Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Хром туралы жалпы сипаттама




Хром ең алғаш рет адамзат баласына 1798 жылы мәлім болған. Хром сөзі гректің «chroma» – «түс» деген сөзінен туындағаны тарихтан білеміз. Аталмыш металл жер қыртысының ең тереңінде кездеседі. Ғылымға құрамында хромы бар 20 түрлі минералы мәлім. Өндіріске қажетті хромшпинелидтің құрамында негізінен уваровит, волконскоит, кемерит, фуксит сынды минералдар бар. Хромнан бояу, тері илейтін химиялық өнiмдер, түрлі құймалар, электр мен өндіріске қажетті заттар алынады.

Дүниежүзіндегі хромның негізгі минералды-шикізаттық қоры Қазақстан, Зимбабве және Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) орналасқан. Аталған елдердегі хромның қоры әлемдегі шикізат қорының 84 пайызын құрайды. Ал 4 пайыз шикізат Үндістан, Финляндия, Филиппин, Түркия, Албанияның еншісінде болса, қалған 14 пайызы дүнежүзінің әр тарабына таралған. Хром өндірісі негізінен әлемнің бес елінде жақсы дамығанын айта кетуіміз керек. Олар – ОАР (45,8 пайыз), Қазақстан (18 пайыз), Үндістан (14,3 пайыз), Түркия (6,9 пайыз), Зимбабве (4,4 пайыз) болып жіктеледі. Қазір әлемде феррохром өндірісімен айналысатын жетекші компаниялар ретінде «Samancor», «Қазхром», «Sudelektra», «Chrome Resources», «Xstrata S.A. (Pty.) Ltd», «Anglovaal» компанияларын атауға болады. ОАР-дағы ең ірі «Samancor» қазіргі таңда 10 хромит кенішін жылына 3 млн. тоннаға дейін феррохром өндіріп келеді. Феррохром өндірісіндегі компаниялар бүгінде табысты жұмыс істеу үшін бір-бірімен ынтымақтасуға бет бұрып отыр. Осы ретте «Samancor» компаниясы «Xstrata» кәсіпорынының бақылаушы акциясына иелік етуі біздің сөзімізге дәлел болады.

 

Хромның қоры жөнiнен Қазақстан (430 млн. тонна) дүниежүзiнде ОАР-ға ғана дес беретінін жоғарыда айттық. Ал елімізде өндірілетін хром сапасы әлемдік нарықта өте жоғары бағаланады. Ақтөбе облысындағы Дөн кен-байыту комбинаты Кемпiрсай кен орнынан хромит өндiрумен қатар хром концентраты және ұнтақталған тауарлы көміртекті хром өндірілетінін бәріміз білеміз. Мамандардың пайымдауынша, Кемпiрсай кенішінде хром қоры 310-320 млн. тоннаға жетеді. Аталған кенiш «Қазхром» трансұлттық компаниясының Ақтөбе мен Ақсу қаласындағы ферроқорытпа зауыттарын қажетті шикізатпен толықтай қамтамасыз етіп отыр. Ақсу ферроқорытпа зауыты ферроқорытпа балқымаларын, ферросиликохром, ферросиликомарганец шығарса, Ақтөбе облысындағы «Феррохром» ААҚ-ы феррохром мен ферросиликохром шығаруды жолға қойған. Кәсiпорындардың жылдық феррохром өндіруі 350 млн. тоннаға жеткен. Қазіргі таңда Қазақстанда феррохромнан жаңа заман талабына сай өнімдер алуда қолға алынған. Осы ретте феррохромнан отқа төзімді болат өндіру және жоғары технологиялы сұйық шыны жасау ісі қарқынды дамуда. Отандық феррохром өндірісі негізінен дүниежүзiлiк нарықты қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзiнде хром өндiру жағынан Қытай, Бразилия, Австралия, Ресей, АҚШ, Үндiстан, Украинадан қара үзіп кеткен.



 

Осы ретте «Казхром» трансұлттық компаниясы жоғары көміртек феррохром шығару бойынша инновациялық технологияларды енгізуге де айрықша мән беріп отырғанын айтуға тиіспіз. Алып кәсіпорын бұл бағытта 110,5 млрд. теңгеге бағаланған жобаның бірінші кезеңін 2012 жылы аяқтамақшы. Ал «SBS Steel» компаниясы қуаттылығы жылына 500 мың тонна түйіршіктелген шойын өндіретін инвестициялық жобаны жүзеге асыруға кірісіп кеткен. Жоба барысында әлемдегі жаңа технологиялардың бірі – ITmk3 технологиясы қолданылады. Аталған технология бойынша бірінші зауыт осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ-та іске қосылған болатын. Қазақстандық зауыт озық технологияның бұл түрін пайдаланған әлемдегі екінші кәсіпорын болайын деп тұр 2013 жылы аяқталатын зауытқа салынған инвестиция көлемі – 457 млн. долларды құрайды. Осыдан-ақ, отандық компаниялардың бәсекеге қабілетті өнім өндіру жолында ешқандай елден қалыспай отырғанын байқаймыз.



 

Қазақстанда хром ұзақ жылдар бойы өндіріліп, өндірістік қалдық феррохром қождары жиналғаны белгілі. Бүгінде «Қазхром» осы өндірістіқ қалдықты іске жаратуға бел буып, білек сыбана кіріскен. Осы ретте Ақсу ферроқорытпа зауыты жылдар бойы жинақталған жоғары көміртекті феррохромның қождарын қайта өңдеу кешенін жобалау және салу жоспарлап отыр. Феррохром қожы дегеніміз металлургиялық процесс барысында сұйық металдың бетін жабатын ауыспалы құрамдағы металлур­гиялық қорытпа. Зауыттың өндірістік қалдықты кәдеге жаратуға шындап кіріскені бізді қатты қуантады. Феррохром қождарын қайта өңдеу компанияға пайданың жаңа көзі болайын деп тұр. Мәселен, бір ғана Ақсу ферроқорытпа зауытының аумағында 5 млн. тонна феррохром қожы жинақталған. Жыл сайын оның қоры бір миллион тоннадан астам қожбен толығатынын ескерсек, жер қойнауынан қазып алынған ен байлықтың қаншасы босқа рәсуа болатынын байқау қиын емес. Енді бұл олқылықтың орны толмақшы. Зауыт жартылай өнімді кәдеге жарату арқылы миллиондаған тонна шикізат қорына дайындау мүмкіндігіне ие болады.

 

Қазақстанда жоғары көміртекті феррохром, ферросилиций, ферросилихром, ферросиикомарганец кең көлемде өндіріліп келе жатқанына ұзақ жыл болды. Сондықтан бұл саладағы кәсіпорындардың іс-тәжірибесі орасан зор деп нық сеніммен айта аламыз. Отандық компаниялардың әртүрлі өнім өндіріп, әлемдік нарықтағы сұранысты қамтамасыз етуі қазір еліміздің абыройын асқақтатып тұр. Соңғы жылдары ферросилиции өндірісінің көлемі төмендеп, көміртекті феррохром және ферросиликомарганецтің өндірісінің көлемі өскен. Осылайша Еуразиялық өнеркәсіпшілер тобы отандық металлургияда балқымалы металдардың ассортиментін кеңейтуге айрықша мән беруде. Еліміздегі кәсіпорындар үшін хром балқымаларына аса сұраныс жоқ. Сондықтан «Қазхром» өз өнімінің 95 пайызын сырт елдерге экспорттайтыны белгілі. Компанияның жоғары сапалы өнімдерін болат өнеркәсібімен айналысатын Еуропа, Қиыр Шығыс, АҚШ, ТМД елдерінің компаниялары сатып алуда. Осы ретте Қазақ елінде өндірілген феррохромның негізгі тұтынушысы ретінде Австралия, Парсы шығанағы және Қиыр Шығыс елдерін, Үндістан мен Оңтүстік Американың бірқатар елдерін атауға болады. Тоқсаныншы жылдары КСРО-ның ыдырауы әріптестік байланыстардың бұзылуына және еліміздің металлургия саласына айтарлықтай салқынын тигізгені белгілі. Дәл осы уақытта елімізге Жапонияның «Japan Chrome Corporation» компаниясы келіп, феррохром өндірісінде үлкен бетбұрыс жасаған болатын. Аталған компания өндіріске қажетті капитал мен өн­дірістік базаны жетілдіруге инвестицияны аяған жоқ. Бұдан басқа басқару саласына өндірістік және сауда стратегияларын енгізіп, ірі өндіріс ошағын нарық заңды­лықтарына икемдеу жолында көп тер төкті. Дәл осы жылдары бәсекеге қабілеттілікті жетілдіру, әлемдік нарықты жаулау үшін сапалы өнім шығару басты орынға қойылды. Өз кезегінде жапондық инвесторлар кәсіпорындардағы пештерді модернизациялап, жаңа технологиялар енгізген болатын. Ал 1995 жылы «Казхром» трансұлттық компаниясы құрылып, феррохром саласындағы жетекші өндірістік нысандар – Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттары мен Дөн кен-байыту комбинаты қанатының астына алғаны мәлім. 1997 жылдың өзінде-ақ «Қазхром» дүниежүзіндегі хром өндіретін өндіріс ошақтарының арасында үшінші орынға табан тіреді. Осы ретте алып кәсіпорынның ел қазынасына жыл сайын 20 млрд. теңгеден астам салық төлеп отырғанын айтуға тиіспіз. 2005 жылдың өзінде компанияның өндірген өнімі 151,1 млрд. теңгеге жетті. 2007 жылы дағдарыс орын алғанда отандық компанияның өндірістік қуаты біршама бәсеңдеген еді. Ал қазір алып кәсіпорын жұмысын қайта жандандырып, өзінің әлеуетін әлемдік экономикаға қайта таныта бастады.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал