Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Глоссарий. 1. Статикалық қысым – ұңғының ұзақ уақыт бойы тұрғаннан кейін ұңғы




1. Статикалық қысым – ұңғының ұзақ уақыт бойы тұрғаннан кейін ұңғы түбіндегі тұрақталған қысым.

2. Статикалық деңгей - атмосфералық қысым әсер ететін ұңғы тоқтағаннан кейін ұңғы түбінде тұрақталған сұйық бағанасының дейгейі.

3. Динамикалық қысым – ұңғыдан газды немесе сұйықты алған кездегі немесе ұңғыға газды немесе сұйықты айдаған кезде тұрақталатын ұңғы түбіндегі қысым.

4. Сұйықтың динамикалық деңгейі - атмосфералық қысым әсер ететін жұмыс істейтін ұңғыда тұрақталған сұйық бағанасының деңгейі.

5. Орташа қабат қысымы – бұл ортасалмақты (средневзвешенное) статикалық қысым.

6. Айдау аймағындағы қабат қысымы – бұл айдаушы ұңғылар орналасқан аймақтардағы ортасалмақты қабат қысымы.

7. Алу аймағындағы қабат қысымы - бұл өндіруші ұңғылар аймағындағы ортасалмақты қабат қысымы.

8. Бастапқы қабат қысымы – игерудің ең басында барлаушы ұңғылар арқылы аңықталған орташа қабат қысымы.

9. Ағымдағы қабат қысымы – бұл әр түрлі уақыт аралықтарындағы орташа қабат қысымы.

10. Келтірілген қысым – бұл абсолютті белгісі белгілі шартты көлденең жазықтыққа салыстырмалы қайта саналып алынған түптік қысымдар.

11. Ұңғы - өнімді горизонтының жер қабатымен байланысы үшін арналған, диаметрі ұзындығынан анағұрлым төмен кеңістіктік ориентациялы цилиндрлік тау қазбасы.

12. Ұңғы конструкциясы – бұл бұрғыланған оқпанға түсірілген және сол жерде бекітілген шегендеуші құбырлардың және қосымша түптік құрылғылардың жиынтығы. Олар ұңғы тағайындалуына қарай өлшемдері және материалы бойынша өзгереді.



13. Алғашқы ашу - өнімді горизонтты қашаумен бұрғылау процессі.

14. Екінші қатар ашу - өнімді горизонтты ұңғының ішкі қуысымен байланыстыру поцессі.

15. Кольматация – ұңғының түп алдындағы аймағының механикалық бөлшектрмен ластану процессі.

16. Декольматация – фильтрациялық каналдарды механикалық бөлшектермен тазарту процессі.

17. Дилатансия – тау жынысы көлемінің өзгеру.

18. Тау жынысының критикалық тығыздығы – жыныстың кез-келген соңғы жылжуы кезінде дилатансия нөлге тең болатын кез-келген тығыздығы.

19. Гидродинамикалық жетілген ұңғы – ешқаңдай тіреуіш элементі болмайтын өнімді қабатты ашқан ұңғы.

20. Ашу деңгейі бойынша жетілмеген ұңғы – бұл өнімді горизонтты оның толық қалыңдығы бойынша ашпаған ұңғы.

21. Ашу сипаттамасы бойынша жетілмеген ұңғы – бұл өнімді горизонтты оның толық қалыңдығы бойынша ашып, шегенделіп және перфорацияланған ұңғы.

22. Гидродинамикалық жетілген ұңғы коэффициенті – жетілген ұңғы дебитінің жетілмеген ұңғы дебитіне қатынасы.



23. Ұңғының келтірілген радиусы – дебиті нағыз жетілмеген ұңғының дебитіне тең фиктивті жетілген ұңғының радиусы.

24. Түп – бұл өнімді қабатты ашқан ұңғының бөлігі.

25. Ағынды шақыру – тұрып тұрған ұңғының түбіндегі қарсықысымды төмендету, қабатқа репрессияны жою және қабаттан ұңғыға флюидтің ағуы басталатын депрессияны жасау.

26. Ұңғыны меңгеру – тұрып тұрған ұңғыны жұмыс істейтін ұңғылар қатарына көшіру үшін арналған технологиялық операциялардың кешені.

27. Ағынды шақыру және меңгеру мақсаттары – арнайы бастыру сұйығымен толтырылған ұңғы түбіндегі қарсықысымды төмендету және керекті дебитті немесе сыйымдылықты алу үшін түп алдындағы аймақтың фильтрационды қасиеттерін жақсарту немесе қалпына келтіру.

28. Газды сан – берілген термобаралық жағдайларда бос газ көлемінің геометриялық көлемде бөлінген сұйық көлеміне қатынасы.

29. Көлемдік газқанықтырылу - берілген термобаралық жағдайларда бос газ көлемінің геометриялық көлемде бөлінген жалпы қоспа көлеміне қатынасы.

30. Шығынды массалық газқанықтырылу - берілген термобаралық жағдайларда газ массасы шығының қоспа массасының шығынына қатынасы.

31. Нағыз газқанықтырылу – бос газбен толтырылған құбырдың көлденең қимасы ауданының құбырдың көлденең қимасының жалпы ауданына қатынасы.

32. Сұйықтағы газдың дисперстілігі – сұйықтың көлемінде реттелген газ көпіршіктерінің өлшемдерімен сипатталатын газды фазаның ұсақталу деңгейі.

33. Минералдар – жер қабатында болатын физика-химиялық процесстері нәтижесінде пайда болған химиялық құрамы және физикалық қасиеттері бойынша шамамен біртекті табиғи заттар.

34. Тау жыныстары – жер қабатын құрайтын тәуелсіз геологиялық денелерді құрайтын минералогиялық және химиялық құрамы біршама тұрақты минералды заттар.

35. Атпа тау жыныстары – магма деп аталатын силикатты балқыма жер қабатында болатын немесе жер қабатының бетінде ұйылу нәтижесінде пайда болған құрамында негізінен құрамасы кристалдық болатын жыныстар.

36. Шөгінді жыныстар - материктер беттерінде және су бассейндерінің түбінде органикалық және органикалық емес заттардың тұңбалану нәтижесінде пайда болатын тау жыныстары.

37. Метаморфтық тау жыныстары – шөгінді және атпа жыныстарынан пайда болған жер қабатының кейбір қалыңдығына бату кезінде пайда болған тау жыныстары.

38. Табан – қабатты астыңғы жағынан шектейтін бет.

39. Қабаттың төбешегі –қабатты жоғары жағына шектейтін бет.

40. Нақты қуат - бұл төбешектің кез-келген нүктесінен оның табанына дейін қойылған перпендикуляр.

41. Көлденең қуат - бұл төбешектің кез-келген нүктесінен оның табанына дейінгі көлденең бойынша ұзындығы.

42. Тік қуат - бұл төбешектің кез-келген нүктесінен оның табанына дейінгі тік бойынша ұзындығы.

43. Абсолютті немесе теориялық өткізгіштік – жыныстағы бостықтар суммарлы көлемі.

44. Өткізгіштік коэффициенті – бұл бостықтар көлемінің жыныстардың барлық көлеміне қатынасы.

45. Эффективті өткізгіштік – бір-бірімен байланысатын жыныстар бостықтарының көлемі.

46. Өткізгіштік – бұл жыныстың қысымдардың өзгеруі кезінде газ және сұйықтң өткізу қабілеттілігі.

47. Коллекторлар – газ және сұйық өте алатын және оларға қор болат алатын қуыстық және жарықшақтық тау жыныстары.

48. Табиғи резервуар – төбешегін және табаның өткізгіштігі нашар жыныстар құрайтын коллекторлар.

49. Мұнайгаз кенішінің табаны немесе сумұнай шекрасының беті деп мұнайды және суды бөлетін бетті айтамыз.

50. Мұнайлылықтың сыртқы контуры – сумұнай шекарасының қабат төбешегімен қиылысу сызығының беті.

51. Мұнайлылықтың ішкі контуры – сумұнай шекарасының қабат табанымен қиылысу сызығының беті.

52. Газды шапка – кеніштегі мұнай үстіндегі бос газдың жиынтығы.

53. Газдылықтың сыртқы контуры –мұнайгаз шекарасының қабат төбешегімен қиылысу сызығының беті.

54. Газдылықтың ішкі контуры – мұнайгаз шекарасының қабат табанымен қиылысу сызығының беті.

55. Мұнай және газ кен орны – жер қабатының бір ауданында орналасатын бір топқа жататын кеніштер жиынтығы.

56. Мұнай – көміртек және сутектің күрделі қосылысы.

57. Мұнайдың көлемдік коэффициенті - бұл қабат жағдайларындағы мұнай көлемінің дәл осы бірақ дегазацияланған мұнайдың көлеміне қатынасы.

58. Пайдаланушы тізбек (эксплуатационная) – бұл тізбек мұнайды түптен ұңғы сағасына дейін көтеруге және қабат қысымын ұстау үшін өнімді қабатқа суды айдауға арналған.

59. Қабаттан мұнайды шақыру әдістері – ұңғыдағы гидростатикалық қысымды төмендетуге арналған іс-шаралар кешені.

60. Су арынды режим – бұл мұнайдың қабаттан ұңғыға қозғалысы ығыстырып жатқан контур суынан болатын режим.

61. Мұнайбергіштік коэффициент – кеніштен шығарылған мұнайдың оның бастапқы қорларына қатынасы.

62. Газарынды режим – газды шапкада жатқан бос газдың энергиясы энергияның басты түрі болатын мұнай қабатының жұмыс істеу режимі.

63. Серпімді режим – негізгі қозғаушы күші ретінде жыныстардың және сұйықтардың серпімді ұлғаюы болатын мұнай қабатының жұмыс істеу режимі.

64. Газды фактор – 1 т шығарылатын мұнайға келетін жай жағдайларға келтірілген газдың мөлшері.

65. Гравитациялық режим – арын энергиясы ауырлық күші нәтижесінде пайда болатын мұнай кеніштерінің дренаждау режимі.

66. Индикаторлық сызық – су ағынының депрессияға қатысты тәуелділік қисығы.

67. Нұсқа сыртымен су айдау – Бұл жағдайда қабатқа әсер ету мұнайлы нұсқаның сыртында орналасқан айдаушы ұңғылар жүйесі арқылы жүреді.

68. Нұсқаның ішімен су айдау – Бұл жағдайда қабатқа әсер ету мұнайлы нұсқаның ішінде орналасқан айдаушы ұңғылар арқылы іске асады

69. Нұсқа қасындағы аймақпен су (приконтурная) айдау. Кенішке тез арада әсер ету үшін айдаушы ұңғыларды мұнайлы нұсқадан жақын жерде немесе сыртқы және ішкі мұнайлы нұсқалардың арасында орналастыруға болады.

70. Блокты жүйе – параллельді тіке қатарлар түрінде орналасқан айдаушы ұңғылар, өндіруші ұңғылар айдаушы ұңғылар қатарлары арасында орналасады.

71. Аудандық су айдау - айдаушы және өндіруші ұңғылар дұрыс геометриялық тор бойынша орналасады – квадрат немесе үшбұрыш.

72. Таңдамалы су айдау – суды айдауға арналған ұңғылардың орналасуын арнайы кәсіптік-геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулер негізінде таңдайды.

73. Ошақтық су айдау - өндіруші немесе арнайы бұрғыланған ұңғылардан таңдалатын бөлек айдалатын ұңғылар арқылы суды айдайтын жүйе.

74. Фонтанды әдіс – сұйықтың көтерілуі тек қана қабат қысымы көмегімен жүретін әдіс.

75. Газлифтті әдіс – бұл кезде беттен немесе қабаттан жүретін газ ұңғы өнімнің ағынына айдалады.

76. Компрессорсыз газлифтті әдіс – бұл ішкіұңғылық газлифт, яғни мұнайды көтеру үшін дәл осы ұңғымен ашылған газды қабат энергиясын қолданады.

77. Сазқышқылы – тұз қышқылымен фторсутекті қышқылының қоспасы.

78. Судың коагуляциясы – судағы ұсақ бөлшектердің үлкеюі.

79. Сусыздандыру – судан темірдің тотықтарын алып тастау.

80. Мұнай эмульсиясы – судың мұнаймен қиын бөлінетін қоспасы.

 

 

Мұнай және газ өндірудің технологиясы пәні бойынша

 

050724 - «Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» мамандығы үшін

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.011 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал