Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Талқылау. Науқаста сол және оң қарыншалық жүрек жетіспеушілігінің клиникасы анықталады




Науқаста сол және оң қарыншалық жүрек жетіспеушілігінің клиникасы анықталады. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі салдарынан тіндердің қантамырлануы нашарлаған. Жүрек лақтырысы қарыншалардың жетіспеушілігі салдарынан қиындап,шеткері ісіулер мен өкпе ісінуі дамыған. Несеп нәрі мен креатинин деңгейі орташа көтерілген. Несеп нәрінің креатининге қарағанда жоғары болуы бүйрек гипоперфузиясы салдарынан дамыған, яғни пререналды бүйрек жетіспеушілігінің дамығанын көрсетеді. Диуретиктермен емдеу қарыншалар толуы мен қысымының түсуінен ісінулердің біршама азаюына алып келеді. Бірақ тіндер перфузиясының ншаралауы үдей түскеннен қанда несеп нәрі мен креатинин өсіп, несеп нәрі/креатинин қатынасы жоғарылайды.

Науқаста пререналды ЖБЗ, жүрек жетіспеушілігі салдарынан дамыған, 1 саты 2-ші сатыға өту кезеңі.

Сонымен қатар сепсис кезінде, бүйрек жетіспеушілігі, анафилактикалық шок және антигипертензивті, анестетикалық препараттар әсерінен дамитын перифериялық вазодилятация преренальді азотемияға алып келуі мүмкін. БЖЗ-нің преренальді арнайы түрі – гепаторенальді синдром (ГРС) ауыр ббауыр жетіспеушілігі бар науқастарда дамиды. Оның 2 түрі бар. Өте ауыр ГРС 1 түрі өте тез дамиды, бауыр алмастырылмаса өлім көрсеткіші 3 айда 90% құрайды (Р.Шрайер, 2009). ГРС 2 түрі - рефрактерлі асциті бар науқастарда көрінеді, баяу дамиды.

Әртүрлі препараттар әсерінен дамитын бүйрекішілік гемодинамикалық бұзылыстарда, преренальді БЖЗ екі түрлі әсерге байланысты: афферентті артериоланың тарылуы (шумақ алдылық әсері) немесе эфферентті артериоланың кеңеюі (шумақтан кейінгі әсері) (2-сурет).

Преренальді БЖЗ кезінде шумақ фильтратциясының төмендеуі бүйрек құрылымындағы немесе жасушаларындағы зақымдалуға байланысты емес. Преренальді БЖЗ бүйректің гипоперфузиясына алып келген жағдайды шешкен кезде қайтымды.

Ренальді БЖЗдамуы бүйректің өзінің зақымдануымен көрінеді. Ренальді БЖЗ-нің себебі қантамырлық, шумақтық, интерстициальді немесе өзекшелік зақымдану және біріншілік, екіншілік жүйелі аурулармен көрінеді. Бұл кезде БЖЗ-ның ағымы бүйректен тыс факторларға байланысты емес (мысалы, гиповолемия коррекциясы, обструкцияны жою ж.т.б.).



Қантамырлық себептері:

Үлкен және орташа калибрлі қантамырлар зақымдануы:

- Бүйрек артериясының бітелуі (тромбоз, эмболия, ота кезінде қысылып қалу)

- 2-жақты реноваскулярлы ауруы бар науқастар ААФт қабылдаса

- Холестериндік эмболия

- Бүйрек венасының тромбозы

- Түйінді периартериит

Майда қантамырлардың аурулары:

- Гемолитико-уремиялық синдроммен (ГУС) немесе тромботикалық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП) кезіндегі тромботикалық микроангиопатия (ТМА)

- Атероэмболиялық ауру

- Склеродермия кезіндегі бүйрек кризі

- Қатерлі гипертензия

- Жүкті әйелдердегі ТМА (ГУС, ТТП және HELLP-синдромы – гемолиз, бауырлық ферменттердің белсенділігі жоғарлауы, тромбоциттер мөлшерінің азаюы).


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал