Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Типті дене бітімдердің проценттік шкалаларын жасау




Әр түрлі мемелекеттер мен әр түрлі халықтардың типті фигураларының проценттік реттелуі бірдей емес. Мысалы: Венгрия, Германия, Чехия, Болгария, Словакия елдерінде бойлары ұзын болып келеді, Польша, Россия, Румыния елдерінің бой ұзындықтарының орташа арифметикалық өлшемеріне қарағанда. Типті фигуралардың орташа арифметикалық айналым өлшемдері Германияда Венгрияға қарағанда үлкен. Осындай айырмашылықтар Россияның этнотерриториалық топтар арасында да бар.

Сондықтан типті фигуралардың жетекші өлшем нышандарының проценттік реттелуінің орташа квадраттық ауытқуы этникалық, тарихи және географикалық факторларына қарай әртүрлі болады. Тігін өндірісіне біріккен өлшем типологиясын енгізуде типті фигуралардың бір республиканың райондарына қарай проценттік реттеу шкаласын тұрғызу сұрағы туған.

Осы мақсатпен РФ республикасының жеке аудандарына НИИА МГУ антропометриялық зерттеу жүргізген. Антропометриялық зерттеу бағдарламасына жетекші өлшем нышанынан басқа бағынышты өлшемдер мен этникалық ортасына қарай дене пропорциясы, қол ұзындықтары және оның басқа өлшем сегменттері кірген.

Әрбір экономикалық ауданда 18-60 жас аралығындағы жынысына қарай 1 мың адам қарастырылған. Өлшеу барысында тұрақты ұлттары мен тіркелу құжатына қарай басқа да ұлттар сандар ара қатынасы ескерілу қажет. Алынған өлшемдерді математикалық өңдеуден өткізгенде экономикалық аудандарына қарай негізгі статистикалық параметр айқындалды, ол типті фигуралардың жиі кездесетін есебін табуға қажет. Ол есеп типті фигуралардың жиі кездесетін 0,01 % аралығы мен 0,1 % проценттік кестесін құрастыруға қажет. Осы кесте негізінде типті фигуралардың проценттік реттеу шкаласы өңделеді. Жұмыс ЦНИИШП мамандарымен орындалған. Зерттеу нәтижесінде проценттік реттеу әйелдер мен ерлердің типті фигураларының 9 шкаласы анықталады. ОСТ 17-325-74 бойынша ерлер типті фигурасының жалпы саны -93, ОСТ 17-326-74 бойынша әйелдер типті фигуралары – 105. Ерлер үшін қосымша типті фигур ол 4-і толықтық топ боып айқындалды. Қосымша титі фигуралар айқындалған 1990 жылы ОСТ 17-325-91 және ОСТ 17-326-91 отрасельді стандарттқа өзгерістер енгізіліп шығарылған. Бұл стандартта ерлер типті фигуралары 125, әйелдердікі -148 болды.



Кесте 1

Бой ұзындығы, кеуде айналымы және толықтық топ бойынша типті ерлердің дене бітімдердің проценттік бөлінуі

 

Шкала Бой ұзындығы, см Кеуде айналымы, см Толықтық топ
I 4.0 25.5 41.8 24.2 4.4 0.1 - - 8.3 20.1 26.4 23,0 13,8 7,2 1,0 0,2 - 27,5 48,5 24,0 -
II 4,9 27,4 41,4 22,5 3,7 0,1 - - 10,1 24,2 28,9 21,5 10,5 4,2 0,5 0,1 - 26,9 48,9 24,2 -
III 3,3 23,9 43,5 25,0 4,3 - - - 10,1 21,5 26,2 20,8 12,8 6,8 1,4 0,4 - 21,1 49,2 29,7 -
IV 3,6 26,6 42,8 23,8 3,2 - - - 20,2 29,0 25,6 14,9 7,0 2,9 - 0,4 - 13,3 39,5 38,4 8,8
V 3,1 25,8 44,4 23,8 2,9 - - - 21,8 29,4 25,7 14,3 5,9 2,5 - 0,4 - 8,1 36,0 43,6 12,2
VI 7,9 31,9 40,7 17,0 2,5 - - - 12,3 24,1 27,7 20,4 10,1 4,7 0,6 0,1 - 19,0 49,4 31,6 -
VII 5,8 26,6 40,3 22,8 3,8 0,2 - - 15,8 24,6 26,4 18,7 9,7 3,9 0,7 0,2 - 13,4 41,5 38,7 6,4
VIII 3,3 22,2 40,5 27,3 6,3 0,4 - 7,0 19,7 26,7 22,8 13,6 6,9 3,0 0,3 - - 13,5 38,1 40,2 8,2
IX 3,1 23,6 44,6 24,8 3,9 - - - 7,7 18,9 26,1 23,7 14,2 7,4 1,4 0,4 0,2 24,9 50,4 24,7 -

Кесте 2



Бой ұзындығы, кеуде айналымы және толықтық топ бойынша типті әйелдердің дене бітімдердің проценттік бөлінуі

 

Шкала Бой ұзындығы, см Кеуде айналымы, см Толықтық топ
I - 19,7 48,5 28,9 2,9 - - - 8,4 14,9 18,2 18,8 17,2 11,4 6,2 2,7 1,3 0,5 0,4 - 27,5 48,5 24,0 -
II - 25,8 47,9 24,6 1,7 - - - 10,2 17,0 20,5 19,5 16,2 9,2 4,9 1,7 0,6 0,2 - - 26,9 48,9 24,2 -
III - 21,4 50,4 25,5 2,7 - - - 10,2 15,2 18,4 18,2 15,4 1,2 6,2 2,6 1,5 0,5 0,4 0,2 21,1 49,2 29,7 -
IV - 24,1 49,5 23,8 2,6 - - - 12,8 17,5 19,3 18,0 13,9 9,0 5,0 2,3 1,3 0,5 0,4 - 13,3 39,5 38,4 8,8
V 3,6 31,8 44,9 17,5 2,2 - - - 14,9 19,1 20,7 17,1 13,0 8,5 3,7 1,5 0,9 0,4 0,2 - 8,1 36,0 43,6 12,2
VI - 23,1 48,0 26,2 2,7 - - - 16,6 20,3 20,2 17,2 13,9 5,4 3,1 1,7 1,0 0,4 0,2 - 19,0 49,4 31,6 -
VII - 24,4 47,3 25,4 2,9 - - - 12,1 16,0 19,7 18,5 14,4 9,6 5,5 2,3 1,2 0,5 0,4 - 13,4 41,5 38,7 6,4
VIII - 19,0 46,2 31,1 3,7 - - 7,3 14,5 19,1 18,5 15,7 11,4 6,9 4,0 1,4 0,9 0,3 - - 13,5 38,1 40,2 8,2
IX 2,4 23,3 42,7 27,3 4,3 - - - 11,1 19,8 19,8 18,1 14,9 9,8 5,5 2,0 1,2 0,4 0,4 - 24,9 50,4 24,7 -

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Проценттік реттеу дегеніміз не?
  2. Әр түрлі мемелекеттер мен әр түрлі халықтардың типті фигураларының проценттік реттелуі бірдей ме, мысал келтіріңіз?
  3. Қай жас аралығында антропометриялық өлшеу жүреді?
  4. Проценттік өңдеу шкаласы неше титі фигурадан тұрады?
  5. ОСТ қай жылы өңделеген?
  6. Типті фигуралардың әйелдер мен ерлерде саны қанша?

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.009 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал