Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ежелгі Грекия тарихының негізгі кезеңдері, оның жалпы сипаттамасы.




Ежелгі Грекия тарихы Ежелгі Шығыс елдерінің тарихымен бір мезгілде және өте тығыз байланыста дамыды. Мемлекеттіліктің алғашқы ошақтары б.э.д. ІІІ м.ж. Балқан жартыаралының оңтүстігінде және оған жақын аралдарда пайда болды. Ежелгі Грекияда мемлекеттіліктің қалыптасуы полистің, жаңа әлеуметтік-саяси ұйымдардың пайда болуымен байланысты болды. Жерге және дүние-мүлікке жеке меншік орнады. Жер иелену құқы әрбір тұрғынның қауымда азаматтық қауымға қатынасына байланысты болды. Бірақ, азаматтық қауымда жер еркін айналымда болды. Бұл тауар-ақша қатынастарының жедел қарқынмен дамуына жол ашып, оның нәтижесінде экономикалық өрлеу жүзеге асты.

Антик дүниеде ежелгі Шығыс қоғамдарынан өзгеше қанау формалары, әлеуметтік құрылымдар мен саяси ұйымдар орын алды. Экономикалық жағдай мен сыртқы саяси факторлардың ықпалымен Шығыс тарихында деспоттық билік басымырақ рөл атқарса, ал Грекия мен Римдегі өзгеше тарихи жағдайлар республикалық саяси формалардың дамуына алып келді. Жаппай қанау мен жергілікті халықты құлға айналдырудың болмауы және Шығыспен салыстырғанда қоғамдық өмірде діннің аса зор рөл атқармауы мәдениеттің дамуына жол ашты. Осылайша, алғаш рет экономика, саясат, әлеуметтік құрылым, мемлекет, құқық, мәдениет салаларында жаңа қатынастар пайда болып дамыды және де жаңа концепциялар, түсініктер мен идеялар қалыптасып, Еуропалық өркениеттің негізін қалады.

Ежелгі Грекия тарихы төмендегі кезеңдер бойынша қарастырылады:

1. Эгей өркениеті немесе крит-микен дәуірі (б.э.д. ІІІ-ІІ м.ж.).

2. Б.э.д. ХІ-ІХ ғ.ғ. Греция.

3.Архаикалық кезеңдегі Греция (б.э.д VІІІ-VІ ғ.ғ.)

4. Классикалық кезеңдегі Греция (б.э.д. V-ІV ғ.ғ.)

5. Эллинистік кезеңдегі Греция (б.э.д. ІV ғ. ІІ жарт.-І ғ. ортасы).

Ежелгі Рим тарихы – ежелгі дүние тарихын қорытындылайтын, құл иеленушілік құрылыс дамуының ең жоғарғы сатысы болып табылады. Рим республикасы б.э.д. ІІ ғ. ортасында Италияда қалыптасқан қуатты мемлекет болды. Ол Апеннин жартыраралында өмір сүрген халықтар мен тайпаларды өзіне қаратып, Жерорта теңізі өңіріндегі мемлекеттердің ішіндегі аса күшті мемлекетке айналды. Б.э.д. І ғ.-б.э. ІІ ғ. Рим бүкіл Солтүстік Африканы, Еуропаның басым бөлігін және Алдыңғы Азияның елдерін бағындырды және аса үлкен держава құрып, шамамен 500 жыл уақыт өмір сүрді.



Ежелгі Рим тарихын төрт кезеңге бөліп қарастырамыз:

1. «Патшалық кезең» (б.э.д. VІ ғ.) және ерте Рим республикасы кезеңі (б.э.д. V-ІV ғ.ғ.)

2. Кейінгі Рим републикасы (б.э.д. ІІ-І ғ.ғ.) және ерте империя кезеңі (б.э. І-ІІ ғасырлары)

3. Жалпы құлиеленушілік құрылыс дағдарысы мен Рим империясының саяси дағдарысы кезеңі (б.э. ІІІ ғ.)

4. Құлиеленушілк құрылыстың дағдарысының тереңдеуі (б.э.ІV-V ғғ.).

3. ХІХ-ХХ ғасырлардың археологиялық зерттеулері ғылым үшін Грекия тарихының ежелгі кезеңін-Крит-Микены Грекиясын ашты. Археолог Г.Шлиман ежелгі Троя деревнясы тұрған жерде қазба жұмыстарын бастады. ХІХ ғ. 70 жылдарында ежелгі Трояның қираған қалдықтарын ашты, ал бұдан кейін Микены мен Тиринфте қазба жұмыстарын жүргізді. Ағылшын археологы А.Эванс ХІХ ғ. соңында ХХ ғ. басында Крит аралында қазба жұмыстарын жүргізіп, б.з.б. ІІІ-ІІ м.ж. өмір сүрген Криттің ғажайып мәдениетін ашты.



Біздің ғасырымыздың 30 ж. бастап, оңтүстік Грекияның батысында ежелгі қала Пилостың орнында сарайдың қалдығы, «сызық» жазумен орындалған микены жазбаларының үлкен мұрағаты табылды.

Архаикалық және классикалық Грекия Афины, Олимпия, Дельф аудандарындағы грек қалалары мен некрополдар қазбаларының негізінде зерттелді. Археологиялық зерттеулер эллин дәуірін қайта қалпына келтіруде өте көп жұмыс істеді. Ежелгі Пергам қазбалары ерекше маңызды болды. Ірі қазба жұмыстары сондай-ақ, Месопотамия территориясында, Грекияның өзінің, Кипрдің, Италияның және Кіші Азияның түрлі аймақтарында жүргізілді.

Кеңестік кезеңде елдің оңтүстігінде грек қалаларының, жергілікті ежелгі халықтар қалалары мен елді мекендерінің қазба жұмыстары жүргізілді. Мысалы, Боспор археологиялық экспедициясы Боспор патшалығының территориясындағы бұрын белгісіз болып келген: Тиритаку, Мирмекий, Илурат т.б. қалаларды тапты. Қазіргі Керчьтің территориясында – Пантикопейде Боспор патшалығының астанасын аршу жұмыстары жүргізілді. Солтүстік Кавказ жағалауындағы: Фанагория, Патрей, Горгиппия және Кепы қалалары да зерттелді. Меоттардың ірі қаласы Танаисті зерттеуде табылған қазбалар грек тұрғысынан алғанда да, жергілікті тұрғыдан алғанда да өте маңызды материалдар берді.

Жерорта теңізі жағаларында орналасқан елдерде Рим құрылыстарының орасан көп қалдықтары сақталған.

2.Тайпиндердің шаруалар соғысы. Тяньго тайпиндер мемлекетінің құрылуы.Шетелдік басқыншылар келер қарсаңында феодалдық Қытайдың дағдарыс тереңдеді. XIX ғ. 1-ші жартысында Қытайда ондаған шаруалар көтерілісі кейбір аймақтарда өршіді. Қытайға ағылшындардың жүн, мақта, маталарының әкелінуі 1842-18445жж. 3,5 есе артты. Бұл жергелікті өндірістің дамуын кедергі келтіріп, оның көлемін қысқартты. Отаршылдар қарудың көмегімен қытай халқын Опиуммен улап, нашақорға айналдырды. Бұған Боғды хан басқарып отырған үкімет басшылығы қарсы болғанымен де елдегі феодалдық ақсүйектер мен көпестер ағылшындармен жасырын келісім шарттар жасасты. Соның нәтижесінде қытайда Англиядан әкелінене опиумның көлемі 1840-1850жж. Аралығында 2,5 есеге өсті. Жерді жалға беру өсті, күміс ақшалардың құны күшейді. Бұл салық төлейтін шаруалар мен қолөнершілерге қолайсыздық туғызды. Қытайдағы шаруалар көтеріліснің жетекшісі Хун Сюцюань болды. ОЛ Гуандун провинциясындағы шаруаның семьясында дүниеген келген еді. 1843ж деревняда мұғалімдік қызмет атқарды. Ол Гуняжауға ғылыми атақ алу үшін бірнеше рет емтихан тапсыруға келгенде, миссионерлермен танысып, христиандық негіздерін үйренеді. Ол өзін Исус Христостың кіші інісі ретінде таныстырып, жаңа діни ағымды уағыздайды. 3 манифест жазады 1.«Дүниені құтқарудың анық жолының гимні» 2. «Дүниені оятудың анық жолы жөніндегі ілім» 3. «Дүниені танудың анық жолы жөніндегі ілім» Хун Цюцюанььның негізгі идеясы- теңдікті уағыздау. Адамдар бір- біріне туыс, бірге. Ол «құдайға сиыну қоғамын құрды». Теңдік идеясы қаналушы шаруалардың күрес ұранына айналды. Гандун провинциясы мен қатар Гунси провинциясының оңт.шығыс. Таулы аймақтарлары көтерілістіғ негізгі базасына айналды. Қозғаушы күші шаруалар, кен мен кмір қазушылар, Кедейлер, көпестер, Цинь өкіметіне қарсы помещиктер де боды. 1849жылы Гуансидағы аштықтың басталуымен байланысты өкіметеке қарсы бас көтерулер өршіді. Манчжурларға қарсы күрес, кедейлер мен байлардың теңелуі негізгі ранға айналды. 1580жылы 11қаңтарда Хун Сюцзюаньнның туған күнінде Циньтянь деревеясында көтерілістің басталуы жарияланып, «Тайпин-тянго»- «ізгілікке негізделген көк тәңір мемлекеті» құрылды деп паш етті. Осы кезеңнен бастап, көрілісшілерді тайпиндер деп атайды. Тайпин мемлекеті 1851-1864жж.өмір сүрді. Тайпиндер көтерілісі жеңіліспен аяқталды. Оның негізгі себептері-1. Пролетариат қалыптасты 2. Шаруалар революциясы буржуазиялық революциямен ұласпады 3. Обьективті жағдайлар пісіп жетілмеді 4. Халықтың жағдайы да қолайсыз болды. Англия, Франция, Ақш- таипиндерге қарсы интервенция ұйымдастырды,тайпин соғысы қытайға ұлттық капиталдың дамуына жол ашты.

3.Мектептегі Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен құрылымы. Тарих - орта мектепте оқытылатын қоғамдық пәндердің бірі. Тарихсыз қоғам, халық, мәдениет болуы мүмкін емес. Бірақ сол тарихтың өз шындығымен сақталмауы, тарихтың шындығын адамдардың білмей жатуы әбден мүмкін екендігіне көз жеткізді. Сондықтан оның бәріне де талдау жасау қажеттілігі туып отыр.

Қазіргі кезеңде Республикамыздың орта мектебінде Қазақстан тарихының оқу материалының мазмұнын пайдаланып, оқушыларды азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде мектепте тарихты оқытудың маңызы зор.

Өз кезегінде әрбір оқушы Қазақстан тарихы пәнін оқып - үйренудің қоғам үшін де қажет екенін түсінуі тиіс. Өйткені бұл пән бүкіл адам баласы басынан кешкен тарихпен таныстыра отырып, ілгері даму үшін, келешекті болжау үшін аса қажет. Тарих – ерекше пән, ол барлық негізгі ғылымдардың да тарихын оқытып үйретеді .

Тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының әртүрлі кезеңдерінде өзгеріп отырды. Кеңестік кезеңге дейінгі мектептерде тарихты оқытуда көптеген объективтік жетістіктер болғанымен, оның мазмұнында ұлыорыстық шовинизм, ұлыдержавалық астамшылық басым болды. Қазақстандағы мектептердің өзінде Қазақстан тарихына қатысты мәселелер оқытылмады. Кеңестік кезеңде тарих пәнінің мазмұнында жоғарыда аталған саяси белгілер коммунистік, таптық сипат алды.

Кеңес еліндегі одақтас республикалардың көпшілігінің мектептерінде сол республиканың ұлттық тарихы жұртшылықтың талап етуімен 1958-1959 оқу жылынан бастап қана оқытыла бастады. Оның өзінде арнайы сағат бөлінбей, КСРО тарихына бөлінген уақыт есебінен, соның құрамында оқытылды.

Негізінен кеңестік дәуірдегі республика мектептерінде Қазақстан тарихы пәні факультативтік деңгейде ғана оқытылды. Белгілі тарихшы Е.Бекмаханов жазған оқулық отыз жылдай қолданымда жүрді. Оның көлемі де 6-7 баспа табақтан аспай, отандық тарихты тым үстірт баяндады. Бұл сол кезеңдегі замана тәртібіне сай болды.

Республикамызда 1990 жылдан бастап халық ағарту саласында үлкен өзгерістер болып, Қазақстан тарихы мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы ел азаматтарына Отан тарихын оқытып үйретуге ерекше мән беріліп отыр. Бұл маңызды істің бастаушысы да, үлгі көрсетушісі де ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өзі болып келеді. Ол іргелі еңбектеріне қоса жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде де тарихтың маңызын баса көрсетіп отырады.

Тарихты оқу деген «бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз? Деген төңіректе ойласын деген сөз. Бұл - әрбір азамат туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз.

Бұл - әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз» - деп айтқан.

Осыған орай бүгінде Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты - ежелгі дәуірден бастап бүгінгі кезеңге дейінгі қазақ елінің тарихи даму жолы, қазақ халқы тарихының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оның дүниежүзілік өркениеттілік үрдісінде, Орта Азия елдері жүйесінде алатын орны мен атқаратын рөлі туралы білім негіздерін меңгерту, нақтылы оқиғалармен таныстыру, студенттердің рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыра отырып, халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрметін дамыту. Қазақстан тарихы материалдары жастарды жоғары саналыққа, ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеуде де зор рөл атқарады.

Осы мақсатқа сәйкес курсты оқытудың негізгі міндеттері:

-халқымыздың тарихын жастардың зердесіне құйып, оларды осы тарихтың тағлымымен таныстыру;

-қазақ жерін ежелгі уақыттардан бері мекендеген халықтардың шежіресін, көптеген мыңжылдықтар бойы тарихта кездесетін мемлекеттердің тағдырын, Қазақстан тарихының орта ғасырлардағы, жаңа және қазіргі заман кезеңдеріне қатысты күрделі және қарама қайшылығы мол тақырыптарын зерттеу;

-қоғамның дамуы туралы ғылыми түсінік қалыптастыру;

-дүниетаным тұрғысынан адамзат өркениетінің мол байлығына қатысты пікір түю, өз халқымыздың тарихын барлап, оның мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін игеру;

-оқушыларды тарихи оқиғаларға ғылыми талдау жасап, саяси баға беруге, қорытынды жасауға, алған теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету;

-Отан тарихының сан ғасырлар бойы жойылмай бізге жеткен мол мәдени мұралары мен рухани қазынамыздың әлемдік өркениетке қосқан үлесін анықтауға, өзіндік баға беруге дайындау;

-жастарды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға бейімдеу;

-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін отансүйгіш азамат тәрбиелеу, өз Отанына адал қызмет етуге жағдай жасау;

-Қазақстан тарихындағы негізгі кезеңдерге, аса маңызды саяси оқиғалар мен ірі тұлғалы азаматтарға, елдің тарихындағы батырлар мн билерге ерекше тоқталу тарихшылар алдында тұрған міндеттердің келелісі.

Орта мектепте Қазақстан тарихын оқу барысында оқушылар білім алумен қатар белгілі бір іскерлік дағдылар мен біліктіліктерді игереді. Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдерін, ғылыми мәселелерін атау, негізгі тарихи кезеңдерінің хронологиялық шегін білу. Қазақстан тарихының негізгі ғылыми мәселелерінің зерттелу жайы, ондағы түрлі көзқарастар туралы түсінігі болуы. Қазақстан тарихының дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі екенін дәлелдей алу.

Қазақ халқының шығу тегін, этникалық тарихын, даму, қалыптасу үрдісін ашып көрсете алу.

Көшпелілер – дала өркениетінің тарихтағы орнын, дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін білу. Қазақстанның көшпелі өркениеті туралы толық түсінігі болуы.

Қазақстанда мемлекеттіліктің тууы, дамуы, қалыптасу ерекшеліктері туралы толық түсінігі болу, Қазақстан жеріндегі мемлекеттер құрылымын дүние жүзіндегі басқа да мемлекеттер құрылымымен салыстыра білу.

Қазақ қоғамының материалдық, рухани жетістіктері, оның өзіндік ерекшеліктері туралы толық түсінігі болу, сәулет өнерінің басты-басты ескерткіштерінің тарихын білу, оларға сипаттама беру. Мәдениет қайраткерлері: ғалымдар, ойшылдар, ақын-жыраулар, сазгерлер қызметін айтып бере алу. Халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, наным – сенімдері туралы толық түсінгі болу, исламның қазақ қоғамындағы орынын айтып бере алу, Ұлы жібек жолының тарихи маңызын ашып көрсете алу.

Қазақстанның Ресей империясына қосылуын, жаулап алуын, отаршылдық саясатын толық ашып көрсету, ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. қазақ-жоңғар қатынастары мен ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы басты-басты ұлт – азаттық қозғалыстарды, олардың себептерін, негізгі оқиғаларын, нәтижелері мен салдарын толық білу және оларға басшылық еткен тарихи қайраткерлердің қызметіне баға беру.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық интеллигенциясына, оның көрнекті қайраткерлерінің қызметіне сипаттама бере отырып, Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдардың, олардың бағдарламаларының мәнін ашып көрсету, «Алаш» партиясының қызметіне, оның бағдарламасына баға беру.

1917 жылғы Ресейдегі саяси, революциялық оқиғалардың Қазақстанға әсері туралы толық түсінігі болу.

20-30 жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайын, бай қожалықтарын тәркілеу, көшпелі шаруашылықтарды күштеп отырықшыландыру, кулактар мен байларды тап ретінде жою саясатының мәнін ашып көрсете отырып, ауыл шаруашылығының құлдырауы, шаруалар наразылықтары, 1931-1932 жылдары болған ашаршылықтың себептерін түсіндіріп беру, олардың зардаптарын анықтау.

30-жылдарда болған жаппай қуғын-сүргіннің мақсатын, оның зардаптарын ашып көрсету, оларға өз көзқарастарын білдіру.

20-30 жылдардағы мәдениет саласындағы негізгі өзгерістерді айтып бере алу, олардың маңызын түсіну.

Қазақстандағы көпұлттылықтың себептерін, түрлі тарихи кезеңдердегі ұлтаралық қатынас саясатының және демографиялық жағдайлардың мәнін ашып көрсету, патша өкіметінің қоныс аудару, Кеңес мемлекетінің жаңа аймақтарды, тың жерлерді игеру, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының көшіп-қону саясатының мәнін толық түсіну.

Қазақстан Коммунистік партиясы мен комсомолының тарихы мен қызметі туралы толық түсінігі болу.


.

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.018 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал