Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Американың телевидение дәуірі




Қозғалыстағы бейнені қашықтан көрсету әрекеттері алғаш рет АҚШ-та 1922-1923 жылдары қолға алынды. Олар Пауль Нипковтың дисклерінің көмегімен бейнені айналдыратын механикалық жүйемен жүзеге асырды. Он жылдан кейін белгілі болғандай, бұл жүйенің дамуына үлкен үлес қосқан У.Герберт А. Айвс пен Чарльз Ф. Дженкинс деген өнертапқыштар еді. 1927 жылғы радио туралы алғаш заңның қабылдануынан кейін Американың Федеральді радио комиссиясы ешқандай өлшемге негіздемей, визуальді ақпарат тарату тәжірибесіне бірнеше жиілік бөлді. 1931 жылғы комиссияның есебі бойынша теледидар арқылы ақпарат тарату тәжірибесі 21 станцияда өтті. Тәжірибелік станциялар ешқандай орталықтанған жүйеге бағынбастан, миллиондаған долларды текке шашты. Дұшпандық, қастық, патент талас-тартыс АҚШ-тағы күнделікті телехабарлардың тарауын Еуропаға қарағанда кешігуінің бірден бір себебі. Телеарна АҚШ-та ресми түрде бірнеше рет ашылды. 1920-1930 жылдары АҚШ (Англия мен Германия сияқты) алғашқы және уақытынан ерте телеарна революциясын бастан кешті, сол кезде, қашықтан көру уақыты жеткен сияқты болды. Уақытынан ерте болған көтерілістің оптимистік көзқарастары радиотехника мен дауысты кино саласындағы табыстарға байланысты кең етек алды. АҚШ-тағы электронды теледидар жобасының ең тиімдісі Владимир Кузьмич Зворыкиннің (1889-1982 ж.) атымен байланысты. Ол иконоскоп пен кинескопты ойлап тапқан, 120 патенттің иегері, «Электронды теледидардың атасы». Американдықтар теледидардың негізін салушы ретінде В. Зворыкин, Д. Сарнов пен У. Пейлиді атайды. Телевидениені бұқараландыруда Дэвид Сарновтың 1930 жылы негізін Гульелмо Маркони қалаған «Радио Корпарейшн оф Американы» («Ар-си-эй»), сонымен «Нэшнл Бродкастинг Компани» радиожелісін сатып алуы елеулі өзгерістер әкелді. Өзінің қоластына жұмыс істеуге В.К.Зворыкинді шақырған Д.Сарнов телевидение саласындағы тәжірибелердің жаңа кезеңін бастады.

Шекарасындағы әскери әрекеттерді тікелей сезбеген АҚШ-та да бұқаралық телеаудитория құрылмады. Соғыстың аяқталу кезінде елде бес мыңға жуық теледидар бар еді. Американдық телевизияның дамуына телебағдарлама аумағында ғылыми-техникалық жұмысты жүзеге асырған жетекші радио корпорациялардың ұстанымы септігін тигізді. Радиокорпорация жетекшілерінің пікірінше, радионың бай ресурсын толық меңгермейінше, телевидениені дамыту мүмкін емес деп санады.



1939 жылы «NBC» радиокорпорациясымен жасалған Нью-Йорк Штатының астанасы Олбани қаласындағы станцияда алғашқы тұрақты телебағдарламалар жасалып, соғыстан кейінгі жылдары телевидение АҚШ-та жылдам қарқынмен дамыды. АҚШ-та телехабарлардың дамуына зор серпін берудің негізі Ресейден шыққан инженер В.Зворыкиннің қатысуымен, 1941 жылы байланыс жөніндегі Федералды комиссияның телебағдарламаларда коммерциялық жарнамаларды қолдануға рұқсат беру жөнінде шешім қабылдауы үлкен серпіліс берді. Телебағдарламалар сол жылы «CBS» радиокорпорациясында жұмысын басталса, екі жылдан кейін елдегі ірі «ABC» ақпарат корпорациясы іске кірісті. Телевидениедегі ғылыми-техникалық жетістіктер АҚШ-тың телевизиялық индустриясының көшбасшы атануына ықпал етті.

Телебағдарламадағы тәртіпті реттеу мен түсті теледидардың ұлттық сипатын анықтау қажеттілігін сылтауратып, көсбасшылықты бекітуге жол ашқан «FCC» шешіміне сәйкес, 1948 жылдың қыркүйегінен 1952 жылдың сәуірі аралығында жаңа телехабар ұйымдарының лицензиясын алу жөніндегі тапсырысын қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұл шешім жұмыс істейтін телекомпанияларға өз ұстанымдарын күшейтіп, үлкен мүмкіндіктерге толы телевизвия хабарларын молынан игеруге құлшындырып, жаңа бәсекелестеріне бірлесіп қарсы тұруына мүмкіндік берді.



Лицензия берудегі мораторий аяқталысымен, «NBC», «CBS» және «ABC» корпорациялары эфирлік телевидение саласында нық орныққаны соншалық, 1980 жылдары ұлттық тележелілердің басты құрылымы ретінде басыңқы болды. АҚШ-та коммерциялық телевидениенің қалыптасуына шешуші қадам жасаған корпорациялар бірнеше жүйеде ұйымдастырылды.

1. Ұлттық тележелілер жетекші телекомпанияларға жататын және сол компаниялар басшыларымен басқарылатын телестанциялар тобы. «NBC», «ABC», «CBS» – негізгі эфирлік тележелілер үштігіне 1986 жылы Р.Мердок қалаған ірі желі «Ғох» біршама жақындады. Телевидениенің қалыптасуындағы алғашқы оңжылдықта көп шектеу орын алды, байланыс жөніндегі Федеральды комиссияның енгізген шектеуіне сәйкес тележелілер меншігінде алтыдан аспайтын эфирлік станциялар болу тиіс еді. Кейіннен бұл шектеу бір ғана меншік иесінің бақылауындағы станциялар санын көбейту жайы бірнеше рет қарастырылды. Кабельдік тележелілерге меншік жөніндегі шектеулер тоқтатылды. «Turner Broadcasting System» – TBS, «Discovery Network» сыңды және т.б. ірі желілерді бір-біріне қосқан кезде, 1990 жылдың бірінші жартысында АҚШ-та 60-тан астам тележелілер жұмыс істеді.

2. Желілер филиалы (желілермен ассоцияланғантелестанциялар) – тележелілер иелерінің меншігінде емес, олармен келісімшарт қатынасындағы жеке телестанциялар. Яғни, қуатты жекеменшік өндірістік базасы жоқ жергілікті станциялар. Желілер өзінің коммерциялық жарнамаларын ақпараттық бағдарламаларына енгізуге құқық ала отырып, оларды коммерциялық негізде қамтамасыз етеді. Бұл серіктестерді хабарлаудың сеткасын өз күштерімен құруынан босатқанымен, оларды ұлттық тележелілердің жарнамаларын демонстрациялауда эфирлік уақытты беру міндетінен босатпайды. 1996 жылғы байланыс жөніндегі заңның қабылдануына дейін, АҚШ-тың әрбір жетекші ұлттық тележелілері 200-ге жуық телестанциялармен серіктестік қарым-қатынаста болды.

3. Тәуелсіз станциялар тележелілермен байланысы жоқ, ақпараттық бағдарламаларын өз күшімен жасайтын немесе басқа телекомпаниялардан сатып алушы станциялар (кей жағдайларда бағдарламаларымен алмасады). Серіктестіктің артықшылығын пайдаланатын желілік құрылымдардың кірісімен салыстырғанда, тәуелсіз жергілікті станцияның пайда табу деңгейі төмен. Оның жергілікті (локальді) жарнама нарығына жақындығы мен олардың құрылымын игерудегі терең білімнің болуы басты пайда табу көзі болып табылады.

Қаржымен қамтамасыз етудің негізгі қайнар көзі ретінде жарнамалық қызметті пайдаланатын коммерциялық телекомпаниялар, жарнама берушілерден мол ақшалай қаржы түсірудің қызығушылығында ұстайды. Телеэфирде жарияланатын жарнамалардың бағалануы белгілі бір телебағдарламаның немесе сол және басқа телекомпаниялардың аудиториялық тобының санына байланысты жүргізілетін рейтингіне байланысты бағаланады. 1930 жылдардың басында радиода ең алғаш қолданылған рейтингті анықтау әдістемесі сол кезден бастап үдіксіз жаңару үстінде болды. Жоғарғы жарнамалық тарифті орнату рейтингтің жоғарғы коммерциялық болуына негізделеді. Осыған орай табысты өндіріп алуды көздеген телекомпания басшылығының басты жұмысы жақсы рейтингтік көрсеткіш үшін күресу болып саналады. Ақпарат ретінде жарнамаға мағына беретін өнімнің сапасы, бағдарламаның табыс көрсеткіші ретінде оның рейтингінің деңгейі болып табылады. Осыған байланысты «NBC» тележурналисі Л.Эллерби: «Телевидение өнімі – бағдарламалар емес, солардың назарындағы аудитория және осы өнімнің сатып алушысы жарнама беруші... Ең көп адамның назарын өзіне аударған бағдарлама – ең үздік болып есептелді»[1,55-б], - деп мәлімдейді.

Хабарларды жоғары рейтингпен қамтамасыз етуге талпыну телекомпанияның телеэкран алдында көп аудиторяның жиналуына кепіл болатын, көрермен талғамайтын байқау мен викторина, шоу, «көбікті опера» мен басқа да танымал сериалдар, кинофильмдер, көңіл көтеретін сыни бағдарламалардың үлесіне тиесілі. Мұндай бағдарламалар рейтингі төмен бағдарламардан бас тартуға мәжбүрлейді. Осының нәтижесінде телеаудиторияның шынайы таңдауы тарылады. Мазмұны жағынан қарапайым, көңіл көтеретін бағдарламаларды ұзақ жылдар бойы көру, талғамы мен таңдауы орташа көрермендерді қалыптастырады.

Жоғары рейтингпен қамтамасыз етуге тырысуы, хабарлардан телебағдарламаларда «анкорлардың», «the anchor» ағылшын тілінен аударғанда, «ілмек», «зәкір» деген мағына береді, көпшілік аудиториясының назарын аудартатын телекомментатор мен жүргізушілер, телевидение жұлдыздарын қатыстыра отырып, «персонификация» әсерін қолдануға әкеп соғады. Жаңалықтарда жоғары рейтингке жету мақсатында көрініс тапқан оқиғаларды әсірелеп (драматизировать) жеткізу тенденциясы қолданылады. Телекөрсетілімге елең еткізер кадрлардың іріктелініп алынуы, коммерциялық телевидениенің қоғамдық тәртіпсіздік пен соғыс, апаттар, зорлық-зомбылық пен қатігездік көріністерін жиі көрсетеді. Телекөрсетілімдерде ұтымды болып көрінетін, сенсациялық телесюжеттерге көп мән беріліп, «сенсанциялық емес» оқиғалар, жаңалықтар тарататын бағдарламалар екінші қатарда қалып қояды.

Сыншылар коммерциялық сипаттағы телевидениенің мемлекеттік саясат пен жергілікті өзін-өзі басқарудағы қоғамдық маңызы бар проблемаларға жеткіліксіз көңіл бөлетінін, белгілі бір көрермендер категориясына – мысалы, балаларға қажетті хабарлардың жеткілікті екендігін атап өтеді. Балалар аудиториясының көп болуы және басқа көрермендердің көп болуы телевидениенің ұстанған бағытына байланысты. Қазіргі таңда телевидение балаларға ата-аналарымен немесе құрдастарымен араласуды, кітап оқуды жиі-жиі насихаттайды. АҚШ-тағы балалар орташа есеппен алғанда теледидар алдында аптасына 28 сағат уақытын өткізеді екен, бұл мектептегі сабақтан да көп уақыт [2,47-б].

Кәмілет жасқа толмағандар телебағдарламаларды сынға алмайды, экранда болып жатқан көріністерге сеніп, оларға еліктейді. Зорлық-зомбылық пен өткір драмалық сюжетке құрылған жаңалықтар, сериалдар мен телебағдарламалар балалар психикасына жағымсыз әсер етіп, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтену үдерісіне керағар әсер етеді екен. Гарвард университетінің медицина факультеті жүргізген зерттеулері нәтижесінде 18 жасқа толмаған Американың жас өспірімі экраннан зорлық-зорлықты 180 000 астам, оның ішінде шамамен 80 000 рет қылмысты көретіндігін анықталған. Зерттеулер нәтижесі экрандағы зорлық-зомбылық балаларды өмірде тым агрессивті ететіні айқындалған, Американдық Педиатрия Академиясы көп зорлық көріністерге толы бағдарламарды көретін балалар келіспеушілікті зорлық тәсілімен шешуді дұрыс деп санайды екен. Оған қоса, экрандағы зорлық-зомбылықты көру, баланы шынайы өмірдегі зорлықта қорғансыз ететін көрінеді.

1980-1990 жылдары телевидение хабарларының коммерциализациялануы әсерінен, көңіл көтеретін элементтері басым бағдарламалар тележурналистиканың «маңызды» жанрына айналды. Жаңалықтарда «инфотейнмент»құбылысы байқалды. «Ақпарат» (information) және «көңіл көтеру» (entertainment) сөздерінен құралған бұл ұғым, жалпы алғанда, ақпараттық маңызы жоқ, жаңалықтар сипатында аудиторияның таза көңілін көтеретін сюжеттер ұсынатын массмедиялық материалдар тобы. Сондай-ақ инфотейнмент ақпараттық құны шамалы, қоғамдық маңызы жоқ, ақпараттық-көңіл көтеру бағдарламалары.

Мазмұнына қарай арнайы он шақты арналарда көрермен назарына ұсынатын, ғасырдың соңғы ширегінде қарқынды дамыған, кабельдік телевидениенің кең етек жаюымен, коммерциялық жарнаманың өз көрерменіне жеткізілуіне мүмкіндік ұлғайды. Осыған орай «инфомершианс» («information» – ақпарат, «commercials» – жарнамалық хабарландыру) ұғымы пайда болды. Бұл белгілі бір аудиторияға арналған бағдарламаларға тиянақты енгізілген, телевизиялық бағдарлама түріндегі ақылы жарнама.

Соңғы жылдары Батыстың коммерциялық телевидениесінде «докудрама»деп аталатын жанрлық пішін таралды. Бейнекадрлар мен фототүсірілімдермен деректі нағыз, шынайы оқиғаларды көрсету докудрамада оқиғалардың драмалық құрылымымен үйлесім табуы мүмкін. Осындай тектегі бағдарламаларды шығаруда әртістер өздерінің ойындарын, дерексіз көріністерді шынайы орындауы тиіс. Докудрамалар мысалы, тарихи немесе қылмыстық көріністерді сахналағанда қолданылады. Докудраманы қалыптастырған жағдай, кейіпкерлердің ойдан шығарылған диалогтары, оқиғалардың қалай өрбігендігін мүлтіксіз, сенімді ұйымдастыруы тиіс. Докудрамада шынайы және ойдан шығарылған деректер арасындағы нақты шектеудің жоқтығы, оны журналистік репортаждар мен деректі фильмдерден ажыратады. Докудрамадағы деректердің қайсысының шынайы болғанын, қайсысының бағдарлама шығарушының қиялынан шыққандығын көрермен өзі ажыратып алуы тиіс.

«Докумыла» -«көбікті опера» стиліндегі жан тебірентер драмалық оқиғаларды эфирге шығару кезінде монтаждалған және комментарийленген деректі бейнекадрларды іріктеп алып, оларды «құрылыс материалы» ретінде қолданатын сентименталды (сезімтал) мазмұндағы фильмдер мен бағдарламалар жанры. «Докумылада» сюжет негізіне өмірдегі шынайы кейіпкерлердің қарапайым махаббат қатынастары арқау болады. Осындай тектегі жанрдың үлгісі ретінде Ресей телеарналарында бірнеше рет көрсетілген «ХХ ғасырдың белгілі романдары» атты британдық телевизиялық сериал бола алады. Батыстағы атақты тұлғалардың жұбайлары, көңілдестерімен қарым-қатынастарының шынайы бет-бейнесін, деректі мазмұндамасын қалыптастыруда тарихи киношежіре кадрларының артықшылықтары ұтымды пайдаланылады. «Докумыланы» шығарушылар назарына саяси қайраткерлер өмірі У.Черчилль, Ф.Д. Рузвельт т.б, шоу-бизнес өкілдері К.Гейбл, М.Монро, М. Каллас және т.б. «жұлдыздардың», аса бай адамдардың тағдыры мен романдары іліккен.

Экономикалық пайда мен тиімділік шарттарын сақтау қажеттілігі коммерциялық хабар жасаушыларға, жоғары рейтингтік фильмдер мен бағдарламаларды қайталап көрсету арқылы қаражатты жинау жөнінде бағдарламалық саясатты қалыптастыруды жүктеді. Ұжымды қысқартып, қалған қызметкерлерге түрлі саладағы міндеттерді жүктеу, телеөндірісте компьютерлік технологиялардың көп мөлшерде жұмсалуының себебі, ұжымға «аз адам» алумен сипатталып, осындай тәсілдер тәжірибеде қолданыла бастады.

Жарнама материалдарын жинау жағынан эфирлік желілермен салыстырғанда көлемі жағынан кабельді желілерде төмен болып келеді, арналар мен бағдарламаларды көрудің ақылы түрін енгізу, экономикалық тиімділіктің проблемасын шешудегі жолдардың бірі болып табылады.

4. Қоғамдық телевидение. Коммерциялық реттелген телевидениенің ойын-сауық, жарнамалық күші қоғам тарапынан сынға алынып, жекеменшік телехабарлар телевидение жұмысына салмақ түсіреді деп айыпталды. Телебағдарлама аудиторияны ағартушылық, моральдық, құқықтық, танымдық тақырыптарды жандандыруда қолдану қажеттілігінен туындады. Қоғамдық-ағартушылық телевидение үшін 1950 жылдардың басында АҚШ-та хабарлар жиіліктерін резервтендіру жөнінде шешім қабылданды. 1953 жылы Хьюстонда алғашқы коммерциялық емес білім беру телестанциясы іске қосылды. Алайда, қайырымдылық қорлары мен корпорациялардың, жеке тұлғалардың қаражатымен қамтамасыз етілген телевидениенің бұл түрін қаржыландырудың аздығынан, ол 1960 жылдардың аяғына дейін әлсіз дамып келді. Мәдени-ағарту бағдарламаларын шығару жұмысын жақсарту мен оларды тиімді тәсілмен жасау мақсатында, 1967 жылы елдің әр түрлі коммерциялық емес телестанциялары біріккен «Қоғамдық Хабарлар Қызметі» («PBS») құрылды. Оған Вашингтон, Сан-Франциско, Нью-Йорк, Бостон қалаларында орналасқан ұзақ жылдар бойы телебағдарлама шығаруда бірнеше ірі коммерциялық телестанциялар жетекшілік етті. «PBS-ты» құру жетекші өндірушілер мен қалған коммерциялық емес телебағдарламалар арасында ортақ ұлттық тақырыптағы бағдарламалармен қамтамасыз етеді. «PBS» тұңғыш рет АҚШ-та спутниктік телевидениенің мүмкіндіктерін мәдени және ағарту, ақпараттық-публицистикалық бағдарламаларды ел аумағының барлық жерінде орналасқан коммерциялық емес станцияларға тұрақты жеткізуде пайдаланылды [3,452-б].

Мемлекеттік қолдауға қарамастан, АҚШ-тағы коммерциялық емес қоғамдық телевидениенің қаржылық базасының аз болуы Еуропа қоғамдық телевидениесінен артта қалды. Мұны коммерциялық емес ұйымдардың аз бюджеті мен сапасы төмен бағдарламалар шығаруы, олардың тек бір-бірімен бағдарлама алмасуымен түсіндірілді.

Коммерциялық емес телебағдарламалардың саны шектелді. 1990 жылдары АҚШ-тың 1450 телевизиялық станцияларының 350 ғана қанағаттанарлық дәрежеде болды. Коммерциялық емес станциялардың басым көпшілігі «PBS-ке» қосылды. Соңғы жылдары коммерциялық жарнама, демеушілікті қолдана бастаған Американың табысты қоғамдық телестанцияларының коммерциализациялануы белең алуда.

Спутниктік телевидение. 1962 жылы шілде айында «Teistar» коммуникациялық спутнигі, америкалық «АТТ» жасаушы корпорациясымен іске асырылып, телевидениенің ғарыштық эрасын ашты. Осының арқасында АҚШ пен Еуропа арасында тікелей телетрансляциялар жүргізіле бастады. Спутниктік хабарлардың халықаралық масштабта дамуы үшін, әр түрлі мемлекеттердің бірлескен күштері мен оған байланысты құрал-жабдықтарды қажет етті. 1960-1970 жылдары халықаралық спутниктік байланыс ұйымдары қалыптасып, коммуникациялық спутниктердің орбитаға шығарылуын қамтамасыз етіп, ғарыштық байланысы бар басқа мемлекеттердің телеарналарын жалға бере бастады. Осындай жағдаймен «Intelsat» халықаралық консорциум 106 мемлекеттің қатысуымен пайда болды. Ол «Комсат» корпорациясының бақылауында, АҚШ-тың басқару иелігінде.

Техникалық коммуникациялық спуниктерді бүге-шегесіне дейін үйренгеннен, 1970 жылдары Америка инженері Т.Хауард компонтік қабылдау құрал-жабдық жүйесін ойлап шығарды, ол спутниктен телебағдарламаларды алуға мүмкіндік туғызды және ғарыштық бағдарламаларды индивидуалды түрде қайта көруге жағдай жасады. Бірақ, олардың кеңінен етек алуына, ғарыштық телевидениеге міндетті түрде қосылуға мәжбүрледі. Ғарыш арқылы алынатын ақпараттарды қабылдау үшін жерге қабылдау бекеттерін Коммуникация жөніндегі Федеральды Комиссиядан арнайы рұқсат алып, құжаттар жинауды қажет етті. Бұл жөнінде 1980 жылы АҚШ-та жеке қолдану аясында тек екі мыңдай жеке спутниктік құрал-жабдықтар орнатылып, әрқайсысының бағасы оң мың долларды құрады.

1980 жылдың ортасында спутниктік телевизиялық хабарлар жүйесі аса қымбат жер серіктерін, қабылдау кешендерін қажет етпей, қымбат емес құрал-жабдықтарға, параболикалық антенналарды пайдалануды бастады.

1984 жылы бұл тәрелкелерді қолдануға шектеулер алынып тастағандықтан араға бір жыл уақыт салып АҚШ 60 000 ақпаратты жеке қабылдайтын антенналар орналастырды. Бірнеше жылдың ішінде халыққа 2 500 000 қабылдау бекеттері салынып үлгерілді. Спутниктік бағдарламаларды бұқараның таппай көруі оның қызметінің құнын арзандатты. 1980 жылдары бір кешеннің орташа бағасы 2 500 долларды құрады, кейін бағасы жаппай төмендей бастады.

«TV», “CNN», “CABLE NEWS NETWORK» - кабельдiк жаңалықтар жүйесi 1977 жылы құрылған. Арна бүгiнде түгелiмен спутниктiк жүйеге ауысқан. Бұл компанияның басшысы Роберт Эдвард Тернер. «CNN-нiң» орталығы АҚШ-тың Атланта қаласында орналасқан. Негiзiнен ақпарат таратумен айналысады. «TBS», «TURNER BROADCASTING SYSTEM», бұл да Роберт Эдвард Тернер иелiгiндегi телеарна. «FOX NEWS» - жаңалықтар арнасы. «SKY NEWS» ақпарат тарату арнасы. «ABS» АҚШ-та беделi бар телеарна. «NBS» жаңалықтар таратумен айналысып, саясат, мәдениет, әлеумет, спорт тақырыбында терең сараптама жасаумен айналысады [4].

«Си-Эн-Эн» 1980 жылдың 1 маусымынан Роберто Эдвард Тэрнер негізін қалаған халықаралық тәулiк бойы қызмет ететін жаңалықтар қызметi әлемде бірінші («CNN») «Си-Эн-Эн» жұмыс iстей бастады. Стив Хауорттың бұл корпорациясының вице-Президентi, оның жетiстiгi «Ақ үйдегі» кабинеттер мониторларының көпшiлiгiнде бұл станцияның каналына үнемi қосылған. «Си-Эн-Эн» жаңалықтар бағдарламаларын мемлекет басшысы және әлемнiң көп елдерiнiң үкiметтерiне жіті қарап отырады.

1963 жылдан «Компани Адвертайзинг» мекемесінің президенті болған Роберто Эдвард Тэрнер теледидар серiктестiктерi жүйесiндегі жұмысын кеңейтудiң нәтижесiнде осындай үлкен ақпараттар қызметін ашуға қол жеткізген. «Си-Эн-Эн» телеарна 1 700 000 американдық қабылдайды екен. Корпорацияның жыл сайын бюджеті 30 000 000 миллион долларды құрайды, әлемге белгiлi журналистер қызмет жасайды. «Си-Эн-Энде» 1 700 адам, оның бөлiмшелерi әлемнің 27 елінде жұмыс iстейдi, жыл сайынғы бюджеті 130 000 000 $ құрайды. Штаб-пәтері Атланта қаласында орналасқан «Си-Эн-Эн» iрi дүниежүзлік ақпараттық орталықтарының арасында ең ірі телерадиокомпания. Бейне жаңалықтарды арна арқылы 55 000 000 жазылушылар қабылдайды, «Си-Эн-Эн Интернешнл» оның халықаралық қызметiн 92 елдердегi спутниктiк байланыс көмегiмен қабылдап, таратады.

Бұл компания алғашқы бес жылда 77 000 000 доллар шығынға ұшырайды. Барлығы 250 000 000 доллар қаражат салып, кейіннен пайда әкеле бастайды. Қазiргі «Си-Эн-Эн» екі миллиард долларға бағаланады Роберто Эдвард Тэрнердің ақпараттық империясы жыл сайын 224 200 000 табыс әкеледi екен. Репортаждық тәжiрибеге сүйенген «Си-Эн-Эн» журналистері ең маңызды деген саяси оқиғалар, трагедиялар және апаттарды дер кезінде жедел берумен ерекшеленеді.

Мәлiметтiң ғаламдануы, оның таратылуы бойынша дүниелiк бiрлестiктiң стратегиясын жаңғыртуына байланысты бiрқатар мәселелер шешілген. Соңғы жаңа технологиялар, спутниктiк байланыс, радио, интернет қабылдағыштар ақпараттарды тез таралуының көзi.

«CNN»– «Жаңалықтардың кабельді байланысы» («Cable News Network»). Американдық жаңалықтардың кабельді байланыс түрі болып табылады. Іске қосылған сәтте әлемдік телеарналардың жаңалықтарын 24 сағат бойы Америка Құрама Штаттарында кабельді байланыс арқылы алғаш болып таратқан. «Си-Эн-Эн» 212 елдегі көрермендерге өзінің бағдарламаларын «Си-Эн-Эн Интернешнл» арнасы арқылы таратады [5].

«Си-Эн-Эн» жаңалықтар туралы тек хабарлап қоймай, қоғамда болып жатқан түрлі даулы мәселелерді талдап, таразылап, беріп отырады.

«Си-Эн-Эн» әлем жаңалықтарын көру үшін арнайы жаңалықтар уақытын күтудің қажеті жоқ. Жаңа ақпаратпен құлақтанғың келсе, қалаған уақытыңда «Си-Эн-Энді» қоссаң болғаны. Өйткені, «Си-Эн-Эн» 24 сағат бойы көрермендерге қызмет етеді. Күндіз-түні үздіксіз ақпаратты аса жедел таратуы «Си-Эн-Эннің» басты артықшылығы. Сондықтан «Си-Эн-Эн» жаңалықтарымен әлем мойындаған көшбасшылар танысады. Тележелідегі баспасөзбен байланыс бөлімінің меңгерушісі Стивет Хоуарт мәлімдеуінше: «Көптеген мемелекет басшылары, басқа елдің көшбасшыларына «Си-Эн-Эн» арқылы байланыс жасап отырады»,- дейді. «Си-Эн-Эннің» ұраны: «Жылдамдық, тек қана жылдамдық».

Ақпарат агенттiктерi.«Associated Press» 1948 жылы Нью-Йорк қаласында құрылған агенттiк, әлемнiң 110 елiнде жазылушылары бар. Күнiне ағылшын және испан тiлдерiнде 17 000 000 сөз ақпарат таратады.

«United Press International» негiзiн 1907 жылы Америка баспасөз магнаттарының бiрi Э.У. Скриппс қалады. Алғашқыда «United Press Associations» деп аталып, 1958 жылы «UPI» деген атқа ие болды. Күнделiктi ағылшын, испан және португал тiлдерiнде 130 000 000 сөз ақпарат таратады. АҚШ-та 46 және шет елдерде 82 бөлiмшесi бар.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.01 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал