Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Отамалы шекпенін киіп, қамыстың ішіне қайта кірді. Жайлылау бір орын тапты да, арқасын қалың қарға беріп, тыным алды.






Амыстар дү рілдеп тұ р. Отамалы ө мірі мұ ндай дыбысты естімеген еді. Бір жағ ынан жұ мбақ, бір жағ ынан аянышты. Айдалада адам баспағ ан жерде жылдар бойы осылай сарнап тұ ру қ амыстарғ а да оң ай деймісің!

Біраздан кейін ол кө зінің жұ мылып бара жатқ анын сезді. Желдің бірқ алыпты уілі, қ амыстың ызылы, тү н тү негі, шаршағ андық — бә рі де оны ә лдилеп, ұ йқ ы қ ұ шағ ына еріксіз жетелеп барады. Кө зіне астында от жанып жатқ ан ескі ошақ қ айта бір елестеді де, ұ йық тап кетті.

Отамалы содан қ анша уақ ыт ө ткенін де білмейді, шамасы, таң алды болу керек, қ ойлардың ә лемет дү рілінен оянды. Бірақ бірден есін жия алмады. Бір жағ ынан тә тті ұ йқ ыны қ ия алмай, бір жағ ынан ө зінің қ айда жатқ анын да сезбей, біраз отырды. Ә уелі мына қ ұ лақ тағ ы гү рілді кө ктемдегі ө зеннің тасығ ан шуылы ма деп қ алды. Кө зіне ө зендегі шоршып ойнағ ан балық тар елестеп, бірауық солардың қ ызығ ына батты. Бірақ дыбыс ө зен сарылына ұ қ самай, ө згере берді. Сосын қ амыстың шуылын анық естіді, кө зіне ошақ қ айта елестеді. Ақ ырында барып боранды, кешегі кү нді, қ амыстардың пытырлап жануын, ұ йқ ысын есіне алып, орнынан ұ шып тұ рды. Маң айдағ ы желдің де, қ амыстың да ызылынан бө тен бір ұ лы дү бір алып барады екен. Сол дү бірдің ішінен жап-жақ ын жерден иттің бірде шә уілдеп ү ріп, бірде арсылдағ аны естіледі.

«Қ асқ ырлар!»

Отамалы ық қ а қ арай жү гірді. Дү бірге қ арағ анда, қ ойлар да солай ысырылғ ан. Тобырдың арты қ амыстан жаң а шығ ып жатқ ан болу керек, сынғ ан қ амыстардың сартылы қ ұ лақ тұ ндырады. Маң ай қ ой маң ырауына толып кеткен. Бейне жаздыкү нгі ауыл қ асында қ озылармен жамыраса кө рісіп жатқ андары сияқ ты.

Кенет қ ойдың бір тобы Отамалының ү стінен лап беріп ө тті де, оны кө міп жіберді. Отамалы қ ұ лап тү сті. Ол жү ндер мен тұ яқ тардың, қ ойлардың денелерінің астында тұ ра алмай қ алды. Енді босанып орнынан тұ ра бергенде, тө бетінің тап қ асынан арс ете қ алғ анын естіді.

Отамалы енді ғ ана байқ ады, алдында бес қ адамдай жерде боранмен аралас екі отты кө з жақ ындап келеді екен. Отамалы қ айта бұ ғ а қ алды да, таяғ ын оң тайлай берді. Отты кө здер боранды жарып, жанынан зулап ө те берген мезгілде ол сал-мақ ты таяқ ты бір-ақ сілтеді. Дала шырағ ы тө ң керіліп тү сті. Отамалы жалма-жан беліндегі пышағ ын суырып алып, кеуде тұ сынан бір бойлатып жіберді де, оның кө зіне қ арап еді, оты сө ніп ү лгірген екен.

Ол қ ойлардың артынан жү гірді. Екінші қ асқ ырды тө бет жайратыпты. Бір мезгілде ол қ асқ ырдың ішек-қ арнын аузына тістеп, Отамалығ а жетіп келді. Отамалы тө бетіне риза, кө рдім дегендей бас изеп, қ уана ниет білдірді. Тө бет қ айта зымырады.

Ойлар шығ ына қ ашқ ан. Отамалы екі ө кпесін қ олына алып жү гіріп келеді. Тү нгі ұ йқ ы біраз тың айтып тастағ аны білініп-ақ тұ р. Сонда да қ ой тобырына ә рең ілеседі. Сол жақ қ анат ә лі ә бігерде. Бұ л шу ұ зақ қ а созылды. Отамалы қ анша жү гіргенмен, оғ ан жете алатын емес. Тек бар сенгені — тө бет. Маң ырағ ан қ ой, жынданғ ан жел, тө беттің арсылы Отамалының денесін тү ршіктіріп барады. Қ ырып кетпесе неғ ылсын!

Бие сауымдай уақ ыт ө ткен соң, ала тө бет арсалаң дап Отамалығ а жетіп келді. Денесінің кейбір жерлерін жалағ ан болады, келе Отамалының бауырына асылды. Отамалының іші жылып кетті. Тө бет жең іп келгенде осылай ететін ә деті еді. Отамалының кө зінен жас ыршып кетті. Денесінің ә р жерін ұ стап кө ріп еді, айтулы жарақ ат жоқ сияқ ты, бірақ жү регі қ атты соғ ып тұ р екен. Ол қ ой соң ынан қ айта жү гірді. Бұ л кезде сол қ анаттағ ы ә бігер басылып қ алып еді. Шамасы, енді қ асқ ыр жоқ сияқ ты. Ө здері ү ш-тө рт қ асқ ыр болса, артқ ы бір-екеуін тө бет жайратқ ан я қ уып салғ ан ғ ой. Бірақ мына сү ргінді тоқ тату қ иын. Ү ріккен малдың кө пке дейін бой бермейтінін кім-кім де біледі. Егер арттан соқ қ ан жел болмағ анда, Отамалы қ алып қ оятын да шамағ а жетіп еді. Тағ ы да демігіп, ө кпесін қ олына алып келеді. Манадан аязды да байқ амапты, енді ол да ө зінің тіршілігін білдіріп, сона тұ мсығ ын дыз еткізіп бетке тығ ып алды.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.