Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тарау ӨНЕРКӘСIП, КӨЛIК, БАЙЛАНЫС, ҚОРҒАНЫС ЖЕРI ЖӘНЕ БАСҚА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛМАҒАН ЖЕР




86-бап. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және басқа ауыл шаруашылығына арналмаған жер ұғымы және оның құрамы
1. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерi және ауыл шаруашылығына арналмаған жер ретiнде осы Жарлықпен және өзге заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен тиiстi нысаналы мақсат үшiн азаматтар мен заңды тұлғаларға берiлген жер танылады.
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлерiнiң және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлердің құрамындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерi жеке бөлiнiп көрсетiледi және заңдарда белгiленген тәртiппен есепке алынады. <*>
2. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерiн және басқа ауыл шаруашылығына арналмаған жердi пайдалану ерекшелiктерi арнаулы заңмен белгiленедi.
ЕСКЕРТУ. 86-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23.
N 151 Заңымен. Z010151_

87-бап. Қорғаныс мұқтажына арналған жер
1. Қорғаныс мұқтажына арналған жер ретiнде Қарулы Күштердiң әскери бөлiмдерiн, әскери оқу орындарын және өзге де ұйымдарын қорғаныс пен қауiпсiздiк саласындағы мiндеттердi орындайтын және басқа әскерлердi орналастыруға және олардың тұрақты қызметi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi берген жер учаскелерi танылады.
2. Қорғаныс пен қауiпсiздiк мұқтажына байланысты оқулар мен басқа да iс-шараларын жүргiзу үшiн жердi уақытша пайдалану қажет болған жағдайда жер учаскелерi меншiк иелерiмен және жер пайдаланушылармен жасалған шарт негiзiнде пайдалануға берiлуi мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар әскери бөлiмдермен және Қорғаныс министрлiгiмен келiсе отырып, қорғаныс мұқтажына бөлiнген жерден ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану үшiн азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға жекелеген жер учаскелерiн беруi мүмкiн.



88-бап. Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтары
1. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен өнеркәсiптiк, көлiктiк және өзге де объектiлердi пайдалану үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында аймақты орнықтыру мақсатымен сыйыспайтын қызмет түрлерi шектелетiн немесе тыйым салынатын шекте аймақтар белгiленедi.
2. Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына:
1) өнеркәсiп орындарының санитарлық қорғаныш аймақтары;
2) темiр жол мен автомобиль жолдарының сел қаупi бар, көшкiн қаупi бар бұрылыс белдеулерiнде түйiсетiн және қорғаныштық орман аймақтары;
3) су таратқыш құрылғыларын қорғайтын аймақтар;
4) аэродром жанындағы белдеулер;
5) магистральды құбырлар, байланыс желiлерi, радиоландыру және электр желiсiнiң қорғаныш аймақтары;
6) су қорғаныш аймақтары мен белдеулерi;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғаныш аймақтары жатады. <*>
3. Ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына енгiзiлген жер орналасқан тұсында арнаулы белгiлермен көрсетiледi. Су таратқыш құрылғыларын қорғау аймағының бiрiншi белдеуiн қоспағанда бұл жерлердi меншiк иелерiнен және жердi пайдаланушылардан алуға

болмайды. 4. Аталған аймақтардың шекаралары мен олардағы жердi пайдаланудың режимiн нормаларға және жобалау-техникалық құжаттамаларға сәйкес жердi меншiкке немесе жер пайдалануға беру туралы шешiм қабылдаған орган айқындайды. ЕСКЕРТУ. 88-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 151 Заңымен. Z010151


.

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.005 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал