Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бетон араласпаны дайындау.

Технологияның бұл кезеннің міндеті бетон құрамаларын дәл дозалауда және оларды біртекті бетон араласын алу үшін жақсы араластыру.

Толтырғыштардың қасиеттеріне қарай олардың дозалау әдісі таңдалады. Мысалы, егер тығыз тау жанастарынан алынатын толтырғыштар қолданса, онда дозалау көлем бойынша емес масса бойынша жұргізілген дұрыс. Мұндай жыныстардың тығыздығы, ережедегідей тұрақты болғандықтан дозалау кезінде масса бойынша бетонның әрбір метрдің кубында толтырғыш тұрақты көлемді алып отырады.

Кеуекті толтырғыштарды қолданған кезде басқаша болады. Оның (керамзитті гравий) түйіршіктерінің көбіктену коэффициенттері әр түрлі болу мүмкін. Бұл кезде толтырғыштарды көлем бойынша дозалау дұрыс.

Тығыздық бойынша әр түрлі болатын кеуекті толтырғыштарды дозалау үшін темірбетонды ғылыми зерттеу институтында арнайы дозаторлар жасалынған. Олар толтырғыштарды көлем бойынша дозалап бір уақытта оны өлшеп тұрады. Торлытрғыштың берілген үлгісінің өлшенген салмағына қарай оның басқа фракциялар шығындарын (құм) дұрыстауға мүмкіндік береді яғни бетон араласпаның құрамы.

Толтырғыштардың қасиеттерін араласыру әдісін анықтау кезінде де есепке алған жөн. Гравийтациялық бетон араластырғыштарда бетон араласпаның құрастырушыларын ауырлық күшінің әсерімен айналып тұратын барабанда бірнеше рет еркін құлауымен араластырады. Бұл араластыру әдісі ірі толтырғыш цементтік қамырдан немес бетон араласпаның ерітінісінен ауырлау болғанда қолдану мүмкін. Егер толтырғыш жеңіл болып бетіне шығып тұрса, онда мәжбүрлеу әрекеті бар бетон араластырғыштарды немесе ерітінді араластырғыштарды қолданған дұрыс.

Әдеттегі ауыр бетонды араласпаларын араластыру үшін ертінді араластырғыштарын қолданбайды, яғни жоғары берікті гравий немесе щебеньнің түйіршіктері қалақ пен корпустың арасына түсіп бұзушылықтарды тудыру мүмкін. Төменірек берікті кеуекті толтырғыштарды қолданғанда бұл қауіп емес.



Бетон араласпаны араластыру кезінде төмен беріктікті толтырғыш түйіршіктерінің уатылып қалу мәселесін қарастырайық. Кеуекті толтырғыштардың уақ фракциялардың жетіспеушілігі болған кезде мұндай жағдай болуы мүмкін деген пікір қалыптасқан кейде бетон араласпаны дайындау процесінде толтырғыштарды жартылдай уатып сындыратын араластырғыштарды қолданады. Бірақ кейбір нақты жағдайларда мұндай технологияны қолдану дұрыс болу мүмкін, сонымен бірге бетон араласпаны араластыру кезінде толтырғыштардың түйіршік құрамының өзгеруін болдырмау қажет, яғни бұл процесті толық бақылау мүмкін емес және осындай әдіспен алынған бетон араласпалары біркелкі емес болып табылады. Ірі кеуекті бетонды дайындау кезінде толтырғышты ұсақтауға болмайды.Тығыз жоғары берікті толтырғыштарды қолданған кезде бетон араласын қолданған кезде мәжбүрлі әрекеті бар немесе гравитациялық араластырғышта дайындауға болады,ал кеуекті толтырғыштарды қолданған кезде тек қана гравитациялық араластырғыштарда.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.008 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал