Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тарау ЖЕР УЧАСКЕЛЕРIНIҢ МЕНШIК ИЕЛЕРI МЕН ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI




28-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жердi пайдаланушылардың құқықтары
1. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жердi пайдаланушылардың егер осы Жарлық пен басқа да заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, мыналарға:
1) жер учаскесiн оның арналуынан туындайтын мақсатта пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылық жүргiзуге;
2) ауыл шаруашылығы және өзге де дақылдар мен көшеттердiң егiсi мен екпелерiне, жер учаскесiн пайдалану нәтижесiнде алынған ауыл шаруашылығы және өзге де өнiмге, оны сатудан алынған табысқа меншiк (шаруашылықты жүргiзу, жедел басқару);
3) өз шаруашылығының мұқтажы үшiн жер учаскесiндегi құмды, топырақты, шағыл тасты және басқа да кең тараған пайдалы қазбаларды, шымтезектi, орман алабын, жер үстi және жер асты суын белгiленген тәртiппен пайдалануға, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы игiлiктерiн тұтынуға;
4) жер учаскесi мемлекет мұқтажына алынғанда (сатып алынғанда) шығындарының толық көлемде өтелуiне;
5) меншiк (шаруашылық жүргiзу, жедел басқару) құқығымен жер учаскесiнiң нысаналы арналуына қайшы келмейтiн тұрғын үй, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де құрылыстар мен ғимараттарды белгiленген сәулет-жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтай отырып салуға;
6) белгiленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және басқа да арнаулы талаптарға сәйкес суландыру, құрғату және өзге де мелиоративтiк жұмыстар жүргiзуге, тоғандар мен басқа да су айдындарын салуға құқығы бар.
2. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 5), 6)-тармақшаларында көзделген өкiлеттiктер жердi уақытша пайдаланушылар үшiн жер учаскесiн беру актiсiмен немесе жалға беру шартымен (жердi уақытша тегiн пайдалану туралы шартпен) шектелуi мүмкiн.

29-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың мiндеттерi
1. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:
1) жердi оның негiзгi нысаналы арналуына сәйкес, ал уақытша жер пайдаланғанда - сондай-ақ жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына (жердi уақытша тегiн пайдалану шартына) сәйкес пайдалануға;
2) өндiрiстiң табиғат қорғау технологиясын қолдануға, өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде айналадағы табиғи ортаға зиян келтiруге және экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге;
3) топырақтың құнарлылығын арттыруға, осы Жарлықтың 104-бабында көзделген жердi қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
4) жер салығын (жалдау ақысын) және заңдармен және шартпен көзделген басқа да төлемдердi уақтылы төлеуге;
5) орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртiбiн сақтауға, тарих, сәулет ескерткiштерiн және жер учаскесiнде орналасқан мемлекет қорғауындағы басқа да объектiлердi қорғауды қамтамасыз етуге;
6) жер учаскесiнде құрылыс салуды жүзеге асырғанда қолданылып жүрген сәулет жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) басшылыққа алуға;
7) жердiң жай-күйi мен оларды пайдалану туралы жер заңдарымен белгiленген мағлұматтарды мемлекеттiк органдарға уақтылы табыс етiп отыруға;
8) басқа меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;
9) топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу оның бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа адамдарға сату немесе беру мақсатында оны сыдырып алуға жол бермеуге;
10) осы Жарлықтың 47-бабында көзделген тәртiппен сервитуттардың берiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Жер пайдаланушылардың заңдарда және жер учаскесiн пайдалану





құқығына берiлген құжаттарда, уақытша жер пайдалану туралы шарттарды қоса алғанда, көзделген басқа да мiндеттерi болуы мүмкiн. 3. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен учаске жерiн пайдаланушылар, егер осы Жарлықта өзгеше көзделмесе, жер учаскесiне жүктелген (оны арнауына орай пайдалану, сервитуттар беру, салықтар мен өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу және басқалар) барлық мiндеттердi мойнына алады.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал