Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс 15. Тамақ өнімдерін өлшеуге арналған жабдықтар.




Дәріс жоспары

1. Таразылардың жіктелуі.

2. Электронды таразылар.

3. Бақылау-кассалық машиналар.

Тамақтану саласында көп тараған жабдықтардың бірі - таразылар. Кез-келген кәсіпорындарында таразының көптеген түрі кездеседі. Өндірісті ұйымдастыру кезінде шикізаттардың жалпы шығынын ғана емес олардың жылдам өлшемденуі қажет.

Тамақтану орындарында шикізаттарды өлшеу үшін өлшеу шектері грамнан бірнеше таразылар пайдаланылады. Таразылар деп заттардың салмағын анықтауға арналған өлшеу құралдарын айтады. Таразылар келесі белгілеріне байланысты төмендегідей жіктелінеді:

- теңестіру тәсіліне қарай (иінді, электромеханикалық серіппелі);

- орналастыруына қарай (стол үстіне орнатылатын, жылжымалы, тұрақты);

- көрсеткіш құрылғысының тұріне қарай (өлшегіш касса, циферблатты, қалтқы тасты, шкалалы);

- ең жоғары салмақ өлшеу дәрежесіне қарай (тұрмыста қолдануға арналған таразылар, дүкенге арналған, автокөлік өлшеуге арналған, вакуумдапрды өлшеуге арналған).

Электронды таразылар алдын-ала орап қойылған немесе жеке дара сатылатын алықтүлік заттарын өлшеуге арналады. Мұндай таразымен затты өлшеудің барысында сол заттың белгіленген 1 кг бағасына сәйкестендіріп құны көрсетіледі. Бұл таразының циферблаттық таблосында заттың өлшенген салмағы бағасы көрініп, таразыдағы мәліметтер шегіне жазылады.

Таразыларға қойылатын талаптар:

- Дәлдеп өлшеу және заттың өлшенген салмағын нақты көрсету.

- Таразылардың сезгіштігі.

- Өлшенген заттың салмағын тұрақты көрсетуі.

- Заттың салмағының тез арада өлшенуі.

- Заттың салмағына байланысты сәйкес келуі.

- Таразылардың төзімділігі.

- Таразылардың материалдарының бейтараптығы.

- Таразыларды ыңғайлылықпен күту.

- Бұл талаптар стандарт-метрологиялық құжаттарында сақталып, орындалуы тиіс.

Санау операцияларымен бірге шек басып беруге арналған санап қосу құрылғыны бақалау кассалық машина дейді. Олар электромеханикалық және электрондық түрде жасалады. Машинаның моделі 4 сандық индекспен белгіленеді. Бірінші сан қосу санауыштардың саны, екінші сан кассадан өтетін жинақталған ақшаларға арналған клавищтердің қатарының сандары, үшінші сан, алынатын клавищтердің саны, төртінші сан шиферлеуге арналған клавищтер саны Функциональдық ерекшеліктеріне байланысты мұндай машиналар үш топқа бөлінеді:



1-ші топқа шек және бақылау лентаны басатын машиналар кіреді.

2-ші топқа бланк пен бақылау лентаны басатын машина кіреді

3-ші топқа бланк, шек және бақылау лентаны басатын машиналар кіреді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Таразылардың тағайындалуы ?

2. Таразылар қалай жіктеледі?

3. Электронды таразылар не үшін қажет?

4. Таразыларға қандай талаптар қолданылады?

5. Бақылау-кассалық машиналар қалай жіктеледі?

 

Ұсынылатын әдебиет:

4.1.1. Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971.

4.1.2. Ш. Тілегенов, Күзембаев, Н. Өсеров «Тамақтану кәсіпорынының жабдықтары» Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж., 253 бет.

4.1.3. Қ. Күзембаев, Ш.Тілегенов., Еркебаев М. Нан зауыттары мен наубайханалардың технологиялық жабдықтары. /оқулық/ - Алматы. Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж., 217 б. (61-76 беттер)

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.009 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал