Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Газлифті ұңғымаларының конструкциялары




Нақты жағдайда газлифтілі ұңғыманың жұмысын бірінің ішіне бірі орналасқан екі құбыр жасайды, яғни ұңғымаға түсірілген бірінші (сыртқы) және екінші (ішкі) құбыр қатарын түсіру. Құбырдың сыртқы қатары үлкен диаметрлі болады (73÷102 мм) және ол бірінші түсіріледі (10.2-сурет, а).

Екі қатарлы көтергіш құбырдың басқа түріне металл шығынын азайтып үнемдеу үшін, біржарым қатарлы көтергіш құбырды қолдануға болады және ол бірінші қатардағы құбырдың соңғы жағы (башмактан төмен) кіші диаметрлі құбыр болып келеді (б-суреті). Бұл құбырдың конструкциялық металл сыйымдылығын азайтады және келетін ағынның жылдамдығын жоғарылатады, бірақ екінші қатарлы құбырдың тереңдігін арттыруға кедергі жасайды.

10.2-сурет. Газлифтілі көтергіштің схемасы:

а- екі қатарлы көтергіш; б – біржарым қатарлы көтергіш; в – бір қатарлы көтергіш; г – бір қатарлы көтергіш жұмыс тесігі бар.

 

Бір қатарлы көтергіш құбырда (в-суреті) газ құбыр аралық кеңістікпен беріледі де, газсұйық қоспасы құбыр ішімен жоғары көтеріледі. Нақты сұйық деңгейі көтергіш құбырдың башмагында тұрақталады. Сұйық деңгейі бұл жағдайда жоғарыда болмайды, себебі газ сорапты компрессорлық құбырға берілмейді және ол башмактан төмен де болмайды, себебі ол жағдайда сорапты компрессорлық құбырға сұйық келмейді. Бір қатарлы құбырда батырылу және сұйықтың динамикалық деңгейі болмайды, ал көтергіш құбырдың башмагындағы гидростатикалық қысымы газ қысымымен алмастырылады. Сонымен қатар в-суретінде ұңғымаға жалғанған пьезометр (4) көрсетілген. Осындай пьезометрде жұмыс қысымына сәйкес келетін нақты динамикалық деңгей қалыптасады. Бір қатарлы көтергіштің кемшілігі, түп пен башмак аралығында келетін ағынның жылдамдығының төмен болуы және түсіру тереңдігі газдың жұмыс қысымымен, сұйықты алумен және ұңғыманың өнімділік коэффициентімен анықталады. Бірақ та, құбырды түсіруде немесе тереңдікті өзгертуде оңай болады. Соған байланысты бір қатарлы көтергіш құбырдың – жұмыс тесігі бар түрі де кездеседі (г-суреті). Керекті диаметрлі бір қатарлы құбыр ұңғыма түбіне дейін түсіріледі, бірақта ол башмактың (сорапты компрессорлық құбырға газ енетін жер) орналасатын өлшенген тереңдігіне дейін түсіріледі және оған 5÷8 мм-лік екі-төрт тесігі бар жұмыс муфтасы орнатылады. Тесіктердің қимасы керекті мөлшердегі газ көлемін өткізе алатындай болуы қажет.



Құрамы мен жинақталуына байланысты газлифтілі қондырғылар екі түрге бөлінеді:

- ашық түрдегі қондырғы (қосу клапаны бар немесе жоқ, пакерсіз сорапты компрессорлық құбыр тізбегі);

- жабық немесе жартылай жабық түріндегі қондырғы (қосқыш клапаны, кері клапаны және пакері бар сорапты компрессорлық құбыр тізбегі).

Ұңғымаға газды беру бағытының тәуелділігіне байланысты сақиналы және орталықтан газ беру жүйесі болып бөлінеді. Бірінші жағдайда сығылған газ құбыр аралық кеңістікке беріледі, ал газсұйық қоспасы құбырдың орталық тізбегімен көтеріледі. Бұл жүйе сақиналы деп аталады. Ал екіншісінде, сығылған газ орталық құбыр тізбегімен беріледі де, ол орталықтан газ беру деп аталады.



 

Бақылау сұрақтары:

1. Екі қатарлы көтергіш құбырдың басқа түрлерінен айырмашылығы қандай?

2. Металл шығынын азайтып үнемдеу үшін қандай көтергіш құбырлар қолданылады?

3. Құрамы мен жинақталуына байланысты газлифтілі қондырғылар қалай бөлінеді?

 

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал