Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс13. Ірімшік және ірімшік бұйымдарын өндіретін жабдықтар




Дәріс жоспары:

1. Ірімшік өндіру әдістері.

2. Ірімшік өндіру жабдықтары.

Технология бойынша iрiмшiк өңдiрудiң ең бiрiншi операциясы, ол сүттi ұйыту, ұйытындыны өңдеу және сарысуды бөлу.

Iрiмшiк екi әдiспен өңдiрiледi:

- бiрiншiсi дәстүрлi, қалыптасқан немесе классикалық, ол майлығы кәдiмгi нормаға келтiрiлген сүттен жасалады;

- - екiншiсi бөлiп жасау әдiсi, ол майлығы кәдiмгi сүттi кiлегей бөлгiш сепараторларында сепарациялау, майсыздандырылған сүттен жасайды.

Іалыптасқан әдiс бойынша ол жүргiзiледi:

а) үздiктi жұмыс iстейтiн аппараттарда – iрiмшiк ванналарда және iрiмшiк дайындағыштарда;

б) үздiксiз жұмыс iстейтiн аппараттарда – көп секциялы iрiмшiк дайындағыштарда және коагуляторларда.

Iрiмшiктi бөлiп жасау әдiсiмен өңдiргенде сүттi ұйыту үшiн сыйымдылықтар қолданылады, ал сарысуды ұйытындыдан бөлiп алу үшiн арнайы iрiмшiк бөлгiш сепараторлар қолданылады.

Қалыптасқан әдiспен сарысуды бөлу, сүт ұйытқыш жабдықтардын конструкциясына байланысты. Iрiмшiк науаларын қолданғанда сарысуды пресс – арбамен немесе ұйытқыны престейтiн арнайы науа көмегiмен бөледi. Iрiмшiк жасағышты қолданғанда сарысу престiк науа арқылы бөлiнедi.

Келесi операция ол iрiмшiктi суыту. Онда суытқыштар қолданылады.

Iрiмшiктi бөлу әдiсiмен майсыздандырғанда, суытқышта суытылған iрiмшiк аралыстырғышқа түседi, онда кiлегеймен белгiлi пропорцияда араласады.

Iрiмшiктi бөлшектеп өлшеу, орау өңдiрудiң соңғы оперрациясы болып табылады. Оны автоматтармен салмағы 250 және 125гр. бөлшектеп пергамент қағазына төрт бұрышты брикет тәрiздi орайды.

Сүт зауттарында iрiмшiктiн бiр бөлiгiн басқа әртүрлi бұйымдар шығаруға қолданылады.

Iрiмшiктi жасау кезiнде сүттi ұйыту үшiн ВК-1,0 және ВК-2,5 (1 сурет) iрiмшiк науаларын қолданады. Осы науалар цилиндрлi тұрықтан, ыстық су беретiн немесе суық су шығаратын қысқа құбыр мен жылу алмастырғыш жейдеден, өнiмдi шығаратын шиберлi краннан және төрт тiректен тұрады.



Бiрiншi науа пресс-арбамен, ал екiншiсi сиымдылығы 700 л. iрiмшiк престегiш науамен жабдықталған.

 
 

1 сурет. Iрiмшiк науасы.

1 – кран; 2 – тiрегiш аяқтары; 3 – воронкасы; 4 – штуцер;

5 – бу шығаратын кран; 6 – ағызатын штуцер; 7 – тұрық.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Ірімшік өңдеу қандай әдістермен жүргізіледі?

2. Қалыптасқан немесе дәстүрлі әдіспен ірімшік бөлу әдісі туралы түсіндіріп беріңіз?

3. Бөлу әдісімен ірімшік алу принципін түсіндіріңіз?

Ұсынылатын әдебиет:

4.1.1. Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971.

4.1.2. Ш. Тілегенов, Күзембаев, Н. Өсеров «Тамақтану кәсіпорынының жабдықтары» Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж., 253 бет.

4.1.3. Сурков В.Д., Липатов Н.Н., Золотин Ю.П. «Технологическое оборудование молочной промышленности». М. «Легкая и пищевая промышленность», 1983. – 431с.

4.1.4. Ивашов В.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности» Часть 1. М. Колос 2001 – 552 с


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал