Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бетонның беріктігі

Бетон беріктігін анықтайтын барлық эмпириялық формулаларда толтырғыш сапасына тәуелді коэффециенттер бар. Мысалы:

Боламеев – Скрамтаев

Rб = ARц (Ц/B – 0.5), [1]

И.Н.Ахверлов

Rб = KRц/0.95*1+1.65Kн.г/Rц.г (B/Ц)б – 1.65 Kн.г; [2]

Бұл формуладағы К немесе А коэффециенттер өзгеру мүмкін,яғни олар толтырғыштардың сапасына тәуелді. ал ол Rц – цементтік белсенділігімен қалыпты қоюлықты қамырды алу үшін су қажеттілігімен және су – цемент қатынасымен қоса қолданылатын толтырғыштардың сапасымен бетон беріктігін анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып келеді.

«Толтырғыштардың сапасы» дегенімсіз не, қандай қасиеттер қарастырамыз деген сұраққа жауап берейік.

Толтырғыштардың сапасы біріншіден бетонда центтік таспен ілінісу және өз беріктігін анықтайды.

Толтырғыш түйіршіктерінің бетімен цементтік таспен інісуі. Әдеттегі ауыр бетондарда ірі толтырғыштың беріктігі – гравийдың немесе щебеньның – ерітінді бөлігінің беріктігінен әрдайым жоғары болады, ал уақ толтырғыштардың беріктігі – құмның (құм түйіршіктерін құрайтын тау жыныстарының немесе минералдарының) – цементтік тастың беріктігінен жоғары болады. Бірақ ерітіндінің беріктігі, ережедегідей цементтік тастың беріктігінен төмен болуы мүмкін, ал бетон беріктігі жие оның ерітінді бөлігінің белгісінен төмен болады. Зерттеулер бетон беріктігі толтырғыш беріктігіне тәуелді болуымен қоса көбірек толтырғыш түйіршіктердің бетінің цементік таспен ілінісу беріктігіне тәуелді болғанын көрсетті.Оны зертханада зерттеу жұмысын жасау арқылы көруге болады.

Беті тегіс болат шарларын және өлшемі бірдей сол сияқты парафиннан жасалынған шарларды «толтырғыш» ретінде дайындаймыз. Содан соң цементтік ерітіндіден бірдей үлгілерді жасап біреуіне болат шарларды, екіншісіне парафин шарларды еңгіземіз.

Бірдей жағдайда қатайғаннан кейін беріктітке зерттейміз.Сонда біреуінде толтырғыш жоғары беріктік және қатты болаттан, ал екіншісі әлсіз иілімді парафиннан жасалғанына қарамастан олардың беріктігі шамамен бірдей болады. Екі жағдайда да үлгілердің беріктігі бастапқы ерітіндінің беріктігінен төмен болады.



Цементтік тастың толтырғыштармен ілініспеуі бетон беріктігінің төмендеуіне әкеледі, яғни қысым жасағанда да бетон көлденең созылудан да бұзылады. Цемент тастың толтырғыштармен ілінісуі болмаған кезде олар жүктеменің әрекетіне қарсы тұрмайды және қиманы әлсірететін қуыс – қуыс болып қалады. Тәжірибеде кейде толтырғыштардың орнына тегіс домалатылған малтатасты қолданылады. Әрине бұл кезде бетон беріктігі жоғары бола алмайды.

Цементік тастың орнына уақ және ірі толтырғыш қосылған бетондығы цементтік тасты толтырғышпен ауыстыруы барлық жағына тиімді болып жасалады.Жоғарыда айтылғандай толтырғыш бетонда 80% - ға дейін көлем алады. Бұл цементті үнемдейді. Бірақ барлық жағдайлрда бетонға толтырғыштарды еңгізу араласпаның беріктігін қамтамасыз ету жағынан тиімді бола ма?

Уақ толтырғыштар құм бойынша зерттелген кезде кварц құмның негізінде жасалған цементті – құмды ерітіндінің беріктігі цементтік тастың беріктігінен төмен болады. Әсіресе, әдеттегі цемент негізінде беріктік бойынша цементтік ң маркасынан 2 есеге жоғары цементтік тас алынады.Стандартты зерттеуді (цементтің белсендігін анықтау үшін )өткізген кезде 1:3 қатынаста цементтік – құм ерітіндісін жасайды.Құм ретінде 6139 – 78 мемлекеттік стандарт бойынша төмен фракциялы түйіршіктер домаоатылған вальск құмы қолданылады,егер қалыпты (вальск) құмның орнына шамалы доматылған түйіршікті табиғи кварц құмын қолдансақ, онда үлгілердің беріктігі жоғарылайды (Ю.М.Баженовтың мәліметтері бойынша 15 – 25%), бірақ бәрібір цементтік тастың беріктігінен төмен болады.



Егер табиғи құмның орына тау жыныстарынан уатып алғанда құмды қолдансақ, онда бетон беріктігін бірнеше ретке жоғарылатуға болады, бірақ уатылған құмда да кейбір түйіршіктер жие доматылған пішінді болып минералдардың бөлек кристалл ретінде пайда болады.

Кейбір кристалды минералдар уату кезінде атомдар арасында болатын байланыстарын жоғалтып бұзылады.

Түйіршіктердің беті ионизациялау нәтижесінде жаңа уатылған кварцты толтырғыштар қысқа мерзімде физикалык , химиялық белсенді болып қалатынын анықталған. Бұл ілінісудің жақсаруына және бетон беріктігінің жоғарылауында әкеледі.

Бірақ цементтік тастың құм түйіршіктерінің, бетімен ілінісу беріктігі цементтік тастың беріктігінен төмен болады, сондықтан соңғысы цементті – құм ерітіндісінде қолдануы жеткіліксіз.

Щебень ірі толтырғыш ретінде грвийден жақсы болады, яғни түйіршіктерінің пішіні мен бетінің бұдырлығы жағымды болады.Оны жоғары берікті бетондарды алу үшін қолданады.

Гравий – ең арзан ірі толтырғыш. Оның кең орындары елдің көпшілік аудандарында бар. Егер құмға тәріздес гравийді қолдану кезінде физикалық – химиялық әрекетімен пайда болатын қандай болса да цементтік таспен ілініс қамтамасыз етілсе, онда щебеньді қолданғанда кезде қосымша механикалық ілініс пайда болады. Оны жеңген кезде бетонның бұзылуы цементтік тастың кесуге қарсы тұрумен байланысты болады.

Түйіршіктердің пішінінен басқа ілінісу беріктігіне сыртқы беттің тазалығы әсер етеді. Табиғи толтырғыштар жие ластанған болып келеді. Мысалы, сазды қоспалар түйіршіктерді жұқа пленкамен майлап ілініске кедергі келтіреді. Сондықтан оларды алдын – ала жуып қолданған дұрыс. Жуылмаған толтырғыштарды қолдану жағдайда бетон араласпаны бетон араластырғышта дайындау кезде бірінші оларды сумен араластырып тек сонынан цементті қосқан жөн. Мұндай жағдайда толтырғыш бетінен жуылған қоспалар цементтік қамырда біркелкі таралып қатты жағымсыз әсер бермейді.

Ілініске толтырғыш түйіршіктерінің кеуектілігі жағымды болады. Бетон араласпада толтырғыштардың суды сору нәтижесінде цементтік қамыр ашық кеуектерге кіреді, яғни цементтік тас толтырғышпен біріктіріледі. Содан басқа су сіңірушілік ілініске кедергі келтіретін сулы пленкалардың, толтырғыштардың бетінде пайда болу қаупін болдырмайды.Сонымен бетон құрастырушыларды жанасу беріктігін анықтайтын және толық зерттелмеген қиын физикалық – химиялық процестерге толтырғыштардың химиялық және минерологилық құрамдарың әсерлері тиімді.

Егер цементтік тастың толтырғыштармен ілінісу жоғары болмаса, онда бетонның бұзылуы жанасу зонасында басталып жүктемеден бұзылу жарықшақтары толтырғыш түйіршіктердің бетінің қасынан цементтік тас бойынша өтеді. (5.1 (а) сур). Егер ілінісу сенімді болса, онда бетонның бұзылуы цементтік таспен толтырғышардың үстінен бойлық жарықшақтар бойынша өтеді. (5.1 (б) сур). Осындай құбылыс жоғары берікті бетонды зерттеу кезінде пайда болады.

 

 

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.008 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал