Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс 29. Майды балқытуға арналған аппараттар




 

1. Барботерлі және араластырғышы бар ашық қазандықтар. Оларға төмендегідей конструктивті белгілер тән:

- аппарат жұмсақ майлы шикізатты балқытуға арналған;

- конусты түпті тік цилиндрлі сыйымдылық;

- аппараттың цилиндрлі бөлігінің диаметрінің биіктігіне қатынасы шамамен бірге жақын, яғни диаметрі мен биіктігі бірдей;

- аппарат бір жағына барботер бекітілген тік құбырдың қабырғасына орналасады, яғни құбырдың көлденең жағы бұдырланған;

- жылу тасымалдағыш ыстық сулы ауа барботер арқылы майдың балқу аймағына беріледі;

- конусты түптің төменгі бөлігінде майды құйып алуға арналған түтікше орналасқан;

- аппарат тік қалақшалы араластырғыштың жетегі орнатылған тегіс қақпақпен жабдықталуы мүмкін. Мұнда араластырғыштың өсі сыйымдылықтың орта өсінен біршама шеткері өтеді.

 

Сурет XIII-1 Ашық қазандықтың сұлбасы

 

Аппараттардың бұл тобына ортадан тепкіш АВЖ-245 машинасы жатады:

- АВЖ жұмысшы органы цилиндрлі тұрықтың ішінде көлбеу орнатылған, бүйір қабырғасы бұдырланған (тесік диаметрі 6 мм) айналмалы барабаннан тұрады;

- тұрық тиегіш шанақты қақпақпен жабылған;

- тиеу шанағы төменгі бөлігі ірі тесіктермен тесілген цилиндрлі саптамамен аяқталады;

- саптаманың ішіне бұдырланған айналмалы барабанның түбіне бекітілген П-тәрізді пышақ қатаң бекітілген;

- пышақ пен саптама машинаның жұмысшы аймағына түсіп, одан әрі ортадан тепкіш күш әсерінен сыртқа шығарылатын жұмсақ шикізатты алдын ала ұсақтауға арналған;

- бұдырланған айналмалы барабанның ішкі қабырғасына барабанның жоғарғы қақпағына бекітілген қозғалмайтын пышақтар жұбы орнатылған;

- бұдырланған айналмалы барабанның сыртқы қабырғасы жағынан балқытылған майдың машинадан ығысып шығуын жеңілдететін, ортадан тепкіш қалақшалар рөлін атқаратын екі қалақша пісіріліп бекітілген.



 

Сурет XIII-2 АВЖ сұлбасы

 

Машинаның жұмысы төмендегідей жүзеге асырылады:

- жұмсақ шикізат шанаққа тиеледі де, қозғалмалы П-тәрізді пышақ пен ірі тесікті қозғалмайтын цилиндрлі саптама арасындағы саңылауда алдын ала ұсақталады;

- одан әрі ұсақтау бұдырланған айналмалы барабан мен қозғалмайтын пышақтар арасындағы саңылауда жалғасады;

- ыстық бу көлбеу тұрыққа жанама орналасқан түтікше арқылы машинаның жұмысшы аймағына беріледі;

- ұсақталған май өте жылдам (3-5 секунд) балқиды да, ортадан тепкіш күш әсерінен барабанның қабырғасындағы тесіктер арқылы жұмысшы аймақтан шығарылады;

- одан әрі тұрықтың көлбеулігі мен айналмалы барабанның сыртқы жағынан пісіріліп бекітілген қалақшалар жұбы арқылы балқыған майдың қоспасы мен конденсат (су), қоспаны 3 м дейін көтеруге жеткілікті тегеурінмен машинадан шығарылады.

Осы аппараттардың екі типі бар: АВЖ-245 және АВЖ-130.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.004 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал