Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Газлифті ұңғымадағы іске қосу қысымын есептеу




 

Іске қосу қысымы деп, ұңғымадағы сұйық деңгейі сорапты-компрессорлық құбырдың башмагына жеткендегі уақыт моментіне сәйкес келетін ең жоғарғы қысымды айтамыз.

Іске қосу қысымы келесі теңдеумен анықталады

(10.9)

мұндағы h – сорапты компрессорлық құбырды сұйықтың статикалық деңгейінен төмен тереңдікке батыру тереңдігі, м; ∆h – газды айдау кезінде ығыстырылып шыққан сұйық бағанының биіктігі, м; ρж – ұңғымадағы сұйықтың тығыздығы, кг/м3; g – еркін түсу үдеуі (9,81 м/с2).

Тізбектегі сұйық көлемін және құбырдағы сұйық көлемін теңестіріп (қабаттағы сұйықты ығыстыруды есептемегендегі), яғни, Vк=Vт сақиналы кеңістік арқылы айдау кезіндегі мәнді аламыз

, (10.10)

ал орталықтан айдау кезінде

(10.11)

Мысалы:Келтірілген мәндер бойынша ұңғымаға орталық және сақиналық газ айдау кезіндегі газлифтілі ұңғымадағы іске қосу қысымының мәнін анықтау керек.Ұңғыма тереңдігіH=100м, пайдалану тізбегінің ішкі диаметрі D=150,3 мм. Ұңғымаға L=800м тереңдікке сыртқы диаметрі dн=89мм және қабырғаларының қалыңдығы δ=6,5мм болатын сорапты компрессорлы құбыр түсірілген. Ұңғыма сағасынан статикалық деңгейге дейінгі аралық Hст=400м. Мұнайдың тығыздығы ρн=850кг/м, судың тығыздығы ρв=110кг/м болғанда өнімнің сулануы В=30%. Есептеулер кезінде, сұйықтың гидравликалық кедергісін және газды айдау кезіндегі қабатқа кететін сұйықтың шығыны аз болғандықтан оны есептемеуге болады.

Ұңғымадағы сұйықтың тығыздығын анықтаймыз

.

Сорапты компрессорлық құбырды сұйықтың статикалық деңгейінен төмен тереңдікке батыру тереңдігі

h= L - Нст=400 м.

Сорапты компрессорлық құбырдың ішкі диаметрі



dвн = dн -2δ=76 мм.

Сақиналы айдауда (9.10) теңдеуін пайдаланып, ∆h=1016м; іске қосу қысымы (9.9) Рпуск =12,85 МПа мәндерін табамыз.

Сонымен берілген ұңғымада сақиналы айдау кезіндегі қысым, орталықтан айдау кезіндегі қысымнан жоғары болады екен.

Жауабы: 12,85 МПа және 1,4 МПа.

Бақылау сұрақтары:

1. Газлифті ұңғымаларды іске қосу жұмыстары қалай жүргізіледі?

2. Газлифті ұңғыманы іске қосқан кездегі сұйық деңгейі қалай орналасады?

3. Газлифті ұңғыманың жұмыс қысымы қалай анықталады?


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.005 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал