Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Рғақ үлгідегі барий(ІІ) және сульфат- иондарын гравиметрлік әдіспен анықтау.






Бұ л ә діс сульфат иондары барий иондарымен ә рекеттесіп, суда нашар еритін кристалды BaS04 тұ нбасының тү зілу қ асиетіне негізделген:

ВаС12 + Na2S04 → BaS04 + 2NaCl

ЕК(BaS04)=1, 1∙ 10— 10. Барий сульфаты жоғ арғ ы температурағ а тө зімді болғ андық тан оның тұ нбағ а тү сетін жә не гравиметрлік формалары бірдей болады. Барий сульфаты ұ сақ кристалдар қ ұ руғ а бейімді, сондық тан тұ ндыру кезінде ірі кристалдардың тү зілуіне ерекше ұ қ ыптылық пен қ олайлы жағ дайды жасауды кажет етеді.

Тұ ндыруды ыстық ерітінділерді ақ ырындап араластыра отырып жү ргізеді. BaS04 ерігіштігін арттыру ү шін ерітіндіге шамалы тұ з қ ышқ ылын қ осу қ ажет.

Реагенттер:

ВаС12 ∙ 2Н20, 5% ерітіндісі,

HС1, 2М ерітіндісі,

AgN03, 1% ерітіндісі.

Анық тау жолы. Барий сульфатын тұ ндыру. Қ ұ рамына еритін сульфаттар кіретін анализденетін ерітіндіні 300 мл-лік жоғ ары температурағ а тө зімді стаканғ а қ ұ яды. Осы стаканғ а 140 мл дистилденген су, 2-3 мл НС1 қ ү йып ерітіндіні қ айнағ анғ а дейін қ ыздырады. Басқ а 100 мл-лік стаканғ а 25 мл 5%-ті ВаС12 ∙ 2Н20 тұ ндырғ ыш ерітіндісін қ ұ яды. Тұ ндыруды ақ ырындап жү ргізеді, ол ү шін барий хлоридын зерттейтін ерітіндіге тамшылатып қ осып, шыны таяқ шамен араластырып отырады (стаканның тү біне жә не қ абырғ асына тигізбей).

Тұ нба стаканның тү біне жиналғ ан соң, оның толық тү скендігін бірнеше тамшы тұ ндырғ ыш қ осу арқ ылы тексереді. Ерітіндідегі тұ нба кемеліне жетіп, толық тұ нбағ а тү су ү шін келесі сабақ қ а дейін қ алдырады (тұ нба ескіру ү шін).

Тұ нбаны сү зу, жуу, қ ыздыру. Тұ нба тығ ыз сү згі (кө к тү сті белгілі) арқ ылы сү зіледі. Сонан кейін оны дистилденген сумен (хлорид иондары жоғ алғ анша) жуу керек. Қ ү йғ ышты сү згішпен бірге шамалы кептіру ү шін кептіргіш шкафқ а салады. Сонан соң тұ нбаны сү згішпен коса алдын-ала тұ рақ ты массағ а келтірілген тигельге салып 900°С температуралы муфельді пеште кү йдіреді. Бірінші рет тигельді бір сағ ат кү йдіреді, содан соң пештен алып, суытып, ө лшейді. Екінші рет муфельде 30 минут ұ стайды да суытып тағ ы ө лшейді. Осы екі жағ дайда ө лшеген тигельдің массасы бірдей болмаса, ү шінші рет тигельді пеште 20 минут кү йдіріп ө лшейді.

Ө лшеу мә ліметтері:

1. Тигельді тұ рақ ты массағ а жеткізу.

Бос тигельді 900°-1000°С температуралы муфельді пеште тұ рақ ты

массағ а дейін кү йдіреді.

Бос тигельдің массасы (mтигель)

1-ші ө лшеу — ________

2-ші ө лшеу — ________

2. Барий сульфаты тұ нбасын ө лшеу нә тижесі:

а) Тигельдің BaS04-neн массасы (mтигель + mBaSO4 )

1-ші ө лшеу — ________

2-ші ө лшеу — ________

б) BaS04-тiң массасы (m BaSO4)

(mтигель + mBaSO4 ) — (mтигель) = _________

1. Сульфаттың (барийдің) массасын есептеу:

Сульфаттардың мө лшерін граммен алып мына формуламен есептейді:

m(S04) = m(BaS04 ) ∙ Mr(SO4)/ Mr(BaS04) = m(BaS04 ) ∙ F

Мү нда m(BaS04) — тұ нбаның массасы,

F = Mr(SO4)/ Mr(BaS04) — гравиметрлік фактор (немесе қ айта есептеу

факторы), ол анық талатын компоненттің салыстырмалы молекулалық массасы мен гравиметрлік формасы қ атынасымен стехиометриялық коэффициенттер есепке алынып анық талады.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.