Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып 3. Автокөлік тасымалының даму кезеңі мен бағыты






 

Даму кезең дері. Кө лік кешенінің басқ а секторлары сияқ ты автокө лік саласы да ө зара тә уелді екі қ осалқ ы жү йеден: инфроқ ұ рылымнан (жол желісінен жә не оғ ан қ ызмет кө рсетуші, тасымалды қ амтамасыз етуші нысандар кешені) жә не жылжымалы қ ұ рамдардан тұ рады.

Қ азіргі автожол желісін қ алыптастырудың тарихи бастамасы ХIХ ғ асырдың соң ына қ арай салынды, сол кезде сауда жә не ә кімшілік орталық тарды жалғ астыратын мемлекеттік жә не пошта жолдарының негізінде тас жолдар салудың алғ ашқ ы қ адамдары жасалынды. Республикадағ ы қ азіргі автокө лік жолдарының желісі негізінен кең ес кезең інде қ алыптасты.

ХХ ғ асырдың 20 жылдарында республиканың автокө лік жолдарында алғ ашқ ы пошта-жолаушы маршруттары ұ йымдастырылды. Олар: Орынбор-Орал-Ақ тау; Алматы-Фрунзе; Алматы-Жаркент; Алматы-Қ орғ ас; Семей-Сергиполь-Қ арқ аралы. Республиканың ірі қ алаларында (Алматы, Семей, Петропавл, Орал) қ алаішілік автобус маршруттары ашылды.

Осы жылдарда қ олданыстағ ы жолдар жаң артылып жө нделді жә не жаң адан жолдар салынды. Автокө лік жол желісінің қ ұ рамында 1940 жылғ а дейін 100 мың км-ге дейін жететін қ атты жамылғ ы тө селген жол іске қ осылды. Одан кейін тың жә не тың айғ ан жерлерді игеру кезінде тағ ы да 100 мың км-ден асатын автокө лік жолдары жө нге келтірілді жә не салынды.

1970 жылдары жайлы жолдарды салу қ арқ ындылығ ы 3-3, 5 мың км-ді қ ұ рады. 1980 жылғ а қ арай республика бойынша қ атты жамылғ ы тө селген жолдардың ү лесі жалпы жолдардың 70% қ ұ рады.

Ресми статистикалық деректер бойынша 1991 жылы елдегі жалпы пайдаланылатын жолдардың ұ зақ тығ ы 86 мың км-ден асты. Осы жолдардың 81 мың км-ден асатын аралығ ына қ атты жамылғ ы тө селсе, оның 66 % жетілдірілген категорияғ а сай болды. Одақ тық дә режедегі жолдар – 14, 5 мың км-ді, республикалық дә режедегі жолдар – 37, 7 мың км-ді, ал облыстық жә не жергілікті дә режедегі жолдар – 34, 6 мың км-ді қ ұ рады.

Республиканың автокө лік паркін қ алыптастыру автожол желісін қ алыптастырумен бір мезгілде ө ткен ғ асырдың 20 жылдары қ олғ а алына бастады да 60-70 жылдары автопарктердің ө су қ арқ ындылығ ы жеделдеді.

Қ айта қ ұ ру қ арсаң ында 1990 жылы Қ азақ стандағ ы автопарк жалпы алғ анда 1, 4 млн-ғ а жуық автокө лікті қ ұ рады, оның 0, 4 млн жү к, 0, 8 млн жең іл автокө ліктер ал 0, 2 млн. арнайы автокө ліктер мен автобустарды қ ұ рады.

Тә уелсіздік алғ ан жылдары экономикалық дағ дарыстың терең деуіне байланысты автобус парктерін сақ тап қ алу, олардың шығ ындарын ө теу мү мкіндіктері барынша тө мендеді. Қ ажетті қ осалқ ы бө лшектер мен жылжымалы қ ұ рамдарды жеткізу бағ ыттары жабылып, автокө лік мекемелері қ иын сә ттерді бастан ө ткеріп жатты. Бұ л жағ дай жолаушы кө лігінің жү йесін реформалаудың қ ажжеттілігін тудырды, ол 1994 жыл басталды.

Реформалау қ аладағ ы жолаушы кө лігінің ә леуетін американ жә не француз компаниялары консорциумының басшылығ ымен, Қ Р кө лік жә не коммуникациялар министрлігімен жә не ө зге де мү дделі мекемелермен, кө лік кә сіпорындарының басшыларымен ортақ келісімге келу арқ ылы Дү ниежү зілік қ айта қ ұ ру жә не даму банкінен қ арыз алу арқ ылы қ алпына келтіру жұ мыстарын жандандыру жобалары іске асырылды. Жобада техникалық, ұ йымдастыру жә не қ аржы мә селелерін тү бегейлі шешуді кө здеген қ ысқ а жә не ұ зақ мерзіміді шаралар айқ ындалды.

 

Жобаның қ ысқ а мерзімді міндеттері ретінді автокө лік кә сіпорындарының қ ызметтік мү мкіндіктерін қ алпына келтіру, оның жұ мыс тиімділігін арттыру шаралары алынды. Ол ү шін жаң адан жылжымалы қ ұ рамдарды қ осалқ ы бө лшектерімен бірге сатып алу жә не автобустарғ а техникалық қ ызмет кө рсету жү йесін қ алпына келтіру, заманауи жабдық тармен жабдық тау шаралары іске асты.

Жобаның ұ зақ мерзімді міндеттеріне қ алаішілік жолаушы кө лігінің жұ мысының жаң ү лгісін ә зірлеу жә не оны тә жірбие жү зінде іске асыру ә рекеттері кірді. Дамығ ын елдердегі тә різді жолаушы тасымалын ұ йымдастырудың нарық тық экономикадағ ы ашық бә секелестіктің негізінде кө лік қ ызметінің сапасын жақ сартуғ а бағ ытталғ ан жекеменшік басқ ару тү ріне ө ту керек болды.

Нарық тық ү лгіні тиімді іске асырудың ең басты шарттарының бірі – бә секелестік ортаның болуы. Ол белгілі бір тасымалдау қ ызметін тендер ө ткізу арқ ылы ұ йымдастыру тә жірбиесі мен қ аржылық мү мкіншіліктері жоғ ары кә сіпорындарғ а беру арқ ылы тасымалдау қ ызметінің барынша жақ саруына жол ашты.

Реформалаудың нә тижесінде қ аладағ ы жолаушы кө лігі жұ мыс істеудің жаң а талаптарына бейімделді. Егер реформағ а дейін автобус парктерінің кірістері олардың пайдалану шығ ындарының ү штен бірінен кемін жапса, ал реформалау жобаларын іске асырғ аннан кейін кө лік мекемелерінің 80-100% шығ ындары олардың табыстарының есебінен жабыла бастады.

Даму бағ ыттары. Автокө ліктің мү мкіндіктерін толық пайдаланып республика аймағ ы бойынша жан-жақ ты тең дә режеде дамуына, ашық бә секелестікке жол ашу ө ндіруші кү штердің ық палын арттырып, ө ткізу нарығ ын кең ейтеді. Автокө лік тасымалын жетілдіру мен дамыту тү птеп келгенде мемлекеттік мү дделі қ ажеттілік болып саналады. Ө йткені, кө лік ө ндірушілер мен тұ тынушыларды ө зара байланыстырушы экономикалық ә рі саяси маң ызды тетік. Сондық тан автокө лік тасымалын дамыту тұ жырымдамасын келесі маң ызды шаралармен бекітуге болады:

Ø республиканың барлық аймақ тарын кө лік тә уелсіздігімен қ амтамасыз ету, яғ ни адамдардың жолаушы тасымалдаушы кө лік қ ызметін ұ сынушы бір ғ ана мекемеге немесе бір ғ ана кө лік тү ріне тә уелді болмауы жә не кө лік қ ызметінің қ аржылық тұ рғ ыдан қ ол жетімді жә не жеткілікті болуы;

Ø автокө лік нарығ ын сан жә не сапа тұ рғ ысынан жетілдіру;

Ø ә лемдік кө лік жү йесіне интеграцияланып бірігудің негізгі шарттарының бірі ретінде республикадағ ы транзитті-кө лік кешені автокө лік кешенінің тартымдылығ ын арттыру;

Ø тауарлар мен кө рсетілетін қ ызметтер бағ асында кө лік қ ұ рауышын барынша азайту;

Ø автокө лік қ ызметінде шағ ын жә не орта бизнес саласын кең ейту;

Ø автокө лік нарығ ының ә леуметтік маң ызды сегменттерін дамыту ү шін қ олайлы жағ дайлар жасау.

Осы міндеттерді шешу ү шін автокө лік саласындағ ы мемлекеттік саясаттың негізгі қ ағ идалары осы саланы жетілдіруге қ атысты шаралар кешенін жү зеге асыруғ а негізделуі тиіс:

1. Техникалық тұ рғ ыда:

- жол инфроқ ұ рылымын дамыту жә не оң тайландыру;

- жылжымалы қ ұ рам паркін жаң алау жә не оның оң тайлы қ ұ рылымын жасау.

2. Ұ йымдастыру бағ ытында:

- автокө лік қ ызметінің тиімді ортасын анық тау жә не оның қ ажетті бағ ыттағ ы дамуын ынталандыру;

- саланы ақ параттандыруғ а жә не соның негізінде автокө лікті пайдалануды жақ сарту мен оның қ оршағ ан ортағ а жағ ымсыз ә серлерін барынша азайтуды қ амтамасыз ететін тиімді телекоммуникациялық жә не кө ліктік логистикалық технологияларды енгізуді қ олғ а алу.

3. Нормативтік қ ұ қ ық тық тұ рғ ыда:

- халық аралық қ ұ қ ық тық талаптармен ү йлестірілген, тасымал ү рдісіне қ атысушылардың барлығ ының ө зара ортақ ұ станымдарын қ анағ аттандыратын жә не қ азіргі кө лік технологияларын қ олдануды қ ұ қ ық тық негізде қ амтамасыз ететін нормативтік қ ұ қ ық тық базаны қ алыптастыру;

- автожол саласын қ аржыландырудың қ ұ қ ық тық механизімін жетілдіру;

- жеке инвестициялар тарту жә не жеке инфроқ ұ рылым нысандарының (жолдар, терминалдар, сервистік нысандар) жұ мыс істеуі ү шін қ ұ қ ық тық негіз жасау;

- тасымал қ ызметінің жеке тү рлерін лицензиялау жә не тасымалдардың қ ауіпсіздігі мен сапасын арттырудың негізгі шарттарының бірі ретінде автокө лік техникасы мен сервистік қ ызмет тү рлерін сертификаттау жү йесін заң дастыру;

- автокө лік саласымен байланысты ө зге де салалардың қ ұ қ ық тық байланысын қ амтамасыз ету.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.