Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шәмшінің арақты қоюы






Сө зде сиқ ыр бар, ал ө лең де даналық бар. Пайғ амбарымыз Мұ хаммед (с.ғ.с)

Шә мшінің мол арманының бірі – Кө кшетауғ а барып, ө зі қ ұ дайдай табынатын Ақ ан-серінің басына тауап ету болатын. Ауылды жерде ө сіп, қ азақ и ырымғ а қ атты сенетін ол, қ анша бө сіп жү ргенмен жасы ү лкендердің алдында еш ә бестік кө рсеткен емес. Сондық тан да ол ішер арағ ын Алматыда ішіп алды да, Ақ анның ауылына сап-сау боп барды.

Ақ ан-серінің бейіті «Терең кө лдің» дә л жағ асында. Кө лге тө нген ну орман бейітке тым тақ ала бермей, жағ адан сә л қ ашығ ырақ та. Ағ ашты мекендеген қ ұ стар да тым жақ ындай бермей, жағ адан сә л қ ашығ ырақ та. Кө л бетінде жыбырлағ ан толқ ындардың шуылы бұ л жерде білінбейді. Мола басы тып-тыныш. Бар ө мірі серілікпен, думанмен, қ уғ ынмен ө ткен Ақ ан осы жерде мә ң гілік тыныштық тауыпты.

– Ассаламуалейкум, асыл ағ а, ақ ын ағ а! – деген Шә мші, Аманкелді, Еркештердің дауыстары бірдей шық ты.

Мола бұ ларғ а байсалды ү нсіздікпен жауап бергендей болды.

– Ағ а алыстан келді... Сенің басың а келіп, басымды иіп, тізе бү ккелі келдім, – деді Шә мші даусы дірілдей шығ ып.

Мола тағ ы да ү нсіздікпен қ абыл алды.

– Алыста жү рсе де, сені ешқ ашан есінен шығ армағ ан, сенің ә руағ ың а шын пейілмен бас иген балаң ның ақ жү ректен шық қ ан сә лемін қ абыл ал, ағ а! – деді Шә мші.

Мола тағ ы да ү нсіздікпен қ абыл алды.

– Балалар, тізе бү гің дер, Қ ұ ран оқ ып жіберейін, – деген дауыс сә л бә сең, сә л тарғ ылданып шық ты осы кезде олардың ту сыртынан.

Бұ лар жалт қ арағ ан еді. Бә кене бойлы, шағ ын денелі қ ара шал тізерлеп кетті де, «ағ узубилланы» ағ ыта жө нелді. Шал ү ніне қ ұ лақ салсаң ыз, ол Қ ұ ран емес, ә н. Бұ ларғ а тү сініксіз болғ анмен, қ ұ лақ қ а жағ ымды естілетін бейтаныс сө здер тың дағ ан адамды тыныштық қ а, бейілдікке шақ ырғ андай болады. Қ ұ ранның ү н ырғ ағ ына тең селіп отырғ ан шалдың не бағ ыштап, не жоқ тау айтып отырғ анын ажырата алмайсыз, – екеуі де бар.

– Мен мына жатқ ан иманды болғ ыр серінің моласының шырақ шысымын. Ата-жө нім Лекеров Мә жит. Биыл сексеннің екеуіндемін, – деді шал Қ ұ ран оқ ып болып.

Шә мші барып қ ол алды.

– Сері қ айтыс болғ анда мен он сегіз жастағ ы қ ылшылдағ ан жігіт едім. Сері мына біздің ауылдағ ы ә пкесінің ү йінде жатып, қ ысты кү ні дү ние салды. Жер тоң болатын. Оны ойып, мола қ азуғ а біздерді жіберді.

Шә мші бейітке жалт қ арағ ан еді, цемент тұ ғ ырда «Ақ ан-сері Қ орамсақ ұ лы, 1840 – 1910 жылдар» деген жазу бар екен.

– Мына тас серінің басына ү шінші рет орнатылып отыр. Бұ дан бұ рын ағ аштан салынғ ан екі белгі мына тө ң іректегі орман ө ртенгенде от тиіп, бірге ө ртеніп кетті, – деді шал сө зін жалғ ап.

– Бұ л ауылда Серіні жерлегендерден қ азіргі кө зі тірісі – жалғ ыз мен. Бейіттің қ асынан жаман ү й салып алып, Серінің басына шырақ жағ ып отырмын. Ол кісіні кө зі тірісінде қ атты силаушы едім, енді ө лгенде де борышымды атқ арып отырмын. Мен кө з жұ мғ ан соң, кімнің шырақ жағ атынын білмедім.

Шалдың даусы тебірене шық ты да, ол дауысқ а Шә мшінің жү регі кү ң ірене ү н қ атты. Арманда кеткен асыл ағ асының кө зін кө ріп, оның ә нін ө з қ ұ лағ ымен естіп, оны ө з қ олымен жерлеген адамды кө ргенде Шә мшінің кө зі бірден бұ лдырап, аспан бірден алыстап, дү ние ә рлі-берлі тең селіп кеткендей болды... Ол мола басына етпеттеп жата қ алды да, бейітті қ ұ шақ тағ ан кү йі ең іреп жылап қ оя берді.

Жылаудың да жылауы бар, достарым. Біреулер ө кініштен, екінші біреулер сағ ыныштан жылайды. Біреулер ұ рлатқ ан дү ниесін азалап, тағ ы біреулер жоғ алтқ ан асылын іздеп жылайды... Ал, Шә мші ешқ ашан орны толмас жә не ешқ ашан қ айталанбас ерекше дарын иесінің жығ ылғ ан туын ә рі қ арай кө теріп ә кете алам ба, деп жылады, достарым!

Осы кезде, о ғ ажап, ә лдекімнің:

– Уа, Шә мші, бұ л – сенбісің? – деген дауысы дә л қ асынан естілді.

Шә мші шапшаң басын кө теріп, жалт қ арағ ан еді, мола басында ешкім жоқ, жалғ ыз ө зі. «Бұ л бір ә ншейін елегізу» деген ой кірген Шә мші ең кейген еді. Ә лгі дауыс қ айтадан естілді.

– Уа, Шә мші, кө тер басың ды, тұ р орның нан. Тірі адамның ө лгеннің жоғ ын емес, тіршіліктің қ амын ойлағ ан абзал.

Шә мші тағ ы да жалт қ арағ ан еді, дә л қ асында буалдыр тұ ман арасында тұ рғ ан секілденіп, тек сү лебесі кө рінген ә лдекім тұ р.

– Ақ ан... Ақ ан ағ а! – деп айқ айлап жіберді Шә мші.

– Иә, бұ л – мен. Сен шын жыладың. Мен сонсын келдім.

Шә мші орнынан елбең деп тұ рамын деп, тә лтіректеп қ ұ лап қ ала жаздады.

АҚ АН: Қ имылың да кібіртік бар. Сен мұ ндай осал ма едің, Шә мші?

ШӘ МШІ: Адам туа осал болмайды. Оны ө мір осал етеді, Ақ ан ағ а.

АҚ АН: Сен, немене, ө мірің е ө кпелісің бе?

ШӘ МШІ: Жоқ, ағ а. Ризамын ө мірге. Мағ ан ә ннен қ анат бітірді. Мен ә нді ө міріме серік еттім, сө йте тұ ра, қ орқ амын. Тә лтіректейтінім сондық тан.

АҚ АН: Неге олай дейсің, Шә мші? Неден қ орқ асың?

ШӘ МШІ: Ә німнің ғ ұ мыры ұ зақ қ а бармай ма деп қ орқ амын. Ә н-жырымды келер ұ рпақ есіне алмай ма деп қ орқ амын.

АҚ АН: Кезінде бә ріміз де содан қ орық қ анбыз. Ә р ә ншінің басында бола беретін нә рсе ол.

ШӘ МШІ: Жоқ! Жоқ! Басқ адан, басқ адан қ орқ амын мен! Мен тү гілі, сенің де ә ндерің ді бажылдақ ү нмен басып кететін басқ а бір барылдақ тан қ орқ амын.

АҚ АН: Екеуміздің заманымыз екі бө лек. Мен сені тү сінбедім.

ШӘ МШІ: Мойнына домбыра орнына гитарасын асып алып, сақ алы желкілдеп, ұ зын шашы қ обырап, тілі кү рмелтіп, ү ні тұ ншығ ып, безгек болғ ан кісідей қ алтырап, шө жедей шырылдағ ан жастарды кө ргенде мен де бар дү ниеден тү ң іліп, айдалағ а безіп кетем. Болашағ ымнан, болашағ ымнан қ орқ ам, Ақ ан ағ а!

АҚ АН: Арақ ты сондық тан ішеді екенсің ғ ой?

ШӘ МШІ: Жо... Жоқ... Жоқ -жоқ... Арақ ты ө мірдің азабынан ішемін. Ү немі сыбағ амнан қ ағ ылам... Кө зіме мақ тап, сыртымнан тас атады... Ә нім самғ ағ ан сайын жолым кесіледі... Ө рге жетелеген болып, білдірмей кө рге сү йрегендер ішпесіме қ оймайды, Ақ ан ағ а!

АҚ АН: Болмадың Шә мші! Болмадың. Мен сені мық ты деп білетін едім.

ШӘ МШІ: Арсыздық ү стем алғ ан, аяушылық ты білмеген бұ л ө мір менен де мық ты Ә блахатты, менен де биік Мұ қ ағ алиды ә кетті. Кезек мағ ан да тақ алды. Мен мұ ң ымды шағ а, қ оштасқ алы келдім ағ а!

АҚ АН: Жоқ, қ оштаспаймын. Ел-жұ ртың а айтар ә нің ді айтып болғ ан жоқ сың. Ә нің асқ ақ тап тұ рғ анда, мұ ндай осалдық ты ұ мыт сен. Батам сол, кү ресе біл. Жығ ылсаң жер кө тереді, тек ә нің қ ұ лдырамасын... Қ ызғ аншақ тар тү ң іліп – ө здері ішсін. Ә умин!

Осыны айтты да Ақ ан сү лебесі ғ айып болды. «Ақ ан ағ а!» деп айқ айлап Шә мші қ алды. «Бұ л не? Ө ң ім бе, тү сім бе?» деп, ө зіне келе алмай біраз тұ рды. «Ойбай-ау, мен неге кү йінем? Мен неге тү ң ілем? Ә нім шырқ ағ ан шақ та неге ішем?», – деген даусы қ атты шық ты... Шә мші Ақ ан-серінің ауылынан арақ деген аурудан мү лдем арылып қ айтты.

Бұ л 1977 жылдың кө ктемі болатын.

Шә мші осыдан соң ө мірінің ақ ырына дейін арақ атаулыны аузына алмай-ақ кетті. Ол Кө кшетауғ а барғ андағ ы тағ ы бір шаруасы – сондағ ы психиатр-дә рігер досы Аманкелді Сұ рағ ановтың қ арамағ ында болып, арақ тан емделу еді. Бірақ, аяулы ағ асы Ақ ан-серінің ә руағ ы оны еш қ андай ем-домсыз-ақ айық тырып жіберді. Шә мші «Терең кө лге» барғ анда, оның қ асында болғ ан ақ ын Еркеш Ибраһ им бұ л ғ ажап оқ иғ а жө нінде ө лең -новелла жазғ ан-тын. Ал, Ақ ан-серінің моласындағ ы шырақ шы қ артпен Шә мші одан соң жолық қ ан жоқ. Бірақ, ө мірінің ақ ырына дейін сол қ артпен бірге суретке тү спедім-ау деп ө кінумен ө тті...

Оразбек Бодық ов: «Шә мші Қ алдаяқ ов хикаяттары», – Қ азақ стан Жазушылар одағ ының «Шабыт» баспасы – Республикалық «Дә уір» газет-журнал баспасы Алматы, 1992. 52 бет.

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.