Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Толтырғыштың ылғалдылығы және су сіңіргіштігі.

Түйіршік кеуектері толтырғыштың мүмкін болатын ылғалдығы мен су сіңірушілігін анықтайтын факторлардың бірі болып келеді. Ылғалдығы ω (масса бойынша % - да) анықтау үшін толтырғыштың үлгісін өлшеп тұрақты салмақ болғанға дейін құрғатады ω = (mылғ – mқұр/mқұр)*100%

mылғ - табиғи ылғалдық күйіндегі үлгінің массасы (гр)

mқұр – құрғақ күйіндегі үлгінің массасы (гр)

Су сіңірушілікті ω масса бойынша % табу үшін құрғақ ірі толтырғыш үлгісін 48 сағ, 1 сағ немесе техникалық жағдайларға технологиялық талаптарға сай басқа уақытқа суға салып қояды содан соң алып түйіршіктер бетіндегі суды алып тастайды.

ω c.c.м = (mқ – mқұр/mқұр)*100%

mқ = сумен қаныққан толтырғыш үлгісінің массасы (гр).

Зерттеудің нәтижесіне ақаулар түйіршік бетінен суды алу операциясынан пайда болу мүмкін. 8269-76 мемлекеттік стандарт бойынша щебень немесе гравийдің бетін ылғалды жұмсақ матамен сүртеді. 9758-86 мемлекеттік стандартта ірі кеуекті толтырғыш үшін перфоралданған контейнер көмегімен су сіңірушілікті анықтау қарастырылған. Толтырғыштың үлгісі бар контейнерді суда ұстап, содан соң алып 10 мин-қа іліп қояды. Сол кезде артық су ағып қалады. Кейін өлшеп есептеп су сіңірушілікті шығарады.

Толтырғыш түйіршіктердің бетінде тұратын суды ішкі кеуектермен сіңірген судан сенімді алу қиын. Одан әрі бұл операцияны уақ толтырғыштың су сіңірушілігін анықтаған кезде жасау қиын болады. Сондықтан мұндай зерттеу уақ толтырғыштар құм үшін стандартта қарастырылмаған.

АҚШ стандарттардың бірі бойынша кеуекті құмның су сіңірушілігін келесі түрде анықталады Құм үлгісін суда ұстап жылы ауа ағымында біртіндеп құрғатады. Қайта қайта құмнан конус жасап тұрады. Қалыпты алып тастағанда конус үгілмесе құрғатуды жалғастырады. Қалыпты алған кезде конус үгіліп құласа, түйіршік аралықтағы және пленкада болған су кеткен, ал кеуектерде тек сіңірілген су қалғаны туралы белгі береді. Содан соң құмды өлшеп тұрақты массаға дейін құрғатады.



Су сіңірушілікті жартылай құрғатылған және толық құрғатылған құмның массаларының айырмашылығы бойынша анықтайды.

Құмның су сіңірушілік бойынша ең сенімді нәтижелерді оны бетонда зерттеуін жасалған кезде анықтауға болады.

Кейбір жағдайларда ірі толтырғыштың су сіңірушілігін көлем бойынша % анықтауға болады, яғни сіңірілген ылғалдылықтың көлемі толтырғыш түйіршіктер көлеміне қатынасы ретінде.

ύ-ша % су сіңірушілікті келесі формула бойынша анықтаймыз.

ωc.c.k= ωc.c.k *pз/pb

ωc.c.k мәні толтырғыш түйіршіктердің кеуектілігінен төмен болады, яғни барлық кеуектесумен толтырмай кеуектер көлемінің бір бөлігі сумен толтыруы мүмкін.

 

Дәріс 3.

Тақырып: «Толтырғыштардың құрылымы, суға және аязға беріктігі және оларды зерттеу әдістері»

Сұрақтар

1. Толтырғыштың құрылымы

2 .Толтырғыштың беріктігі

3. Толтырғыштың суға және аязға беріктігі


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал