Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс 1. Технологиялық жабдықтар туралы жалпы түсінік




 

1. Анықтама (жабдық, машиналар мен аппараттардың құрылымы)

2. Жабдықтарға қойылатын талаптар

3. Жіктелуі

 

Технологиялық жабдық дегеніміз технологиялық операцияларды орындауға арналған жабдықтар болып табылады.

Технологиялық операциялар жалпы және арнайы болып жіктеледі.

Жалпы технологиялық операцияларға барлық тамақ өндірісіне кіретін 20-дан астам салаларында пайдаланатыy механикалық, гидромеханикалық, жылу-масса алмасу процестері жатады. Мысалы, ұсақтау, ажырату, пісіру, кептіру және т.б.

Ал арнайы технологиялық операцияларға тек қана кейбір (жеке алыңғаң) саласына сәйкес процестері жатады, мысалы ет өнеркәсібіне: жансыздандыру, малды қансыздандыру, терісін сыдыру және т.б.; сүт өнеркәсібіне: фризерлеу, сары май бұлғау, гомогендеу және т.б.

Технологиялық жабдықтар алдымен ағындағы үйлесімділігі бойынша машиналар мен аппараттарға жіктеледі. Сонымен қатар, технологиялық жабдықтардың басқа да түрлері бар.

Олар: әртүрлі айлабұйымдар, агрегаттар, технологиялық ағынды желілер, қондырғылар, кешендер, және т.б.

Дегенмен, технологиялық жабдықтар пәнінде негізінен машиналар мен аппараттар қарастырылады. Олардың арасындағы айырмашылық құрылымдық пішіндерінде болып табылады.

Құрылымдық пішіні бойынша неғұрлым қарапайым машина кемінде үш бөліктен тұрады:

- орындау (немесе жұмысшы) механизмі;

- беріліс (немесе жетекті) механизмі;

- қозғалтқыш механизмі (электрқозғалтқыш).

Классикалық түрдегі аппарат (қарапайым аппарат) орындау (немесе жұмысшы) органы және жұмысшы камерадан тұрады.

Қозғалтқыш және беріліс механизмдері, сонымен қатар басқа да жұмысшы механизмдер кейбір аппараттарда мүлдем болмайды, а егер болса қосалқы жұмыс атқарады.

Машиналар мен аппараттардың жіктелуі

 

Құрылымдық пішіні бойынша машиналар (автоматтандырылу деңгейіне қарай) қарапайым жұмысшы машиналар, жартылай автоматтар және автоматтарға жіктеледі.



Қарапайым жұмысшы машиналар көбінесе үш бөліктен тұрады. Олар нақты бір технологиялық операцияны орындайды. Мысалы: еттартқыштар шикізатты ұсақтайды, араластырғыштар араластырады, сепараторлар ажыратады және т.б.

Жартылай автоматтар бірнеше бөліктер мен жұмысшы органдардан тұрады. Олар жұмысшының қатысуымен бірнеше технологиялық операцияларды автоматты цикл бойынша орындайды.

Автоматтар да бірнеше бөліктер мен жұмысшы органдардан тұрады және жұмысшының қатысуынсыз барлық операциялар (негізгі және қосалқы) автоматты цикл бойынша орындалады.

Жұмысшы циклдің құрылымы бойынша барлық технологиялық жабдықтар мерзімді және үздіксіз әрекетті машиналар мен аппараттарға жіктеледі. Сонымен қатар, аз мөлшерде жартылай үздіксіз әрекетті технологиялық жабдықтар да бар.

 


.

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.011 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал