Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс 12. Сары май өндіруге арналған жабдықтар.




Дәріс жоспары.

1. Майдайындау процесі.

2. Мерзімді әрекетті майдайындағыш

4. Сары май өндіру желілері және майтүзгіштер.

Технологиялық желілерде май өндіретін негізгі жабдықтар май дайындағыштар және майтүзгіштер деп екіге бөлінеді.Май дайындағыштарда майлылығы қалыпты болатын кілегейді (30-40%) шайқау арқылы май алу процесі жүреді, майтүзгіштерде жоғары майлылықтағы кілегейден (80-82%) май алу процесі жүреді.

Жұмыс істеу принципі бойынша

- үздікті;

- үздіксіз әрекетті болады.

Үздікті жұмыс істейтін майтүзгіштің ең көп тараған түрі цилиндрлі және пластиналы. Май дайындағыштарда май бөліктерін өңдеу мен кілегейді шайқау оның құрылымына сәйкес бірдей болуын қамтамасыз етеді. Майдың құрылымын реттеу кезінде майдың құрамы да реттеледі. Сонымен, майды шайқау кезінде механикалық әсерлер нәтижесінде майлылығы қалыпты кілегей түзіледі.

Ал майтүзгіште майдың құрамын реттеу жүргізілмейді. Май түзгішке май құрамымен толықтай сәйкес май келіп түседі. Майтүзгіште майлылығы жоғары кілегейтің құрылымына өзгеріс енгізіледі. Ол үшін майлылығы жоғары, кілегей бірінші кезеңде қарқынды түрде салқындатылады және екіншісінде бір уақытта тереңірек салқындатқышта және механикалық әсерге түседі. Соның нәтижесінде майлылығы жоғары кілегейге механикалық және жылулық әсер етуіне сәйкес май пайда болады.

Қазіргі кезде мерзімді және үздіксіз әрекетті майдайындағыштар кеңінен қолданылады. Мерзімді әрекетті майдайындағышқа қарағанда үздіксіз әрекетті майдайындағыштың артықшылығы мынада: олар өңдеу мен шайқауда жлғары көрсеткіштерді көрсетеді.

Үздіксіз майдайындағыштар тізбектей орналасқан құрылғылардан тұрады май дәндерін алу үшін кілегей шайқау құрылғымен, өңдеу құрылғысынан, май дәндерінен берілген құрылымдағы қою өсім алу құрылғысынан. Май дәндерін өңдеу жылдам шайқау негізінде орындалады. Текстурадорда алдымен май дәндері өңделеді, одан кейін май қабаттарын ылғалдықты престеу арқылы алынады. Текстураторда екі камерадан тұрады, ондағы шнектер бірдей және әртүрлі жиілікпен айналады. Қажет болған жағдайда текстураторда майды жуу, тұздау, вакууумдау жүргізілееді. Үздікті әрекетті майдайындағыштар білікшелі және білікшесіз болады. Қазіргі кезде білікшелі майдайындағыштар кеңінен қолданылады. Үздікті әрекеттегі майдаындағыштарда кілегейді шайқау гравитациялық араластыру нәтижесінде жүргізіледі. 30-50 пайыз толтырылған жұмысшы органның айналу кезінде, ыдыс ішіндегі кілегей белгілі бір биіктікке көтеріледі, одан ауырлық күші әсерінен төмен түседі. Осы кезде механикалық әсерге түседі. Кілегейді биікке көтеру кезінде пайда болған қысым, сұық бетінің сипаттамасы ыдыс өлшеміне және оның айналу жылдамдығынв байланысты болады. Майдайындағыштар цилиндрлі ыдысты, конусты ыдысты, алмурт тәрізді ыдысты, куб тәрізді ыдысты болып жасалынады.



Ең көп тараған майтүзгіштер цилиндрлі және пластмассалы май түзгіштер жатады. Сонымен қатар вакууумды – май түзгіштер қолданаылады. Үш цилиндрлі май тосатын бірдей конструкциялы бірдей цилиндрден тұрады.



Төмен цилиндрде малылығы жоғары кілегей 22-23 температурадға дейін салқындатылады. Тұздықтың температурасы төменгі цилиндрде -1-30С, ал ортаңғы -3-50С. Ортаңғы цилиндрде май құрылымымының жасалу процесі жүреді, май сұйық түрден жабыспақ түрге келеді, 5-20 секунд ішінде қатаяды. Ортаңғы цилиндрде өнім 11-130С дейін салқындатылады. Жоғары цилиндрден механикалық әсер болғандықтан 150-250 секундта өнім ұсақ кристалл құрылымына және жабысқақ консистенцияға ауысады. Жоғары цилиндрдегі температурада -7-90С сумен салқындату салдарынан 1-20С –ға дейін көтеріледі. Үздікті жұмыс істейтін майтүзгішінің өнімділігі

- майтүзгіштегі кілегей көлемі

- кілегей тығыздығы

- жалпы кілегейдің майтүзгіште болу уақыты

- цилиндр ұзындығы

- цилиндр радиусы

- барабан радиусы

Бақылау сұрақтары:

a. Май өндіру жабдықтары нешеге бөлінеді?

2. Жұмыс істеу принципі бойынша неше бөлімге бөлінеді?

3. Үздікті әрекетті май дайындағыштар қалай жұмыс істейді?

4. Үздіксіз әрекетті майтүзгіш нешеге бөлінеді?

5. Үздікті жұмыс істейтін майтүзгішінің өнімділігі қалай анықталады?

Ұсынылатын әдебиет:

4.1.1. Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971.

4.1.2. Сурков В.Д., Липатов Н.Н., Золотин Ю.П. «Технологическое оборудование молочной промышленности». М. «Легкая и пищевая промышленность», 1983. – 431с.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал