Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Антигендер






Антиген − организмде антидене пайда болуын жә не иммундық жауаптың басқ а тү рлерін тудыра алатын, сонымен қ атар антиденелермен жә не антигентаныстырушы жасушалармен ә рекеттесе алатын химиялық топтасуғ а тә н генетикалық бө где зат (нә руыз, полисахарид, липополисахарид, липопротеин, нуклеопротеин).

Антиген бірнеше тү рлі немесе қ айталанатын эпитоптардан тұ рады. (3-сурет) Эпитоп (антигендік детерминант) – иммундық жауап кезінде антиденелер мен эффекторлық Т-лимфоциттердің ерекшелігін қ амтамасыз ететін, антиген молекуласының ерекше бө лігі. Эпитоп антидененің белсенді орталығ ына немесе Т-жасушалық рецепторғ а комплементарлы болады. Аллергия тудыратын антигендерді − аллергендер, ал иммунологиялық толеранттылық тытудыратындарды − толерогендер деп атаймыз.

Бактериялардың антигендері: O-антиген (жасуша қ абырғ асының липополисахариді), Н-антиген (шыбыртқ ынә руызы) жә не капсулалы К-антиген, соның ішінде Vi-антиген.

 

 

3-сурет. Антигеннің эпитоптары.

Гаптен − шағ ын химиялық топ тү ріндегі толық қ ұ нды емес антиген. Гаптендер ө з бетімен иммундық жауап тудырмайды, бірақ антиденелермен немесе сезімтал лимфоциттермен ө зара ә серлесе алады. Гаптен иммундық жауапты тек нә руызбен немесе басқ а полиме-тасымалдаушымен байланысу арқ ылы тудырады.

Cуперантигендер – антигенбайланыстырушы саң ылаудан, яғ ни белсенді орталық тарынан тыс антигентаныстырушы жасушалардың МНС II класымен жә не Т-лимфоциттің Т-жасушалық рецепторларымен ө зара ә рекеттесетін микробттардың антигендері. Суперантигендер − МНС ІІ класс молекулалары мен Т-жасушалық рецепторлардың (TcR) бү йірінен қ осылады. (4-сурет). Олар мү мкін болатын ерекше иммундық жауапты тежейді жә не лимфоциттердің поликлоналды белсенуін, цитокиндердің босап шығ уын, кейін иммундытапшылық тармен жү ретін Т-лимфоциттер ө ліміне ә келеді. Суперантигендерге стафилакокктардың энтеротоксиндері, уытты шок синдромының уыты, стрептококктардың суперантигендері, Эпштейн-Барр вирусы жә не т.б. жатады.

4-сурет. Суперантигеннің антигентаныстырушы жасушалармен жә не Т-лимфоциттермен байланысы.

Негізгі гистосә йкестік кешенінің антигендері. (MHC-Major histocompatibility complex). МНС адамдарда HLA (Human leukocyte antigens) деп аталады. I класты МНС антигендері барлық ядросы бар жасушаларда болады, ал II кластыМНС − тек антигентаныстырушы жасушаларда болады (5-сурет). I жә не II класты МНС антигендері Т-лимфоциттердің антиген пептидімен танысуына қ атысады: I класты МНС ө німдері антигенді пептидті CD8 Т- лимфоциттеріне таныстырады, ал II кластыМНС − CD4 Т-лимфоциттермен байланысады. МНС-тің классикалық емес молекулалары бар, немесе МНС-тә різді (мысалы CD1) молекулалары бар.

5-сурет. CD8 мен CD4. Т-лимфоциттер мен MHC І жә не ІІ кластардың кө мегімен пептид-антигеннің кө рінісі.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.