Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жедел медициналық жәрдем» циклы бойынша тесттер




 

1.Ауруханаға дейінгі кезеңде төменде аталғандардың қайсысы жедел медициналық жәрдем дәрігерінің міндетіне КІРМЕЙДІ:

1. Оқиға болған жерге немесе шақыртуға барынша тез жету

2. Науқас пен жәбірленушінің жағдайын тез және нақты анықтау

3. Қажетті көлемде көмек көрсету және ауруханаға тез тасымалдау

4. + Көмек көрсету және уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын беру

5. Жағдайдың күрделігіне қарай көмек көрсету және науқасты тасымалдау сұрағын шешу үшін арнайы бригада немесе реанимобиль шақырту

 

2. Орталық медициналық жедел жәрдем беру бекетінің оперативті бөлім диспетчері құқылы:

1.+ Оқиға болған жерге жақын қосалқы бекеттерден бригадаларды жіберуге

2. Аға дәрігердің келісімінсіз шақыртуларды тоқтатуға

3. Телефон арқылы немесе басқа байланыс құралдары арқылы науқасқа кеңес беруге

4. Профильді ауруханаларда бос орындар санын бақылауға

5. Желілік бригадалардың шақыртулары бойынша ауруларға кеңес беру үшін баруға

 

3. Төменде аталғандардың қайсысы жедел медициналық жәрдем бекетінің міндеттеріне КІРМЕЙДІ:

1. Патологиялық жағдай дамыған уақыттан бастап науқас пен жәбірленушіге қысқа мерзім ішінде шақырту бригадаларының білікті медициналық көмек көрсетуі

2. Жедел медициналық көмек көрсету кезінде басқа медициналық мекемелермен тығыз байланысты қамтамасыз ету

3. Науқасты тасымалдау кезінде мүмкіндігінше толық медициналық көмек беруді қамтамасыз ету

4.+ Жаппай эпидемия кезінде карантин ұйымдастыру

5. Тасымалдау кезінде ерекше бақылауды қажет ететін науқастарды медициналық мекемелерге жетелеп апару

 

4. ЖМЖ шақырту бригадасының дәрігері төменде аталған манипуляциялардың қайсысын игеруі МІНДЕТТІ ЕМЕС:

1. Кеңірдек интубациясы және ӨЖЖ жүргізу

2. Жүрек ішіне инъекция жасау

3. Асқазан және ішекті жуу



4. + Тасымалдау иммобилизациясы

5. Гастроскопия

 

5 Тұрғылықты жерлерде қосалқы бекеттердің орналасуын анықтаудың негізгі критериі шақырту түскеннен кейін бригадалардың қай аймақ болмасын жету мерзіміне байланысты, ол неше уақыт :

1. 10 минут

2. + 20 минут

3. 15 минут

4. 7 минут

5. 25 минут

 

6. Шақырту кезінде желілік бригада дәрігерлерінің игеретін негізгі дағдылар тізіміне төменде аталғандардың қайсысы кіреді:

1. + Шұғыл жағдайларды анықтау және емдеу әдістерін және бригадалар жабдықтарында бар емдеу-диагностикалау аппаратураларын игере білу

2. Науқастың қолына, туыстарына немесе қызметтік тұлғаларға анықтамалар, жарамсыздық қағаздарын беру

3. Бригада келгенге дейінгі өлімді оперативті бөлім аға дәрігеріне хабарлау және мәйітті моргке тасымалдау

4. Шақырту орнында және тасымалдау кезінде науқасқа медициналық көмек беруден бас тарту

5. Науқастарға диагностикалық және емдік шаралар жүргізу үшін туыстарынан жазбаша түрде келісім талап ету

 

7.Науқасқа жедел жәрдем көрсетпеген жағдайда және оның денсаулығына қауіп төнсе жедел медициналық жәрдем дәрігеріне қандай жауапкершілік тартылады:



1. Әкімшіліктік

2. + Қылмыстық

3. Моральді

4. Материальды

5. Тәртіптік

 

8. Шақырту кезінде дәрігер науқасқа толық емес көлемді ем көрсетті, науқастың жағдайының нашарлау себебі неде. Дәрігер жауапкершіліктің қандай түріне тартылады:

1. + Әкімшіліктік

2. Моральді

3. Материальды

4. Қылмыстық

5. Тәртіптік

 

9. Шақырту кезінде дәрігер науқасқа көмек көрсетпеген, науқастың өлім себебі неде. Дәрігер жауапкершіліктің қандай түріне тартылады:

1. Материальды

2. Тәртіптік

3. Әкімшілік

4. + Қылмыстық

5. Моральді

 

10. Шақырту кезінде дәрігер мен науқастың туыстары арасында жанжал пайда болды. Егер дәрігердің қателігі анықталса, жауапкершіліктің қандай түріне тартылады:

1. Қылмыстық

2. + Тәртіптік

3. Әкімшілік

4. Материальды

5. Моральді

 

11. Бассүйек-ми жарақатына ұшыраған ессіз және құсу қаупінде жатқан науқасты ауруханаға тасымалдау әдісін көрсетіңіз:

1. Арқасына жатқызып

2. Бас жағын көтеріп, арқасына жатқызу

3. Ішіне жатқызып

4. Бас жағын көтеріп арқасына жатқызу

5. + Бір бүйіріне жатқызып

 

12. Шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігін жолда тоқтатып, көшеде жатқан жәбірленушіге көмек көрсетуді талап етсе, жедел жәрдем дәрігерінің дұрыс әрекетін таңдаңыз:

1. Тоқтамай, қасынан өтіп кету

2. Тоқтап көмек көрсете алмайтынын түсіндіру және басқа жедел жәрдем бригадасын шақыртуды ұсынып, кетіп қалу

3. + Тоқтап, жәбірленушінің бар екендігіне көз жеткізу, өз әрекетін аға дәрігермен келісіп, науқасқа жедел жәрдем көрсету

4. Болған жағдайды диспетчерге хабарлап, жанынан өтіп кету

5. Диспетчер арқылы шақыртуды басқа жедел жәрдем бригадасына хабарлау

 

13. 53 жастағы ер адамға «Жіті миокард инфаркты» диагнозы қойылды. Арнайы жедел жәрдем бригадасы қажетті емдік шараларды жүргізді және науқасты ауруханаға жатқызу қажеттігін ұсынды, бірақ науқас одан бас тартты. Осы жағдайда дәрігер қандай шешім қабылдау керек:

1. Емхананың учаскелік дәрігеріне «актив» хабарлау

2. Арнайы бригаданың науқасқа 2-3 сағаттан кейін қайта баруы

3. Аға дәрігерге бас тарту жөнінде хабарлау және емхананың учаскелік дәрігеріне «актив» хабарлау

4. Науқастан бас тарту жөнінде жазбаша қолхат алу және аға дәрігерге бас тарту жөнінде хабарлау, емхананың учаскелік дәрігеріне «актив» хабарлау

5. + Науқастан бас тарту жөнінде жазбаша қолхат алу және аға дәрігерге бас тарту жөнінде хабарлау, науқасқа 2-3 сағаттан кейін қайта бару

 

14. 47 жастағы науқаста кеуде артында сол иыққа берілетін қатты ауыру сезімі, әлсіздік, суық жабысқақ тер пайда болды. АҚҚ 90/60 мм.с.б. Желілік бригада дәрігері « Жіті миокард инфаркты, кардиогенді шок» диагнозын қойды. Науқасқа арнайы бригада қандай мақсатпен шақыртылуы керек:

1. + Диагнозды нақтылау, қарқынды ем немесе реанимациялық шара жүргізу және ауруханаға жеткізу

2. Науқас пен туыстарының сұрауы бойынша

3. Ауырсыздандыру, көктамырға вазопрессорлық және нитраттық инфузия жүргізу, ауруханаға жеткізу үшін

4. Науқасты арнайы ауруханаға тасымалдау үшін

5. Бригадада көмекшілердің жетіспеуіне байланысты жатқан науқасты тасымалдау үшін

 

15. Жол тайғағы кезінде 3 автомобиль соқтығысып, нәтижесінде 5 адам зардап шекті және 1 адам қайтыс болды. Бұл жағдай қалай жіктелу керек:

1. Техногенді апат

2. Өндірістік апат

3. Жол-көліктік оқиға

4. + Төтенше апат

5. Табиғи апат

 

16. Медициналық жедел жәрдем шақырту бригадасының дәрігері төменде аталған жағдайлардың бәріне құқылы, БІРЕУІНЕН БАСҚА:

1. Науқасты ауруханаға жеткізу кезінде туысының ілесуі жайлы сұрақты шешу

2. Науқасқа көмек көрсету кезінде бригада мүшелерінің қателігіне ескерту жасау

3. Күрделі апаттар кезінде жедел жәрдем көрсетуге апат болған жердегі басқа медициналық қызметкерлерді баулу

4. + Науқасқа көмек беруден бас тарту

5. Науқастың немесе жәбірленушінің тұрған орнына байланыссыз, азаматтардың бірінші талабы бойынша тоқтап, медициналық жәрдем көрсету

 

17.Табиғи сипаттағы катастрофаларды жіктелуі

1. Өндірістік авариялар

2. Дамбының бұзылуы

3. Ғимараттың, мекеменің бұзылуы, қирауы

4. + жер сілкінісі, көш, сел басу

5. жарылыстар және көлемді өрт

 

18. Техногенді сипаттағы апаттың жіктемесі

1. борандар, найзағай, құйын, дауыл

2. + дамбылардың бұзылысы

3. орманның өртенуіжағдай

4. массалық инфекциялық аурулар

5. жер сілкініс, сел, оползни

 

19.Төтенше жағдайлар кезіндегі ЖМЖБ жұмысының ретін және тізбектілігін анықтаңыз:

1.жалпы жағдай, Төтенше жағдай кезіндегі АОДБ, жылдық есеп беру

2.жалпы жағдай, жариялау бөлімі және басқарушы құрамды жинақтау, анализ

3.жалпы жағдай, Төтенше жағдайкезінде станцияның жұмысын ұйымдастыру, зардабын ликвидациялау

4. + жалпы жағдай, Төтенше кезінде станцияның жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру

5. жалпы жағдайы, Төтенше жағдай бойынша штабты құрастыру, жариялау жүйесі

 

20. Төтенше жағдайлар кезінде ЖМЖБ жұмысының ретін және тізбектілігін анықтаңыз

1. АҚ және Төтенше жағдай бойынша станцияның АОДБ аға дәрігері

2. АҚ және Төтенше жағдай бойынша халықтан шақырту қабылдау бойынша станция диспетчері

3. + АҚ және Төтенше жағдай бойынша бас дәрігердің орынбасары

4. АҚ және Төтенше жағдай бойынша станцияның сыртқа шығушы бригадасының дәрігері

5. АҚ және Төтенше жағдай бойынша станцияның аға фельдшері

 

 

21.Төтенше жағдай кезінде шақырту түскен кезде АОДБ аға дәрігерінің қызметін анықтаңыз

1. Басқару, байланыс және хабарландыру жүйесін қамтамасыз ету, жайындыны, бикстерді дайындау, зардап шегушілерге дайын болуы туралы емдеу мекемелерін ескерту

2. Төтенше жағдай туралы түскен шақыртуды АҚ және Төтенше жағдай бойынша бас дәрігерге, бас дәрігердің орынбасарына хабарлама беруді қамтамасыз ету, Төтенше жағдай аймағында санитарлық қолайлылықты қамтамасыз ету

3. + Төтенше жағдай жүрген бригадалардың жұмысын бақылауды, зардап шегушілерді қалалық клиникаларда қабылдауын ұйымдастыруды, болған Төтенше жағдай туралы рапортты денсаулық сақтау департаментіне беруді қамтамасыз ету

4. Төтенше жағдай жүрген бригадалардың жұмысын бақылауды, медициналық сорттауды бақылауды, қордағы медициналық байлықтарды және қорғаныс заттарын бақылауды қамтамасыз ету

5. Төтенше жағдай жүрген бригадалардың жұмысын бақылауды, бригаданың орналасу жерін анықтауды, оқиға болған жерде медициналық сорттауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету

 

22. Төтенше жағдай кезінде сыртқа шығушы бригаданың жұмысын құрастырыңыз:

1.АОДБ аға дәрігерінен инструктаж, өзбетінше бригаданың орналасу орнын анықтау, медициналық сорттауды ұйымдастыру, алғашқы медициналық көмек көрсету

2. зақымдалу ошағының сыртқы шекарасын анықтау, біріншілік квалификациялық көмек көрсету, эвакуация

3. апаттық-құтқарушы қызметпен байланысу, олардың нұсқауымен бригаданың орналасу орнын анықтау, арнайы медициналық көмек көрсету, жарақат алушыларды ошақтан эвакуациялау

4. инструктаж, өзбетінше бригаданың орналасу орнын анықтау, арнайы медициналық көмек көрсету, жарақат алушыларды ошақтан эвакуациялау

5. + медициналық сорттауды ұйымдастыру, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, Төтенше жағдай туралы ақпаратты АҚ және төтенше жағдай бас дәрігерінің орынбасарына хабарлау

 

23. Төтенше жағдай болған жерде медициналық сорттауға жауаптыны анықтаңыз:

1. АОДБ аға дәрігері

2. ЖМЖБ бригадасы

3.ІІҚМБ кезекшісі

4. + медициналық апат қызметі

5. АҚ және Төтенше жағдай штабы

 

24. Денсаулық сақтау департаментіне Төтенше жағдай туралы рапортқа жауаптыны таңдаңыз:

1. станцияның аға фельдшері

2. станцияның аға дәрігері

3. + АОДБ аға дәрігері

4. АҚ және Төтенше жағдайлар бойынша бас дәрігердің орынбасары

5. станцияның бас дәрігері

 

25.АҚИ күдіктенгенде ЖМЖБ қажет:

1. аға дәрігерге күдіктенген диагноз туралы хабар беру, медициналық көмек көрсету,науқасты изоляциялау

2. телефон арқылы аға дәрігерге күдікті диагноз туралы хабарлау, контактта болған адамдар туралы мәлімет жинау, науқастың барлық бөлінділерін жабық ыдысқа жинау

3. + телефон арқылы аға дәрігерге күдікті диагноз туралы хабарлау, пәтерді жабу, медициналық көмек көрсету, науқастың биологиялық бөлінділерін жабық ыдысқа жинау

4. аға дәрігерге хабар беру, науқасты изоляциялау, күдіктенген диагнозды туыстарына айту, эвакуацияны қамтамасыз ету

5. аға дәрігерге хабар беру, науқасты изоляциялау, күдіктенген диагнозды туыстарына айту, қарау және инфузионды терапияны тағайындау

 

26. Төтенше жағдайлар кезінде зардап шегушілерді және науқастарды пунктерге жинауға жауаптыны таңдаңыз:

1. АОДБ аға дәрігері

2. Төтенше жағдай кезекшісі

3. ІІҚМБ кезекшісі

4.+ Төтенше жағдай ликвидациялау бойынша штаб

5. ЖМЖБ дәрігері

 

27. Науқастарды жинау пунктінде төтенше жағдайлар объектісінде аға дәрігерді анықтаңыз?

1. АОДБ аға дәрігері

2. қосалқы станцияның аға дәрігері

3.+ ЖМЖБ станциясының сыртқа шығушы бригадасы

4. ЖМЖБ станциясының дәрігерлері

5. ЖМЖБ бас дәрігері

 

28. Өрттен тыс аймақта науқастарды жинақтау пунктынан ЖМЖБ бригадасының кетуіне кім рұқсат береді?

1. ЖМЖБ бас дәрігері

2. АҚ және Төтенше жағдайлар бойынша бас дәрігердің орынбасары

3. қосалқы станцияның аға дәрігері

4. АОДБ аға дәрігері

5. + өртті сөндіру басшысы

 

29. Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай кезінде ЖМЖБ бригадасының негізгі қызметін көрсетіңіз:

1. өртті сөндіру бойынша жалпы басқаруды іске асыру

2. адамдарды құтқаруды ұйымдастыру

3. зардап шегушілерген біріншілік медициналық көмек көрсету

4. дәрігерге дейінгі көмекті көдрсету

5. + біріншілік дәрігерлік медициналық көмек көрсету

 

30. Төтенше жағдай кезінде медициналық көмек түрлерінің ретін және тізбектілігін көрсетіңіз:

1. алғашқы медициналық көмек, дәрігерге дейінгі, квалификациялық көмек, біріншілік дәрігерлік, арнайы көмек

2. алғашқы медициналық көмек, дәрігерге дейінгі, біріншілік дәрігерлік, арнайы көмек, квалификациялық көмек

3.+ алғашқы медициналық көмек, дәрігерге дейінгі, біріншілік дәрігерлік, квалификациялық көмек, арнайы көмек

4. алғашқы медициналық көмек, біріншілік дәрігерлік, дәрігерге дейінгі, квалификациялық көмек, арнайы көмек.

5. алғашқы медициналық көмек, біріншілік дәрігерлік, дәрігерге дейінгі, арнайы көмек квалификациялық көмек.

 

31. Төтенше жағдай кезіндегі біріншілік медициналық көмектің дұрыс анықтамасын беріңіз:

1. зақым алушылардың өмірін сақтауға және асқынулардың алдын алуға бағытталған медициналық іс-шаралар кешені

2. + зақым алған жерде, жалғасып жатқан зақымдаушы факторды жоюға мақсатында орындалатын қарапайым медициналық іс-шаралар кешені

3. жара бетінде асқынулардың алдын алу және зардап шегушілерді эвакуациялауға дайындау мақсатында бірінші ауруханаға дейінгі этапта орындалатын емдік профилактикалық іс-шаралар кешені

4. профильге сәйкес келетін дәрігерлермен орындалатын хирургиялық және терапевттік іс-шаралар кешені

5. арнайы емдік мекемелерде дәрігер-мамандармен орындалатын емдік-профилактикалық іс-шаралар кешені

 

32. Төтенше жағдай кезіндегі біріншілік дәрігерлік көмектің дұрыс анықтамасын беріңіз:

1. арнайы емдік мекемелерде дәрігер-мамандармен орындалатын емдік-профилактикалық іс-шаралар кешені

2. профильге сәйкес келетін дәрігерлермен орындалатын хирургиялық және терапевттік іс-шаралар кешені

3.+ медициналық эвакуацияның біріншілік ауруханаға дейінгі кезеңінде орындалатын емдік профилактикалық іс-шаралар кешені\

4. зақым алған жерде зардап шегушінің өзімен немесе қасындағы басқа адамдардың, сонымен қатар құтқарушы жұмыстың қатысушыларымен орындалатын қарапайым медициналық іс-шаралар кешені

5. зақым алушылардың өмірін сақтауға бағытталған медициналық іс-шаралар кешені

 

33. Біріншілік медициналық көмек көрсетудің ең оптимальды мерзімін көрсетіңіз:

1. жарақаттан кейінгі алғашқы1 сағат

2.зақымдалу уақытынан бастап алғашқы 4-6 сағат

3. + жарақат алғаннан кейінгі 30 минутқа дейін

4. 2 тәуліктен кеш емес

5. 3 тәуліктен кеш емес

 

34. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетудің ең оптимальды мерзімін көрсетіңіз:

1. + жарақаттан кейінгі алғашқы 1 сағат

2.зақымдалу уақытынан бастап алғашқы 4-6 сағат

3.жарақат алғаннан кейінгі 30 минутқа дейін

4. 2 тәуліктен кеш емес

5. 3 тәуліктен кеш емес

 

35. Біріншілік дәрігерлік көмек көрсетудің ең оптимальды мерзімін көрсетіңіз:

1.жарақаттан кейінгі алғашқы 1 сағат

2. + зақымдалу уақытынан бастап алғашқы 4-6 сағат

3.жарақат алғаннан кейінгі 30 минутқа дейін

4. 2 тәуліктен кеш емес

5. 3 тәуліктен кеш емес

 

36. Квалификациялық көмек көрсетудің ең оптимальды мерзімін көрсетіңіз:

1.жарақаттан кейінгі алғашқы 1 сағат

2.зақымдалу уақытынан бастап алғашқы 4-6 сағат

3.жарақат алғаннан кейінгі 30 минутқа дейін

4. + 2 тәуліктен кеш емес

5. 3 тәуліктен кеш емес

 

37. Арнайы медициналық көмек көрсетудің ең оптимальды мерзімін көрсетіңіз:

1.жарақаттан кейінгі алғашқы 1 сағат

2. + зақымдалу уақытынан бастап алғашқы 4-6 сағат

3.жарақат алғаннан кейінгі 30 минутқа дейін

4.2 тәуліктен кеш емес

5. 3 тәуліктен кеш емес

 

38.Төтенше жағдайлар кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде зардап шегушілерге жедел медициналық көмек көрсетуді қай топтан бастаған жөн?

1. + жүктілерден, балалардан

2. қарттардан

3. ер кісілерден

4. жас өспірімдерден

5.әйелдерден

 

39.ЖМЖБ бригадасы ауыр жарақаты бар науқасты 45-60 км қашықтыққа эвакуациялау алдында қандай іс-әрекеттер жүргізу керек?

1. АОДБ бас дәрігеріне хабарлау

2. ауруханаға ауыр жағдайдағы науқас түсетіндігін ескерту

3. психикалық статусын тұрақтандыру

4. + витальды қызметтерін тұрақтандыру

5.төтенше жағдайларды жою бойынша штабқа хабар беру

 

40. Төтенше жағдайлар ошағында жұмыс жасау барысында ЖМЖБ дәрігерінің міндеттеріне аталғандардың қайсысы кірмейді?

1. біріншілік дәрігерлік көмек көрсету

2.зардап шегушілерді медициналық сорттау

3. АОДБ бас дәрігеріне баяндау

4. + Төтенше жағдайлар ошағынан зардап шегушілерді эвакуациялау

5. медициналық эвакуацияны қамтамасыз ету

 

41. ЖМЖБ бригадасының дәрігері АОДБ аға дәрігеріне төтенше жағдайлар болған жерден 30 минут сайын қандай хабар беріп тұруға тиісті?

1. шығын көлемі жайында

2.апаттық-құтқарушы қызмет саны туралы

3. + зардап шегушілер саны туралы

4. бұзылу сипаты, жұғу көлемі жайында

5. медициналық жабдықтардың істен шыққандығы туралы

 

42. Төтенше жағдайлар кезінде дәрігерлік көмектің бірінші кезектегі көлемін табыңыз?

1.акушерлік-гинекологиялық көмек

2. + сыртқы қан кетуді тоқтату

3. иммобилизацияны жөндеу

4. ААҚ коррекциялау

5. психологиялық көмек

 

43. Төтенше жағдайлар кезінде дәрігерлік көмектің бірінші кезектегі көлемін табыңыз?

1. акушерлік-гинекологиялық көмек

2. + жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қалыптастыру

3. иммобилизацияны жөндеу

4. ААҚ коррекциялау

5. психологиялық көмек

 

44.Миокард инфарктімен асқынған кардиогенді шок кезінде қандай препарат ЕҢ ТИІМДІ?

1. Норадреналин

2. Допамин

3. Натрий нитропруссид

4. + Адреналин

5. Изадрин

 

1. 45.Миокард инфаркті кезінде дамитын кардиогенді шокқа төмендегі берілген асқынулардың барлығы себеп БІРЕУІНЕН БАСҚА:

1. Папиллярлы бұлшық ет басының жыртылуы.

2. Қарыншааралық перде жыртылуы.

3. + Перикардит.

4. Оң қарынша миокард инфаркті.

5. Сол қарынша жыртылуы.

 

46.Төмендегі берілген ЭКГ Р тісшесі өзгерісінің қайсысы оң жүрекше гипертрофиясына тән болады:

1. «екіөркешті» Р тісшесі I, avL шықпада;

2. + Жоғары үшкірленген Р тісшесі II, III, avF шықпада;

3. Кеңейген Р тісшесі теріс;

4. Үшкірленген Р тісшесі;

5. Екіфазалы Р тісшесі.

 

47. Стандартты шықпаларды көрсетіңіз

1. V1, V2, V3

2. + I, II, III

3. aVR, aVL, aVF

4. Нэбо бойынша анықтау

5. V4, V5, V6

 

48.ЭКГ ІІ стандартты шықпа қандай потенциалдарда жазылады

1. Сол қол – оң аяқ

2. + Оң қол – сол аяқ

3. Сол қол – сол аяқ

4. Оң қол – оң аяқ

5. Жүрек ұшы – сол қол

 

49. Кардиогенді шок жиі дамиды:

2. Алғаш рет алған миокард инфаркті.

3. + Қайталанған миокард инфаркті.

4. Бірінші рет алған және қайталанған миокард инфаркті кезіндегі дамитын асқынулар жиілігі бірдей.

5. Айқын заңдылық анықталмайды.

6. Артериальды гипертензия қосарланған кезде

7.

50. Жіті миокард инфаркті асқынуы шынайы кардиогенді шок кезінде өлімшілдік саны жетеді:

1. 5-10%

2. 20-30%.

3. 40-50%.

4. 60-70%.

5. + 80-100%.

 

51. Кардиогенді шок кезінде тері түсі:

1. Көгерінкі, құрғақ.

2. Бозғылт, құрғақ.

3. + Бозғылт, ылғалды.

4. Қызғылт, ылғалды.

5. Сарғыш, құрғақ

 

52. Миокард инфаркті асқынуы шынайы кардиогенді шоктың патогенез негізінде жатыр:

1. + Жүректің насосты қызметінің төмендеуі.

2. Ауру тітіркендіргіштерге стресстік реакция.

3. Артериальды гипотония.

4. Гиповолемия.

5. Гиперкоагуляция

 

53. Бета-блокаторды тағайындауға қарсы көрсеткіш болып табылады аталғандардың бәрі БІРЕУІНЕН басқа:

1. Айқын брадикардия (ЖСЖ 50/мин төмен).

2. Кезектескен ақсандау, Рейно синдромы.

3. Бронх демікпесі.

4. Қант диабетінің декомпенсациясы.

5. + Гастрит.

 

8. 54. ЖИА-мен бірге жүретін синусты түйінің әлсіздік түйіні синдромы бар науқастарға төмендегі берілген препараттардың қайсысын ҰСЫНУҒА БОЛМАЙДЫ:

1. Нитраттар

2. Корватон

3. + верапамил

4. Коринфар

5. Фуросемид

 

55. Фредерика синдромына тән:

1. + Толық атриовентрикулярлы блокадамен жыпылықтаушы аритмия;

2. Гисс шоғыры оң аяқша блокадасымен жыпылықтаушы аритмия;

3. Бигеминия типімен экстрасистолия және жыпылықтаушы аритмия;

4. синоаурикулярлы блокада;

5. QRS кешеніне Р тісшесі қосылуы.

9.

56. АВ түйіннен шығатын алмастырушы ырғақ жиілігі тән:

1. 20 рет мин аз;

2. 20-30 рет мин;

3. + 40-50 рет мин;

4. 60-80 рет мин;

5. 90-100 рет мин.

 

57. Пуркинье талшығынан шығатын алмастырушы ырғақ жиілігі тән:

1. + 20 рет мин аз;

2. 20-30 рет мин;

3. 40-50 рет мин;

4. 60-80 рет мин;

5. 100 рет мин

 

58. Импульс өте аз жылдамдықта өтеді:

1. Синоатриальды және атриовентрикулярлы түйіннен;

2. Жүрекше түйінаралық жолдан;

3. +Гисс шоғырының жалпы бағанасынан;

4. Атриовентрикулярлы түйіннен;

5. Синоатриальды зонадан;

 

59. Жүрекше тыпыры кезінде қозу жиілігі болады:

1. 300 рет мин жоғары;

2. 150-200 рет мин;

3. + 200-300 рет мин;

4. 100-150 рет мин;

5. 150 рет мин.дейін.

 

60. І дәрежедегі АВ-блокадасының жедел дамуы орналасуы мүмкін:

1. + Атриовентрикулярлы түйінде;

2. Гис шоғырының оң аяқшасында;

3. Гис шоғырының сол аяқшасында;

4. Гис шоғырының бағанында;

5. Синус түйінінде.

 

61. Гис шоғырының сол аяқшаларының толық блокадасына мына өзгерістердің барлығы тән, БІРЕУІНЕН басқа:

1. V 5-6; I; aVL тіркемедегі ішкі уақытының ұзаруы;

2. V 1-2; III; aVF тіркемедегі S тісшесінің тереңдеуі мен кеңеюі;

3. aVL; I; V 5-6 тіркемедегі R тісшесінің кеңеюі;

4. + V 1-2 тіркемесінде Q тісшесінің болуы;

5. QRS кешенінің ұзындығы >0,12.

 

62. Гис шоғырының сол аяқшаларының толық емес блокадаларында барлығы тән, БІРЕУІНЕН басқасы:

1. aVL; V 5-6; I тіркемесінде R тісшесінің кеңеюі мен үшкірленуі;

2. aVF; V 1-2; III тіркемесінде QS кеңеюі мен тереңдеуі;

3. Электр өсінің солға ығысуы;

4. + QRS кешенінің кеңейген >0,12;

5. QRS кешенінің ұзаруы 0,10-0,11;

 

63. АВ-блокадасының І дәрежесіне барлығы тән, мынадан басқа:

1. ЖСЖ 60-80 рет/мин кезіндегі PQ> 0,20;

2. Синустық ритм дұрыс сақталған;

3. Әр QRS кешенінің алдында P тісшесінің болуы;

4. PQ ұзаруы;

5. + PQ қысқаруы

 

64. Гис шоғырының сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасына тән ЭКГ белгісі:

1. Электр өсінің оңға ығысуы;

2. I тіркемедегі QRS кешенінің rSтипті;

3. Амплитуда R III> R II;

4. + aVF; III тіркемеде S тісшесі терең;

5. V 5-6 тіркемеде S тісшесі.

 

65. Тахикардияда қарыншалық қозу жиілігі минутына 160 рет және QRS кешенінің кеңеюі неге тән:

1. Суправентрикулярлы тахикардия пароксизмі;

2. WPW синдромы кезіндегі антидромды тахикардия;

3. Идиовентрикулярлы ырғақтың жылдамдауы;

4. + Қарыншалық тахикардия пароксизмі;

5. Қарыншалар фибрилляциясы.

 

66. Пароксизмальды синоатриальды тахикардия белгілері:

1. + Тахикардияның кенеттен басталып, кенеттен аяқталуы;

2. Кей жағдайда АВ-блокадасы;

3. R-R интервалы әртүрлі;

4. 2 фазалы P тісшесі;

5. 2 өркешті P тісшесі.

 

67. ІІ дәрежедегі АВ-блокадасы Мобитц ІІ типке тән:

1. PQ ұзаруы, қарыншалық кешенінің түсуінің алдында;

2. PP қысқаруы, қарыншалық кешенінің түсуінің алдында;

3. + Бір немесе бірнеше QRS кешенінің түсуі;

4. P-тісшесінің және QRS кешенін толық бірігуі;

5. PP интервалы әр түрлі.

 

68. Гис шоғырының сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасына тән белгілер:

1. Қарыншалық кешеннің соңғы бөлігінің өзгеруі;

2. + Электр өсінің кенеттен солға ығысуы;

3. Электр өсінің оңға ығысуы;

4. QRS>0,12 кеңеюі;

5. QT қысқаруы.

 

69. Экстрасистолия кезінде лидокаинмен емдеуге қарсы көрсеткіштер:

1. Политоптық қарыншалық экстрасистолия;

2. Топтық қарыншалық экстрасистолия;

3. Жеке қарыншалық экстрасистолия;

4. Ерте қарыншалық экстрасистолия;

5. + Суправентрикулярлы экстрасистолия;

 

 

70. Синусты түйінінің әлсіз синдромымен ЖИА-мен ауыратын науқастарға тағайындалмайтын дәрі:

1. Нитраттар;

2. Адреномиметиктер;

3. + Бета-блокаторлар;

4. Кальций антагонистері;

5. Диуретиктер;

 

71. Синус түйінінің автоматизмдік қасиетін төмендегілердің қайсысы жақсы басады:

1. Сустак.

2. Корватон.

3. + Дилтиазем.

4. Коринфар.

5. Нитросорбид.

 

72. Атриовентрикулярлы өткізгіштің қосымша жолдары жиі кездеседі:

1. Джеймса түйіні.

2. Махайма түйіні.

3. + Кента түйіні.

4. Гисс шоғырының оң аяқшасы

5. Гисс шоғырының сол аяқшасы

 

73. Вольф-Паркинсон-Уайт синдромымен науқастарда жиі пайда болады:

1. Жыпылықтаушы аритмия.

2. + Қарыншаүстілік пароксизмальды тахикардия.

3. Қарыншалық тахикардия.

4. Атриовентрикулярлыя блокада.

5. Гисс шоғыры оң аяқшасының толық блокадасы.

 

74. Вольф-Паркинсон-Уайт феноменінің негізгі ЭКГ белгісі болып табылады является:

1. PR интервал қысқаруы.

2. + "Дельта-толқыны".

3. QRS кешені кеңеюі.

4. ST сегменті ығысқан дискорданттылығы

5. Гисс шоғыры оң аяқшасының толық блокадасы.

 

75. Жыпылықтаушы аритмия кезінде жүректің соғу жиілігін азайту үшін төмендегі препараттардың барлығын тағайындайды БІРЕУІНЕН басқа:

1. Финоптин.

2. Дигоксин.

3. + Хинидин.

4. Кордарон.

5. Анаприлин.

 

76. Вольф-Паркинсон-Уайт синдромымен науқастарда пайда болған жыпылықтаушы аритмия кезінде енгізуге қарсы көрсеткіш болады:

1. Новокаинамид.

2. + Финоптин.

3. Кордарон.

4. Хинидин.

5. Ритмилен.

 

77. Қарыншаүстілік тахикардия ұстамасын басуға ең тиімді болады:

1. Строфантин.

2. + Финоптин.

3. Обзидан.

4. Лидокаин.

5. Мезатон.

 

78. Қарыншалық тахикардия ұстамасын басу үшін бірінші орында тағайындау керек:

1. Финоптин.

2. + Лидокаин.

3. Жүрек гликозидтері.

4. Обзидан.

5. Мезатон.

 

79. Синусты түйін дисфункциясының белгісі болады:

1. + Айқын синусты брадикардия.

2. Жыпылықтаушы аритмия.

3. Жүрекшелік экстрасистолия.

4. Атриовентрикулярлы блокада I сатысы.

5. Синусты тахикардия.

 

 

80.Толық ретсіз қарыншалық жиырылуы ырғағы тән:

1. Қарыншалық тахикардия.

2. + Жүрекше жыпылықтауы

3. Атриовентрикулярлы түйіндік тахикардия.

4. Қарнышалық тахикардия.

5. Синусты тахикардия.

 

81. Келісілген ең жиі таралған антиаритмиялық препараттар жіктелуіне жатады:

1. 2 класс.

2. 3 класс.

3. + 4 класс

4. 5 класс.

5. 6 класс.

 

82. Ең көп антиаритмиялық препараттар саны жатады:

1. + 1-ші классқа.

2. 2-ші классқа.

3. 3-ші классқа.

4. 4- ші классқа.

5. 5-ші классқа.

 

83. Антиаритмиялық препараттар класының қайсысы қосымша "А", "В", "С" классқа бөлінеді:

1. + 1-ші.

2. 2-ші.

3. 3-ші.

4. 4-ші.

5. 5-ші.

 

84.Хинидин қабылдауға байланысты ең қауіпті асқыну болады:

1. басайналу.

2. Асқазан-ішек жолдары функция бұзылыс.

3. + "пируэт" типті қарыншалық тахикардия пайда болуы

4. Өкпе фиброзы дамуы.

5. Бас ауыруы.

 

85. Кордарон қабылдауға байланысты ең қауіпті асқыну болады:

1. Қалқанша без функция бұзылысы.

2. + Өкпе фиброзы дамуы

3. Фотосенсибилизация.

4. шеткі нейропатия.

5. Паркинсонизм.

 

86. Антиаритмиялық препараттар арасында холинолитикалық әсері айқын, басым болады:

1. Хинидинде.

2. Новокаинамидте.

3. + Ритмиленде

4. Этмозинде.

5. Этацизинде.

 

87. Верапамилдің (финоптин) орташа дозасы к/т енгізгенде құрайды:

1. + 10 мг.

2. 20 мг.

3. 30 мг.

4. 40 мг.

5. 50 мг.

 

88. Новокаинамидті к/т енгізгенде ең жиі кездесетін асқынулар (әсіресе өте жылдам енгізгенде) болады:

1. кенет брадикардия.

2. + Гипотония

3. лоқсу.

4. Бас ауыру.

5. Гипертермия

 

89. Обзидан к/т енгізгенде жылдамдығы ұсынылады:

1. + 1 мг/мин.

2. 2 мг/мин.

3. 3 мг/мин.

4. 5 мг/мин.

5. 6 мг/мин.

 

90. Вольф-Паркинсон-Уайт синдромымен науқастарда жыпылықтаушы аритмия кезінде к/т енгізуге қарсы көрсеткіш болады:

1. Новокаинамид.

2. Ритмилена.

3. + Верапамила

4. Этмозина.

5. Кордарона.

 

91. Жыпылықтаушы аритмия ырғақ жилігі жоғары кезде жүректің соғу жиілігін азайту үшін төмендегі препараттардың қайсысын енгізуге болады:

1. Хинидин.

2. + Верапамил.

3. Ритмилен.

4. Новокаинамид.

5. Этацизин.

 

92. Жыпылықтаушы аритмия ұстамасының қайталануы алдын алу үшін ең әсерлі препарат болады:

1. Хинидин.

2. Новокаинамид.

3. + Кордарон.

4. Анаприлин (обзидан).

5. Финоптин.

 

93. Қарыншалық тахикардия ұстамасын басу үшін бірінші орында енгізеді:

1. Новокаинамид.

2. + Лидокаин.

3. Обзидан.

4. Верапамил.

5. Строфантин.

 

94. Лидокайн препарат әсері болмаған кезде қарыншалық тахикардия ұстамасын басу үшін қолданады:

1. + кордарон.

2. Мезатон.

3. Обзидан.

4. Верапамил.

5. Строфантин.

 

95. Миокардтың қарыншалар өткізгіштік жылдамдығын айқын баяулатады:

1. Хинидин.

2. Обзидан.

3. Кордарон.

4. + Этацизин.

5. Финоптин.

 

96. Атриовентиркулярлы түйін өткізгіштік жылдамдығын максимальды баяулатады:

1. Хинидин.

2. Этмозин.

3. Ритмилен.

4. + Финоптин.

5. Дифенин.

 

97. Теорияда антиаритмиялық препараттар басымырақ әсер етеді:

1. Өткізгіштік жылдамдығын баяулатады.

2. Рефрактерлі кезеңін ұзартады.

3. Рефрактерлі кезеңін қысқартады.

4. + Өткізгіштік жылдамдығы күшеюі, рефрактерлі кезеңі ұзаруымен қосарланады

5. Өткізгіштік жылдамдығы баяулауы, рефрактерлі кезеңі қысқаруымен қосарланады.

 

98. "Антифибрилляторлы" активтілігі көбірек басым:

1. Хинидин.

2. + Обзидан.

3. Этмозин.

4. Этацизин.

5. Финоптин.

 

99. "Пируэт" типті қарыншалық тахикардия жиі дамиды төмендегі препараттар қабылдау фонында:

1. + Хинидин.

2. Этмозин.

3. Этацизин.

4. Кордарон.

5. Финоптин.

 

 

100. Емдеу мақсатында күкіртқышқыл магнезияны көктамырға қабылдағанда жиі әсерлі болады:

1. Жыпылықтаушы аритмия.

2. Пароксизмальды атриовентрикулярлы тахикардия.

3. Мономорфты және полиморфты қарыншалық тахикардия.

4. + "пируэт" типті қарыншалық тахикардия

5. Пароксизмальды АВ-түйінді тахикардия.

 

101. Синусты тахикардия себебі болады төмендегінің барлығы БІРЕУІНЕН басқа:

1. Анемия.

2. Гипертиреоз.

3. + Гипотиреоз.

4. Жүрек жетіспеушілігі.

5. Нейроциркуляторлы дистония.

 

102. Жүрекке жанама массаж жасауда төмендегі берілгендердің ең негізгі әсерлісі болады:

1. қарашықтың тарылуы

2. тері цианозының азаюы

3.+ ұйқы артериясында пульстің пайда болуы

4. мәйіттік дақтардың пайда болуы

5. көз алма склерасының құрғауы

 

103. Төменде аталғандардың ішінде жүрек –өкпе реанимациясының жасауға аса тән көрсеткіш болып табылады:

1. + ұйқы артериясында пульстің болмауы

2. тыныстың патологиялық түрде болуы

3. қысқа уақытқа есін жоғалтуы

4. тері жабындысының диффузды цианозы

5. анизокория

 

104. Төменде аталғандардың ішінде реанимация кезінде ең әсерлі оксигенациялық әдіс болып табылады:

  1. тыныс аналептиктерін енгізу
  2. ауызбен-ауызға дем беру
  3. В, С витаминдерін енгізу
  4. + кеңірдек интубациясын және өкпені жасанды желдендіру
  5. ауызбен-мұрынға дем беру

 

105. Клиникалық өлімге тән негізгі белгі болып табылады:

  1. тыныстың тоқтауы
  2. тырысулар
  3. көз қарашығының кеңеюі
  4. патологиялық тыныс
  5. + ұйқы артериясында пульстің болмауы

 

106. Жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, қанайналымын қалпына келтірудің ең адекватты критерийлері болып табылады:

  1. тері мен шырышты қабаттарының қызара бастауы
  2. тахипноэ
  3. + ұйқы артериясында пульстің пайда болуы
  4. диурездің қалпына келуі
  5. көз қарашығының тарылуы

 

107. Жүрекке электрлік дефибрилляция жасау үшін ең тиімді көрсеткіш болып табылады:

  1. ұйқы артериясында пульстің болмауы
  2. 1 минут бойы жасалған жүрек жанама массажының әсерінің жоқтығы
  3. ЭКГ-да жүрекшенің жыпылықтауы
  4. + ЭКГ-да жүрек фибрилляциясының болуы
  5. есінің болмауы

 

108. Ауруханаға дейінгі кезеңде кеңірдекке интубация жасау мен өкпені жасанды желдендірудің күмәнсіз көрсеткіштері:

1. тыныстың патологиялық түрі

2. + апноэ

3. 2-3 дәрежелі астма статусы

4. өкпе ісінуімен асқынған, артериялық гипертензия

5. дене қызуының 39ºС жоғарылауы және тахипное 25-30 рет минутына

 

109. Аталған дәрілік заттардың ішінен қанайналым тоқтағанда қолданылатын тиімді препаратты таңдаңыз:

1. + адреналин

2. кальций антагонистері

3. преднизолон

4. жүрек гликозидтері

5. атропин

 

110. Қан айналым тоқтауына ең негізгі себеп болып, жиі кездесетін:

1. пароксизмалды суправентрикулярлы тахикардия

2. қарыншалық экстрасистолия

3. + қарыншалық фибрилляция

4. электромеханикалық диссоциация

5. асистолия

 

111. Төменде аталған жағдайлардың қайсысында жүрек –өкпе реанимациясы ЖҮРГІЗІЛМЕЙДІ:

1. + қанайналым тоқтаған уақыттан 30 минут өтсе

2. туыстарының сұрауы бойынша

3. құжатында тіркелген жазылмайтын аурудың терминалды сатысында,

4. ауыр бас –ми жарақаты

5. қанайналымының тоқтағанынан 20 минуттан асса

 

112. Бір медициналық қызметкер жүректің жабық массажы мен ӨЖЖжүргізгенде мынадай арақатынасты ұстанады:

1. + 2 дем 30 компрессия

2. 3 дем 18 компрессия

3. 5 дем 20 компрессия

4. 1 дем 5 компрессия

5. 1 дем 4 компрессия

 

113. Жүрекке жасалған жанама массаждың ең әсерлілігін мынадан көруге болады:

1. + қарашықтың тарылуы

2. ұйқы артериясында пульстің пайда болуы

3. систоликалық артериялық қысымның 80 мм.сн.б. жоғары болуы

4. сирек спонтанды тыныстың болуы

5. көз алмасының склерасының құрғауы

 

114. Клиникалық өлім жағдайындағы науқасқа төменде аталған дәрілердің қайсысы эндотрахеальді енгізгенде аса тиімді болады:

1. норадреналин

2. + адреналин

3. лидокаин

4. атропин

5. эуфиллин

 

115. Клиникалық өлім жағдайындағы науқасқа төменде аталған дәрілердің қайсысын енгізу тиімді:

1. + адреналин

2. верапамил

3. обзидан

4. дигоксин

5. атропин

 

116. Қанайналымның тоқтауына тікелейемес себеп болатын:

1. пароксизмалды суправентрикулярлы тахикардия

2. қарыншалық экстрасистолия

3. + қарыншалық фибрилляция

4. электромеханикалық диссоциация

5. асистолия

 

117. Нәрестеде брадикардия кезінде төмендегі препараттардың қайсысы әсерлі болады:

1. + атропин

2. эуфиллин

3. мезатон

4. кордиамин

5. преднизолон

 

118. Төменде көрсетілген жағдайлардың біреуінде кальции хлоридтті көк тамырға енгізуге болады:

1.Қарыншалық пароксизмальды тахикардияда

2. Жүрекшенің параксизмальды жыпылықтауының тахисистоликалықм формсында

3. + Артериальды гипотензиясы болғанда верапамилді артық қолданғанда

4. Қарыншалардың жыбырында

5. Көп көлемді қан жоғалтуда

 

119. Жүрек- өкпе реанимациясын жүргізгенде төменде көсетілген манипуляциялардың қайсысы жиі асқыну шақырады ?

1. Өкпені жасанды желдендіру

2. + Жүрек ішілік иньекция

3. Жүрекке тікелей емес массаж

4. Прекардиальды соққы

5. Трахеаға интубация жасаған соң абдоминальды компрессия

 

120. Нәрестелерде жүрегіне тікелей емес массаждың дұрыс параметрлерін көрсетіңіз:

1. + Кеуде қуысын 1-2 см тереңдікте басу

2. Бір алақанмен компрессия жүргізу

3. Басу нүктесі төстегі семсер тәрізді өсіндіден 2 см жоғары орналасады

4. Басу жиілігі 1минутта 90-100 рет

5. Бір мезетте абдоминальды компрессия жүргізіледі

 

121 Нәрестелерде жүрекке жабық массаж кеуде қуысының компрессиясында жасалады :

1. Бір қолдың білезігімен

2. Бір қолдың 2, 3, 5 саусақтарымен

3. Екі қолдың білезігімен

4. + Екі қолдың үлкен саусақтарымен

5. 2 және 3 саусақ буынымен

 

122.Ер науқас 57жаста қарау кезінде аяқ астынан есін жоғалтып, аз уақыттық тоникоклоникалық тырысулар,тері жабындыларының цианоздары пайда болады. Науқастың диагнозын анықтау үшін төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қацйсысын жүргіземіз?

1. Артериалды қысымын өлшеу

2. Жүрекке аускультация жасау

3. ЭКГ да тіркеу

4. + Ұйқы артериясының пульсін пальпациялау

5. Қарашықтардың көлемін және жарыққа реакциясын анықтау

 

123.Жіті миокард инфарктінен бірінші сағаттарда жиі асқынады:

1. тромбоэмболиялық асқынулармен

2. + қарыншалар фибрилляциясымен

3. перикардитпен

4. плевритпен

5. аневризмамен

 

124. Жіті миокард инфарктінің асқынуы кезінде жедел жәрдемнің желілік бригадалар тактикасы:

1. өзбетінше ем жүргізу

2. + өзіне реанимациялық бригада шақыру

3. науқасты көпсалалы аурухананың қабылдау бөліміне тасымалдау

4. науқасты жалпы реанимациялық бөлімшеге тасымалдау

5. науқасты кардиореанимациялық бөлімшеге науқасты тасымалдау

 

125. ЭКГ зақымдану аймақтарын көрсетеді:

1. Т тісшесінің өзгеруі

2. + ST сегментінің өзгеруі

3. QRS комплексінің өзгеруі

4. R тісшесінің өзгеруі

5. Q тісшесінің кеңеюі

 

10. 126. "Майда ошақты миокард инфаркті" диагнозымен науқаста дамитын қайталанған миокард инфаркті жиілігі:

1. + Ірі ошақтыдан кейінгіге қарағанда, жоғары

2. Ірі ошақтыдан кейінгіге қарағанда, сирек

3. Ірі ошақты кезіндегі сияқты

4. Қайталанған миокард инфаркті болмайды

5. Артериальды қанқысымға пропорциональды

 

127. Миокард инфаркті бар науқастарда қарыншалық фибриляция даму қаупі болады алғашқы:

1. Аурудың бірінші тәулік соңында.

2. Ауру басталғаннан 3 - 4 сағат ішінде.

3. + Аурудың алғашқы бірнеше минутында

4. Аурудың екінші тәулігінде.

5. Ауру басталғаннан 1 апта өткенде

11.

128.ЭКГ ишемия аймақтарын көрсетеді:

1. + Т тісшесінің өзгеруі

2. ST сегментінің өзгеруі

3. QRS комплексінің өзгеруі

4. R тісшесінің өзгеруі

5. Q тісшесінің кеңеюі

 

129. ЭКГ өтпелі кезең мына шықпаларға сәйкес

1. V1-2

2. + V3-4

3. aVR

4. V5-6

5. aVL

 

12. 130. Соңғы ЖИА жіктелуіне ЖИА-ң клиникалық түрлерінің барлығы енгізілген БІРЕУІНЕН басқа:

1. Стенокардия.

2. миокарда инфаркті.

3. Инфаркттен кейінгі кардиосклероз.

4. + Атеросклеротикалық кардиосклероз.

5. Жүрек ырғағының бұзылысы.

13.

14. 131.Стенокардия кезінде,физикалық күштенумен байланысты жағымсыз сезім сипаты қай жерде орналасқан:

1. Жүрек тұсында (көкіректің сол жағы).

2. + Көкірек артында.

3. Жүрек ұшы аймағында.

4. Семсер тәрізді өсінді жанынды көкіректе.

5. Эпигастральды аймақта

 

15. 132. Күш түсуден пайда болған стенокардия ФК II бар науқастарда ұстама басталады:

1. Бір этаждан қарағанда, баспалдақпен көтерілгенде азғырақ;

2. + Бір этаждан қарағанда, баспалдақпен көтерілгенде көбірек;

3. Тек аса үлкен физикалық күштену кезінде;

4. Барлық, тіпті кейде минимальды физикалық күштену кезінде.

5. Тыныштық күйде

 

16. 133. Науқаста вариантты стенокардия ұстамасы басталады:

1. Күннің екінші жартысында.

2. + Түнде немесе таңертең ерте.

3. Қандай да бір циркад жоқ

4. Нитроглицерин қабылдағаннан кейін.

5. Физикалық күштенуден кейін.

17.

18. 134. Ауыру басталғаннан алғашқы 4-6 сағатта, миокард инфарктімен ауыратын науқастарға жүргізетін негізгі патогенетикалық терапия болады:

1. Коронарлы ангиопластика.

2. + Тромболитикалық терапия.

3. Аорто-коронарлы шунттау.

4. Нитроглицерин көктамырға тамшылату.

5. Жансыздандыру.

19.

20. 135. Миокард инфарктінің жедел сатысындағы қарыншалық тахикардияны емдеу мақсатымен ең бірініші қолданатын препарат:

1. Дигоксин

2. Верапамил.

3. Бета-блокаторлар

4. + Кордарон.

5. Атропин

21.

136. Миокардтың некрозының ең негізгі көрсеткіші:

1. QRS комплексінің кеңеюі

2. + Q 0,04 с, Q 40% R

3. Т тісшесінің негативизациясы

4. ST сегментінің төмендеуі

5. V5-6 шықпаларында S пайда болуы

 

137. Миокард инфарктінің жедел сатысы кезіндегі ең мүмкін болатын өзгерістер:

1. Қарама-қарсы қабырғада ST сегментінің конкордантты өзгерістері;

2. + Патологиялық Q тісшесі, ST-T кешенінің монофазды қисық түрінде;

3. ST-T кешенінің реципрокты өзгерістері;

4. ST сегменті элевациясы;

5. Т тісше инверсиясы.

 

138. Сол қарынша алдыңғы қабырғасының жедел миокард инфаркті сатысында ЭКГ тән ең негізгі өзгерістер:

  1. + I, aVL-де ST элевациясы және патологиялық Q , V3,V4; II,III, aVF-те ST депрессиясы;
  2. III, aVF, V1-де ST элевациясы және патологиялық Q; ST депрессиясы I, II, aVL;
  3. ST элевациясы I, II, aVL; Т тісшесі теріс III, aVF, V5, V6;
  4. Кеуделік әкетулерде ST сегменті депрессиясы;
  5. Кеуделік әкетулерде Т негативизациясы.

 

139. Артқы қабырға миокард инфарктінің жіті сатысындағы ЭКГ көрініске тән:

  1. II,III ST депрессиясы, I, II, aVL-де T теріс, III, aVF патологиялық Q;
  2. II,III ST депрессиясы, I, II, aVL-де ST элевациясы, III, aVF T теріс;
  3. + ST элевациясы, II,III, aVF, патологиялық Q тісшесі, I, aVL-де V2-4 ST сегменті депрессиясы;
  4. I, aVR- кеуделік әкетулерде ST сегменті жоғарлаған;
  5. V2-4 кеуделік әкетулерде патологиялық Q тісшесі.

 

140. I, aVL, V3-V6 әкетулерінде ST сегментінің 2 мм-ге дейін жоғарлауы және Т тісшесінің теріс болуы, R тісшесі амплитудасының төмендеуіне мыналар тән:

  1. + Интрамуральды алдыңғы бүйір инфаркті үшін;
  2. Интрамуральды артқы бүйір инфаркті үшін;
  3. Майда ошақты алдыңғы инфаркті үшін;
  4. Іріошақты бүйір инфаркті үшін;
  5. Майда ошақты бүйір инфаркті үшін.

 

141. Миокард инфарктының тыртықтану кезеңіне ең тән:

  1. патологиялық Q тісшесінің жоғалуы ;
  2. ST сегменті изолиниядан жоғары ;
  3. Q тісшесінің 0,02 с жоғарлауы;
  4. Теріс Т тісшесі;
  5. + ST сегменті изолинияда

 

142. Қайталамалы миокард инфарктның тыртықтану аймағында көрінеді:

  1. ЭКГ қарсы-қабырғасындағы шықпада ST сегменті төмендеуі;
  2. + Q тісшесінің тереңдеуі, ST сегменті тыртықтану аймағында жоғарлауы;
  3. Атриовентрикулярлы блокаданың пайда болуы;
  4. Теріс Т тісшесінің тереңдеуі;
  5. Т тісшесінің инверциясы.

 

143. ЭКГ-да жүректің жыртылуы кезінде ырғақтың қандай өзгерістері кездеседі:

  1. Қарынша фибрилляциясы;
  2. + ырғақ өзгермейді;
  3. брадикардия;

.

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2020 год. (0.272 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал