Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сотқа дейінгі тергеудің нысандары. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу.






189-бап. Сотқ а дейінгі тергеп-тексеру нысандары

1. Сотқ а дейінгі тергеп-тексеру анық тау, алдын ала тергеу нысанында жә не хаттамалық нысанда жү ргізіледі.
2. Анық тау нысанындағ ы сотқ а дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 191-бабының екінші – он екінші бө ліктерінде кө рсетілген қ ылмыстар бойынша қ ылмыстық қ удалау органы жү ргізеді.
3. Алдын ала тергеу нысанындағ ы сотқ а дейінгі тергеп-тексеру осы Кодекстің 32-бабының екінші бө лігінде кө рсетілген қ ылмыстық қ ұ қ ық бұ зушылық тар туралы істерді қ оспағ анда, осы Кодекстің 187-бабында кө рсетілген қ ылмыстар бойынша, кә мелетке толмағ андар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты ө зінің қ орғ алу қ ұ қ ығ ын ө здері жү зеге асыра алмайтын адамдар жасағ ан барлық қ ылмыстық қ ұ қ ық бұ зушылық тар бойынша, сондай-ақ қ ылмыс жасады деп кү дік келтірілген адам белгісіз болғ ан анық тау істері бойынша жү зеге асырылады.
4. Анық тау органының бастығ ы қ ылмыстық теріс қ ылық тар туралы істер бойынша, осы Кодекстің 526-бабында белгіленген мерзімдерде іс бойынша дә лелденуге жататын мә н-жайлардың толық жә не жан-жақ ты анық талуын қ амтамасыз ету мү мкін болмағ ан жағ дайда, бір тә улік ішінде прокурорды хабардар ете отырып, анық тау тағ айындауғ а қ ұ қ ылы.
5. Анық тау органының бастығ ы осы Кодекстің 192-бабының екінші бө лігінде белгіленген мерзімде істің мә н-жайының жеткілікті жә не толық зерттелуін қ амтамасыз ету мү мкін болмағ ан жағ дайларда да алдын ала тергеу жү ргізуді тағ айындауғ а қ ұ қ ылы.
6. Қ ылмыстық қ удалау органы осы Кодекстің 191-бабының он алтыншы – жиырма тө ртінші бө ліктерінде кө зделген қ ылмыстық теріс қ ылық тар бойынша хаттамалық нысанда сотқ а дейінгі тергеп-тексеруді жү ргізеді.

190-бап. Сотқ а дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру

1. Хаттамалық нысандағ ы істерді қ оспағ анда, сотқ а дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тә ртіппен аяқ талуы мү мкін.
2. Онша ауыр емес жә не ауырлығ ы орташа қ ылмыстар, сондай-ақ ауыр қ ылмыстар бойынша, егер жиналғ ан дә лелдемелермен қ ылмыс фактісі мен оны жасағ ан адам, оның ө з кінә сін толық мойындағ аны, келтірілген залал (зиян) мө лшерімен (сомасымен) келіскені анық талса, бұ л жө нінде кү діктіні хабардар ете отырып жә не оғ ан бұ л шешімнің қ ұ қ ық тық салдарын тү сіндіре отырып, сотқ а дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жү ргізілуі мү мкін.
3. Сотқ а дейінгі жеделдетілген тергеп-тергеу он бес тә улік ішінде аяқ талуғ а тиіс.
4. Сотқ а дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру кезінде сотқ а дейінгі тергеп-тексеруді жү зеге асыратын адам жасалғ ан қ ылмыстық қ ұ қ ық бұ зушылық тың мә н-жайларын анық тайды жә не кү діктінің оны жасауғ а қ атысқ анын растайтын дә лелдемелерді жинайды.
5. Сотқ а дейінгі тергеп-тексеруді жү зеге асыратын адам тек нә тижелері қ ылмыстық қ ұ қ ық бұ зушылық іздерін жә не кү дікті, айыпталушы кінә сінің ө зге де дә лелдемелерін ресімдейтін тергеу ә рекеттерін жә не ө зге де процестік ә рекеттерді ғ ана жү ргізуге қ ұ қ ылы.
6. Сотқ а дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру:
1) олардың ішінде біреуі болса да аса ауыр болып табылғ ан жағ дайда, қ ылмыстық қ ұ қ ық бұ зушылық тардың жиынтығ ына қ атысты;
2) сот ісі жү ргізілетін тілді білмейтін адамдарғ а қ атысты;
3) қ ылмыстық қ удалаудан артық шылық тары мен иммунитетi бар адамдарғ а қ атысты;
4) қ ылмыстық қ ұ қ ық бұ зушылық қ а сыбайлас қ атысушылардың біреуі болса да ө з кінә сін мойындамағ ан жағ дайда;
5) кә мелетке толмағ андар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты ө зінің қ орғ алу қ ұ қ ығ ын ө здері жү зеге асыра алмайтын адамдар жасағ ан қ ылмыстық қ ұ қ ық бұ зушылық тар бойынша қ олданылмайды.
7. Прокурор сотқ а дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру аяқ талғ аннан кейін айыптау актісімен бірге қ ылмыстық істі ала отырып, ол бойынша ү ш тә уліктен кешіктірмей мына ә рекеттердің бірін жү ргізеді:
1) айыптау актісін бекітеді жә не қ ылмыстық істі сотқ а жібереді;
2) істі анық тау не алдын ала тергеу жү ргізу ү шін жібереді;
3) жекелеген кү діктілерге қ атысты сотқ а дейінгі тергеп-тексеруді немесе қ ылмыстық қ удалауды тоқ тату туралы қ аулы шығ арады.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.