Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бригадирмен жұмыс.

Оқушылардың сөздік қатынасын белсендендіру бригадамен жұмыс кезінде жүзеге асырылады. Сыныптағы оқушылардың санына, сонымен қатар сабақтың мақсаты мен мазмұнына байланысты оқушылар 2-3 топқа-бригадаға бөлінеді. Бригадамен жұмыстың алғашқы кезінде оны мұғалім басқару керек, ал басқа бригаданың бригадирлері өзінің міндеттерін мұғалімнің іс-әрекетіне еліктеу арқылы орындау керек.

Дайындық сыныбындағы оқытудың алғашқы кезінде бригадирдің міндеттері «кішкентай мұғалімнің»

міндеттері секілді қарапайым болады. Бригадирлер мұғалімге жұмысқа қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындауға көмектеседі, бригададағы тәртіпті бақылайды, кімнің дұрыс, кімнің бұрыс істегенін мұғалімге айтып отырады.

Біртіндеп бригадирдің қызметі кеңейе түседі. Олар өзінің бригадасындағы адамдардың жұмыстарын басқара бастайды, жалпы жұмыс орындауда әрқайсысының міндеттерін бөледі. Кейде бригадамен жұмыс жолдастарының бригадирге әр түрлі жұмысқа арналған нұсқаулар беруі арқылы да ұйымдастырылуы мүмкін.

Бригадирдің міндетіне өзінің бригадасындағы мүшелерге көмек көрсету кіреді. Жұмыс соңында бригадирлер мұғалімге есеп береді, мүмкіндігінше бригада мүшелерінің жұмысына баға береді.

Мұғалім бригада жұмысын бақылап отырады, сабақ соңында қай бригада жұмысты орындай алады, қайсы бригада жұмысты орындай алмағаны жөнінде айтады. Бригадамен жұмыстың тәрбиелік және дамытушылық маңызы зор. Ол балаларды тәртіпке үйретеді, күшті оқушылардың әлсіздерге көмек көрсетуін ұйымдастырады, достық сезімге тәрбиелейді.

<<Кіші мұғаліммен жұмыс>> кезінде ол тек сыныппен ғана қарым-қатынаста ы қол еңбегі пәні арнайы және міндеттерді шешумен қатар окушыларды кәсіптік-еңбекке окытуға дайындауға бағытталған.



Еңбекке оқытудың жалпы міндеттері болып мыналар табылады:

- оқушы тұлғасын жағымды қасиеттерге тәрбиелеу (енбек суйгіштік, ұжымда жұмыс істей алу қабілетін және т.б.), енбек түрлері бойынша қарапайым білімдерді хабарлау, енбек дағдыларын қалыптастыру, еңбектің қарапайым тәсілдерін оқыту, еңбекке дербес болуын дамыту;

- ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптастыру: еңбек сабағына тура уақытысында келу, қол еңбегі сыныбына ұйымдасқан туүрде кіру, тек өзінің ғана жұмыс орнында жұмыс істеу, онда материалдар мен құрал-саймандарды дұрыс жайғастыру, оларды соңына жинастыру, жұмыстың ішкі тәртіп ережелері мен қауіпсіздіктерін білу және орындау, сонымен қатар оларға қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптарды ұстану.

Еңбекке оқытудың арнайы міндеті оқушылардың ақыл-ой әрекетінің кемшілігін түзету болып табылады.

Түзету жұмысы еңбек тапсырмаларын орыңдауға арналған кажетті дағдылар қатарының дамуынан көрініс табу қажет: тапсырмаға шоғырлану (бағдарлану), (объектіні талдау, бұрынғы тәжірибені белсендіру); бұйыммен жұмыс істеу кіріспесін алдын ала жоспарлау (өнімді жасап шығарудың логикалык бірізділігін анықтау, жұмыс тәсілдерін және оның орындалуына қажетті құралдарды анықтау, жасалынған жұмыс жайлы есеп беру); өзінің жұмысынқадағалау (іс-әрекет пен олардың нәтижелерінің дұрыстығын анықтау. дайын бұйымдардың сапаларын бағалау).



Қол еңбегін танымдық сферасының кемістіктерін түзетуге мүндетті түрде қолданылуы тиіс. Ең алдымен байқағыштығын, қиялын, сөйлеуін, кеңістікте бағдарлауын түзетуі тиіс. Мұғалімнің зейіні оқушылардың материалдық ерекшеліктеріне сүйене отырып, келешек бұйымның көрінісін жоспарлы және мақсатқа бағыттап көз алдына елестету қабілетін тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.

Қол еңб. саб-да «конвейермен» жұм. ұйымд/у.Мұғалімнің сыныппен жұмыс істеуі – сыныптық жүйеде оқытуда жұмысты ұйымдастырудың ұлттық формасы. Мұндай жұмысты ұйымдастыруда мұғалім сабақтағы балалардың іс – әрекетін бағыттайтын және ұйымдастыратын негізгі орталық фигура болып табылады. Ол оқушыларды сабақта жұмыс істейтін бұйымдармен таныстырады; керекті материалдармен құралдрды дайындау жөнінде тапсырма береді; оқушылармен бірігіп, жоспар құрып , тақтаға жазады; мұғалім жұмысты орындаудың дұрыстығын бақылап отырады. Оқ- р мұғ- ң алдында жұмыс процесі туралы есеп береді. Мұғалім оқ-ң жұмысына баға береді. Осылайша , жұмысты ұйымдастыру кезінде сабақтағы ең негізгі белсенділік мұғалімге тиесілі болады және оқ-ң қарым – қатынасының дамуына арналғн жағымды жағдай ұйымдастырылады.

 

Лекция № 15Баланың дамуына заттық – практикалық әрекеттердің(ЗПӘ) маңызы.

Интелектуалды сипаттағы жалпы еңбектік біліктіліктің негізгі дағдысы мен іскерлік түрлері.

.Сабақтың тақырыбы.Кірпінің бейнесін жасау. Саб.мақсаты. Қиып жапсырғанда қатырмақағазды дұрыс бағыттай білуге үйрету. Желімдеу әдістерін еске түсіру. Керекті ағаш жапырақтарын тез табуға дағдыландыру. Тазалық – гигиеналық талаптарды бұлжытпай орындау. Сабақ көрнекіліктері( қажетті материал). Ағаш жапырағы , желім, желім жағатын қылқалам, түсті қағаз, қатырмақағаз, қайшы , сурет. Оқушылар жұмыс орнын реттеп , жаңа сабаққа дайындалады. Тақырып айтылып, мақсат белгіленеді. Жаңа сабақта кірпінің бейнесі кескінделетіні айтылады. Оқушылар кірпіні көріп – білгендерін айтып, оның әр мүшесін талдайды ( денесі, басы, аяқтары , көзі, құлағы, тұмсығы, денесіндегі тікенектері). Бұдан соң кірпінің әр мүшесі қандай геометриялық фигураларға ұқсайтыны айтылып, жасалу жолдары, жоспары құрылады. Кірпінің денесі жұмыртқаға ұқсас, басының үшбұрыш тәрізді екені , т.б. ескеріледі де , оны жасауға кіріседі, ағаш жапырақтарынан кірпінің денесіне , басына , аяқтарына қажет жапырақтар іріктеліп алынып, оларды желімдейді, жұмыс аяқталады. Жұмыстың жетістіктері ен кемшілігі айтылып, жақсы жұмыстар көрмеге қойылады. Мұндай жұмыстың жасалу барысында оқушылардың ой – өрістері, дүниетанымы және шығармашылық қабілеттері кеңейіп , жұмысқа икемділіктері қалыптаса бастайды.

Табиғат мат/ мен жұмыстың мазмұны. Табиғи материалдармен сабақтар ақыл – есі кем байқағыштығы мен елестетуін , жалпақ және көлемді заттарды орындаған кезде кеңістікте бағдарлану іскерлігін дамытуға жағдай жасайды, еліміздің табиғатына сүйіспеншілігін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Табиғи материалдар басқа өңдеу материалдардан табиғи шығу тегімен ерекшеленеді, жинау және сақтау ерекшелігі бар. Оларға өсімдік, топырақ, құм, тас, ұлу қабыршақтары және т.б. жатады. Өсімді табиғи материалдардан жасалған ұсақ – түйек үшін әртүрлі өсімдіктер бөліктері қолданылады: сабақ, бұтақ, жапырақ, тамыр, қабық, жеміс және ұрық, гүл шоғыры, жаңғақ қабығы. Әр экземпляр басқалардан белгілері б/ша ерекшеленеді: көлемі, формасы, түсі, пішіні, бетінің ерекшелігі, төзімділігі, өңдеу тиімділігі. Материалдардың бұл қасиеттері нақты және табиғи, олардың бірден өзгеруі оның ерекше белгілерінің бұзылуына және жойылуына әкеледі. Табиғи материал бетінің ерекшеліктері , өңдеу үшін оның төзімділігі мен тиімділігінің әр түрлі дәрежесі өңдеу деталі ретінде шығатын материалдардың біріктіру тәсілдерін түрлендіруге рұқсат береді. Мысалы, шырша бүршігінен жасалған заттарды орындау кезінде олардың бүршіктерінің арасындағы детальды бекіту керек. Беті жұмсақ , қатты материалдарды таяқша арқылы біріктірген дұрыс. Өткір және қатты ұшы бар жалпақ материалдарды ермексаз көмегімен сыртын бекіткен қолайлы. Табиғи мат- ды қарастырып оқушылар оларды таңдап білуге жаттығады, өсімдіктер туралы жаңа мәліметтер алады. Олар жануарлар , табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы көзқарастарын кеңейтеді.

Қағаз картонмен жұмыс жасау құралдарының орны.Ауытқушылығы бар оқушыларды еңбекке баулу пәнінің бағдарламасы бойынша қағаз бен картонмен жұмыс жасаудың маңызы зор. Ол оқушыларда шығармашылық талғамды арттырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді және де психикалық кемшілікті реттейді. Бағдарламада қағаз бен картоннан әр нәрсе жасау қарастырылған, техникалық деректер де қоса берілген, әр түрлі материалдармен жұмыс жасаудың әдістері де берілген. 1 сыныпта оқушылар қағазды түрлі бүктеу мен кесуді, тіке, түзу кесуді үйренеді де қағаздан солай жасалған заттарды жасайды. Осы кезде түрлі сызықтар, тік төртбұрыштар , квадраттар кеседі. Жапсырма жұмыстарын да осы кезде бастайды, геометриялық фигураларды кесіп , сызық бойына оны орналастырып жапсырып үйренеді. 2 сыныпта сызғышпен , түрлі шаблондарға салып түрлі шырша ойыншықтарды , гирляндылерді , кітапқа арналған қыстырмалар , жан – жануарлардың кескінін , құттықтау қағаздарын, картоннан түрлі жиһаздар кесіп, барқыт матамен қаптап үйренеді. 3 сыныпта оқушылар негізінде картонмен жұмыс жасайды. Бұл кезде балалар түрлі маскалар , бас киімдерді жасап үйренеді , пышақпен кесу , сызғышпен сызық түсіру, жиналмалы шашка тақтасын, дәптер салатын папка жасайды. Жұмыс материалдары түрлі түсті қағазбен әр түрлі сортты , қалыңдықтағы картондар. Қағаздың қарапайым өңделуі оқ-ң үйренуі мен ойлау, қиялын дамытады, белсенділігін арттырады, конструкция жасап, заттардың түсін, түрін өзгерте отырып түрлендіруді үйретеді.

Ауытқушылығы бар оқушыларды еңбекке баулу пәнінің бағдарламасы бойынша қағаз бен картонмен жұмыс жасаудың маңызы зор. Ол оқушыларды шығармашылық талғамды арттырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді және де психикалық кемшілікті реттейді. Бағдарламада қағаз бен картоннан әр нәрсе жасау қарастырылған техникалық деректер де қоса берілген, әр түрлі материалдармен жұмыс жасаудың әдістері де берілген. 1сыныпта оқуышалр қағазды түрлі бүктеу мен кесуді тіке, түзу кесуді үйренеді де қағаздан солай жасалған заттарды жасайды. Осы кезде түрлі сызықтар тік төртбұрыштар квадраттар кеседі. 2сыныпта сызғышпен, түрлі шаблондарға салып түрлі шырша ойыншықтарды кітапқа арналған қысырмалар, жануарлардың кескінін құттықтау, қағаздарын және де картоннан түрлі жиһаздарын кесіп, барқыт матамен қаптап үйренеді. 3сыныпта оқушылар негізінде картонмен жұмыс жасайды. Бұл кезде олар түрлі маскалар, бас киімдерді жасап үйренеді, пышақпен кесу, сызғышпен сызық түсіру, жиналмалы шашка тақтасын дәптер салатын апака жасайды. Жұмыс материалдары түрлі түсті қағаз бен әр түрлі сортты қалыңдықтағы картондар. Қағаздың қарапайымды өңделуі оқушылардың үйренуі мен ойлау қиялын дамытады, белсенділігін арттырады, конструкция жасап, заттарының түсін түрін өзгерте отырып, түрлендіруді үйретед.

 

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал