Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Адамның жұмыстық іс әрекеті реттелуінің жалпы заңдылықтары




Адамның жұмыстық іс әрекетінің реттелуі.Ағзаның кез-келген іс әрекеті орталық жүйке жүйесінің іс әрекетінен басталады. Қазіргі заман физиологиясының бұл негізгі ережесі еңбек физиологиясы үшін аса маңызды болып табылады.

Белгілі бір мақсатқа бағытталған өндірістік іс әрекеттің нейрофизиологиялық құрылымы аса күрделі. Еңбек іс әрекетінің орталық-жүйкелік реттелуі И.М.Сеченов, И.П.Павлов, Н.Е.Введенский, А.А.Ухтомскийлермен жете зерттелінді. Еңбек үрдісінің міндетті түрдегі сыртқы көрінісіне, адамның қимыл-қозғалыс белсенділігі жатады. Еңбек іс әрекеті кезінде организмнің ортамен өзара әсерлесуі, оған бейімделуі жүреді. Орыс физиологиясының негізін қалаушы И.М.Сеченов психикалық үрдістер өзінің шығу тегі бойынша басы сезімталдық қозумнен басталатын, аяғы бұлшықет қозғалуымен аяқталатын рефлекс болып табылатынын анықтады.

Организмнің іс әрекеті барысында қозғалыс қызметі аса маңызды. Әсіресе, осы қызмет организмнің ортамен өзара байланысын, оған бейімделуін қамтамасыз етеді.

И.П.Павловтың шартты рефлекстер және екіншілік дабыл жүйесі туралы ілімі, адамның қозғалыс реакциялары, өзінің физиологиялық мәні бойынша күрделі шартты рефлекстер екендігін көрсетеді. Адамның қозғалыс іс әрекетінің пайда болуы сөйлеу және сезімталдылық тітіркендіргіштерімен байланысты. И.П.Павлов бойынша, ешқандай жұмыстық қозғалыс сезім мүшелерімен қабылданатын тітіркендіргіштерсіз басталмайды. Еңбек үрдісі барысында шартты тітіркендіргіш ретінде сөздік белгілер, нұсқаулар шешуші орын алады.

Нақты бір еңбек іс әрекетінің негізінде жататын шартты рефлекстің түзілуі барысында екі кезең ажыратылады: шартты рефлекстің түзілуінің бірінші кезеңі үшін қозудың ОЖЖ-де кең түрде таралуы (иррадиациясы) тән, ол кезде сол немесе басқа қозғалыс әрекетін іске асыруға ми қыртысының көптеген орталықтары қатысады. Жұмысшыда бұл кезеңде артық қимылдары көп болады, қате көп жіберіледі. Екінші кезеңде жұмыстың дұрыс тәсілдерін игеру және бекіту шамасына қарай бас миының сәйкес орталықтарында қозудың жинақталуы жүреді. Еңбек іс әрекеті барысында орталықтар аралық қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын негізгі фактор, белгілі бір функционалдық жүйедегі жоғары қозғыштық жағдай болып табылады.



Доминантты орталықтар жоғары қозғыштыққа және жергілікті қозуы бар әртүрлі көздерден түсетін қозудың қосындылануына қабілетті болады, соның нәтижесінде, олар бірінші болып жұмыстың тиімді ырғағы мен екпініне бейімделеді. Ол жұмыс қозғалыстарының оңтайландырылуына ықпал жасайды. Доминанттың қалыптасуы ОЖЖ-нің басқа бөлімдерінде қабаттасатын тежелудің кең дамуымен жүреді, сондықтан да еңбек іс әрекетіне қатысы жоқ кез-келген орталықтың басылып қалуы жүреді.

Осылайша, доминанттың қалыптасуы, доминантты оң көрсете алатын салалардың қатарына кірмейтін ОЖЖ-нің бөлімдерінде тежелудің кең түрде дамуымен тікелей байланысты. Шартты рефлекстер түзілуінің бұл кезеңі анық, үнемді жұмыс қозғалыстарының болуымен, қателердің болмауымен сипатталады.



Адамның қыртыстық қондырғылармен анықталатын негіздемелері мен қажеттіліктерінің маңыздылығы, еңбек іс әрекеті барысында олар, әлеуметтік факторлардың әсерінен адамның биоәлеуметтік табиғатын бейнелей және ОЖЖ-нің аса ауқымды биологиялық қорларын іске асыруға айтарлық әсерін тигізе отырып қалыптасыуында болып табылады.

Адамның еңбек іс әрекеті үшін бас ми қыртысының белгігі бір функционалдық жүйесінде жинақталатын әртүрлі тітіркендіргіштердің белгілі бір ретпен көп мәрте қайталануы тән, ол И.И.Павловпен динамикалық стереотип деген атауға ие болды.

Д и н а м и к а л ы қ с т е р е о т и п - шартты тітікендіргіштердің көп мәрте және белгілі бір уақыт аралығында қайталануы - ырғақты меңгеруі нәтижесінде түзілетін тұрақты, жаттыққан рефлекстер жүйесі. Одан әрі ағзаның жауап беруі әсер етуші тітіркендіргішке емес, оның орнына пайда болатын шартты рефлекске жауап беруімен анықталады. Осылайша, жүйкелік үрдістер мидың алда тұрған әрекетіне бағдарлама жасайды, соның нәтижесінде өндірістік жағдайдың дағдылы тітіркендіргіштеріне ағзаның жауап беруінің дәлдігі мен өз уақытында қамтамсыз етіледі. Еңбек жағдайының өзгеруі стереотиптің бұзылуына және оның жаңа стереотиппен алмасуына алып келеді. Стереотиптің «қайта жөнделуі» стереотип қаншалықты күрделі және оның бар болуы ұзак болса, соншалықты үлкен кернеулік реакциясын тудырады. Стереотиптің қайта жөнделу жылдамдығы адамның жасына, ОЖЖ-нің функционалдық күйіне, жоғары жүйкелік іс әрекетінің түріне байланысты болады.

Динамикалық стереотип шартты рефлекстердің жиынтығы ретінде өзіне қозғалтқышпен қатар, жұмыс қозғалыстарын іске асыру кезінде тіршілікпен қамтамасыз етудің бірегей жүйесін құрайтын вегетативті құрамдастарды да енгізеді. Динамкалық стереотипті нығайту шамасына қарай жұмысшыда автоматтылық қалыптасады.

Еңбек іс әрекетінің орталықтық реттелу туралы қазіргі заманғы теориялық түсінігі П. К .А н о х и н н і ң ф у н к ц и о н а л д ы қ ж ү й е л е р т е о р и я с ы н а, Н.П.Бехтереваның психикалық үрдістердің мимен қамтамасыз ету жүйесінің қатты және жұмсақ буыны туралы тұжырымына негізделеді.

Функционалдық жүйелер теориясына сай кез-келген мақсатты бағытты қозғалыс актісі, әрекеттің нәтижесі туралы кері ақпараты бар тұйық айналымдық түзіліс түріндегі функционалдық жүйенің көмегімен іске асырылады. Мұндай жүйенің маңызды элементтеріне афферентті синтез, шешім қабылдау, әрекет бағдарламасының құрылуы, әрекет нәтижесінің акцепторы, әрекет нәтижесі, кері афферентация жатады.

Афферентті синтез 4 негізгі афферентті қозу түрін өңдеуден құралады:

1. Д ә й е к т е м е л і к қ о з у - зат алмасу, горманальдық және әлеуметтік факторлардың әсерімен қалыптасады. Ол әрекеттің мақсатын анық-тайды және мақсатты бағытты әрекеттік қалыптасуына қажетті сенсорлы ақпаратты белсенді түрде таңдап алуға ықпал жасайды.

2. Ж а ғ д а й л ы қ а ф ф е р е н т а ц и я - организмге сырттан келетін тітіркендіргіштердің барлық жиын-тығының әсер етуі-мен туындайды және әрекеттік реакцияның берілген жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.

3. Е с т е с а қ т а у а п п а р а т ы н ы ң б е л с е н д і л е н у і -берілген жағдайда тиімді шешім қабылдау үшін ағзаға бұрынғы қалыптасқан тәжірибені пайдалануға мүмкіншілік береді.

4. І с к е қ о с у ш ы а ф ф е р е н т а ц и я - шартты тітіркендіргіш сирек болатын - сөз. Эмоция қозғалыс актісінің сапасын анықтайтын афферентацияның міндетті түрдегі көрнекі құрамдасы болып табылады.

Афферентті синтез қағидалы ажыратылатын екі элементтен тұратын әрекет бағдарламасының қалыптасуымен аяқталады: 1) әсердің эфферентті бағдарламасы, яғни атқарушы аспаптарға - эффекторларға (қаңқа бұлшықеттері, ішкі сөл бөлу бездерІ, жүрек-тамыр, тыныс алу және т.б. жүйелер) түсетін, бұйрықтар жиынтығының белгілі бір реттілігі, 2) әрекет нәтижесінің акцепторы, яғни берілген әрекет алып келетін болжамды нәтиженің нейронды үлгісі.

ОЖЖ-не кері афферентациямен түсетін әрекеттің нақты нәтижелері туралы ақпарат осы үлгімен қосылады, ол алынған нәтижеге тұрақты баға берілуін қамтамасыз етеді және атқарылатын әрекет актісінің мақсаттылығын анықтайды.

Нәтиженің күтілген және нақты көрсеткіштеріне сәйкес келген жағдайларда алғашқы мәтін жойылады, оң эмоция пайда болады, есте,мақсатқа қол жеткізуге алып келген жүйкелік байланыстар жүйесі бекітіледі. Сәйкес келмеген жағдайда ұйғарынды (шамамен алынған) реакция пайда болады, ал ұзақ уақыттық сәйкес келмеулер кезінде теріс эмоционалды реакция дамиды.

Осылайша, адамның еңбек іс әрекеті ең алдымен психикалық үрдістердің жиынтығын, әртүрлі қимыл-қозғалыстық актілері, ағазының тіршілігін қамтамасыз ететін жүйелердің күшті жұмыс істеуін анықтайтын және олардың тиімді тепе-теңдігін қаматамасыз ететін динмикалық ми жүйелерінің қалыптасуы есебінен іске асырылады.

Адамның қимыл-қозғалыс аппараты және бұлшықет әрекетінің незгі бағыттары.Қимыл-қозғалыс аппараты дегеніміз, дененің кеңістікте белсенді орын ауыстыруын немесе оның қоршаған заттарға белсенді әсер етуін қамтамасыз ететін тіндер мен мүшелердің жиынтығы. Сондай-ақ бұдан бөлек қозғалыстың шеткері аппаратының функционалдық қасиеттерін анықтайтын қозғалысты тікелей ұйымдастырушы және оның сапасын бақылаушысы болып қозғалыс актісінің функционалдық жүйесіне біріктірілген ОЖЖ-нің сәйкес нейрондық ансамблі болып табылады.

Тірі дененің кеңістікте тепе-теңдігін сақтау және қозғалыстардың сыртта өту шарттары зерттелетін қозғалыс аппаратының анатомиясы мен физиологиясының арнайы бөлімі б и о м е х а н и к а деп аталады.

Еңбек іс әрекеті кезінде іске асырылатын қозғалыс әрекеті өзара байланысқан және өзара қамтамасыздалған қозғалыс реакциялары құрамдастарының күрделі кешені болып табылады. Еңбек іс әрекеті әрқашанда статикалық және динамикалық күштенулермен жүреді, ал онымен байланысты қозғалыс қызметтері дене еңбегінің осы екі түрінің үйлесімі болып табылады.

Бұлшықет жиырылуының биохимиясы.Бұлшықеттердің жиырылуына арнаған энергия көзі аденозинүшфосфор (АҮФ,АТФ) аденозиндифосфор қышқылына (АДФ) және фосфор қышқылына ыдырауымен жүретін экзотермиялық реакция жатады. Бұлшықеттегі АҮФ жеткілікті мөлшері, осы макроэргиялық қосылыстың үздіксіз ресинтезі есебінен тұзілдеі. АҮФ ресинтез механизмі әртүрлі және қаттаң белгілі бір реттілікпен іске қосылады. Олардың ішіндегі аса шұғылына креатикиназа ферментінің әсерімен АДФ-дың үшфосфорлануы жатады. Ол ең тиімді және тез іске асырылатын жол.

Орташа жұмыс кезінде және оттегімен жеткілікті түрде қамтамасыздалуында бұлшықет өзінің энергия шығындарын белоктардың, көмірсулар мен майлардың аэробты тотығуы есебінен толтырады. АҮФ аэробты түзілу мүмкіншілігі аса шексіз, себебі қалыпты қоректену жағдайындағы тотығу субстраты іс жүзінде таусылмайды.

Бірақ біршама күштенулер кезінде, бұлшықеттердің оттегімен жабдықталуы жеткіліксіз болғанда энергиямен қамтамасыз етудің анаэробты гликолитикалық жолы іске қосылады. Бұл үрдіс қарқынды жұмыс басталғаннан кейін 20 секундтан кейін іске қосылады және 40-80 секунд ішінде жоғары шегіне жетеді. Бұл аса қуатты және ұзақ уақыт әрекет ететін үрдіс.

Гликолитикалық фосфорлану үрдісі АҮФ-дың гликоген мен глюкозаның сүт қышқылына дейін ыдырауы есебінен түзілуінен тұрады. Бұл кезде босайтын энергия макроэргиялық фосфатты қосылыстарда жиналады. Гликогеннің химиялық айналуы - ферментативті үрдіс; бұл айналымдардың басы фосфорилазамен катализденеді, соның қатысуында гексозо-1-фосфат түзіледі, ол кейін гексозо-6-фосфатқа айналады. Үрдіс пирожүзім қышқылының сүт қышқылына айналуына дейін жүреді.

Анаэробты кезеңде сүт қышқылының 1/5, бөлігі көмірқышқыл газы мен суға тотығады, ал босаған энергия есебінен сүт қышқылының қалған бөлігі гликогенге тотықсызданады. Жаттығулар бұлшықеттердің функционалдық қабілеттерін жоғарылатады, ол кезде бұлшықеттерде АҮФ-дың ресинтезіне қажетті энергия көздері - фосфокреатин, гликоген жиналады.

ОЖЖ - сі бұлшықеттердегі энергетикалық заттардың жұмсалуы мен ресинтезін, сонымен қатар жаңа іс әрекет түріне өтуде бейімделуді бақылайды. Бұлшықет әрекетінің жаңа ырғақтарын меңгеру шамасына қарай метоболикалық реакциялардың жылдамдығы ұтымды шамаға жақындайды.

Дене еңбегінің әр түрлі түрлеріндегі энергия шығындары мен жылу реттелуі.Еңбек ауырлығы жоғарылаған сайын, оттегіне қажеттілік пен жұмсалынатын энергия мөлшері біршама жоғарлайды. Ой еңбегімен айналысатын адамдар үшін тәулік бойындағы энергия шығындары 10,5-11,7 МДж, механизацияланған еңбек пен қызмет көрсету саласындағы жұмысшылар үшін - -11,3-12,5 МДж, орташа ауырлықты жұмыс істейтін адамдар үшін - 12,5-15,5 МДж, ауыр дене еңбегі жұмысшылары үшін - 16,3-18,0 МДж құрайды. Энергия шығыны, сондай-ақ еңбектің ақпараттық қанықтылығына, жұмысшының эмоционалдық кернеулігіне, ықшам климат жағдайлары мен т.б. байланысты болады.

Жұмыс барысындағы энергия шығынын аранайы калориметрлік камерада жылу түзілу бойынша (тікелей калориметрия) және одан әрі жылулық бірліктерге есептей отырып ,оттегенің жұмсалуы бойынша (тікелей емес калориметрия) өлшеуге болады. Бірінші тәсіл дәлірек, күрделі, бірақ тек зертханалық жағдайда ғана қолдануға болады. Тынысталатын ауаның көлемі мен ондағы оттегі мен көмірқышқылын анықтауға негізделген екінші тәсіл оңайлау.

Алғашқы 2-3 минутта оттегін пайдалану біртіндеп өседі. Бұл кезде ыдырау өнімдерінің түзілу және жойылу жылдамдықтарының сәйкес келмеуінен оттегілік тапшылық туындайды. Содан кейін, оттегімен қамтамасыздау көлемі мен оттегін пайдалану жылдамдығы сәйкес келгенде жоғары деңгейде тұрақты жағдай қалыптасады. Жұмысты тоқтатқаннан кейін, біршама уақыт бойына оттегін пайдалану тыныштық жағдайымен салыстырғанда жоғарылайды (оттегілік мұқтаждық). Оттегілік мұқтаждық - жұмыстан кейін пайда болатын жалпы оттегілік мұқтаждық -тың бір бөлігі. Оттегілік мұқтаждық - ол жұмыс бойына және жақын арадағы қалпына келу кезіңіндегі тыныштықтағы деңгейден жоғары жұмсалынатын оттегінің мөлшері. Жұмыстың қарқындылығы мен ұзақтығына қарай оттігілік мұқтаждық бен оттегілік сұраныстың ара қатынасы өзгереді.

Аса ауыр жұмыс істегенде оттегін пайдаланудың үздіксіз жоғарылауы байқалады, бірақ ең жоғары шегіне жеткенде де ағзаның қажеттіліктері өтелмейді. Оттегілік мұқтаждық пайда болады, ағзада зат алмасудың, тотығуы қалпына келу кезеңінде басталатын толық тотықпаған өнімдері жиналады.

Энергия шығындары жұмыс қалпына байланысты өзгереді. Отырып жұмыс істеу қалпында негізгі алмасу деңгейі 5-10%-ға, тұрып жұмыс істегенде 10-25%-ға, мәжбүрлі ыңғайсыз қалыпта 40-50%-ға жоғарылайды.

Жұмыс кезінде зат алмасу мен энергия бөлінуінің жоғарылауы жылу түзілудің жоғарылауына алып келеді. Ауыр дене еңбегінде дене температурасы 1-1,5°С көтеріледі.

Энергия шығынының деңгейі орындалатын жұмыстың ауырлығының белгісі бола алады, бірақ көбінесе ол дене еңбегінің шамасын көрсетеді. Бірақатар кәсіптерге тән эмоционалдық күштену дәрежесіне баға беру үшін, негізгі вегетативті функциялардың ( тамыр соғуы, тыныс алу, артериалды қысым және т.с.с.) көрсеткіштеріне баға беруді негізге алған дұрыс.

Бұлшықет жұмысының жүрек-тамыр жүйесіне әсері. Бұлшықет жұмысы кезіндегі газ алмасуды қамтамасыз ету қанайналымның азаюы есебінен жүреді. Минуттық көлем (жүрекпен 1 минут ішінде айналатын қанның мөлшері) талай соққылық көлемнің жоғарылауы болса, дәл солай жүрек соғуының жиілеуі есебінен де 5-10 есеге (3-5-тен 20-40л-ге дейін) жоғарылайды. Ең ауыр жұмыс кезінде минуттық көлемі 3 еседен көп емес, жоғарылайды, жүректің соғу жиілігі минутына 140-180 дейін жоғарылайды, максимальды артериалдық қысым 1,5-2 есе көтеріледі, минимальды қысым сол немесе басқа жаққа қарай болар - болмас өзгереді. Жүрек соғуының жиілігі мен оттегін жарату деңгейі өзара байланысты, сондықтан да жүрек жиырылу жиілігі атқарылатын дене еңбегінің қуаттылығын сипаттай алады. Жүрек жиырылу жиілігіне жұмыс қалпы әсерін тигізеді, Тұрып жұмыс істеу қалпында жүрек, отырып жұмыс істеу қалпына қарағанда жиі жиырылады.

Бұлшықет жұмысының тыныс алуға әсері. Дене еңбегі қарқындылығының жоғарылауына қарай газдар алмасуының көтерілуі өкпе желдендірілуі мен оттегін жарату көлемінің жоғарылауымен көрінеді. Тыныштық күйінде өкпе желдендірілуі 3-4% оттегін жарату кезінде минутына 5-8 л құрайды. Қарқынды бұлшықет жұмысы кезінде, өкпенің желдендірілуі минутына 50-100 л жетеді, ол тыныс алу тереңдігі және жиілігінің жоғарылауымен байланысты болады. Тыныс алу жиілігі тыныштық күйіндегі минутына 10-20 мәртеден жұмыс кезінде 30-40 дейін және одан да көп жоғарылайды, оттегін пайдалану 4-8% дейін көтеріледі. «Альвеолярлы» желдендірудің жоғарылауымен қатар тыныс алудың тереңдеуі тыныс алу бұлшықеттерінің жұмысын күрт жоғарылатады, сондықтан да қарқынды бұлшықет жұмысы кезінде тыныс алу тереңдігі берілген адамның өкпесінің тіршілік сиымдылығының 30-40% аспайды.

Жұмыс кезінде кіші қан айналым жүйесіндегі капиллярлардың жалпы сиымдылығы және өкпе капиллярлары арқылы қанайналым жылдамдығы жоғарылайды, сондықтан да оттегі мен көмірқышқыл газының диффузиялық қабілеті күшейеді, себебі олардың үлестік қысымының айырмасы өседі. Өкпенің желдендірілуі мен газдар алмасу жағдайы дененің мәжбүрлі жұмыс істеу қалпында нашарлайды. Жұмыс кезіндегі тыныс алудың реттелуі ОЖЖ-мен іске асырылады.

Тыныс алу және қанайналу жүйелерінің реакцияларының энергия шығындарының ара қатынасы еңбек ауырлығының объективті көрсеткіші болып табылады (1 кесте).

Әртүрлі ауырлықтағы дене еңбегі кезіндегі энергия шығындары мен тыныс алу және қан айналудың максимальды реакциялары (Г.И.Косицкий бойынша). 1 кесте

Белсенділік деңгейі Энергетикалық шығындар ТМК, л л/мин ТЖ, 1 мин. ТК ЖСЖ, 1мин.
    О2, л/мин Вт                
Тыныштық күйі   Жұмыс : Жеңіл Орташа Ауыр жұмыс тиімді зорықтыратын Қарқынды жұмыс максимальды, қалжырататын     0,2     0,83
Жұмыс:            
Жеңіл 0,75 0,85
Орташа 1,5 0,55
Ауыр жұмыс            
тиімділігі 2,0 0,90
зорықтыратыны 2,5 0,95
Қарқынды жұмыс            
максимальдығы 3,0 1,00
қалжырататыны 3,0 1,00

 

Ескерту: ТМК - тыныс алудың минуттық көлемі; ТЖ - тыныс алу жиілігі; ТК - тыныс алу коэффициенті; ЖСЖ - жүректің соғу жиілігі


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.011 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал