Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






БД-РНIZ-108-Физика




Несие саны-3 (4)

Семестр-1(2)

Қорытынды бақылау түрі (Final Examination) –ауызша және тестілеу. Ауызша емтиханды лектор және оқытушы- ассистент қабылдайды, тестілеуді АТУ-нің ТО-ғы өткізеді.

Оқытушы:

Офис:

Тел.

Жұмысқа келу уақыты:

Оқу кестесі:

Дәрістер: (факультеттердегі оқу кестесіне сәйкес)

Практикалық оқулар: (факультеттердегі оқу кестесіне сәйкес)

Зертханалық оқулар: (факультеттердегі оқу кестесіне сәйкес)

ОСӨЖ: (факультеттердегі оқу кестесіне сәйкес)

Кеңес беру оқулары(СӨЖ): (факультеттердегі оқу кестесіне сәйкес)

Курстың алғашқы реквизиті (алдын-ала қойылатын талаптар): жоғары математика, информатика

Тұрақты реквизиті: жалпы физика курсының кейінгі бөлімдері.

Курстың мақсаты: Студенттерде жалпы физика курсының кейінгі бөлімдерін оқып білу үшін пайдалануға болатын теориялық дайындықтың негізін құру, олардың ғылыми ойлау қабілеттерін қалыптастыру, механиканың әр түрлі физикалық заңдылықтары мен негізгі түсініктерін қолдануды дұрыс түсіну, зерттеу әдістерін меңгеру мен эксперименттік мәліметтердің қорытындыларын және нақтылық дәрежелерін бағалай білу, студенттерге есеп шығарудың әдістері мен тәсілдерін үйрету, эксперименттік зерттеулер жасау және өлшеу қателіктерін бағалау. Курстың соңында студенттерде оқу-практикалық материалдардың жиынтығы (лекциялық және практикалық оқуларының конспектісі, СӨЖ-ның тақырыптары және зертханалық жұмыстары бойынша есептеулері ) болу керек.

Курсқа қысқаша сипаттама: “Физика” курсының бағдарламасы студенттер үшін –толық, сонымен қоса, курсқа жинақталған сипаттама. Силлабус курстың мазмұны іспетті, курс бойынша оқу мен оқытуға қажеттің барлығы бар. Курста оқитын студенттерге қажеттіліктер, сондай-ақ, қалай қорытындылап бағалау керектігі де көрсетілген. Курстың бағдарламасы студенттер үшін тек қана қысқаша шолу емес, қызығушылықтарын білдірген студенттерге оның негізінде оқудың барлық кезеңінде өзінің қызыметін жоспарлай алатын құжат болып табылады.



Баға қою саясаты: 1-ші кестедегі барлық көрсетілген бағалау балдары максимал. Олар қатаң тәртіппен, көрсетілген мерзім бойынша жұмыс көлемін толықтай орындаған жағдайда қойылады (1 рейтинг: 7 апта, 2 рейтинг-14 апта).

Кесте

Жұмыс түрі Баға жүйесінің %-дық мазмұны Балдардың ең жоғарғы шегі
  Қорытқы ауызша емтихан Тестілеу 15%   25% 15 балл   25 балл
Жиыны:Офис тіркеушісінің бағасы-40% 40 балл
Бірінші аралық емтихан 7-ші апта Екінші аралық емтихан -14-ші апта 10%   10%   10 балл   10 балл
    20 балл
Үй тапсырмасы: 1 блок(1-7 апта) 2 блок(8-14апта)   10% 10%     10 балл 10 балл
    20 балл
Зертханалық жұмыстарды қорғау (төмендегі орындалатын зертханалық жұмыстар тізбесін қараңыз) 20%   20 балл
    20 балл
Жиыны: Оқытушының бағасы 60% 60 балл

 



Академиялық кезеңдегі студенттердің “Физика” курсы бойынша қорытынды рейтингі – 100 балл. Қорытынды бағалар балдық, әріптік және дәстүрлі жүйеде қойылады.

Бақылау түрі:

Аралық емтихан:

Апталар: 7-ші_________14-ші______Аралық емтихандарды тапсыру уақыты:

Үй тапсырмаларын, СӨЖ бойынша есептеулерін тапсыру уақыты:

Назар аударыңыз!Курсты жақсы меңгерген және барлық тапсырмаларды уақытында орындаған жағдайда студент өзінің рейтингі негізінде қорытқы ауызша емтиханда ең жоғарғы шектік баға алуға құқылы.

Курстың саясаты:Кешігуге, себепсіз оқудан қалуға (оқудан қалу денсаулығына байланысты болса, дәрігердің анықтамасы болуы керек), жұмыстарды кешіктіріп әкелуге, емтиханға келмей қоюына тиым салынады.

Студенттерге қойылатын талаптар:

- себепті жағдайлармен босатылған оқуларды _________________ оқып өтеулері керек;

- оқу үрдісіне белсенді қатысу;

- кітапханада, үйде және Internet-сыныпта өздігінен оқуы.

Академиялық этика мөлшері:

Ренішті жағдайлар оқу топтарында ашық қаралуы тиіс.

 

Дәрістік, практикалық және зертханалық

оқулардың тақырыптары, оқуды, рейтингті өткізу кестесі:

Апталар Күндер Дәріс тақырыптары   ОСӨЖ, СӨЖ тақырыптары Әдебиеттер тізіміндегі нөмірі, әдебиет және беттер)
  Кіріспе. Физика пәні және оның мәні.   3.(А) 4-5 б.
  Механика. Материялық нүкте қозғалысының кинематикалық баяндалуы. Динамика заңдары. Физикадағы өзара әсерлесу күштерінің классификациясы. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Материялық нүкте кинематикасы. Дененің динамикалық қозғалысына есептер. Инерция күші. Д’Аламбер принципі. 3. (А) 6-17 б.  
  Айналмалы қозғалыс динамикасы. Жұмыс, энергия және қуат. Механиканың сақталу заңдары. Инерциялды және инерциялды емес санақ жүйелері. Доплер эффектісі. Бөлшектердің потенциалды қисық соқтығысулары. Арнайы салыстырмалық теориясының кейбір жағдайлары. 3. (А) 18-47б.  
  Гармониялық тербелістің кинематикасы, динамикасы және энергиясы. Толқындар. Толқын энергиясы. Тұрғын толқындар. Тербелістердің қосылуы. Екі атомды молекула сызықтық гармониялық осциллятор сияқты. Өшетін және еріксіз тербелістер. 3. (А) 48-57б.
  Молекулалық физика. Идеал газдың МКТ. Идеал газ күйінің теңдеуі. Физикалық есептеу негіздері. Тасымалдау процестері. Ө шамасының физикалық мәні, Больцман факторы. Жылудың кинетикалық теориясы. Идеал газдардағы тасымал құбылысы. 3. (А) 59-80б.
  Термодинамика негіздері және оның бастамасы. Карно циклы. Нақты газдар. Джоуль-Томсон эффектісі. Сұйықтар, қатты денелер, фазалық айналымдар. Нернстің жылулық теориясы. Аррениус заңы. Релаксация. Химиялық кинетика элементтері.   3. (А) 81-113 б.
7.1-ші рейтинг   Электр және магнетизм. Электр өрісінің кернеулігі. Гаусс теоремасы. Өткізгіштер мен диэлектриктер. Поляризация түрлері. Химиялық заттардың диэлектрлік қасиеттері. Диэлектриктердің макро және микро қасиеттері. 3. (А) 114- 145 б.
  Түрақты электр тогы. Газдардағы электр тогы. Қатты денелердің электр өткізгіштігі. Био-Савар-Лаплас заңы. Электромагниттік индукция. Фарадей тәжірибелері. Өздік индукция. Магнит өрісінің энергиясы. Электролиттердегі электр тогы. Құйынды токтар. Трансформаторлар. Скин-эффект. 3. (А) 147- 189 б.
  Заттардың магниттік қасиеттері. Магнетиктер. Диа-пара-феромагнетиктер. Ығысу тогы. Максвелл теңдеуі. Химиялық заттардың магниттік қасиеттері. Атомдық магнетизм. Магнетиктердің қасиеттері. 3. (А) 190- 203 б.
  Айнымалы электр тогы. Тербелмелі контур. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Резонанс. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Қуат. Гармониялық тербелістер және оның сипаттамасы. Кернеу мен токтың резонансы. 3. (А) 203-212б.
  Оптика.Жарықтың табиғаты. Геометриялық оптика және оның заңдары. Фотометриядағы энергетикалық шамалар. Толқындық оптика. Жарық интерференциясы. Бірдей көлбеу және бірдей қалың жолақтар. Сызықтық және бұрыштық үлкеюлер. Аберрациялар. Ньютон сақинасы. Интерферометрлер.   3. (А) 213- 224 б
  Жарық дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Френельдің зоналар әдісі. Фраунгофер дифракциясы.Дифракциялық тор. Вульф-Брегг формуласы. Жарық дисперсиясы. Дисперсияның электрондық теориясы. Оптикадағы Доплер эффектісі. Жарықтың поляризациясы. Брюстер және Малюс заны. Дөңгелек тесік пен дисктегі дифракция. Спектрлік прибордың рұқсат етілген мүмкіндігі. Жарықтың жұтылуы. Бугер заңы. Сәуленің қосарланып сынуы. Керр эффектісі.   3. (А) 224- 250 б
  Атомдық және кванттық физика. Дененің жылулық сәуле шығаруы және оның заңдары. Планк формуласы. Кванттық теорияның негізгі идеялары. Франк және Герцтің тәжірибелері. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Бордың постулаттары. Атомдардың сызықтық спектрлері. Герц және Лебедевтің тәжірибелері. 3. (А) 251- 274 б
14.2-ші рейтинг     Де-Бройль гипотезасы. Анықталмағандық қатынастар. Шредингер теңдеуі. Сутегіне ұқсас атомдар. Атомдардағы электрондық деңгейдің құрылысы. Паули принципі. Электрондардың дифракциясы. Толқындық функцияның статистикалық мәні. Кеңістіктік кванттау. Иондық және коваленттік байланыс.   3. (А) 275- 320 б
  Атом ядросы және оның құрылысы. Ядролық күштер. Ядролардың табиғи және жасанды түрленулері. Альфа-бета ыдырау және гамма сәуле шығару. Ядролық реакциялар. Синтездік реакция. Элементар бөлшектер туралы мағлұматтар. Ядролық бөліну реакциялары және тізбекті реакция. Ядролық реактор. Үдеткіштер. Энергия көздерінің мәселелері. 3. (А) 320- 441 б

 

 

Практикалық оқулардың тақырыптары:

Апталар Тақырыптар     СӨЖ (үйге тапсырма) күндізгі оқу бөліміне арналған
Материялық нүктенің кинематикасы, динамикасы. Жұмыс және энергия. (В): 1.6, 1.14, 1.19, 2.3, 2.19.  
Қатты дене механикасы. Тартылыс. Өріс теориясының элементтері. (В):3.5, 3.12, 2.143, 2.148, 2.150.
Сұйықтың механикасының элементтері. Арнайы салыстырмалық теориясының элементтері. (В):4.4, 4.11, 4.17, 17.12.  
Идеал газдың молекула-кинетикалық теориясы. (В): 5.17, 5.23, 5.29, 5.80, 5.90.  
Термодинамика негіздері. Нақты газдар, сұйықтар және қатты денелер. (В): 5.180, 5.186, 5.196, 6.9, 6.19.
Электростатика. Тұрақты электр тогы. Металдардағы, вакуумдағы және газдардағы электр тоғы. (В) 9.13, 9. 28, 10.4, 10.31, 10.109.
Магнит өрісі. Электромагниттік индукция. (В) 11.12, 11.36, 11.49.
Заттардың магниттік қасиеттері. (В) 11.85, 11.91, 11.98, 11.115, 11.120.
Механикалық және электромагниттік тербелістер. Серпінді толқындар. Электромагниттік толқындар. (В) 12.2, 12.8, 12.23, 12.28, 12.31.
Геометриялық және электрондық оптика элементтері. (В) 15.6, 15.10, 15.14, 15.17, 15.34.
Интерференция. Жарық дифракциясы. Электромагниттік толқындардың заттармен өзара әсерлесуі. (В) 16.6, 16.20, 16.45, 16.53, 16.61.
Жарық поляризациясы. Сәуле шығарудың кванттық табиғаты. (В) 16.65, 16.68, 19.7, 19.14, 19.35.
Бор бойынша сутегі атомының теориясы. (В) 20.13, 20.20, 20.30, 20.34, 20.37.
Қазіргі физикадағы атомдар мен молекулалардың элементтері. (В) 21.3, 21.8, 21.10, 21.15, 21.23.
Атом ядросы физикасының элементтері. Элементар бөлшектер физикасының элементтері. (В) 22.3, 22.10, 22.17, 23.1, 23.7.

 

Кафедрада жасалатын зертханалық жұмыстардың тізімі

Механика және молекулалық физика

1. Дұрыс геометриялық пішіндегі денелердің тығыздығын анықтау

2. Барометр және психрометрдің көмегімен атмосфералық қысым мен ауаның ылғалдылығын анықтау

3. Атвуд машинасымен механика заңдарын оқып үйрену

4. Обербек маятнигінің көмегімен айналмалы қозғалыстарды оқып үйрену

5. Максвелл маятнигімен инерция моментін анықтау

6. Денелердің соқтығысу заңдарын оқып үйрену

7. Гироскоптық тиімділікті оқып үйрену

8. Математикалық маятникпен гармониялық тербелісті оқып үйрену

9. Физикалық маятникпен гармониялық тербелісті оқып үйрену

10. Кішкентай шарды тастау әдісімен сұйықтың тұтқырлығын анықтау

11. Сұйықтың беттік керілу коэффициентін анықтау

12. Адиабаталық ұлғаю әдісімен ауаның меншікті жылу сыйымдылықтарының қатынасын анықтау

Электр және магнетизм

1. Электр өрісін зерттеу

2. Көпір схемасы көмегімен конденсатордың сиымдылығын анықтау

3. Толық тізбек үшін Ом заңын оқып үйрену

4. Тұрақты ток тізбегіндегі пайдалы қуаттың жүктеменің кедергісіне тәуелділігін оқып үйрену

5. Жердің магнит өрісінің горизонталь құраушысын өлшеу

6. Баллистикалық гальванометрдің көмегімен конденсатордың сиымдылығын анықтау

7. Тұрақты тоққа арналған көпір (Уитстон көпірі) көмегімен өткізгіштің кедергісін өлшеу

8. Өздік индукция коэффициентін өлшеу және айнымалы ток тізбегі үшін Ом заңын тексеру

Оптика және атомдық физика

1. Фотоэффект құбылысын зерттеу

2. Мыс иондарының дифракциясын оқып үйрену

3. Жинағыш линзаның фокус аралығын анықтау

4. Малюс заңын тексеру. Газ лазерінің толқын ұзындығы бойынша дифракциялық тордың сипаттамасын анықтау

5. Поляризацияланған жазықтың айналу бұрышы бойынша ертіндідегі қант концентрациясын анықтау

6. Әмбебап монохроматорды( УМ-2 ) оқып үйрену

7. Электронды осциллографтың жұмысын оқып үйрену

8. Спектроскопты градуирлеу және сутегі мен неонның спектрлерін оқып үйрену

Студенттердің назарына:Жалпы физика курсы бойынша зертханалық физикалық практикум 15 зертханалық жұмыс орындауға есептелінген: механикадан - 3 жұмыс, молекулалық физика және термодинамика негіздерінен - 3 жұмыс, электр және магнетизмнен - 5 жұмыс, оптика және атомдық физикадан - 4 жұмыс. Оқу жылында істеп тұрған зертханалық жұмыстардың ішінен жоғарыдағы ұсынылған тізім бойынша студент тізбедегі жұмыстардан өзі таңдайды.

Жұмысты орындау тәртібі:Студент жұмыстың жазылуын алғаннан кейін, оны жақсылап оқиды, жұмысқа рұқсат алуға қажетті жазбаларын көрсетеді, содан соң ғана эксперименттік зерттеуді орындауға кіріседі. Алынған қорытынды мәліметтерін оқытушыға тексерткеннен кейін, студент жұмысы бойынша есебін жазуға кіріседі. Жасаған жұмысы бойынша сынақ, оны қорғағаннан кейін қойылады.

 

Жалпы физика курсы бойынша демонстрация жасауға пайдалану үшін және виртуалды физикалық практикумдарды орындау үшін жасалған және істейтін зертханалық жұмыстардың тізімі

1. Резонанс әдісімен ішектің меншікті тербелісін зерттеу

2. Айналмалы маятниктегі резонанс құбылысын оқып үйрену

3. Вакуумдағы металл атомдарының орташа еркін жүру жолының ұзындығын өлшеу

4. Табиғи конвекция кезіндегі жылу берілу коэффициентін анықтау

5. Ауаның жылу өткізгіштік коэффициентін анықтау

6. Сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау

7. Айналдыру әдісімен дөңгелектің инерция моментін анықтау

8. Сұйықтардың ағысы

9. Атвуд машинасымен денелердің түзу сызықты қозғалысын оқып үйрену

10. Қатты дененің инерция моментін анықтау

11. Больцман таралуын оқып үйрену және вакуумдағы металдан электрондардың шығу жұмысын анықтау

12. Дөңгелек токтың магнит өрісін оқып үйрену

13. Өшетін электромагниттік тербелістерді оқып үйрену

14. Лазерлік сәуле шығарудың интерференциясын оқып үйрену

15. Сыртқы фотоэффект. Столетов заңын оқып үйрену және Эйнштейн формуласын тексеру

16. Диодтағы кері тоқтың температуралық тәуелділігі бойынша шала өткізгіштердің тыйым салынған зоналарының енін анықтау

17. Интерференция (Юнг тәжірибесі)

18. Интерференция (Ньютон сақинасы)

19. Майкельсон интерферометрі

20. Фабри-Перо интерферометрі

21. Дөңгелек тесіктегі Френель дифракциясы

22. Жартылай жазықтықтағы Френель дифракциясы

23. Саңылаудағы Фраунгофер дифракциясы

24. Поляризация (Пуанкере сферасы)

Ескерту:Жоғарыдағы көрсетілген виртуалды демонстрацияларды мультимедийалық проектордың көмегімен лектор пайдалануы мүмкін.

Сонымен қатар, студенттер виртуалды лабораториялық жұмыстарды кафедрада оқытушының көмегімен жасай алады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Фриш С.Э., Тиморева А.В. Жалпы физика курсы. – А.: Мектеп. 1971. 1,2 т.

2. Қойшыбаев Н. “Механика. Молекулалық физика.” I, II том., А., 2003

3. Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы, Қаз. Аграр. Унив. – Алматы: Агроуниверситет, 2001 ж. 1 том: Механика. Молекулалық физика. Термодинамика.

4. Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы, Қаз. Аграр. Унив. – Алматы: Агроуниверситет, 2003 ж. 2 том: Электр және магнетизм. Оптика. Атом және ядролық физика.

5. Әбдіғапаров Қ., Қошпанов М. Механика. Жылу. Электр. Алматы.: -Қазақстан, 1971

6. Әбдіғапаров Қ., Ақылбеков Ә. Электродинамика. Тербелістер мен толқындар./Қаз. Респуб. Білім министр. –Алматы.:Республ. Баспа каб.,1995

7. Гершенсон Е.М. Жалпы физика курсы.: Оптика. Жоғары оқу орнының студенттеріне арналған оқу құралы.-Алматы.: Білім, 1996

8. Жұбанов М. Физиканың негізгі заңдары. – Алматы: Мектеп. 1989

9. Абдуллаев Ж Физика курсы. А.: Білім, 1994.

10. Ақылбеков Ә. Физика: Техникалық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. – алматы: Білім, 1997 ж.

11. Арызханов Б.С. Физика курсы: студенттерге арналған оқу құралы. – Алматы: Мектеп, 1988 ж.

12. Ахметова Б.Г., Әбілдаев Ә.Х. Физика. – Алматы: Мектеп, 1987 ж.

13. Савельев И. В. Жалпы физика курсы. Т. 1, 2. Алматы, 1983.

14. Полатбеков П. Оптика – Алматы : 1994

 

Студенттер үшін жадынама

Орташа балл GPA – білім алушылардың таңдаған бағдарламасы бойынша оқу деңгейі жетістіктерінің орташа бағасы яғни, пәннің қорытынды бағасының кредит жиынтығының санды эквивалент балының осы оқу кезеңдегі жалпы кредит санына қатынасы.

GPA=∑(k х d)/семестрдегі барлық кредиттің қосындысы,

Мұндағы, k – осы семестрде оқылатын пәннің кредит саны;

d – осы семестрде студент оқыған пәннен алған бағасы.

Қорытынды баға рейтинг бағасын және қорытынды емтихан бағасын қосумен анықталады.

Бақылаудың рейтинг жүйесі бойынша:

- күнделікті бақылау

- аралық бақылау күндізгі бөлімде семестрде 2 рет: 7 аптада және 14 аптада, ал сырттай оқитын бөлімдерде әр академиялық уақыт үшін 1 рет. Күндізгі бөлімде сессия 16 аптадан кейін, ал сырттай оқитын бөлімдерде – оқу процесінің бекітілген графигімен басталады.

Студенттің (магистранттың) әр пән бойынша семестр кезінде жинайтын баллы – 60 балл, ол қорытынды бағаның 60% құрайды. Әр аралық бақылау 30 – балл, ол аралық емтихан бағаларымен бірге есептелінеді. Рейтинг баллдарын жинау шарттары курс бойынша оқытушылардың бағдарламалары мен силлабустарында көрсетіледі, оқытушылардың журналы мен ведомостарында (рейтинг журналында) ескеріледі.

Қорытынды емтиханның 40%-ке бағаланатын 40 баллы төмендегідей түрде бөлінеді: 15 балл (15%) – кафедралық ауызша емтихан; 25 балл (25%) – 1 және 2 курс үшін тестілеу центріндегі қорытынды емтихан, ал жоғары курстар үшін 40% баға кафедралық емтихан қорытындысы бойынша қойылады.

 

1 кесте

Баға әріп жүйесі бойынша Балл %-тік көлемі Қалыптасқан жүйе бойынша баға
А 4,0 өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89   жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74     қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1.33 55-59
Д 1,0 50-54
F 0-49 қанағаттанарлықсыз

 

Студент қажетті несие санын жинауға міндетті - “Физика” курсы бойынша 3 (4) несие.

Аттестациясының қорытындысы бойынша студентке пән бойынша несие саны және алған балдары қойылады (1-кесте).


.

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.026 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал