Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Радиациялық апаттар кезiнде радиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар




Радиациялық апат кезiндегi халықтың және персоналның радиациялық қауiпсiздiгi жүйeci апаттың терiс салдарларын неғұрлым төмендетуге, бәрiнен бұрын - детерминделген эффекттiлер туындауының алдын алу және стохастикалық эффекттердiң ықтималдығын азайтуды қамтамасыз етуге тиiс. Радиациялық апат анықталған жағдайда апаттың дамуын тоқтату, сәулелену көзiн бақылауды қалпына келтiру мен сәулелену дозаларын және персонал мен халықтың қатарынан сәулеленген тұлғалардың санын, өндiрiстiк жайлар мен қоршаған ортаның радиоактивтiк ластануын, апат әкелген экономикалық және әлеуметтiк шығасыларды неғұрлым төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдануы тиiс.

286. Әрбiр радиациялық объектiнiң жобалық құжаттамасында жабдықтың ақаулығының, персоналның жаңсақ әрекеттерiнiң, табиғат нәубеттерінің немесе сәулелену көздерiн бақылаудан айырылу мен адамдардың сәулеленуiне және (немесе) қоршаған ортаның радиоактивтiк ластануына әкелiп соғуы мүмкiн өзге себептердiң салдарынан туындайтын ықтимал апаттар айқындалған болуы тиiс. Сәулелену көздерiмен жұмыс iстеудiң нақты жағдайлары үшiн мүмкiн апаттар тiзбесi санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негiзiнде белгiленедi.

287. I-II санаттардың радиациялық объектiлерiнiң жобалық құжаттамасында:

1) «Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша iс-шаралар» бөлiмi, радиациялық апаттың салдарларын жою бойынша қауырт жұмыстар өткiзу үшiн қажеттi дара қорғану құралдарының, дәрi-дәрмектердiң, радиометрлiк және дозиметрлiк аспаптардың, белсендiлiктi жою және санитариялық өңдеу құралдарының, саймандар мен мүкәммалдың апаттық қорының номенклатурасы, көлемi және сақталу орындары кiретiн болуы тиiс;

2) «Радиациялық апат жағдайында персонал мен халықты қорғау бойынша iс-шаралар жоспары» бөлiмдерi болуы қажет.



288. Жоспардың құрамында мынадай негiзгi бөлiмдер бар:

1) апаттың ықтимал себептерiн, тұрпаттары мен даму сценарийлерiн, сондай-ақ түрлi апат тұрпаттары кезiндегi болжамдағы радиациялық жағдайды ескерумен радиациялық объектiдегi ықтимал апаттар болжамы;

2) қорғану iс-шараларын жүргiзу туралы шешiм қабылдау үшiн өлшемдер;

3) апатты және оның салдарларын жою кезiнде өзара әрекеттесу жүзеге асырылатын ұйымдар тiзбесi;

4) апаттық радиациялық бақылауды ұйымдастыру;

5) радиациялық апаттың сипатын және мөлшерлерiн бағалау;

6) апаттық жоспарды iскe енгiзу;

7) жариялау және хабар беру тәртiбi;

8) персоналның апат кезiндегi мiнез-құлқы;

9) лауазымды адамдардың апаттық жұмыстар жүргiзу кезiнде қабылдайтын әрекеттері;

10) апаттық жұмыстар жүргiзу кезiндегi персоналн қорғау шаралары;

11) өрттен сақтану iс-шаралары;

12) халықты және қоршаған ортаны қорғау бойынша iс-шаралар;

13) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету;

14) радиоактивтiк ластану ошақтарын (учаскелерiн) оқшаулау және жою бойынша шаралар;



15) персоналн апат жағдайына дайындау және жаттықтыру.

289. Радиациялық объектiлердiң жобалық құжаттамасы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негiзiнде радиациялық объектiлердiң әкiмшiлiгiмен бекiтiледi.

290. Барлық радиациялық объектiлерде «Персоналның апаттық жағдайларда әрекет етуi бойынша нұсқаулық» болуы тиiс.

291. Радиациялық объектiнiң өндiрiстiк учаскелерiнде, санитариялық өткiзу орны мен денсаулық сақтау орнында апат кезiнде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудiң қажеттi құралдарының жинағы бар дәрiқобдишалар, ал ашық түрде радиоактивтi заттармен жұмыстар жүргiзiлетiн объектiлерде сондай-ақ ластануға ұшыраған тұлғаларды санитариялық өңдеу құралдарының толықтырылып отыратын қоры болуы тиic.

292. Радиациялық апат болуы мүмкiн әрбiр ұйымда сигналдары бойынша персонал радиациялық апатты жою бойынша iс-шаралар жоспарына және лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес әрекет ететiн туындаған апат туралы шұғыл хабарлау жүйесi көзделген болуы тиiс.

293. Радиациялық апаттың болуы анықталатын барлық жағдайларда ұйым әкiмшiлiгi радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк қадағалау және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды хабардар етеді.

294. Мемлекеттiк органдар «Радиациялық апат жағдайында халықты қорғау бойынша iс-шаралар жоспарына» сәйкес радиациялық апат туралы деректердiң радиациялық қорғау саласының мамандарына тез жеткiзiлуiн және олардың халықты радиациялық апат, қорғанудың ұсынылатын құралдары мен әдiстерi туралы хабарлауға қатысуын қамтамасыз етедi.

295. Апатты және оның салдарларын жою бойынша жұмыстар жүргiзуге бәрiнен бұрын мамандандырылған апаттық бригадалардың жүйелерi тартылуы тиiс. Қажет болған жағдайларда осы жұмыстарды орындау үшiн персоналнан отыз жастан асқан, медициналық қарсы көрсетiмдерi жоқ тұлғалар ықтимал сәулелену дозалары және денсаулық үшiн қаупi туралы хабар берiлгеннен кейiн олардың жазбаша келiсiмi жағдайында тартыла алады. Әйелдердiң апаттық жұмыстарға қатысуына тек айрықша жағдайларда жол берiледi.

296. Апаттың салдарларын жою бойынша жұмыстардың алдында жұмыстар сипаты мен кезектiлiгiн түсiндiру арқылы радиациялық қауiпсiздiк мәселелерi бойынша персоналға нұсқау жүргiзiледі. Қажет болған жағдайда алдағы операциялар барысын қайталауды жүргізу керек.

297. Апаттың салдарларын жою бойынша жұмыстар және персоналның ықтимал асыра сәулеленуiмен байланысты басқа iс-шараларды орындау радиациялық бақылау бойынша жұмыстың шектi ұзақтығы, қосымша қорғану құралдары, қатысушылардың және жұмыстардың орындалуына жауапты тұлғаның тектерi айқындалатын арнайы рұқсат (жiберу) бойынша жүргiзiлуi тиiс.

298. Апатты жою кезiнде персоналның жоспарланатын көтерiңкi сәулеленуiн реттемелеу РҚН айқындалады. Жоспарланатын көтерiңкi сәулеленуге апаттық-қалпына келтiру жұмыстарына қатысатын радиациялық объектiнiң персонал мен апаттық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының мамандары үшiн жол берiледi.

299. Радиациялық бақылау тәртiбi орындалатын жұмыстардың ерекшелiктерi мен жағдайларын ескерумен санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негiзiнде айқындалады.

300. Майыптық зақымдары, химиялық улануы бар немесе 0,2 Зв жоғары дозада сәулеленуге ұшыраған адамдарды медициналық тексеруге жiберу қажет. Радиоактивтiк ластану жағдайында адамдарға санитариялық өңдеу және киiмнiң белсендiлiгiн жою жүргiзiлуi тиiс.

301. Көлемдi аумақтардың радиоактивтiк ластануына әкелiп соққан радионуклидтердi қоршаған ортаға лақтырысымен болған радиациялық апат кезiнде халықты қорғау РҚН келтiрiлген шешiмдер қабылдау үшiн өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады.

302. Апаттың салдарларын жою және оның себептерiн тергеу қажет болған жағдайда аймақтық, аумақтық және объект деңгейлерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiлеген тәртiпте жүргiзiледi.

303. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары радиациялық апатты тексеру және салдарларын жою кезiнде төмендегi мiндеттердi орындауға қатысуы тиiс:

1) апаттық сәулеленуге ұшырауы мүмкiн тұлғаларды анықтау;

2) апатты тексеру және салдарларын жоюға қатысатын тұлғалардың радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiлуiн бақылау;

3) өндiрiстiк және қоршаған ортаның, сумен жабдықтау көздерiнiң, азық-түлiк өнiмдерiнiң радиоактивтiк ластану деңгейлерiн бақылау;

4) радиациялық жағдайды және персонал мен халықтың жекелеген топтарының, сондай-ақ апаттық жұмыстарға қатысқан тұлғалардың дара сәулелену дозаларын гигиеналық бағалау;

5) белсендiлiгiн жою мен санитариялық өңдеудiң тиiмдiлiгiн бағалау;

6) орталық атқарушы органдары мен ұйымдар үшiн радиациялық жағдайдың болжамымен персоналн және халықты қорғау бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

7) радиоактивтi қалдықтардың жиналуын, аласталуын және көмiлуiн бақылау.

304. Халықтың радиоактивтiк ластану аудандарындағы тұрмысының ерекше режимдерi, тиiстi аумақтағы радиациялық жағдайды бақылау, халықтың сәулелену дозаларын есепке алу санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негiзiнде белгiленедi.

305. Радиациялық апаттың нәтижесiнде радиоактивтiк ластануға ұшыраған аумақтарда мыналар жүзеге асырылады:

1) аумақтың радиоактивтiк ластану есебiнен халықтың сәулелену дозалары 10 мкЗв/жылдан асуы мүмкін болса, оларды бағалау жолымен радиациялық бақылау;

2) халықтың басқа негiзгi сәулелену түрлерiн радиациялық бақылау;

3) егер аумақтың радиоактивтiк ластану есебiнен халықтың сәулелену дозасы 1,0 мЗв/жыл асатын болса сәулеленудiң барлық негiзгi түрлерi бойынша дозаларды оңтайландырып төмендету;

4) егер аумақтың радиоактивтiк ластану есебiнен сәулелену дозасы 0,1 мЗв/жыл acca, бiрақ 1,0 мЗв/жыл артық болмаса халықтың қалыпты тұрмысын, аумақтың шаруашылық және әлеуметтiк қызметiн бұзбайтын оңтайландырылған қорғану iс-шаралары.

306. Радиоактивтiк ластануға ұшыраған аумақта шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын ұйымның әкiмшiлiгi жұмыскерлердiң радиоактивтiк ластанудың есебiнен сәулеленуi 5 мЗв/жыл аспайтын жұмыс жағдайларын қамтамасыз етедi. Жұмыскерлердiң радиоактивтiк ластанудың есебiнен сәулеленуi 1 мЗв/жыл асатын ұйымдарда радиациялық бақылауды жүзеге асыратын және оңтайландыру принципiне сәйкес жұмыскерлердiң сәулелену дозаларын төмендету бойынша iс-шаралар жүргiзетiн радиациялық қауiпсiздiк қызметi құрылуы тиiс. Радиациялық бақылау тәртiбi санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негiзiнде бекiтiледi.

307. Сәуле шығару көздерімен жұмыстар жүргізілетін ұйымға қызмет көрсеттілітін медициналық мекеме апатық сәулелену жағдайына төмендегілермен жабдықталады:

1) радиациялық бақылау аспаптарымен;

2) тері жабындыларының, күйіктер мен жаралардың белсенділігін жою құралдарымен (ашық түрдегі радиоактивті заттармен жұмыс істеу кезінде);

3) организмнен радионуклидтер шығаруды жылдамтату құралдарымен;

4) радиопротекторлармен.

308. А тобының қызметкерлер құрамының қатарынан тұлғаларды олар сәуле шығару көздерiмен жұмыс iстеуiн тоқтатқаннан кейiн мезгiл-мезгiл медициналық тексерулер аталған жұмыстар уақытындағы медициналық мекемеде немесе ол сәуле шығару көздерiмен жұмыс iстеген ведомствоның басқа медициналық ұйымда жүргiзiледi.

309. Халықтың қатарынан бiр жылдың iшiнде 200 мЗв астам тиiмдi дозада сәулеленуге ұшыраған немесе негiзгi сәулелендiру көздерiнiң бiрiнен 500 мЗв немесе барлық сәулелендiру көздерiнен 1000 мЗв астам доза жинаған тұлғаларды медициналық тексерудi бекiтiлген тәртiпте аумақтық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырады.

 

«Радиациялық қауiпсiздiктi

қамтамасыз етуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық

талаптар» санитариялық ережесiне

2-қосымша

 

 

Радиациялық қауiпсiздiктiң негiзгi принциптерi

1. Негiздеу принципi

1. Неғұрлым қарапайым жағдайларда негiздеу принципiн тексеру төмендегiлердiң пайдасы мен зиянын салыстыру арқылы жүзеге асырылады:

мұнда X - радиациялық қорғауға шығындарды қоспағанда сәулелену көзiн немесе сәулелендiру жағдайларын құруға және iске пайдалануға барлық шығындарды шегергенде сәулелену көзiн немесе сәулелену жағдайларын қолданудан келген пайда;

У1 - барлық қорғау түрлерiне шығындар;

У2 - адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға қорғау шараларымен жойылмаған сәулеленуден келетiн зиян .

2. Пайданың (Х) және зиянның жиынтығының (У1 + У2) арасындағы айырмашылық нөлден көп болуға тиiс, ал пайдаға (Х) қол жеткiзудің эквиваленттілы әдiстерi барда бұл айырмашылық оның үстiне максималды болуға тиiс. Пайданың зияннан асуына көл жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда сәулелену көзiнiң осы түрiн қолданудың қабылдауға жарамсыздығы туралы шешiм қабылданады.

Техникалық және экологиялық қауіпсiздiк жақтары ескерiлуге тиiс.

3. Көбiнесе пайдасы мен зияны әртүрлi көрсеткіштер арқылы өлшенетiн сәулелену көзiнiң пайдасы мен зиянын салыстырумен байланысты негiздеу принципiн тексеру тек радиологиялық өлшемдермен шектелмейдi, сонымен бiрге әлеуметтiк, экономикалық, психологиялық және басқа факторларды қосады.

4. Әртүрлi сәулелену көздерi мен сәулелену жағдайлары үшiн пайданың нақты шамаларының өз ерекшелiктерi бар (АЭС өндiрген энергия, диагностикалық және басқа ақпарат, қазбаланған табиғи ресурстар, баспанамен қамтамасыздандырылу). Оларды бiрдей уақыт аралықтарында сәулеленудің өмiрдiң адам/жас қысқару түрiндегi ықтимал нұқсанымен салыстыру үшiн пайданың жалпылама өрнегiне келтiру керек. Бұл орайда бiр адам-Зв ұжымдық тиiмдi дозасында сәулелену өмiрдiң бiр адам-жылынан айырылуға әкеледi деп қабылданады.

5. Басымдық экономикалық пайдалармен салыстырғанда денсаулық көрсеткiштерiне берiледi.

Пайда-зиян арақатынасының медициналық-әлеуметтiк негiздемесi сәулеленумен байланысты қызметтiң денсаулық үшiн пайдасы мен зиянының сандық және сапалық көрсеткiштерінің негiзiнде жасалына алады.

Сандық бағалау үшiн төмендегiлердiң теңсiздiгiн пайдалану керек:

У0 > У2, (2)

мұнда У2 мәнi (1) формуладағыдай,

У0 - сәулеленумен байланысты осы қызмет түрiнен бас тарту нәтижесiнде денсаулыққа келген зиян.

6. Сапалық бағалау төмендегi формуланың көмегiмен орындала алады:

мұнда Z - сәулеленумен байланысты қызметтiң нәтижесiнде зиянды факторлардың әсер ету қарқындылығы;

Z0 - сәулеленумен байланысты қызметтен бас тарту кезінде персонална немесе халыққа әсер ететiн зиянды факторлар;

DZ және DZ0, - Z және Z0 факторлары әсерiнің шақтамалы қарқындылығы.

2. Оңтайландыру принципi

7. Оңтайландыру принципiн iске асыру қорғау iс-шараларын жүргiзу жоспарланатын уақытта әр кезде жүзеге асырылуға тиiс. Осы принциптi iске асыру үшiн радиациялық қорғау қажеттілiгi туындайтын объектілерде немесе аумақтарда радиациялық қауіпсiздiктi ұйымдастыру үшiн жауапты қызмет немесе тұлғалар жауапты болып табылады.

8. Сәулелену көзiн немесе сәулелендiру жағдайларын қалыпты iске пайдалану жағдайларында оңтайландыру (қорғанысты жетілдiру) тиiстi шектерден мардымсыз төмен - дара доза жылына 10 мкЗв деңгейге қол жетер диапазондағы сәулелену деңгейлерi кезiнде жүзеге асырылуға тиiс.

9. Оңтайландыру принципiн iске асыру негiздеу принципi сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық Бас дәрігерi бекiтетiн арнайы әдiстемелiк нұсқаулар бойынша, ал олар басылып шыққанға дейiн - негiздеушi құжаттардың радиациялық-гигиеналық сараптамасын өткiзу арқылы жүзеге асырылуы тиiс. Бұл орайда РҚН сәйкес тиiмдi дозаны бiр адам-зивертке төмендететін қорғауды жетiлдiру үшiн минималды шығын болып бiр жылдық жанға ұлттық табысқа (халықаралық ұсыныстамаларда қабылданған альфа шамасы) тең шығын саналады.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.014 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал