Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жалпы сұрақтар. 1. Әсері күшті улы заттарға мінездеме






1. Ә сері кү шті улы заттарғ а мінездеме.

2. Химиялық қ ауіпті нысандағ ы авариялар.

Ә сері кү шті улы заттарғ а мінездеме. Мұ ндай нысандарғ а, бірінші кезекте, қ орғ аныстық, химиялық, мұ най ө ндейтін, целлюлозза – қ ағ аз ө ң діретін кә сіпорындар, тамақ ө неркә сібі жә не басқ а бірқ атар салалар жатады. Қ атты ә сер ететін химиялық заттар деп шаруашылық мақ сатында қ олданлатын жә не ә ртү рлі бұ зылғ ан немесе зақ ымданғ ан технологиялық сыйымдылық тардан, қ оймалардан жә не кұ рылғ ылардың шығ уы кезінде адамдардың жаппай зақ ымдануын тудыратын токсинді химиялық заттар аталады.

Ө здерінің зақ ымдау қ ұ рамдарына қ арай Қ Ә УЗ (қ атты ә сер ететін улы заттар) бір текті емес.

Олардың негізгі топтастырушы белгісі ретінде адамның қ атты улануы кезіндегі жиналатын ерекше синдромының белгісі кө біне жиі қ олданылады. Осығ ан қ арап шартты тү рде, барлық Қ Ә УЗ мынандай топтарғ а бө лінеді:

· ерекше тұ ншық тырушы кү ші бар заттар (хлор, фосген, хлорпикрин);

· ерекше жалпы уландырушы кү ші бар заттар (кө міртек тотығ ы, ніл қ ышқ ылы жә не т.б);

· тұ ншық тырушы жә не жалпы уландырушы кү ші бар заттар (акрилонитрил, кү кіртті сутек, азот қ ышқ ылы жә не азот тотық тары, кү кіртті ангидрит жә не т.б.);

· нейротропты улар (кү кірт кө міртегі, тетаэтил-қ орғ асын, фосфор органикалық қ оспасы);

· тұ ншық тырушы жә не нейротропты кү ші бар заттар (аммиак, гептил, гидразин жә не т.б.);

· метаболикалық улар (этилен тотығ ы, дихлорэтан жә не т.б.

Химиялық қ ауіпті кә сіпорындардағ ы аварияның зақ ымдаушы факторларының таралу ауқ ымына қ арай мынандай болып бө лінеді:

· бір жердің шең берінен аспайтын (жеке) – егер олар санитарлы-қ орғ анысты аймақ шекарасынан шық пағ ан болса;

· жергілікті – олар жақ ын арадағ ы тұ рғ ындық қ ұ рылыстың жекелеген учаскесін қ амтиды;

· аймақ тық – халқ ы тығ ыз орналасқ ан қ ала, аудан, облыстағ ы кө лемді ауданды алады.

Қ Ә УЗ – дің аудан немесе бү кіл елге ғ аламдық таралуы екі талай.

Ө рт қ ауіпті заттарды топтастыруғ а сә йкес жану мү мкіндігіне қ арай Қ Ә УЗ – ді жанбайтын, ауыр жанатын, жанатын деп бө луге болады. Қ Ә УЗ – дің кө п мө лшері оларды ө ндіретін немесе пайдаланатын кә сіпорындарда болады. Химиялық қ ауіпті кә сіпорындарда Қ Ә УЗ негізгі шикізат, аралық, жанама жә не соң ғ ы ө нім болып, сондай – ақ ерітінді жә не ө ң деу қ ұ ралы болып табылады. Бұ л заттардың қ оры сақ тау қ оймаларында (70 – 80 % дейін), технологиялық аппаратураларда, транспорттық қ ұ ралдарда (қ ұ бырлар, цистерналар жә не т.б.). Кең таралғ ан Қ Ә УЗ – ғ а хлор мен аммиак жатады. Ө ндірістің кө лемі мен концентрациясы есебінен ү лкен шамадағ ы Қ Ә УЗ – дің жиналуы болады, бұ л – айтарлық тай ық тимал қ ауіп тө ндіреді.

Қ ауіпті химиялық нысандағ ы - авария кезіндегі ү лкен қ ауіпті ә ртү рлі токсинді заттардың тө гілуі алып келеді. Авария салдарының ық тималды кө лемі Қ ХН – ның тү ріне, Қ Ә УЗ – дің тү ріне, олардың қ ұ рамына, мө лшері мен сақ тау мерзіміне, авария с ипатына, ауа райы жә не т.б. байланысты болып келеді. Мұ ң дай авария кезіндегі басты зақ ымдаушы фактор болып химиялық зақ ымдану жә не ондағ ан километрге жетуі мү мкін аймақ терең дігі жатады. Авария кезіндегі туындайтын бір ерекшелік уландырушы заттардың жоғ арғ ы концентрациясы кезінде адамдардың қ ысқ а уақ ыт ішінде зақ ымдану мү мкің дігі болып табылады. Қ ХН – ғ а авариялар жарылыстар жә не ө рттермен қ атар жү руі мү мкін.

Химиялық авариялардың саны транспорттық оқ иғ алардың салдарынан кө бейіп келеді. Бү гінгі таң да сұ йытылғ ан хлордың, тұ зды жә не кү кіртті қ ышқ ылын темір жол арқ ылы тасымалдау кө лемі артып отыр.

Ерекше қ ауіпті жоғ арғ ы токсинді заттармен су кө здерінің зақ ымдалуы тудырып отыр. Ағ атын канализация суының тө гілуі ү лкен қ ауіп тудырады. Олардың улылығ ы Қ Ә УЗ қ алдық тарына қ арағ анда анағ ұ рлым тө мен, ө здерінің кө лемі мен жиілігіне қ арай олар ү лкен зиян келтіруге қ абілетті. Ә детте канализациялық қ алдық тар адамдардың қ ысқ а мерзімде зақ ымдануына алып келмейді, бірақ мутацияны тездетіп жә не адамның имундық жү йесін ә лсіретуге қ абілетті.

Адамзат пен қ оршағ ан табиғ и ортағ а ү лкен қ ауіпті тө гілген мұ най мен мұ най ө німдері тө ндіреді. Тө гілген мұ най ө німдерінің жұ қ а қ абаты одан ауаның ө туіне кедергі жасайды. Егер мұ най ө німдерімен зақ ымданғ ан қ абат кө п мө лшерде болса, онда оның астындағ ы бү кіл тіршілік ө лімге душар болады. Сондық тан зақ ымданғ ан аумақ ты залалсыздандыру жұ мыстарын кешіктірмей жү ргізу талап етіледі.

Табиғ аттағ ы экологиялық тепе – тең діктің бұ зылуын алып келетін ө ндірістік қ алдық тар жә не басқ а да улы заттармен ауаның, судың жә не топырақ тың ластануы мен улануының қ ауіпі кем емес.

Химиялық авария – қ ауіпті химиялық заттардың шығ уы немесе тө гілуімен қ атар жү ретін, адамдардың ө лімін немесе зақ ымдануын, азық – тү ліктің, тағ амдық шикізаттың жә не ауылшаруашылық малдары мен ө сімдіктерінің, немесе қ оршағ ан табиғ и ортаның химиялық зақ ымдануын туғ ызуғ а мумкіндігі бар химиялық қ ауіпті нысандағ ы авария.

Химиялық зақ ымдану - белгілі бір уақ ыт ішінде адамдарғ а, ауылшаруашылық малдары мен ө сімдіктеріне қ ауіп тудыратын, қ ауіпті химиялық заттардың қ оршағ ан табиғ и ортада концентрация немесе мө лшер тү рінде таралуы.

Қ ауіпті химиялық заттар – адамғ а тікелей немесе жанама ә сері ауыр немесе созылмалы ауру туғ ызатын немесе олардың ө ліміне алып келетін химиялық зат.

Қ ауіпті химиялық заттың шыгарылуы – герметикалау кезінде техникалық қ ұ рылғ ылардан, қ ауіпті химиялық заттардың немесе ө німнің сақ тайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылық тардан химиялық авария тудыруы мү мкін мө лшерде қ ысқ а мерзім ішінде шығ уы.

Қ ауіпті химиялық заттардың тө гілуі – герметикалау кезінде техникалық қ ұ рылғ ылардан, қ ауіпті химиялық заттардың немесе ө німнің сақ тайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылық тардан химиялық авария тудыруы мү мкін мө лшерде тө гілуі.

Қ ауіпті химиялық нысан – қ ауіпті химиялық заттарды сақ тайтын, ө ндіретін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан, ондағ ы авария немесе қ ирау кезінде адамдардың ө лімі немесе ауылшаруашылық малдарының, ө сімдіктердің, сондай – ақ қ оршағ ан табиғ и ортаның химиялық зақ ымдануы мү мкін.

Химиялық зақ ымдану аймағ ы – белгілі уақ ыт ішінде адамдардың ө мірі мен денсаулығ ына, ауылшаруашылық малдары мен ө сімдіктеріне қ ауіп тудыратын мө лшерде немесе концентрацияда қ ауіпті химиялық заттар жайылғ ан немесе алып келінген аймақ.

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.