Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тамақ өнімдерін анализінің физика-химиялық әдістерін сипаттау. Әдістердің жалпы сипаттамасы




Ауыл шаруашылығында анализ объектісі - олар топырақтар, өсімдіктер, тыңайтқыштар, пестицидтер, жануар және өсімдік текті өнімдер. Біртекті емес объектілерде (мысалы, топырақта, тамақ өнімдерінде, жемде қалған пестицидтердің қалдық мөлшері, тиісті тыңайтқыштарда немесе топырақта K2O немесе P2O5 мөлшері және т.б.) жеке элементтер немесе жеке заттардың (компоненттер) сандық мөлшері (ережеге сәйкес пайызбен) анықталады [35].

Сандық анализ элемент немесе зат (немесе олардың концентрациясы) мөлшері мен өлшенетін физикалық мән арасындағы функциональдік тәуелділікке негізделген. Сандық анализдің көптеген әдістері химиялық және физикалық болып бөлінеді. Олар өлшенетін физикалық мән бойынша жіктеледі (кесте 5).

 

Кесте 5

Өлшенетін физикалық мән бойынша сандық анализдің маңызды түрлерінің жіктелуі

 

Өлшенетін физикалық мән (қасиет) Әдіс  
Салмақ. Масса   Көлем Сыну көрсеткіші Салмақтық (гравиметриялық), масс - спектральдік Титриметрия, газоволюметрия Рефрактометрия, интерферометрия
Инфрақызыл сәуленің сіңірілуі және өткізілуі. Молекуланың тербелістері ИК – спектрометрия, комбинациялық сейілуі
Көрінетін ультракүлгін және рентген сәулесінің сіңірілуі және өткізілуі. Сәуленің сейілуі. Атомдардың тербелістері Спектральдік, жалын фотометриясы, фотоэлектроколориметрия, рентгеноспектральдік, нефелометрия, люминесценттік және флуоресценттік
Электр өткізгіштік Кондуктометрия, ВЧ-титрлеу
Электрлік потенциал Потенциометрия
Электродтық реакция үшін электр мөлшері Кулонометрия
Электродтағы тотығу немесе тотықсыздану кезінде диффузиялық ток күші Вольтамперометрия. Полярография
Радиоактивтілік   Реакция жылдамдығы Реакцияның жылу эффектісі Радиоактивациялық. Радиоактивтік индикаторлар әдісі Кинетикалық термометрия, термогравиметрия
Қайнау нүктесінің артуы Эбуллиоскопия
Қайнау нүктесінің төмендеуі Криоскопия
Тұтқырлық және ағымдылық Вискозиметрия
Осмотикалық қысым Беттік кернеу Осмометрия Тензиметрия

 



Әрбір әдістің өзіндік мүмкіндігі, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сандық анализдің физикалық және физика химиялық (инструментальдік) әдістер негізінен жылдам мен жоғары сезімталды, бірақ күрделі қондырғыны және жоғары квалификациялы аналитиктерді талап етеді.

Анализдеудің химиялық әдістері (гравиметрия, титриметрия, газоволюметрия) - көне, «классикалық», жақсы өңделген және толық түрде дәлдікте, және анализ үшін көп уақыт кетсе де олар кең көлемде қол жетімді, және күрделі қондырғыны талап етпейтін әдістер. Мысалы, титриметрия немесе газоволюметрияны егістік жағдайында да қолдануға болады.

Тамақ өнімдерінің реологиялық қасиеттерін зерттеу әдістерін сипаттау.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал