Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сүттегі майдың массалық үлесін анықтау ?




Сүтті майдың масалық үлесін анықтау үшін Гербер әдісін қолданады. Анықтау май өлшегіштің көмегімен жүргізіледі. Әдіс негізі сүт ақуыздарын күкірт қышқылымен ерітуге негізделген, осының нәтижесінде май шарлары өз қабықшасын жоғалтып, бір май қабатына бірігеді, соның нәтижесінде май мөлшерін май өлшегіштің шкаласының көмегімен өлшеу оңай болады. майдың плазмадан бөлінуін жылдамдату үшін изоамил спиртін қосады, ол май шарларының беттік тартылысн төмендетеді және олардың бірігуіне әсер етеді.

Таза сүт майын өлшегішіне, майын жағының суланбауын қадағалап, арнайы мөлшерлегішпен 10 см3 күкірт қышқылын (тығыздығы 1810 – 1820 кг/м3) құяды және ақырын, сұйықтықтар араласпайтындай етіп, май өлшегіштің майын жақ қабырғасына бұрыштап клетканы қойып (пипеткадағы сүттің деңгейін манискінің төменгі нүктесі бойынша орнатады), пипеткамен 10,77 см3 сүт қосады. Пипеткадағы сүт ақырын ағуы тиіс, осыдан соң пипетканы май өлшегіштің монынан 3 с ерте алмау қажет. Пипеткадан сүттің үрленуіне рұқсат етілмейді. Сосын май өлшегішке арнайы мөлшерлегішпен 1 см3 изоамил спиртін (тығыздығы 811 – 813 кг/м3) қосады.

Май өлшегіш мойнын құрғақ тығынмен (оны жартысына дейін салады), содан кейін май өлшегішті ақуызды заттары толық ерігенге дейін шайқайды, ондағы сұйықтардың бәрі толығымен араласу үшін қайтадан тығынын төмен қаратып 5 мин. Су моншасына 65 ±20С температурада қояды.

Май өлшегіштерді су моншасынан алып, центрифуганың жұмыс бөлігінің ортасына симметриялы орналастырып қояды. Май өлшегіштің саны тақ болған жағдайда, қосымша сумен толтырылған май өлшейтін қосады.

Центрифуганың қақпағын жауып май өлшегішті 5 мин. Аралығында 1000 айн./мин. Айналу жылдамдығымен центифугалайды. Сосын әрбір май өлшегішті центрифугадан алады және резеңке және езеңке тығынның көмегімен шкаласы бар құбырда тұратындай етіп, май өлшегіштегі ығыстырады. Май өлшегіштерді қайтадан тығынымен төмен қаратып, су моншасына салады. Су моншасындағы судың деңгейі май өлшегіштегі майдың деңгейінен біршама жоғары болуы тиіс. Су моншасындағы судың температурасы 65 ±20С болуы тиіс.



5 мин. кейін май өлшегіштерді су моншасынан алып тез арада майды өлшеуді жүргізеді.

Есеп жүргізу кезінде май өлшегішті тік ұстап тұрады, май шекарасы көз деңгейінде болуы тиіс. Тығынды төмен және жоғары қозғағышта отырып, май өлшегіштің шкаласының толық бөлінуінен май қатарының төменгі шекарасын анықтайды және май қатарының менискісінің мөменгі нүктесіне дейін бөліну санын есептейді.

Май мен қышқылдың бөліну шекарасы анық болуы тиіс, ал май қатары мөлдір болмады. Сұр немесе қара – сары түсті сақиналардың болуы кезінде сондай ақ май қатарында әртүрлі қоспалардың болуы кезінде талдауды қайта жүргізеді.

Май өлшегіштің көрсеткіші пайызбен сүттегі майдың массалық үлесіне сәйкес келеді. Сүт май өлшегішінің 10 майда бөліктерінің көлемі өнімдегі 1 % майға сәйкес келеді. Майды есептеуді май өлшегіштің бір кішкене дәлдігіне дейін жүргізеді. Параллельді анықтаулардың арасындағы айырмашылық 0,1 % майдан аспауы керек.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.004 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал