Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лекция-8. Әлеуметтік жұмыс саласындағы ұйымдардың, мекемелердің қызмет көрсету органдарының нормативтік базасы.




1. Әлеуметтік жұмысты жобалық құжаттандыру.

2. Әлеуметтік паспортқа сипаттама.

3.Әлеуметтік жобалар белгілері.

4. Әлеуметтік жобаның негізгі принциптерге сәйкестілігі.

Нақты жобаны орындауда, оның мазмұнын орындауда түрлі мамандар әрекетестікте болады. Жобаны орындауда қажетті жобалық құжаттандыру іске асады.

Әлеуметтік жобаның инстументалдық бөлімі әдістемелік мәселелерді шешуге арналған. Нақты жобаны орындауда тәжірибелік іс шаралар іске асады, олар арқылы жобаның басталуы,аяқталуы,мазмұны, бағыттары, қосымша ресурстар кезеңдер бойынша өтеді.

Жобалық құжаттар жобалау процесін басқару, іске асыру үшін қажет. Сондай құжаттарға әлеуметтік паспорт жатады. Әлеуметтік паспорт объектіні паспортау негізінде жасалады. Объектіні паспортау –ол үрдіс, жүйе, құбылыс жайында нақты мәліметтер алу, оларға сипаттама беру.

Әлеуметтік паспорт- құжатта жүйенің сандық, сапалық параметрлері, объектінің дамуын, қызмет атқаруын көрсететіні беріледі, элементеріне саралау жасалған.

Әлеуметтік паспорт құрылымында келесілер қарастырылады:

1. Параметірлердің сипаттамасы, жіктелуі, дифференциациясы жүйенің қызмет атқару, дамуы.

2. Паспортың формасын жасау (паспортағы көрсеткіштер, олардың басқару жүйесі арқылы өзгеруі).

3.Паспортың формасын толтыру.

Әлеуметтік жобалауда « Ақпараттық массив » деген ұғым бар.

«Ақпараттық массив» әлеуметтік объектіге кешенді сипаттама беретін ғылыми негізделген параметірлер, факторлар жүйесі. Әлеуметтік зерттеу материалдары, басылымдардағы материалдарды саралау, статистикалық мәліметтер- «Ақпараттық массив» көздері болып саналады. Әлеуметтік жобалаудың спецификалық басқару қызметінің негізгі мақсаты - әлеуметтік жобалау проектісін жасау. Әлеуметтік жоба коммуникат ретінде знактар жүйесі, үйлесіп, байланысып орналасқан, ғылыми саналы дәлелденген сипаттқа ие, қажет ететін болашақта әлеуметтік жүйе не үрдіс. Әлеуметтік жоба ол прескрептивтік модель. Жоба болашақ жүйенің қажет еткен көрнісі,адамдардың әрекеті арқылы өтетін, ол қажетті материалдық еңбек, қаржы, энергетикалық т.б. ресурстардың, сонымен бірге танымдық, интелектуалдық, эвристикалық құндылықтардың болуы арқылы іске асады.



Жобаланатын объектінің жалпыланған параметірлер жүйесі.Барлық ғылыми түрде жасалған әлеуметтік жобаларға келесі белгілердің болуы: 1) міндетті түрде жобаланатын объектілерде болуға тиіс сипаттамалар, 2) әлеуметтік тапсырысты орындауға мүмкіндік туғызатын параметрлер, 3) белгілі бір уақыт мерзімінде орындалуға мүмкіндік беретін сипаттамалар.

Әлеуметтік жүйенің, үрдістің, құбұлыстың болашақтағы халы келесі жағдайларға сәйкес болулары қажет:ол ғылыми негізде орындалып,әлеуметтік құндылықтарға , тапсырысқа,адамгершілік нормаларға қарамақайшы келмеуі, қолдануда нәтиже беретіндей болуы керек.

Әлеуметтік жоба келесідей негізгі бес принциптерге сәйкес болуы керек: бір мағналы, қажетті, толық, қарамақайшы келмейтін, оптималды.Жобадағы ақпарат қажетті және толық болуы міндетті. Жобалар реалды, реалды емес,яғны орындалмайтын болулары да мүмкін.



 

Лекция-9.Әлеуметтік жұмысты жобалаудың мәні және технологиясы.

1.Әлеуметтік технология туралы түсінік.

2. Үрдісті технологизациялау ұғымына түсінік

3. Жобаны орындау технологиясы.

4. Технологизациялаудың ережесі.

Әлеуметтік жобалаудың мәні Объектінің даму варианттарын белгілеу, онымен әрекеттесу стратегиясын,оны басқару, оған ықпал жасау технологиясын, жаңалықты еңгізу жолдарын білу- әлеуметтік жобалаудың мәні болып саналады.

Технология – адамдардың басқаруы мен технологиялық құралдарды пайдалану арқылы өнім алу процесі десек, «Әлеуметтік технология» мақсат көздеген практикалық әрекеттте белгілі объектіні өзгерту, транформациялау үшін қолданылатын құралдар жүйесі, жиынтығы.

Технологияларды қолдану арқылы жобалауда нәтижеге жетуге болатыны туралы кепілдік болады. Ғылыми әдебиетте әлеуметтік –технологиялық ұстаным басқаруда администаривтік-командалық қарсы келеді деген пікір бар.

Әлеуметтік технология- негізіне тексерілген, дәлелденген әлеуметтік білімдер алынады. Әлеуметтік технологиялардың міндеті- нақты үрдістің даму жолын бағалап, бақылау, оған сипаттама беру, нәтижені бағалау құралын анықтау, даму кезеңдерін ойластыру бойынша әлеуметтік моделін, версиясын құру.

«Әлеуметтік технология» екі мағынасы бар. Біріншіден, әлеуметтік технология- әлеуметтік объектіге нәтижеге жетуді мақсат көздеген ықпал ету үрдісі. Екіншіден, әлеуметтік технология- әлеуметтік объектілерге мақсат көздеген ықпал етуді зерттейтін спецификалық теория, нәтижелі ықпал ету әдіс тәсілдерін қарастырып белгілейді..

Әлеуметтік объекті болып әлеуеттік қатынастар, әлеуметтік әрекеттесу , әлеуметтік топ, әлеуметтік институт,әлеуметтік мекеме болуы мүмкін.

Үрдісті технологизациялау ұғымына түсінік. Кез келген әлеуметтік технологияларды

еңгізу мақсатты түрде нәтижеге жетуді көздейді, бұл процесс технологизациялау арқылы жүзеге асады. Технологизациялаудың ережесі:1) процессті қалыптастыру; 2)мақсатты белгілеу; 3)әлеуметтік процессті оптимизациялау; 4) әлеуметтік процесстің тұрақты лығын қамтамасыз ету; 5) өзін өзі реттеу механизімін жасау; 6) жағымды қажетті жағдай

тудыру. Сонымен, әлеуметтік технология-ол әлеуметтік ықпал ету мақсаттында әрекеттесуді орнату үшін қажетті әдіс, әдістемелерді қарастыру, ұсыну.

Әлеуметтік технологиялардың әдістерден айырмашылығы, олардың вариативтігі,динамизімдігінде,кез келген жағдайда қолдануға болатындығында.

Әлеуметтік технологиялар құрал ретінде пәнаралық негізінде қарастырылады, Бұл зерттеу мәселесі жан жақты қарастыруға мүмкіндік береді.

 

Лекция – 10. Әлеуметтік жұмысты жобалаудың әдістемесі мен түрлі әдістеріне сипаттама.

1. Әлеуметтік жұмысты жобалаудың әдістемесі туралы түсінік.

2. Әлеуметтік жоспарлаудың әдістеріне сипаттама.

3. Ойлардың матрицасы әдісі. Рөльге ену әдісі.

4. Ассоциация әдісі. Ұқсастық әдісі.

5. Миға шабуыл әдісі. Синектика әдісі.

Әдетте әлеуметтік жобалауды жасау алға .қойған мақсаттарға жетумен қатар материал дық, еңбектік , және қаржылық ресурсқа байланысты болады

Интерактивті әдіс. Оқу процесінде оқу ақпаратын меңгеру және қабылдау өзара танымдык карым-катынас арқылы жүзеге асырылады. Интерактивті әдіс ретінде біз мұғалім мен оқушының өзара байланысын, яғни оқу-танымдық ойын түріндегі іс-әрекетін түсінеміз. Мұның нәтижесінде оқушыда оқу процесінде табыска жетуге деген ұмтылыс, ішкі сезімі мен т.б. сфераның жетілуі мүмкіндіктері туындайды.

Әлуметтік жобалау әдістері:

- матрица идеясы әдісі- бірнеше тәуелсіз ауыспалылар негізінде түрлі варианттағы шешімдердің қабылдануы. Белгілі жағдайда жобаның тиімді іске асу жолы.

-ролге ену әдісі- жобалаушы адамдардың қажеттіліктерін, мүделерін ескеру арқылы іске асу үрдісін терең зерттеп, жобаның іске асуын түсінуі.

- аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б

Ассоциация - жинақталған білім негізінде жағдайды жақсарту үшін түрлі тәсілдерді бейімдету,модифиқалыптасады.кациялау және қайта құру.

Синектика (миға шабуыл әдістемесін дамыту) - ұқсастыққа құралған әртүрлі элементтерді біріктіру әдісі: тура ұқсастық (ұқсас міндеттердің шешілуі);жеке немесе эмпатиялық ұқсастық (тапсырма объектісі көзқарас бойынша пайымдау); символдық ұқсастық (тапсырма мәніне бейнелік анықтама беріледі); фантастикалық ұқсастық (осы тапсырманы ертегі кейіпкерлері мен басқа планеталықтар қалай шешер еді).

Миға шабуыл-қиын проблемаларды бірлесе ізденісте шешу жолында ойлау үрдісін белсендіру әдісі.Оның идеясы – бір топқа болжам айтқызып, екінші топқа оған сыни баға бергізу, сол арқылы шығармашылық ойлауға, сыннан қорықпауға үйрету.

Жүргізу ережесі: жетекші басқаруымен шешуі тиіс мәселе қойылады. Бірінші кезеңде «Идея генераторлары» тобы берілген уақытта (20-40 минут) мүмкіндігінше көп кез келген болжамдарды айтады. Идеялар (әрқайсысына 2 минуттан) үздіксіз айтылып, бірін-бірі жалғастырып, дамытып, толықтырып отыруы тиіс, дәлелдеудің қажеті жоқ. Барлық идеялар хаттамаға түсіріледі, не таспаға жазылады. Идеяларға бұл кезеңде ешқандай сын айтуға, келемеждеуге болмайды. Келесі кезеңде екінші сарапшылар тобы ұсынылған идеяларға пікір айтады, қатаң сараптау жүргізіп, болжамдардың ішінен дұрысы тексеріліп алынады. «Штурм» барысында шешілмеген есеп қайтадан сол ұжымға мағынасын өзгертпей, айтылуы өзгертіліп беріледі. Идея айтуды белсендіру үшін қолданылатын тәсілдер: инверсия (керісінше істеу), аналогия (басқа шешімдерге ұқсас етіп жасау), эмпатия (өзіңді осы есепке қатысым бар, бір бөлігімін деп санау арқылы сезіміңді анықтау), фантазия (фантастикалық бір нәрсе жасау). Жасалынған болжамдар 10 балдық жүйеде бағаланып, барлық сарапшылардың берген бағасының орташа мәні есептелінеді

Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін немесе сапасын бөліп алу процесі.
Дәріптеушілік – (идеализациялау) дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін емес жаңа түсінік пен белгі береді. Дәріптелген объектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді, әсіресе материалдық объектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол.
4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері
; бұл әдістің көмегімен эмпирикальщ деректер қортыңдыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. 7. Болжау әдісі зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, ұғымдарға мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының бәріне бүтінде болашақтағы білім беру жүйесінің даму заңдылықтары мен тенденцияларын түсіну үшін теориялық жағынан терең ойланудағы талпындыруды.
8. Математикалық және статистикалық әдістер педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.
Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеушінің объектісінің белгілі бір қасиеттерін айқындап, есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдетте белгілі бір белгісі бар не жоқ бір құбылысты өлшеу үшін қолданылады. Бұл белгісі бар объектіні анықтап алып, оны бұл белгісі жоқ басқа бір объектіден ажырата алу қажет. Сондай-ақ, шартты критерилер қажет, мысалы қандай оқушыны тәртіпті, ал қандайын тәртіпсіз деп, өзімшіл немесе көпшіл деп, үлгерімі жақсы немесе үлгерімі нашар деп айтуға болады.
Ранжерлеу әдісі деректердің, құбылыстардың, сапалардың, белгілердің өсуі немесе төмендеуін анықтау үшін қолданылады. Өлшеудің бұл әдісі ретке қелтіру әрекетіне негізделген, яғни зерттеу объетілері немесе құбылыстары нақтыланған бір белгісінің мөлшерінің ұлғаюы немесе төмендеуі тәртібі бойынша орналастырылады. Сандық (интегративті) тізім әдісі сандық көрсеткіштерге сапалық талдау жасауға мүмкіндік береді. Орташа мөлшерді анықтау әдісі орташа сандық көрсеткіштерге, бағаларға талдау жасап, нәтижелері мен оларды дәрежесі бойынша орналастыру, өзара үйлесімдік коэффициенттерді есептеу үшін қолданылады, бұл зерттеушінің математикалық статистика және мүмкіндік теориясы саласында арнайы дайындығын талап етеді.
Теориялық деңгей әдістерінің бұл тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторлар және олардың ішкі мазмұнының фаторларын түсіндіруге бағытталған. Егерде эмпирикалық әдістер объектіні философиялық категория ретінде «құбылыс» деңгейінде зерттесе, онда теориялық әдістер «мәні» деңгейінде зерттейді. Болжауды бұл ретте екі әдіс те объектіні танудың ғылыми сатысы болып табылады, онда құбылыс мәннің көрініс формасы, ал мән тек құбылыста ғана көрініс табады. Олар бір бірімен өзара байланысты, бірақ бір-біріне ұқсас емес. Құбылыс мәнге қарағанда қозғалмалы болып келеді. Зерттеу объектісінің мәнін теориялык түрде тану оның даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі. Зерттеудің теориялық және эмпирикалык әдістері ғылыми таным деңгейлері ретінде бір бірімен дилектикалық өзара байланысты және бір бірінсіз өмір сүре алмай әрі дамымайды.
Ғылыми танымның үшінші деңгейі ең жоғары деңгей -әдіснамалык деңгей.Танымның теориялық және эмпирикалық денгейлері негізінде өзгеше ғылыми ұстанымдар қалыптасады және ғылыми педагогикалық зерттеудің жаңа әдістері айқьгадалады; таным іс-әркетінің іргелі әдіснамалық теориясы құрылады. Жоғарыдағы аталған ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері төмендегі суретте көрсетілген.
Атап айтқанда жоғарыдағы ғылыми-педагогикалық әдістер зерттеу іс-эрекеттерінін барлық құралдарын қамтамасыз ете алмайды.

Жоба әдісі – студенттің бірнеше пәннен алған білімдерін қолдана білуіне негізделіп, көбіне топпен орындалатын, пәнаралық сипатта болады. Жобаны студенттер өздері орындайды, оқытушы консультация беріп, бағыттап отырады. Дәстүрлі оқыту жүйесіндегі курстық жоба жекелей орындауға негізделген.

Жобалау кезеңдері: жобаны дайындау (тақырыбы мен мақсатын айқындау); жоспарлау (ақпарат көздері мен ақпартты алу тәсілдерін, есеп берудің түрін, жобаның міндеттерін анықтау); ақпаратты іздеу, зерттеу, қойылған міндеттерді шешу; алынған нәтижелерді талдау, шешім шығару; нәтижелер бойынша есеп беру (ауызша, жазбаша); жоба жұмысының бағалануы.

Тақырып 11. Әлеуметтік жобалау мен әлеуметтік жаңашылдық

1. Әлеуметтік инновациялар: ерекшеліктері, құрылымы типтері.

2. Әлеуметтік инновациялардың ерекшеліктері.

3. Жобалауда қолданылатын инновациялық әдістер.

4. Инновациялық әдістерді қолдануда әлеуметтік педагогтың рөлі.

Инновация « жаңалықты еңгізу » дегенді білдіреді. 50- жылдардың соңына қарай Германияда, АҚШ- та және т.б. елдерде педагогикалық жаңашылдықты жалпылау және зерттеу орталықтары құрыла бастады, білім беру саласындағы жаңашылдыққа арналған басылымдар шыға бастады.

Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу және тәрбие жұмыста рымен мұғалім және оқушының бірлікті іс-әрекеттерін ұйымдастыру мақсат тарына,мазмұнына,әдістері мен формаларына енген,енетін жаңалықтардан хабар береді.

Инновация, сонымен,жаңалық жеткізуші,жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал.Жаңалығы болмаған инновация мәнсіз.Инновациялық маңызға ие болмаған жаңалық іс- әрекет қалпын жақсартудың дерексіз ( абстракт ), болмысқа жарасымы жоқ құрғақ теория .Басқарудағы жаңалықтар мен инновациялар әрқилы даму,тіршілік сатылары мен қисынды құрылымдарды қамтиды.Өз даму айналымында инновация белгілі кезеңдерден өтеді:идея ның туындауы, мақсат белгілеу, жаңалық идеясын ойластыру және әрекет бабына келтіру, жаңалықты іске асыру, тарату және тоқырау ( жойылу ). Инновациялардың іске асып бару кезеңдері жаңалықты қабылдап,игеруші ұжымның даму кезеңдерімен тығыз байланыста.

Зерттеген ғалымдар:И.Ф.Исаева, И.М.Шиянова, А.И.Лищенко зерттеу-лерінде инновациялық іс-әрекеттің жеке бас және операциялық аспектілердің өзара байланысы қарастырылды.

Әлеуметтік инновация дегенімізсаналы түрде әлеуметтік позитивті өзгерістерді еңгізу мақсатында ұқұрылымына қарай:басқару, білім беру, зейнет ақыға қатысты, мәдениет, спорт,адамдардың денсаулығына байланыстыйымдастырылып еңгізілген жаңалық..

Әлеуметтік инновацияөзіне тән ерекшеліктері бар.Әлеуметтік инновация ұжымдық сфера еңбектің нәтижесі болса, материалдық техникалық саладағы инновация жеке адамның шығармашыл әрекеті. Әлеуметтік инновациялардың тағы бір ерекшелігі, ол уақыттан алшақ болуы, нәтижесі бірден көрінбейді. Тағы бір ерекшелігі , оның сыртқы ортамен байланысы,қолдануда ауқымының кеңдігі. Әлеуметтік инновациялар қөп түрлі болып келеді. Әлеуметтік инновацияларды көлемімен деңгейіне қарай келесідей түрлерге бөлуге болады: глобальды, жалпы азаматтық проблемаларды шешуге арналған, регионалды және жергілікті.

Қоғамдық өмір сферасына қарай:әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени, рухани, әлеуметтік институттардағы.

Қолдану масштабына қарай:, жеке әлеуметтік, бір объектіге арналған.

Әлеуметтік сфераның құрылымына қарай:басқару, білім беру,мәдениет, спорт т.б.

Леуметтік жобалауда қолданылатын инновациялық әдістер:инновациялық ойын, ойын бағдарламалары,соцотехникалық ойын, матрицалық, императивтік формалар, мәселені шешуге байланысты топтық жұмыстар т.б.

Инновацияларды жіктеуде А:И. Пригожиннің жіктеуі белгілі: инновациялық әректке байланысты, маманыққа қатысты, қатысушылардың сандарына байланысты, инновациялық әрекет жасаудың пәні бойынша. Соңғы жылдары медицина, білім беру салаларында да көптеген инновациялардың қолдануы белгілі.

Жаңалықты еңгізуге дейінгі алғашқы кезеңде әлеуметтік педагог жаңа білімді меңгеру әдістерін таңдайды: қандай педагогикалық технологияны пайдалану керек, оны қалай қолдану қажет және т.б. мәселелерді шешеді.Бұл кезең мұғалімнің инновациялық іс-әрект деңгейінің репродуктивті деңгейімен анықталады. Инновациялық іс-әрекеттің жүру кезеңінде мұғалімнің педагогикалық инновацияны өз тәжірибесінде, жаңалықты педагогикалық үрдісте пайдаланудың әдістерін анықтайды.Бұл кезең мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің екінші эвритикалық деңгейіне сәйкес келеді. Эвристикалық деңгей мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықты белгілі бір мақсатпен жүйелі ендірумен сипатталады: мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу үшін жаңа әдістерді іздестірумен айналысады, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетті қамтамасыз етуде рефлексия басты орын алады.Педагогикалық үрдіске жаңалықты еңгізгеннен кейінгі соңғы кезеңінде мұғалім өзі қолданған педагогикалық технологияның жетістіктері мен кемшіліктерін айқындай алады, инновациялық іс-әрекеттің өрбуіне кедергі болған факторларды анықтайды, оларға диагностикалық сұраптама жасайды. Бұл кезең мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің шығармашылық деңгейіне сәйкес келеді.Шығармашылық деңгей мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің жоғары сатылы нәтижелігімен сипатталады. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінде шығармашылық белсенділік, ізденістер орын алады. Инновациялық іс-әрекет нәтижесінде мұғалім инновациялық педагогикалық үрдісті ұйымдастырушы ортаның әсерін бағалап, инновациялық үрдіске әсер еткен ішкі және сыртқы факторларды анықтайды.

 

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.012 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал