты кездейсоқ топ немесе зерттеу жү ргізілетін адамдар таң далады.

Сауалнама мен сұ рақ тың тиімділігі, оның кө мегімен алынғ ан ақ парат объективті жә не жү йелі болып келуінде. Сауалнама арқ ылы ү лкен топты адамдарғ а зерттеу жү ргізуге болады. Зерттеуші респонденттердің бергісі келген жауабын еш ө згеріссіз, жаң ғ ыртусыз ала алады. Сауалнаманың қ олданылуының мысалы ретінде Ұ лттық жанұ ялық сауалнаманы айтуғ а болады.

2.Эксперименттік ә діс.

Қ арапайым тесттер эксперименттің алғ ашқ ылары болып табылады. Даму аймағ ындағ ы зерттеу эксперименттерінің екі бағ ыты бар. Біріншісінде зейін жеке тұ лғ ағ а шоғ ырланады. Екіншісінде зейін адамдар тобына бағ ытталғ ан.

Жеке тұ лғ алық эксперименттер.

Бір зерттеушіге жү ргізілетін эксперимент Б.Ф. Скиннердің эксперименті. Зерттелуші белгілі бір уақ ыт аралығ ында оның мінез-қ ұ лқ ы, жү ріс тұ рысына ық палын тигізетін ойламағ ан жағ дайларғ а кірістіріледі. Ә уелі жағ дайғ а бейімделі жү реді, кейін ол жағ дайларды манипуляциялауғ а айналады. Мінез-қ ұ лық ты модификациялау проблемалы мінез-қ ұ лық тан айырып, қ ажеттісін қ алыптастырудың ең тиімді ә дістерінің бірі болып табылады. Бұ л жағ дайды мыналар сақ талады: біріншіден, мінез-қ ұ лық тың ү лгісі жазылады, оның кө рсетілген базалық жағ дайы анық талады; содан кейін, мадақ тау немесе жазалау арқ ылы мінез-қ ұ лық ө згерді ме, жоқ па сол бақ ыланады.

Топтық эксперимент.

Экспериментатор психологтар топтық эксперимент жү ргізу арқ ылы адамдарғ а тә н ортақ принципті анық тауғ а тырысты. Бұ ндай зерттеу барысында жеке тұ лғ алық ерекшеліктер қ ате тү сініледі. Мысалы, ес барлық адамдарда бірдей қ ызмет атқ арады деп болжайды. Бұ л жағ дайда зерттеушілер ортақ тау арқ ылы шешеді. Яғ ни адамдар тобына еске байланысты зерттеу жү ргізеді де, алынғ ан нә тиженің ортасын тауып, оны тест жауаптарынан алынатын ортақ балмен сә йкестендіреді. Топтық экперимент жү ргізу даму жә не мінез-қ ұ лық мә селесі бойынша ақ парат алуғ а мү мкіндік береді.

Топтық эксперименттің элементтері. Балалардың агресивті мінез-қ ұ лық қ а ү йренуін бақ ылау жә не имитация арқ ылы А. Бандураның, қ уыршақ пен ү ш топтағ ы балалардың қ арым-қ атынасын зерттеді. Фильм кө рсету арқ ылы қ уыршақ пен ү ш тү рлі қ арым-қ атынаста болғ анын балаларғ а кө рсетеді. Мұ нда эффекттің балалар мінез қ ұ лқ ына ә сер ететін-тә уелсіз айнымалыларды байқ ауғ а болады. Қ уыршақ пен ойнау барысында балалардың кө рсеткен агрессивті мінез-қ ұ лық тары-тә уелді айнымалылар.

Эксперименттің келесі ү йренуді тексеру этапында балаларғ а фильмде кө рсетілген мінез-қ ұ лық ты қ айталағ андары ү шін мадақ тайтындарын ескерткенде нә тиже ө згергені байқ алады. Балалар фильмде кө рсетілген агресивті мінез-қ ұ лық ты қ айталауғ а тырысты, ер балалар мен қ ыз балалар арасындағ ы айырмашылық шамалы болды.

Эксперимент келесі кезең дерден тұ рады:

1.Себепті-іздік байланыс қ ұ рылымына қ атысты гипотеза қ ұ ру жә не мә селені анық тау.

2. Тә уелсіз жә не тә уелді айнымалыларды анық тау.

3. Экспериментті жү зеге асыру жә не мә ліметтер жинау.

4. Алынғ ан мә ліметтерді талдау жә не интерпретациялау, қ орытынды шығ ару.

Лонгитюдті ә діс.

Бұ л ә діс арқ ылы бір ғ ана индивидті ө мірінің алуан сә тінде зерттеуге бағ ытталғ ан. Зерттеуші когнитивті, сө йлеудің дамуы аймағ ында жә не денелік дағ дылардың қ алыптасуына байланысты қ исық тар қ ұ ра алады. Балаларды ересектік жасқ а жеткенге дейін бақ ылап, ересектік жасқ а жеткенде қ андай қ асиеттер сақ талатынын, қ айсысы жоғ алатынын анық тауғ а болады.

Зерттеушілер индивидті ә рбір апта, ай сайын зерттей отырып, дамудың кейбір процесстерін дә л қ арай алады. Сонымен қ атар лонгитюд ұ зақ ө мір бойы болатын ө згерістерді де зерттейді. Мысал ретінде Льюис Терманның жү ргізген 20 ж.ж. «дарынды» балаларды зерттеудің класикалық ә дісі ә лі кү нге дейін қ олданылуда.

Соғ ан қ арамастан лонгитюдті ә дістің теріс жақ тары да бар. Мысалы интеллектілі зерттеу кезінде зерттеуге қ атысушылар оларғ а ұ сынылатын тестті біле отырып, алдын-ала жаттығ у арқ ылы ө здеріндегі прогресс дең гейін кө теруге тырысуы мү мкін. Сонымен қ атар зерттеушінің практикасында лонгитюдті зерттеуді қ анша рет жү ргізе алатындығ ы да ә сер етеді.

Лонгитюдті ә діспен байланысты тағ ы бір мә селе бұ зылыстың болу мү мкіндігі. Бастапқ ыда зерттеуші ө зіне керек репрезентативті таң дау жасайды. Зерттеудің жалғ асуына байланысты қ атысушылар ауырып қ алуы немесе демалысқ а кетуі, мекен-жайын ө згертуіне байланысты, жобағ а қ атысуын тоқ татуғ а тура келеді, сондық тан қ алғ ан қ атысушылар популяциясына байланысты репрезентативті тпо болып есептелмейді.

Бірақ соғ ан қ арамастан, лонгитюдті ә діс кө мегіменжеке тұ лғ алық дамудағ ы ө згерістер туралы ақ параттар алуғ а болады. Бұ л ә діс ә сіресе, «қ олайсыз» жанұ ядағ ы балаларды зерттеуде, жанұ ялық динамиканың бала қ алыптасуына ә серін зерттеуде, ә леуметтік жү йе реформасымен қ амтуда кең інен қ олданылып келеді.

Психологиялық тестілеу.

Зерттеулерде кө біне интеллект тесттері қ олданылады. Дамуды зерттеу барысында тұ лғ аны бағ алауды да қ олданылады. Балаларды тестілеу кө п жағ дайда сауалнама қ ағ азы арқ ылы, ата-анасының толтыруымен жү ргізіледі. Сө здік ассоциациямен байланысқ ан, аяқ талмағ ан сө йлем тесттері балалардың ө з бетімен толтырылуына берілуі керек. Мысалы, «Менің ә кем ә рдайым...»деген аяқ талмағ ан сө йлемді жалғ астыруы керек.

Даму мә селелерін зерттеуде ә детте «проективті»тесттер қ олданылады. Бұ л кезде балаларғ а ә р тү рлі мағ ынадағ ы суреттер беріліп, ондағ ы суретке байланысты баланың бір жағ даймен байланыстыруына, интерпретациялауына ұ сыныс жасайды. Жауап беру кезінде балалар ө з ойларын, ұ станымдарын, сезімдерін кірістіре отырып суретті тү сіндіруге тырысады.

Психологиялық тесттің нә тижесін интерпретациялау кезінде келесі ережелерді естен шығ армау керек. Біріншіден, тест сенімді болуы керек; ә рбір зерттелушінің алынғ ан балдары сә йкес болуы. Екіншіден, тест валидтілікке ие болуы қ ажет, яғ ни олар ө лшеуге тиісті нә рсеге бағ ытталуы керек.Ү шіншіден, психологиялық тесттер стандартталғ ан болуын қ адағ алау, яғ ни тест репрезентативті жолмен топталғ андарғ а емес, қ алыпқ а сә йкесті индивидтердің жауап бере алуына байланысты тағ айындалуы керек.

Егер тест сенімді, валидті, стандартталғ ан болмаса, оның кө мегімен алынғ ан нә тиженің нені анық тайтынын білу мү мкін емес.

Кө лденең кесінді ә дісі.

Бұ л ә дісті қ олдану барысында ә р тү рлі жастағ ы топтар бір уақ ытты салыстырылады. Бұ л ә діс арқ ылы жекелік дамуды анық тау мү мкін болмағ анымен, лонгитюдті ә діске қ арағ анда бұ л қ ысқ а уақ ытты қ амтиды.

Кө лденең кесінді ә дісін қ олдану кезінде зерттелушілерді таң дауғ а қ атаң талап қ ойылады. Мұ ның себебі, алынғ ан нә тижелер табиғ атының бө тен болғ андығ ынан емес, даму дең гейінің алуандылығ ымен байланыстылығ ын қ амту.

Когортты-бірізді (комбинированный)ә діс.

Қ азіргі кезде бұ л екі ә дістің комбинациясын кең інен пайдалану байқ алады. Осылайша, зерттеуші 4-жасты, 8-жасты, 12-жасты жасө спірімдерді бір уақ ытты зерттей отырып, ә р 8 жыл сайын ә рбір кагортты 2 жылда бір рет зерртей алады. Осыдан кейін алынғ ан нә тижелер лонгитюдті немесе кө лденең кесінді ә дістері арқ ылы салыстырылады.

Ө зіндік бақ ылау сұ рақ тары

1. Жү йелі бақ ылау жә не сауалнама ә дісі қ андай ә діс?.

2.Эксперименттік ә діс қ алай жү ргізіледі?

Ұ сынылатын ә дебиеттер

1. Г. Крайк Психология развития. СПб., 2002. 775-790б.

2. В.С. Мухина. Возрастная психология. М., 2004.

3. Л.Ф. Обухова Возрастная психология. М., 2004.

4. Гамезо М.В., Е.А. Петрова Возрастная и педагогическая психология. М.,

№3 дә ріс

Тақ ырып: Қ арым- қ атынас психологиясы

Дә рістің мазмұ ны

1. Ә леуметтік психологиядағ ы қ арым- қ атынас

2. Қ арым- қ атынас қ ызметі, тү рлері, жақ тары

«Ө зара ә рекет» тү сінігі ә леуметтік психология ү шін маң ызды жә не негізгі тү сінік болып табылады. Оның кө мегімен ә леуметтік психология психологиялық жағ ынан қ арым- қ атынас процесін жә не оның нә тижесін зерттейді. Ө зара ә рекет процесі адамдардың ө зара ә рекет міндеттеріне жә не де ө зара ә рекет қ атысушыларына қ арым- ө атынасын анық тайды. Соныдқ тан да ә леуметтік психологияның негізгі мә селесінің бірі психологиялық ө зара ә рекет жә не адамның ө зара ық палы. Оның даму динамикасы жә не нә тижесі Бұ л тү сініктердің психология ү шін маң ызы мынады:

1. Психологиялық қ арым- қ атынас категориясы ішекіні сыртқ ымен біріктіруді талап етеді.

2. Қ арым- қ атынасты зерттейтін тұ тас тұ лғ алық себебі ол адамдарғ а тұ лғ а ретінде тұ тас қ атысты.

3. шындық қ а адамның қ арым- қ атынас жү йесінде басым жә не анық таушы ролді адамның ө зара қ арым- қ атынасының алатындығ ы

4. Қ арым- қ атынастың екі жақ ты сипатта болуы

Талап- адамғ а қ ойылатын міндеттерді орындау мү мкіндігі

Кө мек- бір адамның басқ а адамдарғ а жағ ымды қ арым- қ атынасы. Қ арым- қ атынас анализі ө зара ә рекет сияқ ты айтарлық тай қ иындық тар туғ ызады. Қ арым- қ атынастың баст мазмұ ны бұ л қ арым- қ атынас партнеріне ық пал ету. Қ арым- қ атынас барысында біреуінің екіншісіне ә рдайым реакциясы кө рінеді. Қ арым- қ атынасты тү сінудің мү мкін тә сілдерінің бірі олдардың мү мкіндің позициясының жә не орналасуын қ абылдау. Қ арым- қ атынас екі позицияны қ арастырады:

- қ арым- қ атынастағ ы бақ ылауғ а бағ дар

- Тү сінуге бағ дар

Бақ ылауғ а бағ дар позициясы басқ алардың мінез- қ ұ лық ситуацияларын басқ ару. басқ аруғ а ұ мтылуды болжайды.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.